78
Оқулыққа қосымша
Жанбота СЕКЕЙ,
Шәкәрім атындағы
Семей мемлекеттік университетінің
аға оқытушысы, ф.ғ.к.
КӨРКЕМДІК МОДУСТАРДЫң
ТЕОРИяЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Әдеби шығармадағы көркемдік модустар (лат. modus
– тәсіл, әдіс) – өнер заңдарын маңыздандырудың негізгі
тәсілдері. Егер көркемдіктің парадигмалары, бағыттары
әдеби ағымдар мен тарихи дәуірлерді қарастыруға
негізделсе, көркемдік тәсілдер трансриторикалық сипатымен
ерекшеленеді. Көркемдік модус түрлері – героика, трагика,
комизм, идиллика, элегия, драматизм, ирония эстетикалық
сана-сезімнің типологиялық түрлері болып табылады. Кез
келген көркем шығарма эстетикалық модальдылыққа ие.
Сондықтан әдебиеттану ғылымында көркемдік тәсілдер
көркем мазмұнның субъективті жағына ғана емес (идеялық-
эмоционалдық баға мен авторлық эмоцияға), кейіпкерлер мен
жағдаяттардың түрлі типтеріне, оқырман қабылдауына да
қатысты қолданылады. Бұл теориялық мәселеге байланысты
құнды ой-пікірлер М.М.Бахтин, В.И.Тюпа, Л.Е.Фуксан
сынды ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Көркемдіктің
әрбір тәсілі жеке бір жүйеге құрылып, шартты уақыт пен
шартты кеңістікті, мотивтер жүйесі мен «дауыстар» жүйесін
құруға жетелейді. Алайда көркемдік-эстетикалық жүйенің
түпқазығы «тұлға диадасы» мен оған қарама-қарсы тұратын
«мен – әлем» формуласы болып табылады.
Егер мифологиялық санада жеке тұлға мен оның
даралығы, қасиеттері сөз болмаса, ежелгі дәуір әдебиетіндегі
көркемдік ойлауда қаһарманның ерен ерлігі мен адам
нанғысыз өжеттігін сипаттап, дәріптеуге ұмтылды, осы
79
арқылы көркемдік тәсілдердің алғашқысы – героиканың
негізі салынды (грекше heros – жартықұдай). Ішкі әлем
мен сыртқы дүниенің тәртібі көркемдік ойлаудың екі
жағын біртұтас жымдастыра білді. Сондықтан адамның
ішкі миссиясы мен оның өмірдегі берілген қызметі бірігіп
героикалық модусты құрайды.
Көркемдіктің аталған модустарын қарастыра келіп,
зерттеушілер батырлық образ қоршаған ортасының тәртібін
қатаң сақтап, тазалыққа, әділдікке ұмтылуымен және өзінің
жеке өміріне немқұрайдылығымен ерекшеленетіндігін атап
көрсетеді.
Ал «субъект-объект-адресатты» танудың алғашқы
тарихи көркем тәртібінен екі жаңа сатиралық және
трагедиялық тәсілдер пайда болады. Сатира (лат. satura –
қосынды) – жеке тұлғаның жеке «менінің» әлемдегі орнының
толық еместігін, шалалығын көрсетеді. Тюпа үшін мұндай
шалалық «жеке тұлғаның өзіне берілген рөлімен сәйкес
еместігін» білдіреді.
Шығарманың кейіпкері, қаһарманының көркемділігін
танытуда сатиралық белгілі бір рөлдік шекарадан асып кете
алмайды. Алайда батырлықтан ада етудің өзі сатиралық
көркемдіктің негізгі мәнін ашпайды, бұл жерде автор
тарапынан белсенді мазақ ету, келеке қылу бағыты болу
керек, осы тәсіл арқылы кейіпкердің, нысанның кінәраты
толтырылып, бүтін идеялық дүниеге айналады. Бұл құбылыс
Аристофан, Н.Гоголь комедияларында, т.б. байқалады.
Сатиралық тұлға туралы тұжырымдар бірдей дәрежеде
көркемдік модус баяндауындағы кейіпкерге де (нысан),
авторға да (субъект), оқырманға да (адресат) қатысты.
Трагизм (гр. tragodia – ешкі әні) – көркемдіктің батырлық
образды сатиралық қабылдауына қарама-қарсы тәсілі.
Тюпа өзінің жоғарыда аталған еңбегінде көркемдіктің
бұл типін (Шеллинг еңбегіне негізделген) төмендегідей
80
сипаттайды: «егер жеке танымдық үдеріс рөлдік шекарасы-
нан кеңірек болса, кейіпкерді міндетті түрде «қылмысқа»
жетелеп, оны әлемдік тәртіп алдында кінәлі болуға
мәжбүрлейді. Трагедиялық күнә мен сатиралық жалған
атақтылық қарама-қайшылық аумағында ерекше көрінеді
де, тұлғаның өзінің қалпын сақтауға ұмтылысына назар
аудартады».
Трагедиялық модусте кейіпкердің ішкі екіге бөліну үдерісі
ұласып кетуі де ғажап емес. Мәселен, Төлен Әбдіковтің «Оң
қол» әңгімесіндегі Алманың ішкі қарсыласы – «оң қолы»,
ал «Парасат майданы» повесінде күнделік иесінің ішкі
«бейтаныс құрбысы» секілді кейіпкерлерге тыныштық
бермей, ақыл мен жүрегін жаулап алуға тырысады.
Жазушының «Оң қол» әңгімесі, «Парасат майданы»
повестері сияқты туындыларында сананың екі айырыққа
түсуі «ішкі адам» мен «сыртқы адамның» ымырасыздығы
түрінде көрінген.
«Оң қолдағы» Алма, «Парасат майданындағы» күнделік
иесі – адамгершілік пен адалдық үшін күресіп, іштей айқасып,
рухани күйзеліске, дағдарысқа ұшыраған жандар. Олар –
өмірде рухани жалғыздыққа душар болғандар. «Оң қол»
әңгімесіндегі Алма – «ішкі тұлғаның екіге жарылу» ауруына
душар болған адам. Оның оң қолын Алма терең ұйқыға
кеткенде басқа зұлым күш билеп, ақыры тұншықтырып
өлтіреді. Медицина тілінде бұндай аурудың түрін ішкі
тұлғаның екіге жарылуы деп атайды, яғни, бір дененің
бойында екі түрлі «жан иесінің» кезектесіп, қатар өмір сүруі.
Төлен Әбдіковтің «Парасат майданы» повесіндегі тағы
бір ерекшелік – тартыстың адам мен бірнеше адамдардың
өзара тартысына құрылмай, екіге жарылған, содан жапа
шеккен жеке бір тұлғаның санасында дамуы. Шығармада
Күнделік иесі мен оның екінші жартысы Бейтаныс
құрбының арасындағы арпалыстың, қарама-қайшылықтың
Достарыңызбен бөлісу: |