94
Сабақтың барысы.
Қызығушылықты ояту. Мұқағали кім?
Шығармалары, әндері.
Аққу туралы кімдердің шығармалары бар?
Жаңа сабақ.
Шығарманың тақырыбы не туралы?
Аққу ненің белгісі?
1. Аққудың сұлулығын ақын қалай берген?
2. Көл неге «Жетімкөл» атанды?
3. Аққуды атуға ананы итермелеген кім?
4. Тәуіп деген кім?
5. Аластау туралы не білесіңдер?
6. Поэманың негізгі арқауы не?
Әйел – ана, әйел – тіршіліктің тұтқасы,жаны нәзік
дейміз. Соның бәрі бекер болғаны ма?
(Ананың табиғатқа қол көтеруі – өмір қайшылығы,
жалғыз баланың өмірін сақтап қалудан туған аналық сезім
арпалысы).
8. Ауырып жатқан баланың әкесіне «Аққуды атып әкел»
дегендегі әкенің жауабы.
9.
Баласы өлсе, анаға бақыттың керегі бар ма?
10. Көлге келіп, жасырынып отырған ананың ұйқыдан
оянған аққуларды көргендегі көңіл күйін ақын қалай
жырлағанын кім айтып береді?
11. Оқ атылғаннан кейінгі ананың көңіл күйі қандай?
12. Ақын аққуға оқ атқан ананы кінәлай ма?
Аққу
Махаббат
Сұлулық
?
95
Ананың аққуға оқ атуы дұрыс па?
Иә Жоқ
Шығарманың идеясы не?
Табиғатты сақтап, тыныштығын бұзбайық. «Аққусыз
көл – жетім, тыңдамаса сөз – жетім» деген сөз бар.
Топтастыру әдісі.
Сабақты бекіту:
1.
Анаға хат;
2. Мергенге хат;
3. Аққуды суретте.
Ең үздік шығарманы «Автор орындығына» отырғызамыз.
Сабақты қорыту.
Үй тапсырмасы: поэмадан үзінді жаттау; «Аққу –
көлдің еркесі» (эссе жазу).
Ана
Аққу
Мерген
Аққу
Махаббат
Сұлулық
Зұлымдық
Аққу
Аққуды
атуға
болмайды
Табиғатты
сақтау, ты-
ныштықты
бұзбау
97
болсаңдар, онда мен не жазсам,соның бәрін түгел оқып
шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп
қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің
өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол
поэма іспетті.Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген,
кейде түңілген жанымның құдды дауысындай...».
Мұқағали Мақатаев.
II. «Топтастыру» стратегиясы.
ақын
данышпан
біртуар
жазушы
Қызығушылығын ояту.
Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып
не?
Сұлулық
Тақырып Махаббат
Зұлымдық
Мағынаны тану.
1. БҮҮ
кестесін толтырып отыру
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
2. Композициялық құрылымына талдау
Оқиғаның басталуы: Жетімкөлдің тамаша сұлу
табиғаты.
Оқиғаның байланысуы: Жетімкөлге аққулардың келуі.
Оқиғаның дамуы: Ауру бала мен ананың шарасыздығы.
Оқиғаның шиеленісуі: Сорлы ананың мылтығымен
көлге келуі.
Оқиғаның шарықтау шегі: Ананың аққуларды атуы.
Оқиғаның шешімі: Баланың өлуі. Жетімкөлге
аққулардың қайта айналып келмеуі.
Мұқағали
кім?