«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0,94 Mb.
Pdf просмотр
бет27/34
Дата09.11.2018
өлшемі0,94 Mb.
#18762
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34

102
махаббат»).  6.  Мұқағалидың  «Фариза  қыз»  өлеңі  кімге 
арналған?  (Фариза  Оңғарсыноваға).  7.  Мұқағалимен 
тағдырлас  орыс  ақыны  (  Есенин).  8.  Ақынның    алғашқы 
өлеңдері  («Қырман  басында»,  «Қойшы  бала  –  Әкітай»).  9. 
Мұқағали неше жасында дүние салды? (45 жасында).
ІV кезең: «Жорға».
Бұл кезеңде берілген сұрақтарға 1 минут  ішінде жауап 
беру керек.        
1.  Мұқағали  Мақатаев    атындағы  және  Мемлекеттік  
сыйлықтардың  лауреаты  (Несіпбек  Айтов).  2.  Ақын 
өлеңді алғаш рет қашан жазды? (10 жасында). 3. «Аққулар 
ұйықтағанда»  поэмасындағы  көлдің  аты  (Жетімкөл).                            
4.  Атақты  Шәмшімен  бірлесіп  жазған  ән  (Талдықорған).                
5. Мұқағали поэзиясына алғашқылардың бірі болып ақ жол 
тілеген  кім?  (Әбділда  Тәжібаев).  6.  Мұқағалидың  тарихи  
тақырыпқа    жазылған    поэмасы  («Райымбек,  Райымбек»). 
7.  Мұқағали    қай  жылы  отбасы  құрды?  (1949  жыл).                                                                                                                      
8.  Мұқағали  өлеңдеріне  ең  көп  ән  жазған  сазгер  кім?                 
(Нұрғиса  Тілендиев).  9.  Ақын  өзінің  өмірбаянын  қай 
өлеңінде  жазды?  («Менің  анкетам»).  10.  Мұқағалиға                                               
алтын қаламын сыйға тартқан (Ғабит Мүсірепов).
1-жүргізуші: - Бәрі өтуде,
                         Күн батып, кеш кіруде,
                         Жаңаруда дүние, ескіруде.
                        Болашақтың бейтаныс ұрпағымыз,
                         «Босат» деп тұр орнымды,
                         Естідің бе?!
1976  жылы  26  наурыз.  Бұл  күні  қазақ  поэзиясының     
басына  қара  бұлт  үйірілген,  орыны  толмас  өкініш  пен                                                                                                                   
қайғыға  толы  қаралы  күн  болды.  «Ажал»  атты  келе-
шектің  кемесі  өз  «Барсакелмесіне»  өр  тұлғалы,    ғаламат 
ақынымызды мәңгілікке алып кетті.


103
2-жүргізуші: - «Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
                          Жыр жазсам оған, жұртым, елеңдестің.
                          Өлсе –  өлер Мұқағали Мақатаев,
                        Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім»,– деген                                                                                                          
еді  ол.  Расында  да,  Мұқағалидың  өлеңдері  де,  өзі  де              
ешқашан өлмек емес.
Айкөркем ЖҰМАҒАЛИ,
Сәттіғұл Жаңғабылов  атындағы 
орта мектептің мұғалімі.
Маңғыстау облысы,
Маңғыстау ауданы.
«МЕНІҢ  МҰҚАЛИЫМ»
(Әдеби-сазды кеш)
Кештің  мақсаты:  1)  оқушыларды    ақиық    ақын  
Мұқағали    Мақатаевтың    өмірімен,  шығармашылығымен  
кеңірек  таныстыру; 2) ақынның  сөзіне  жазылған  әндерді  
оқушылар  назарына  ұсыну; 3) оқушыларды  Отанын, елін, 
жерін сүюге, өлеңді  бағалауға, қадірлеуге  тәрбиелеу.
Көрнекілік: портреті, өлеңдер  жинақтары, нақыл  сөздер.
Кеш барысы.
(Үнтаспадан  «Бесік  басында» әні ойналып  тұрады.)
Жүргізуші:  -  Жыл    керуені    алға    жылжыған    сайын 
Мұқағалидың    артына    қалдырған    өшпес    мұрасы 
жарық    жұлдыздың    қараңғы    түн    қойнауынан    құпия  
сәулесін    шашқандай    жарқырай,  айшықтала    түсуде.  Ол  
өмірде  көп  қиындық  көрді, жалғыздықтан  жапа  шекті, 
төңірегіндегілердің    түсінбеушілігінен    қажыды,  өмірінің  
қуаты  аз  болды.  Бірақ  шындап  ұққан  адамға Мұқағали 


104
–  өмірдің    шын    рахатын    мейлінше    сезініп    кеткен    аса  
бақытты  адам.  
                          Өмір  дегенге
                          Тірлікте, сірә, жетер ме ой!
                          Жарық  сәуледен
                           Басқаның  бәрі  бекер  ғой.
                           Бекер  ғой бәрі,
                           Бекер ғой бәрі,  бөтен  ғой!
Қазақта  «Өлі  разы    болмай,  тірі    байымайды»    деген  
жақсы сөз бар. Мұқағали  өлеңдері  көзі  тірісінде  түгелімен  
жарық  көрген  жоқ.  Оған  кезінде  әміршілдік-әкімшілдік  
саясат  кедергі  болды. Бүгінде  ақын  ағамыздың  өлеңдері  
егемен  еліміздің  еркін  аспанында, азат  даласында  қыран  
құстай  самғап  жүр.
(«Жылап  қайттым өмірдің  базарынан», «Соғады жүрек», 
«Қош, махаббат» және  басқа  жинақтарын  көрсету).
 «Менің  анкетам»   өлеңі  оқылады.
Кеш төрт бөлімнен  тұрады.
І.  «Поэзия  жүрек  тілі» (өлеңдерін  оқу).
ІІ.  «Ән сал, жаным» (әндерін  орындау).
ІІІ. «Жазылар  естеліктер  мен  туралы»  (ақын  жайлы  
ойтолғау).
ІV.  «Мұқағали    әлеміне    саяхат»    (білім    мен    парасат  
сыны).
І бөлім. Поэзия! Менімен  егіз бе едің,
               Сен  мені  сезесің бе,
               Неге  іздедім?..
Отан  тақырыбындағы  «Қайырлы  түн»,  «Оңай  сөз              
ғой    Отанды  сүйем    деген»,  «Жұтайыншы    елімнің    таза   
ауасын»,  «Ей,  табиғат»,  «Қарасаз»,  «Таудағы  көктем», 
достық  тақырыбындағы  «  Көнеміз  де»,  «Қадірлі    дос», 
«Қайтесің?», «Досым, саған  сенемін», махаббат  тақырыбына  
арналған «Махаббат  диалогы», «Махаббатым», «Өзім де», 


105
«Ғашықпын, шын ғашықпын», «Сен әлі тірі ме  едің?», т.б  
өлеңдерін  мәнерлеп  оқу.
 
«Жоғал, сары  уайым!
         Мен тірімін, тірімін!
         Төсенгенім  – тірі жер, жамылғаным – тірі күн!»
ІІ  бөлім. Ән сал, жаным,
Әніңмен  тербет  мені,
Бір сәт  тынсын тіршілік жер көктегі.
Дала  ұйысын,
Дамылдап таулар жатсын,
Таулар жатсын мәңгілік  жөргектегі!
«Сарыжайлау»,    «Фариза  қыз»,  «Сәби  болғым    келеді», 
«Есіңе    мені    алғайсың»,  «Бесік    басында»,  т.б    әндер  
орындалады.
ІІІ  бөлім. 
Жазылар  естеліктер  мен  туралы:
Біреулер жан еді дер өр  тұлғалы,
Біреулер  тұлпар  еді,  дер де, мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.
«Мәңгілік    сырласым»,  «Ойлағанда    өзегім    өртенеді», 
«Біз  осылай  табысып    едік»,  «  Аққу    жылдар»  (Айтақын 
Әбдіқалдың  «Мұқағали» кітабынан).
ІV  бөлім. Викториналық  сұрақтар:
1.  Мұқағали  Мақатаев    қай    жерде  қай  жылы    дүниеге 
келді? 2. Мұқағалидың  азан  шақырып  қойған  есімі  кім? 
3. Мұқағалидың  неше  баласы  бар? 4. Ақынның  жарының  
есімі   кім? 5. Ақын  өзінің  өмірбаянын  қай  өлеңінде  жазған? 
6. Орыс  ақындарынан  өзіне  жақын  тұтқаны  кім? 7. Ақын  
өлеңдеріне  ең  көп ән  жазған  сазгер  кім? 8. Анасының  
есімі кім?
Жүргізуші:  -  Міне,  тағдыр    таразысының    тарлан  
талантқа өлшем  еместігіне көз  жеткіздік.


жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау