6
7
дәрежеде өмір мектебінен өткен жігіт. Кәмелетке енді
толған жас бойжеткенді өзіне қарағанда әлдеқайда кіші
санауы да оның психологиялық қисынына сыйысып
тұр. Үй жинастырушы жас қыз Инга адамның тілі
жетпейтін қас сұлу болып суреттеледі.
Бірінші жақтан, бас кейіпкердің атынан баяндалатын
роман оқиғасы тек осы сұлуға, оған деген сезім
күйінің дамуына қатысты өрбіп отырады. Кейіпкер
табиғатымен санасқан жағдайда олай болуы заңды да.
Өйткені қаншама жыл туған елден жырақта жүрген,
оның үстіне кешегі күндей күркіреп өткен қан майданды
басынан кешкен жас жігіттің тура алдынан кездескен
әйел затының сұлулығына тырп ете алмай, арбалып
қалуы қисынды.
Инганы жолықтырғаннан кейін айналадағы
тіршіліктің бәрін естен шығарып, тек бірыңғай соны
ғана ойлай беруін тек еркектік ынтызарлықтың
емес, шынайы махаббаттың көрінісі деп бағалауға
әбден болады. Күнделікті қызметінен қолы қалт етсе
ойлайтыны - алдынан жолыққан осы немістің сұлуы.
Және әр кездескен сайын жаңа көрген адамдай көзін
тойдыра алмай қарап, сұқтанудан бір жалықпайды...
Алғашында қызметкер-бастық ретінде ресми
қарым-қатынас жасаудан басталған екі жастың арасы
күндер өткен сайын жақындасып, бір-бірін білуге деген
құштарлықтары артып, адам ретінде рухани ұштаса
түседі. Күнделікті жолығысып, жақын тарта сөйлесіп
жүргеннен кейін қыз бен жігіттің арасының біртіндеп
қиюласып кетуі де табиғи.
Бірақ бір қызығы жас капитан қызға жігіттік сөзін
айтуға келгенде батылсыз. Кешегі қан майданның
қаһарманы жас сұлудың алдында тым ұстамдылық,
тартыншақтық көрсетеді. Қызбен жақын болу
тәуекелдің ісі екенін ойлап, тартына береді. Оған себеп
орыс солдаты Петр мен неміс қызы Эмма, Владимир
Брючковский мен Урсула Гофман араларындағы сәтсіз
махаббат. Жігіттер жеңіп, үстем болған елдің өкілдері
болса, қыздар Кеңес армиясынан жеңіліс тауып, тізе
бүккен Германия мемлекетінің адамдары. Демек,
бұлардың арасында махаббат тұтануының өзі саяси
мәселе екендігі сөзсіз.
Бас кейіпкер шегініс арқылы есіне алып отырған
осы екі түрлі махаббат оқиғасының екеуі де трагедиямен
аяқталады. Неміс қызымен көңіл қосып қойғаны үшін
Кеңес армиясының екі жауынгері де саяси дәйексіздігі
үшін қамауға алынып, Сібірге айдалып кете барады.
Ал Эмма сияқты ару мұндай қорлықты көтере алмай,
күйзелу салдарынан қазаға ұшырайды.
Можанның өзі келіп қолына түсіп тұрған жас сұлуға
сөз айта алмай, бүгіжектей беретіні де сондықтан.
Бір де болмаса, бірде сезіліп қалса, екеуінің басына
да қатер төнуі әбден ықтимал. Бұл арада Можанның
өз басынан гөрі он екі де бір гүлі ашылмаған жас
сұлудың тағдырын көбірек ойлауы да кейіпкердің
писхологиясына, азаматтық адал көзқарасы мен бұйығы
мінез-құлқына сыйысып тұр. Небір сұрапылды көрген
ер жігіттің махаббат тәрізді нәзік мәселеге келгенде неге
соншалықты жасық дейін десең, осындай себептері
болып шығады. Қаншама мүмкіндік болып тұрса да,
көңілін білдіре алмай, ылғи да тартына береді.
Осынау дүдәмал қатынастың қаншаға созыларын
кім білер еді, егер бір тамаша күні жас арудың өзі көңіл
білдірмесе. Жүрек мәселесінде ынжықтық көрсетіп
жүрген жігітті алғаш болып өзі сүйеді, ғашықтық
тақырыбына қатысты әңгімеге өзі тартады. Екеуінің
қыз-жігіт ретінде шынайы жақындасуы, бірін бірі өліп-
8
9
өшіп аймалай бастауы тек осыдан кейін ғана.
