18
19
Әдебиеттер:
1 Ысқақов А. Ы. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –
Алматы, 1991. -385 б.
2 Тенишев Э. Вопросы казахско-уйгурских
языкозн. «Указатель грамматических форм к Дивану
тюркских языков».
3 Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1965.
446 б.
4 Ибатов А. Сөздің морфологиялық құрылымы. – А.:
«Ғылым», 1983. -146 б.
5 Маманов Ы.Е. Қазіргі қазақ тілі. Лекциялардың
текстері. – А., 1973. -89 б.
6 Шаяхметов Қ. Екі функциялы аффикстер. Канд.
дисс. – Алматы, 1973.
Аффиксы -ғы, -гі
В статье рассматриваются функциональные
особенности аффиксов –ғы, -гі в формировании слов.
Ключевые слова: аффиксы, языкознание, окончания,
падежи.
Affixes -ғы, -гі
The functional features are examined in the article affixcs
of –ғы, -гі in forming of wands.
Key words: affixes, linguistics, completions, cases.
Авторлық бағдарлама
Ж.КЕГЕНБЕКОВА,
Д.Қонаев атындағы орта мектеп.
Алматы облысы,
Кербұлақ ауданы
11-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН
ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚОЛДАНБАЛЫ
КУРСЫ БОЙЫНША
БАҒДАРЛАМА
Мен бұл бағдарламаны даярлауда оқушылардың
қазақ тілі саласынан алған білімдерінің деңгейін
ескере отырып, олардың ұмытып қалды деген
тақырыптары мен қиындық туғызатын жағын
алға қойдым. Фонетика бөлімінен үндестік заңы,
лексикадан мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер,
синтаксис саласы бойынша құрмалас сөйлемдер,
тыныс белгілердің дұрыс қойылуы, стиль түрлері,
шешендік сөздер және тестпен жұмыс жасаудың
тиімді жолдарын қарастырдым.
Мақсаты: оқушылардың қазақ тілі саласынан алған
білімдерін жинақтай отырып, сөйлеу мәдениетін,
шығармашылық, ойлау қабілетін дамыта отырып,
алған білімдерін тиімді пайдалана білуге баулу.
Күтілетін нәтиже: орта мектеп бағдарламасын
толық меңгерген, мемлекеттік тілде сауатты жазып,
мәдениетті сөйлейтін, ұлттық салт-санасы толық
жетілген жеке тұлға.
20
21
Апталық – 1 сағат.
Жылдық сағаты – 34 сағат.
№
Сабақ тақырыбы
Сағат саны
1
Тіл-жалпы адамзаттық құндылық
1
2
Фонетика
2
3
Лексика
3
4
Сөзжасам
1
5
Морфология
5
6
Синтаксис
5
7
Пунктуация
1
8
Стиль
2
9
Сатылай комплексті талдау
4
10
Төл сөз бен төлеу сөз
2
11
Тіл мәдениеті
1
12
Шешендік сөздер
2
13
Тест жұмыстары
4
14
Өткенді қайталау
1
Пайдаланған әдебиеттер:
1 5-11-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулықтары.
-А.«Атамұра» 2006. «Мектеп», 2007.
Ескерту: ҰБТ-ға дайындықты тек оқулық бойынша
жүргіздім. Аппеляция кезінде оқулықпен ғана дәлелдей
аламыз.
Г.АЙТҚАЛИЕВА,
Г.Бегалиев атындағы жалпы
орта білім беретін мектебі.
Батыс Қазақстан облысы,
Казталов ауданы
ҚАЗАҚ ТІЛІН ТЕРЕҢДЕТІП ОҚЫТУ
– БІЛІМ ЖОЛЫНДАҒЫ ІЗДЕНІС
ҚАДАМДАРЫ
(авторлық бағдарлама)
Авторлық бағдарламада қазақ тілі пәнін тереңдетіп
оқитын 6- сынып оқушыларына арналған бағдарлама мен
күнтізбелік-тақырыптық жоспары, сабақ жоспарлары,
сынақ, талдау жұмысының түрлері берілген. Осы жинақ
қазақ тілі пәні мұғалімдеріне әдістемелік тұрғыдан көмекші
құрал ретінде ұсынылады.
Қазақ тілін тереңдетіп оқытудың жолға қойылуы -
бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұраным талабынан туындап
отырған мәселе. Мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ
тілінің қолданыс өрісінің кеңеюі, біршама жылдар бойы
өзге тілдің өктемдігінен табиғи арналарынан ажырап қалған
ана тілімізді өрістетуге деген талаптың күшеюі, «Мәңгілік
Ел» идеясын қалыптастыру жолында республикамыздағы
білім беру жүйесінің негізгі буыны болып саналатын жалпы
білім беретін мектептерде бұл пәннің ролінің, маңызының
артылуына қажетті алғышарттарды қалыптастыруды
керек етеді. Мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту жөніндегі Ұлттық жоспардың басты
мақсаттарының бірі – оқыту методологиясы мен мазмұнын
жаңарту болса, бұл орайдағы негізгі шарттар - қазақ тілі
пәнінің білім мазмұнын жаңарта отырып, оқушыларға терең
білім беру, олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру,
ана тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс
қолдана білу іскерліктерін жетілдіру.
Тіл кез келген танымдық іс-әрекеттің құралы, ойлаудың