52
53
(Шалкиіз, Асан, Доспамбет, Қазтуған.Қорқыт, Асан
қайғыдан келе жатқан далалық сарынды жатқа білген. )
4. Махамбет Өтемісұлының
Хан емессің, қасқырсың,
Қас албасты басқырсың, деген өлең жолдары қай өлеңінен?
5. Қажым Жұмалиевтің Махамбет туралы айтқан сөзін айт.
( Махамбет екі образ жасады.
Бірі- Исатай образы, екіншісі –Махамбеттің өз образы.)
«Түсіну»
«Ой шақыру» Сын тұрғысынан ойлау.
Әр түрлі портреттерді көрсетіп, олар туралы оқушылардың
пікірін тыңдау.
1. Портретті көргенде бірден қандай ой келеді?
2. Бұл кісіні кім деп ойлайсың?
3. Ол туралы не білесің?
4. Қай ғасырда өмір сүрді?
5. Оны қайдан білдің? 6. Халқы, туған жері үшін не істеді деп
ойлайсың? 7. Киген киімі туралы не айта аласың?
«Қолдану»
(білімді қолдану)
Оқушылардың жауаптарын интербелсенді тақтадағы
жауаппен салыстыру.
Қаншалықты дұрыс жауап беру пайзын анықтау.
1-портрет: Махамбет Өтемісұлы. 1804-1846 жылдары
өмір сүрген. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында
Бекетай деген жерде дүниеге келген. Жәңгір хан өз беделін
көтеру үшін жанына дарынды адамдарды жинайды. Орыс
тілін жетік білген Махамбетті баласы Зұлқарнайынның
ақылшысы ету мақсатымен Жәңгір хан баласын Орынборға
оқуға жібергенде, қасына серік етіп жібереді.
2-портрет: Нысанбай жырау Жаманқұлұлы-1822-1823
жылдар аралығында өмір сүрген.
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының Аққошқар елді
мекенінің түстігінде Шеңгелсай деген жерде дүниеге
келген. Керейіт руынан шыққан. Асыл мұрасы-«Кенесары –
Наурызбай» жыры.
3-портрет: Кенесары Қасымұлы 1802-1847 жылдар
аралығында өмір сүрген. Көкшетау өңірінде дүниеге келген.
Қырғыстанның Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы
Кекілік-Сеңгір аңғарында қайтыс болған. 1837-1847
жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі. Әкесі –
Қасым сұлтан.
4-портрет: Қасымұлы Наурызбай-аты аңызға айналған
ержүрек батыр. Соғыста тапқыр, ұрыста батыл, сөзге шешен,
әнші-шешен, жауырыны жерге тимеген палуандылығымен
аты шыққан, бүркіт,қаршыға, лашын ұстап, құсбегілікпен
айналысқан. Кенесары ханның екінші әйелінен туған.
Сабақтың жаңа тақырыбы: Нысанбай жыраудың өмірі мен
жыраулық өнері. «Кенесары- Наурызбай» жыры.
Сабақтың эпиграфы:
Қаһарман Қасымұлы Кенесары-
Қазақтың дара туған есіл нары!
Өйткені қан майданда қас батырдың,
Ерлігін асқақтатқан жердің шары!
Топтық жұмыс. Постер қорғау.
Жырдан үзіндіні аудиокітаптан тыңдау.
1-топ. Нысанбай жыраудың шығармашылығына
шолу. Жырда Наурызбай жырау өзі туралы қалай
жырлайды?
2-топ. Кенесарының шыққан тегін анықтау.
3-топ. Наурызбай батырдың ата- тегін сатылап
көрсету. Дұрыс жауаптарын 4 топқа беріп, бағалау
жүргізу. Бағалауды мұғалім жүргізеді.
4-топ. Нысанбай жыраудың көтерілісті суреттеу
ерекшелігін көрсет.
Мәтіндердің мазмұны оқушыларға таратылады.
Жырдан үзінді сұрау. 4 топтың оқушыларынан сұрау.
Мұғалім жырды бастайды, оқушылар жалғастырады.
Жырды электронды оқулықтан тыңдау.
«Сергіту сәті»
Сергіту
сәтіне
«Кім?
Қайда?
Қашан?»
интеллектуалдық ойынының элементтері алынды.
Балалар, бүгін бізге қонаққа Білім беру ісінің үздігі,
зейнеткер, сыйлы ұстаз- Гүлзейнеп Аманбайқызы
келіп отыр. Ол ұстазымыз сендерге бүгінгі
тақырыпқа арналған сұрақ қояды. Бейнесұрақ.
Сұрақ: Қазақ тарихында отаршылдыққа қарсы
Кенесары мен оның інісі Наурызбай бастаған
көтерілістің тарихи маңызды ерекшелігі неде? Сол
ерекшелік мына қорапшаның ішінде.
Жауап: Көтерілістің үш жүздің аумағын қамтуы
және ол көтеріліске үш жүздің әскерінің қатысуы
оның маңыздылығын арттыра түседі. Сол себепті
қорапшаға үш жүздің биінің портреттері салынды.
«Талдау» Қабылдаған
білімді саралай білу,
маңызын дәлелдеу.
Интербелсенді тақтада Кенесары Қасымұлы
көтерілісі
жөнінде
оқушылар
дайындаған
бейнефильмді көрсету, бейнефильмнен алынған
деректі пайдаланып оқулықта берілген мәліметтерді
түсінуіне егжей-тегжейлі зерттеу жасау.
Жырдың басты, негізгі идеясы.
Басты бейнелер. Практика жүзінде оқулықпен
жұмыс.
1. Келісетіндеріңе белгі қой.
54
55
р/с
Пікірлер
иә
жоқ
1
Нысанбай жырау Керейіт руынан
шыққан.
2
Нысанбай жырау есімі халықтың
аузына көп алынбады.
3
Кенесары–Наурызбай көтерілісіне
жырау өзі қатыспаған.
4
Қырғыздарға
жалғыз
атты
ұрлағандары
үшін
шабуыл
жасайды.
5
Қырғыздардың қолын бастаған
Кәрібоз.
6
Кененің қырғыздарға қолға түскен
інісі - Ержан.
7
Қырғыз – қазақ болып Наурызбайға
таласады.
2. Сәйкестендіру тестін құр. Диалог.
3.Көрсетілген оқиғаларды ретіне қарай белгіле.
р/с
Оқиғалар
реті
1
Наурызбай қасында інісі Ержанның
болмағанына өкінеді.
4
2
Кенесары мен Наурызбай бейнелері
айтылады.
1
3
Бұғыбай
өздерінің
әлдерінің
келмейтінін, ханнан барып көмек сұрау
керектігін айтады.
3
4
Кінәлі болған қырғаздардан өшін алуға
аттанады.
2
4. «Екі жақты күнделік» кестесін толтыру.
Шығармадағы маған әсер
еткен жағдай
Менің өз ой-пікірім
«Жинақтау» Алған білімін өмірде
қолдана алу.
Оқушылар құрастырған тұсаукесерді
таныстыру.
Егер сен Кенесары мен Наурызбайдың
орнында болсаң не істер едің?
(4 топқа да бір тапсырма)
«Бағалау».Идея құндылығы туралы
ойлану.
1. Кенесары Қасымұлына хат.
2. Наурызбай батырға арналған өлең.
3. Нысанбай жырауға хат.
Қорытынды: Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек».
Өзіндік пікірлерін білдіреді. Жаңадан ой қосады.
Үйге тапсырма: Кенесары–Наурызбай бейнелерін
ашатын сәйкестендіру тестін құрау. Жырдың мазмұнын
толық оқу.
Бағалау: топ мүшелерінің жинаған ұпайлары
есептеледі.
АҚЫЛДЫҢ КЕНІ
Өлең деген қазына өнер өрге,
Тұта білсе ақыл-ой берер ерге...
Өлең жолдас ой түсіп тарыққанда,
Ішіңнен шерді шығарар зарыққанда.
Пайдалы істен қол сілтеп безбейтін қып,
Жігеріңді арттырар жалыққанда.
Өлең бастар халықты өнер жаққа,
Жарық сәуле, тыныштық көрер жаққа.
Бейімбет МАЙЛИН