Бұл арада екі түрлі мінез, екі түрлі көзқарас қана
емес, батыс пен шығыстың әрқайсысына тән екі түрлі
рухани мәдениет белгілері де көрініс тапқан. «Қалай
болып кетер екен» дейтін қазақи сақтық пен неміс
халқына тән ашықтық, өжеттік мінездердің өздеріне
тән нышандары көлденеңдейді. Осы екі түрлі түсініктің
тайталасуы барысында батыстық, яғни, Европалық
көзқарас үстемдік ала береді.
Инга мен Можанның арасындағы кіршіксіз
махаббатқа кедергі болатындай ерекше қарсы күштер
жоқ десе де болады. Ганс шал мен оның әйелі Шарлотта,
Можанның елдесі Мұқан сияқты айналасындағы
санаулы адамдар бұларға тілектес. Қаламайтын жандар
екеу ғана болатын. Олардың да адымдары қысқарып
қалды. Біріншісі - Инганың туған анасы Марта. Ол
қызына «Мына бір азиатты қайдан тапқансың»
деп Можанды бір көргеннен жақтырмайды. Можан
қазақтың дәстүріне бағып, болашақ қайын енесіне
қазақы жолмен тарту-таралғылар жасағаннан кейін
барып болашақ қайын енесінің қабағы жылығандай
болады.
Және осы арада махаббат дегенді еркіне жіберген
европалық психологияның ұшқыны да көрініп қалады.
«Шарлотта арқылы дұғай сәлем жолдапты. Сәлемінің
түрін қараңыз:
- Қызыммен уақыт өткізгісі келсе, өткізе берсін.
Қарсылық етпеймін. Тек үйленемін деп босқа
әуреленбесін! – депті» (1,106). Қазақи имандылық
ықпалында өскен Можанның бұған тіксініп қалуы,
біреу біз сұғып алғандай шоршып түсуі табиғи. Бір
қызығы екі арада жеңгетайлық жасап жүретін Шарлотта
да Мартаның айтқанына өмірдің кезекті қарапайым
нәрсесіндей қарайды. «Шарлотта жымиып күлді.
Әдеттегі көңілді айқайына басты.
- Е, шырағым, капитан, оның не сөкеттігі бар?
Жасыңда ойнап-күлгенге не жетсін, - деп қарап тұр»
(1,106). Немістің екі әйелі де жастардың үйленбей
тұрып-ақ көңіл көтергенін табиғи құбылыс санайды.
Екінші кедергі – НКВД қызметкері Қизат. Елден
жырақта, бұрынғы жаулардың ортасында жүрсе де,
қаны қазақ екендігіне, тағдырлас екендігіне қарамастан,
осы бір қаны сұйық жігіт Можанның қыр соңына түсіп
алады. Неміс қызымен астыртын байланыста деген
сылтау тауып, жерлесінің көзін құртып жіберуден де кет
әрі емес. Екінші жағынан айдай толықсып тұрған ару
Ингаға да қызығатынын білдіріп алады. Қайта-қайта
алдын орап көлденең шыға бергеннен кейін комендант
Можан жоғарыдағы таныс әскери шенділер арқылы
кеселін тигізіп жүрген осы бір сүйкімсіз салпаңқұлақты
Германиядан қуып жіберудің амалын табады.
Демалыс алып ауылға барған кезде де ата-анасы
Можанның амандығына қуана отырып, келін түсіру
жайында да әңгіме қозғайды. Қалыңдығының неміс
екендігінен кібіртіктеп, ойын сездіргенде олар келіннің
ұлтына шұқшиып қарамайтындықтарын да сездіреді.
Сонымен Инга мен Можан арасына кедергі болатындай
дәйек азайып қалады.
Бірақ алдарынан осындай жарқын болашақ
туғандарына қарамастан, екі жас қосыла алмайды. Оған
басты себеп – Инганың аяқ астынан қазаға ұшырауы.
Және ол біреудің қастығынан немесе бастан өткізген
қиын жағдайдың салдарынан емес, аяқ астынан
оқыстан кездейсоқ қазаға ұшырайды. Ондай қайғылы
оқиғаның бас кейіпкердің жүрегіне салмақ түсіріп,
үлкен өкінішке ұрындыруы заңды да. Осыдан кейін