Үшінші тарау «Лексикалық жүйенің экспрессивтік стилистикалық құрылымы» деп аталды. Тілдегі экспрессивтілікті жеткізуші құралдардың қатарына сөз жатады. Сөйлеу барысында сөз сөйлеуші туралы фактуалды және эмоционалды-экспрессивтік ақпараттарды жеткізіп тұрады, қалыптасқан мағынасынан тыс қосымша мағыналарды жеткізуге қатысады. Сөз мағынасы нақты контекст жағдайында түрлі стилистикалық аспектіде көрініп, бағалауыштық, мәнерлегіштік, функционалдық т.б. экспрессивтік мағыналарды жеткізу құралына айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |