«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет24/34
Дата14.05.2018
өлшемі1,08 Mb.
#12315
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34

94

95

       



       

       


       

       


М.КҮЗЕМБАЕВА,

№ 36 негізгі орта мектеп.

Қарағанды облысы, 

Қарқаралы ауданы, 

Мәди ауылы



МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ. 

САҒЫНДЫМ

Сабақтың  мақсаты:  білімділік-М.Жұмабаевтың 

шығармашылығы  жайлы  ақпарат  бере  отырып, 

«Сағындым»  өлеңін  мәнерлеп  оқыту,  талдау,  алған 

білімдерін  әр  түрлі  тапсырмалар  арқылы  жүйелеу; 

дамытушылық-балаларды  тез  ойланып,  жауапта-

рын  тиянақты  айта  білуге  дағдыландыру;  тәрбиелік- 

оқушының тіл байлығын жетілдіру, М.Жұмабаев сияқты 

өз  тілін,  елін,  жерін  сүйе  білуге  тәрбиелеу.  Сабақтың 

түрі: Жаңа сабақ.Сыни тұрғыдан ойлау және жазу тех-

нологиясы.  Сабақтың  әдісі:  сұрақ-жауап,  мәнерлеп 

оқу, жаңа технология элементтері арқылы түрлендіріп 

өткізу.  «Сыни  тұрғыдан  ойлау  және  жазу  технология-

сы». Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.

Сабақтың  көрнекілігі:  М.Жұмабаев  шығармалар 

жинағы, өлеңдер жинағы, слайдтар. «Аңыз адам» жур-

налы. №1(37) 2012 ж. «Бес арыс» атты кітап. Әдебиет 

теориясы. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.

II.  Үй  тапсырмасын  сұрау.  Сабақтың  эпиграфы: 

«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің 

бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да, 

Абайда...Бұдан соң Мағжанды сүйемін. Еуропалығын, 

жарқыраған  әшекейін  сүйемін.  Бүгінгі  күннің  бар 

жазушыларының  ішінен  келешекке  бой  ұрып,  артқы 

күнге анық қалуға жарайтын сөз-Мағжанның сөзі.Одан 

басқамыздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін».

М.Әуезов, ұлы жазушы. 

III. Негізгі бөлім.

        Мағжанның барлық өмірі - поэзиясында

                       Мағжан -ұлы ақын

                    Мағжан- лирик, сыршыл ақын

                              Мағжан - эпик

Осы  тақырыптар  аясында  өз  ойымызды  ортаға 

салсақ.      Оқушылар  ойын  тыңдаған  соң,  мұғалім 

толықтырып отырады.

1)  Неліктен  Мағжан  өмірін  оның  поэзиясымен 

тоғыстырамыз?

Мұғалім.  Мағжанның  барлық  өмірі  -  поэзиясында. 

Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене 

араласады. Соларға ақындық үн қосып, өз өлеңдері мен 

мақалаларын  баспасөз  беттерінде  жиі  жариялап  оты-

рады.  Бірнеше  өлең  жинақтары  жарық  көреді.  Мыса-

лы, «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы. Мағжан 

өлеңдері негізінен халқының, ел - жұртының тағдырына 

бағышталған.  Ақынның  еліне,  халқына,  бүкіл  түркі 

тілдес,  қандас  халықтарға  деген  сүйіспеншілігі,  оның 

жырларынан анық көрінеді.

2) Неге Мағжанды ұлы ақын дейміз?

Мұғалім.  Мағжан  -  ұлы  ақын.  Қазақтың  кемеңгер  

жазушысы  М.Әуезов:  «Абайдан  кейін  Мағжанды 

сүйемін...Мағжан  культурасы  зор  ақын...Сыртқы 

кестенің  келісімі  мен  күйшілігіне  қарағанда  бұл  бар 

заманның  шегінен  асқандай  ...  бүгінгі  күннің  бар 

жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге 

анық қалуға жарайтын сөз -Мағжанның сөзі» деп, оның 



96

97

ақындығын да, әдебиет тарихындағы орнын да дөп ба-



сып айтқан.

3)  Мағжанның  лирик,  сыршыл  ақын  аталу  себебі 

неде?

Мұғалім.  Мағжан  -  лирик,  сыршыл  ақын.  Оның 



поэзиясының қомақты жағы - лирикалары  романтикалық 

асқақ  сезіммен  өрілген.  Жан  тербетеді,  адамды 

нәзік,  сұлу  сезімдерге  бөлейді.  Ақын  лирикасының 

тақырыптары  сан  алуан:  туған  жер,  атамекен,  халық 

тағдыры, адамгершілік, шынайы махаббат.

Мағжан  -  сыршыл  ақын.  Мағжан  сөзіндей  тілге 

жұмсақ,  жүрекке  жылы  тиетін,  үлбіреген  нәзік  әуез 

қазақтың  бұрынғы  ақындарында  болған  емес.  Ол 

жүректің қобызын шертеді, не жазса да, сырлы, көркем, 

сәнді жазады.



Жаралдым топырағыңнан, сен - түбім,

Жалғаны жоқ бәрі сенен жан - тәнім.

Сенен басқа жерде мәңгі қараңғы

Жарық болар Шолпан, Айым, сен - Күнім. 

Мұғалім.  Мағжан  -  эпик  ақын.  Оның  қаламынан 

«Батыр  Баян»,  «Қорқыт»,  «Жүсіпхан»  сияқты  поэма-

лар  туған.  «Батыр  Баян»  поэмасында  өзінің  халқына,                 

Алашына  деген  перзенттік  жүрегінің  ыстық  сезімін 

өлең  өрнегіне  шынайылықпен  түсірген.  Ақылгөй, 

далагөй ақын бабаларымыз бен аты-шулы батырлары-

мызды жыр арқауына енгізіп, асқан ілтипатпен бейне-

леген.

Мұғалім.      Ж.Аймауытов:  «Мағжанның    ақындық»   



күші,    сөзге  еркіндігі,  суретшілігі  «Баянда»  толық 

көрінеді.  Абай  айтқан  сөз  патшасы  «Баянда»  бар. 

Адамдардың мінезін дұрыс келтіру, махаббатты, батыр-

ды,  соғысты,  өлімді  суреттеуі  өмірді  түйе  білгендігін 

көрсетеді.  «Баян»  -  қазақ  әдебиетінде  бола  бермеген 

табыс.»-деді. Хронологиялық кесте бойынша жұмыс.

Жылдар

Басты оқиғалар



1893ж.

Солтүстік  Қазақстан  облысының  Булаев  ауданында 

дәулетті отбасында дүниеге келген.

1897ж.


Ауыл  балаларына  арнап  әкесі  Бекен  ашқан  мектептен 

төрт жасында сауат ашады.

1910ж.

Уфаға барып, білім деңгейі жөнінен сол кездегі жоғары 



оқу орны саналатын Медресе-Ғалияға түседі.

1 9 1 3 -

1917жж.

Медресе-Ғалиядан  кейін  орыстың  Сібір  университеті 



атанған Омбы мұғалімдер семинариясында оқиды.

1 9 2 3 -

1927жж.

Мәскеудің  эйгілі  Валерий  Брюсов  жетекшілік  ететін 



әдебиет-өнер институтында оқиды.

1929ж.


Қазақ  зиялыларының  бір  тобы  тұтқынға  алынғанда, 

Мағжан  солардың  ішінде  кетіп,  Мәскеудегі  Бутырка 

түрмесіне жабылады.

1936ж.


Аз уақыт азаттық алып, Қызылжарға кайтып келеді де, 

орта мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді.

1937ж.

С.Сейфуллиннің шақыруымен Алматыға келген.



1938ж.

Мағжанның баянсыз ғұмыры біржола үзіледі.

      1.  «Артқы  күнге  анық  қалуға  жарайтын  сөз  - 

Мағжанның сөзі»                                           (М.Әуезов)

2. «М.Жұмабаев - Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының 

арасындағы поэтикалық көпір»               (Ғ.Ибрагимов)

3.    «Мағжанның  ақындығы  да,  кісілігі  де  ерекше 

бөлек еді. Ақындық өміріне, біліміне келсек, алаштың 

екі күшті адамының бірі, тіпті ең дарындысы, күштісі 

Мағжан  болатын.  Бірі  -  біздің  осы  күнгі  М.Әуезов»                                                                                                                                        

                                                                       (С.Мұқанов) 



жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау