«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 2,17 Kb.
Pdf просмотр
бет22/36
Дата20.05.2018
өлшемі2,17 Kb.
#14748
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36

81
адамгершілік-моральдық,  қоғамдық-әлеуметтік  астарын 
аңғарамыз. Бейтаныс құрбының пайымдауынша, жақсылық 
пен жамандық − бір-біріне қанша кереғар болғанымен, бір-
бірімен өзектес, сабақтас, бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын 
егіз құбылыс. Күнделік иесінің ой саптауына қарап отырып, 
біз оның негізінен жүрегі ізгі жан екенін аңғарамыз. Жақсы 
адам  бола  тұра  қайшылығы,  ой-сезімі  әлеміндегі  арпалыс 
драмасы бір басына жетіп жатыр. Екінші тұлғасы – Бейтаныс 
құрбы  −  оның  жан  жарасы.  Бұл  –  астарлап  берілген,  ішкі 
философиялық толғаныс.
Рухани  ақиқатты  танудың  эстетикалық  тәсілі  тұлғаның 
өзін-өзі  тануының  уәжі  іспеттес,  белсенді  түрде  қолданы-
лады. Тұлғаның екіжақтылығы көркем мәтіннің мағыналық 
қазығын жасауда ғана емес, стилін жасауда да маңызды рөл 
атқарады. 
Көркемдіктің  бұл  қатарына  кейіпкердің  өзін-өзі 
зерттеуі,  өзін-өзін  тануының  жеке  тұрмыстық  әлемдегі 
ұйымдастырушысы ретінде, характерлік уәж ретінде сипаты 
зор. 
Эстетикалық  маңыздылықтың  тіптен  бөлек  түрі 
–  комизм  (гр.komos  –  безендірілгендер,  безендіру). 
М.Бахтиннің  пікірінше,  комизм  карнавалдық  күлкінің 
негізінде  қалыптасқан.  Тұлғаның  әлемдегі  орны,  бейнесі 
«мейрам  арқылы,  бетперде  арқылы  беріледі.  Комикалық 
тұлға (алаңғасар, ақымақ, әзілкештер, т.б.) әлемнің әдеттегі 
тәртібіне,  заңдылықтарына  мүлдем  сәйкес  келмейді.  Әлем 
әдебиетінде  ашықтан-ашық  алаңғасарлықтың  көріністері 
көптеп  саналады.  Комизмнің  бұл  түрі  А.П.Чеховтың 
«Шенеуніктің  өлімі»,  «Жаным  сол»,  «Шие  бағы» 
туындыларында сипатталады.
XVIII-XIX  ғасырлар  тоғысында  басталған  эстетикалық 
төңкеріс  еуропалық  мәдениеттің  романтикалық  дәрежеге 
ауысуымен,  сол  арқылы  эстетикалық  жүйенің  тұтастай 


82
жаңаруымен  ерекшеленді.  Енді  көркемдіктің  назарында 
жеке  өмір  адам  тағдырының  (табиғат,  өлім,  адамдардың 
өзара  қарым-қатынасы)  рөлдік  емес,  шынайы  қалпы  деп 
танылып, ал оқиғалар тізбегі басқа әлем немесе басқалардың 
өмірі деп берілді.
Эстетикалық сананың жоғарыда атап көрсеткен кезеңінде 
айырықша  ерекшеленген  идиллиялық  (гр.eidillion  –  сурет) 
бағыты  сәйкес  жанр  негізінде  бекіді,  жасалды.  Қазіргі 
заманғы  зерттеушілер  жаңа  дәуірдің  идилликасы  үшін 
ішкі  «меннің»  рөлдік,  жағдаяттық  шекараларымен  бірігіп, 
жымдасып кететінін айтады. И.А.Есаулов «Әдеби туындыны 
талдауда  дұрыс  қабылдау  спектрі»  еңбегінде  идиллиялық 
кейіпкердің  ішкі  және  сыртқы  бейнелерінің  бір-бірінен 
қатты айырмашылықтары жоқ болатынын айтады. 
Элегиялық (гр.elegos – аянышты ән)  – өмірдің, тұрмыстың 
шегін  танудың  нәтижесі.  Элегиялық  «мен»  адамның  бір 
сәттік  тылсым  сәттерінен,  «жоғалғанды  жоқтау»  мен 
«өткенге  өкініш»,  «қоштасу  сәті»,  «мұңның  құпиясынан» 
тұрады. 
Орыс  әдебиетінде  элегиялық  көркемдіктің  элегиялық 
модусы 
Н.М.Карамзиннің 
шығармашылығындағы 
сентиментализм  негізінде  пайда  болды.  Тюпа  бұл 
құндылықтар  жүйесінде  ортақ  Жаратушының  жұмбағы 
көрінетіндігін,  бұл  жұмбақтың  астарында  кез  келген 
тірлік  уақыт  пен  кеңістіктегі  «тұлғалық  бүтіндігін»  сақтай 
алатындығын  айтады.  Идиллика  кейіпкердің  өмірін 
«қарапайым тұрмысы шеңберіне» оп-оңай сала алады.
Жеке,  оңаша  қалу  хронотопы  көркемдіктің  бұл  тәсілі  
үшін,  кейіпкердің  өзіне-өзі  риза  болатын  сатиралық 
тоқмейілсуден  өткен  өмірдің  сүйіспеншілігінің  нұрлануын 
білдіреді, бұл – Тюпа сөзімен айтсақ, «объективті суреттегі 
жалпы өмір тынысының қайтарымсыздығы».
Драматизмді  «гр.  drama  –  әрекет)  драматургиямен 
теңестіруге болмайды. Егер элегиялық көңіл-күйді «барлығы 


83
да  өткінші»  деген  қағидаға  бағыныштылықта  болса, 
идиллиялық  «барлығы  да  болады»  деген  ойға  жетелейді, 
ал  драматургиялық  жағдай  «ештеңе  де  із-түссіз  ғайып 
болмайды,  әрбір  қадамың  осы  және  болашақ  өмір  үшін 
маңызды» деп тұжырымдалады.
Драмалық  кейіпкерлер  ішкі  еркіндігі  мен  сырттық 
талпынысының  мәңгілік  күресінде  жүреді,  мұнда  ішкі 
«меннің»  мәні  оның  сыртқы  келбетінен  анғұрлым  кеңірек, 
анғұрлым тереңірек. 
Эстетикалық сананың драмалық модусының мысалдарын 
А.Пушкин мен А.Чехов шығармашылығынан кездестіреміз. 
Егер  трагедиялық  «мен»  –  өзімшіл  тұлға  болса, 
драмалық  «мен»  –  «мені»  мен  «менікінің»  айырылып 
қалуы  мүмкін  «ішкі  шексіз,  өзгертуге  келмейтін  келбеті». 
Кейіпкердің  қайғыруы,  қиналуы  драматизмді  трагизмге 
жақындастырады.  Тюпаның  ойынша  трагедиялық  қайғыру 
«кінәмен» байланысты болса, драмалық – өзінің өмірі үшін 
жауапкершілігі, оның бұғауланғандай болуы.
Драматизм элегиялық оңашалануды жеңу, оған алғашқы 
мен  өту  барысының  хронотопы  тән.  Орталық  драмалық 
жағдаят кейіпкерлердің өзара сағыну мен аңсау, кездесу мен 
қоштасуларының аясында шиыршықталып, ашыла түспек.
Иронияның  (гр.  eironia  –  притворство)  модус  ретінде 
сентиментализм  мен  драматизмнен  ерекшелігі  «меннің» 
сыртқы  әлемге  еш  қатысы  болмайды.  Бахтиннің  айтуы 
бойынша, дүниеге ирониялық көзқарас – «жалғыздан жалғыз 
ойнап,  ортадан  алшақтатып  жіберген  қалпында  басынан 
кешіретін карнавал».
«Көркемдіктің  модустары»  еңбегінде  Тюпа  «мен»  мен 
«менікінің» сәйкес келмеуі тұлғаның өзін қоршаған ортаға 
және өзіне-өзі деген соғысын, күресін тудыратынын айтқан.  
Көркемдіктің  ирониялық  тәсілінде  субъект  романтикалық 
«менін» танып білуі немесе трагедиялық «өзінен-өзі айнуы» 
да мүмкін.


жүктеу 2,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау