Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен олимпиадаға қатысушылардың жұмыстарын бағалау критерийлері мен дескрипторлары:
І тур. Шығарма.
Шығарманың идеялылығы мен мазмұндылығы- оқушының тақырыпты қалай ашқандығы, қамтылған мәселенің дұрыс – бұрыстығы, дәлелділігі, негізгі ойды жеткізе алуы;
Ой – пікір жүйелілігі - шығарманың жоспарға сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы, әдеби материалды мақсатты пайдалана білуі;
Стиль- тақырыпты ашуға байланысты оқушының ойын қалай жеткізгендігі, сөйлемдерінің оралымдылығы, сөз қолданысы, сөйлемді дұрыс құруы;
Грамматикалық сауаттылық –емле;
Тыныс белгісіне байланысты сауаттылығы бағаланады.
Әр бөлімге ең жоғары ұпай саны – 10.
Достарыңызбен бөлісу: |