«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



Pdf просмотр
бет12/33
Дата20.11.2018
өлшемі1 Mb.
#21907
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33

45
Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдіс
Хуралай АЛДАНЫШ,
Абай атындағы көпсалалы 
мектеп-гимназияның мұғалімі.
Шығыс Қазақстан облысы,
Жарма ауданы,
«Қалбатау» ауылы.
ӘБДІЛДАНЫң «ТОЛАҒАЙ»             
ӘДЕБИ ЕРТЕГІСІ
(5-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  әдеби  ертегі  туралы 
түсінік  беру,  «Толағай»  әдеби  ертегісінің  мазмұны,  негізгі 
идеясымен  таныстыру; 
дамытушылық  –  оқушылардың 
тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту, әдеби ертегіні 
халық  ертегісінен  ажырата  білуге  үйрету,  өзіндік  ойын 
дәлелдеуге,  тұжырымдама  жасауға  жетелеу;  тәрбиелік 
–  туған  жерге,  Отанға  деген  патриоттық  сезімдеріне 
әсер  ету,  сүйіспеншіліктерін  арттыру,  қайырымдылыққа, 
жанашырлыққа, 
рақымшылдыққа 
тәрбиелеу. 
Түрі
жаңа  білімді  меңгерту. 
Типі:  дәстүрлі  емес.  Әдіс-тәсілі
топтастыру, талдау, салыстыру, ой қорыту, ЖБИМ (Қанипа 
Бітібаева), сахналық қойылым. 
Көрнекілігі: интербелсенді 
тақта,  слайдтар,  «Толағай»  тауының  макеті,  найзағай, 
жаңбырдың дыбысы, жолбарыстың ырылы, карта, Әбділда 
Тәжібаевтың  5  томдық  жинағы. 
Пәнаралық  байланыс
қазақ тілі, тарих, география, музыка, бейнелеу, орыс әдебиеті.
Сабақтың барысы.
І.  Ұйымдастыру.  Оқушылармен  сәлемдесу,  түгелдеу. 
Сынып  оқушыларын  3  топқа  бөліп,  бағалау  парақша-      
ларын үлестіріп беру.


46
І топ – «Ерлік». ІІ топ – «Қайсар». ІІІ топ – «Қайрат».
ІІ.Өткенді қайталау.
-  Балалар,  біз  бұдан  бұрын  қандай-қандай  көлемді 
тақырыптармен таныстық?  Тұрмыс-салт жырлары, мақал-
мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз әңгімелер, шешендік 
сөздер, діни әңгімелер (оқушылар қысқаша шолу жасайды).
Осы  тақырыптарды  қаншалықты  тереңірек  меңгер-
генімізді тексеру үшін сөзжұмбақ шешіп көрейік.
Сөзжұмбақ
1. Перінің қызының аты (Бекторы).
2. Қойдың пірі қалай аталады? (Шопаната).
3. Ер Төстіктің мінген тұлпары (Шалқұйрық).
4.  “Аяз  би”  ертегісіндегі  адамның  жаманы,  құстың 
жаманы,  шөптің    жаманын  тауып  әкелуге  бұйрық  берген           
хан (Мадан).
5. Жерұйықты кім іздеген? (Асанқайғы).
6.  Алланың  елшісі  және  жер  бетіндегі  үмбетіне  шара-
патын тигізуші ең соңғы пайғамбар (Мұхаммед).
7. Сырым Датұлы кімнен бата алды? (Малайсары).
Қызылмен  жазылған  сөзді  оқиық:  Толағай.  Олай 
болса,  балалар,  бүгінгі  өтетін  тақырыбымыз 
–  Әбділда              
Тәжібаевтың  «Толағай» әдеби ертегісі.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Эпиграф: «Әбділда Тәжібаев – қазақ  поэзиясына әсерлі, 
   
              
                                        
      Т         
  О             
    Л             
 
  А         
              Ғ     
 
      А         
        Й         
 


47
сапалы көркем бір ағым кіргізген ақын». Мұхтар Әуезов.
Әдеби ертегі туралы түсінік беремін.
Ертегілердің бір саласы – әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің 
жазған авторы белгілі болғандықтан оны 
әдеби ертегі деп 
атайды.  Мысалға  Әбділда  Тәжібаевтың  «Толағай»  әдеби 
ертегісіне  Толағай  атты  батыр    бала  туралы  және  оның 
атымен  аталып  кеткен  Толағай  тауы  туралы  халық  аңызы 
арқау  болған.  Мағжан  Жұмабаевтың  «Жүсіп  хан»  ертегісі, 
орыс  жазушысы  В.Гришиннің  атақты  «Саяхатшы  бақа» 
ертегісі де әдеби ертегіге мысал бола алады.
Әбділда Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы 
алдын ала тапсырма берілгендіктен өздері баяндайды: өскен 
ортасы, өлеңдері, поэмалары, пьесалары, қызмет жолы.
Картадан көрсету
«Толағай» әдеби ертегісіне арқау болған Толағай тауының 
орналасқан жерін картадан көрсету, «Толағай» тауы туралы 
аңызға тоқталу.
 «Толағай» тауы – Көкпекті  ауылынан солтүстікке қарай 
12 шақырым жерде орналасқан жеке шоқы. Қалбатауының 
бір  бөлігі,  биіктігі  шамамен    700  метрдей,  «Толағай» 
тауынан бастау алған бұлақтар Шегелек өзеніне қосылады. 
Сыртқы  келбетіне  қарағанда  табиғат  ескерткіші  тәрізді, 
киіз  үйге  ұқсас.  Аңызға  сүйенетін  болсақ,  Тарбағатай 
тауының  бір  шатқалын  көтеріп  келе  жатқан  Толағай  дәл 
осы  тұсқа  келгенде  құлап,  сол  тауға  бастырылып  қалған 
екен.  Сондықтан  «Толағай»  тауы  деп  аталыпты.  Бүгінде 
Көкпекті  ауданында  «Толағай  сазы»  халық  аспаптар 
ансамблі,  «Толағай  тентектері»  көңілді  тапқырлар  клубы 
республикамызға танымал екен. 
«Толағай»  есіміне  қатысты  қандай  бағдарламаларды 
білесіңдер? («Толағай» отбасылық сайысы). 
Топпен жұмыс. Әр топқа тапсырма беріледі.


48
І топ: Сюжеттік жоспарын құру.
ІІ  топ:  Ертегінің  тақырыбы,  идеясы,  композициялық 
құрылымы.
ІІІ топ:Толағайға мінездеме беру.
Сөздік жұмысын жүргізу («мерген, жолбарыс» туралы 
қосымша түсініктеме беру слайд арқылы).
І топ. Сюжеттік жоспар:
1.  Дүниеге  «алып  болар»  баланың  келуі.  2.  Толағайдың 
ержетуі. 3. Алғашқы ерлік. 4. Алыптың жан күйзелісі. 5. Тау 
көтерген Толағай. 6. Ер есімі ел есінде.
Құрылған сюжеттік жоспар бойынша оқушылар ертегінің 
мазмұнын қысқаша айтады.
ІІ топ. Ертегінің тақырыбы – ерлік туралы, идеясы – 
елі үшін, Отаны үшін сондай ерлер туса екен деген тілек, 
ниет.
Ертегінің композициялық құрылымы
Басталуы                 Саржан мергеннің ұл балалы болуы
Дамуы 
              Толағайдың ержетуі.
Шиеленісуі               Халықтың күйзелуі, Толағайдың 
                                   жан күйзелісі.
Шарықтау                 Толағайдың тауды көтеріп әкеліп 
шегі                            жаңбыр жауғызуы, 
                                    халықты құтқаруы.
Шешімі 
              Отаны үшін өлді бала. 
                                   Ер есімі – ел есінде.
ІІІ  топ.  Толағайға  мінездеме  беру.  Топтастыру 
стратегиясын пайдалану.
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау