«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 2,17 Kb.
Pdf просмотр
бет12/36
Дата20.05.2018
өлшемі2,17 Kb.
#14748
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36

42
   
   
 
6.  Сұлтанмахмұттың  өлеңмен  жазылған  романын 
тап:
а) «Қамар сұлу»; 
ә) «Кім жазықты»;
б) «Бақытсыз Жамал».
7. Сұлтанмахмұттың 1914 жылы ашқан ұйымы қалай 
аталады?
а) «Білім тарату қоғамы»;
ә) «Шоң серіктігі»;
б) «Мейірімділік қоғамы».
8.  Мына  өлең  жолдары  ақынның  қай  шығар-
масынан?
Анау қырда татар тұр,
Басқалармен қатар тұр.
Мынау қырда қазақ тұр,
Қастарында азап тұр.
а) «Анау-мынау»;   ә) « Бір адамға»;   б) «Кедейлік».
9.  Ақынның  бес  бөлімнен  тұратын  философиялық 
поэмасын білесің бе?
а) Таныстыру; ә) «Адасқан өмір»; б) «Айтыс».
10.  Сұлтанмахмұт  туралы  жазылған  романның  ав-
торы кім?
а) Мұзафар Әлімбаев; 
ә) Бейсембай Кенжебаев; 
б) Дихан Әбілев. 
ХІ.  Үйге  тапсырма:  І  деңгей:  Ой  толғау  «Менің 
Сұлтанмахмұтым»;  ІІ  деңгей:  Сыр  толғау  «Алаштың 
асыл перзентіне хат»; ІІІ деңгей: Жыр толғау «Ақын рухы 
ақындарға жалғасқан».


43
                                                                               Ақжонас РЫСҚАЛИЕВА,
Орал қаласындағы
№19 жалпы орта білім
беретін мектептің мұғалімі.
«ТОЛАҒАЙ» ӘДЕБИ ЕРТЕГІСІ
(5-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  «Толағай»    әдеби 
ертегісінің  мазмұны,  идеясымен  таныстыру;  дамытушы-
лық  –  әдеби  ертегіні  ертегіден  ажырата  білуге  үйрету, 
өзіндік  ойын  дәлелдей,  тұжырымдай  білуге  жетелеу; 
тәрбиелік – елге, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту, 
сүйіспеншілігін арттыру.
Түрі:  дәстүрлі,  жаңа  сабақ.  Әдісі:  талдау,  салыстыру, 
топтастыру, ойтолғау, т.б. Көрнекілігі: интерактивті тақта. 
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру.  Сәлемдесу. Сабаққа даярлау.
Өткен тақырыптарды пысықтау.
-  Балалар,  біздер  осы  кезге  дейін  әдебиет  сабағында 
қандай  көлемді  тақырыптармен  танысып  едік?  (Тұрмыс-
салт жырлары, ертегілер, аңыз әңгімелер, шешендік сөздер, 
діни әңгімелер)
- Осы тақырыптарды сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықтап 
өтейік.
1. Ауыз әдебиетінің түрлерін ата. 2. Қаз-қаз, балам, қаз 
балам, Қадам бассаң мәз болам... Ары қарай жалғастырып айт. 
3. Ертегінің қандай түрлері бар? 4. Қазыбек би жауабындағы 
бір, төрт, жеті сандары қандай ұғымды білдіреді? 5. Құранда 
неше  сүре  бар?  6.  Адам  Ата  мен  Хауа  Ананы  азғырушы...  
Адамды  Алла  қалай  жаратты?  7.  Шешендік  сөздердегі  үш 
кемдік не? 8. Құстың, шөптің, адамның жаманы қай ертегіде 
кездеседі? 9. Бес бақыт деген не?


44
Жаңа тақырыпты меңгерту.
-  Балалар,  жаңа  ертегінің  үш  түрін  атап  өттік.  Ауыз 
әдебиетінде ертегінің үш түрі болса, әдебиетте әдеби ертегі 
деген де кездеседі екен. Бүгінгі жаңа сабағымыз осы әдеби 
ертегі  туралы  болмақ.  (Сабақтың  тақырыбын  интерактивті 
тақтадан көрсете таныстырып, мақсатын айту)
Не білеміз?
Не білгіміз келеді?
Не білдік?
Білім. 
Елін,  жерін  қорғаған  батырлар  туралы  жыр  болуымен 
қатар аңыз әңгімелер де әдебиетімізде мол кездесіп отырады. 
Осындай  аңыз  бойынша  жазылған  шығармалардың  бірі  – 
«Толағай» әдеби ертегісі.
Ертегінің авторы белгілі болғандықтан, оны әдеби ертегі 
деп  атайды.  Әдеби  ертегі,  көбінесе,  ел  арасында  ауызша 
айтылып келген аңыз әңгімелердің негізінде туады. Ол өлең 
немесе қара сөз түрінде айтыла береді. Әбділда Тәжібаевтың  
«Толағай»  әдеби  ертегісіне  Толағай  тауы  туралы  халық 
аңызы негіз болған.
Түсіну. «Толағай» ертегісі.
Толағай тауы.
Ертегінің басын айтып түсіндіру.
Болжам жасау.
- Қалай аяқталуы мүмкін?
Картадан көрсету.
Шығыс  Қазақстан  облысының  Тарбағатай  ауданында, 
Зайсан  көлінің  шығыс  жағында  Ақжар  ауылына  жете 
берістегі  бұл  тау  басқа  таулардан  жеке,  оқшау  тұрған, 
биіктеу келген жуан төбе, үлкен шоқыға ұқсас екен. ШҚМУ 
қазақ  әдебиеті  кафедрасының  фольклорлық  экспедициясы 
Тарбағатай  өңірінен  осы  аңызды  жазып  алған.  Қолжазба 
нұсқасы осы кафедраның арнайы қоры мен Ұлттық Ғылым 
Академиясы  Мұхтар  Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер 
институтының  қолжазбалар орталығында сақтаулы.


45
Талдау.  1-қатар:  Жоспар  құру.  2-қатар:  Тақырыбы, 
идеясын  анықтау.  Толағайға  мінездеме  беру.  3-қатар: 
Кітаппен жұмыс.
Жоспар:
1. Толағайдың дүниеге келуі.
2. Толағайдың өсуі.
3. Аң аулағанда немесе жолбарыспен кездесу.
4. Анамен әңгіме немесе Толағай шешімі.
5. Толағай ерлігі.
Тақырыбы: Толағай ерлігі. Идеясы: Ерлік, ел үшін жанын 
қию. Мінездеме: Толағай – батыл, аңшы, жанашыр, мерген, 
күшті, ақылды.
Мінезі,  дене  құрылысын  сипаттайтын  жерін  тауып  оқу 
(Бір, үш, жеті жасының суреттелуі).
Айсұлудың портретін тауып оқу.
Ана мен баланың әңгімелескен диалогін тауып оқу.
Салыстыру.    Біз  осы  5-сыныпта  қандай  ертегілер 
оқып едік? Толағай әрекетіне ұқсас ертегі кездестірдік пе? 
(«Керқұла атты Кендебай» ертегісімен салыстыру)
       Кендебай
Ұқсастығы
Толағай
1. Халық шығармасы 
2. Қара сөзбен жазылған              
3. Қызықты, атқаратын іс-
әрекеті көп
4. Оқиға жақсылықпен 
аяқталады. 
Өсу жолдары 
ерекше 
Күшті, алып
Халыққа 
жақсылық 
жасаушы
Авторы бар 
шығарма.
Өлеңмен 
жазылған. 
Қайғылы 
аяқталады. 
Қолдану.  1.  Эссе,  хат  жазу.  2.  Проблемалық  сұрақ.                         
3. Сурет, мақал-мәтел.
- Толағай секілді ер болу қолыңнан келе ме?
- Алда-жалда жұрт күйзелсе, сен не істер едің?
- Қазіргі жастар бойынан осындай ерлік істер табылады 
ма?


жүктеу 2,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау