«Қазақ мұнайының а р дақтылары»



жүктеу 53,32 Mb.
бет20/47
Дата13.11.2017
өлшемі53,32 Mb.
#35
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47
    Навигация по данной странице:
  • МИНИСТ
***
Қазақстан Ғылым Академиясына президент болған сәттен бастап Шахмардан Есенов қазақ тіліне, әдебиетіне, тарихына арнайы көңіл бөліп, түрлі шараларды ұйымдастырушы болды. Мысалы, 1969 жылы Алматы облысы Есік елді-мекен маңынан бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген «Алтын адам» мүрдесі табылды. Бұл оқиға дүние жүзі бойынша ерекше, айтулы оқиға болды. Әлем ғалымдары бұны әйгілі фараон Тутанхамон мүсінімен пара-пар келетін ғылыми табыс деп бағалап жатты. Жақында біз Алматыдағы Гете институтының ди- ректоры Барбара Френкель-Тонетпен кездестік.

Ол бізге осыдан бес жыл бұрын осы «Алтын адам» көрмесі Герма- нияда өтіп, оны көруге келгендер кезегі екі айға дейін азаймағанын, өзінің соңғы жиырма жылда көрген ең бай, қазақ ұлты үшін маңызы зор көрме болғанын айтты. Бұл әңгімеге мерейіміз тасыды. Бізді ел қатарына қондырып, жұрт қатарына тұрғызбай жүрген «ақсүйек» немістерді осылай мойындатқан ата-бабаларымызға риза болып, рухтанып қалдық.

Президент Есеновтың үнемі қадағалап отырған бір ісі – әл-Фараби туып-өскен жер – Отырар қорғанын қазып, зерттеу жұмысын жүргізу

Бейнетін қиын көрмедің...

149


болды. Сол үшін Шәуілдірден бас штаб құрып, ғылыми жұмыстың нәтижелі жүруіне бар жағдайды жасады.

Ш. Есенов кезінде Қазақстан Ғылым Академиясына бірінші рет КСРО Ғылым Академиясының президенті М.В. Келдыш бастаған, Одаққа есімдері белгілі біраз ғалымдар келіп, Академия институтта- рын аралап, атқарылып жатқан ғылыми жұмыстармен танысты, ірі өндіріс ошақтарын аралады. Бұл да Қазақстан Ғылым Академиясының абырой-беделінің барлығын көрсетсе, ғалымдарды жаңа бір серпіліс жасап кеткені де шындық еді. Академик Ш. Есеновтың Одақ бойынша беделінің барлығын оның шет елдердегі маңызды ғылыми конгрестер- ге қатысып, баяндамалар жасап, Халықаралық ғылыми комиссияларға еніп отырғанынан-ақ байқауға болады.

Ғылым Академиясының құрамы президент Ш. Есенов тұсында былайша болатын. Нақтылай айтсақ, 1970 жылдың қаңтарындағы мәлімет бойынша, 8,756 адам жұмыс істесе, оның 2958-і ғылыми қызметкер, оның 54 толық мүшесі, 45 корреспондент мүшесі, 200-ден астам ғылым докторы, 1000-нан астам ғылым кандидаты бар еді. Олар академияға қарайтын 28 ғылыми-зерттеу институтының мамандары. Академия ғалымдары ГДР, Польшаның, Чехословакияның, Монғолияның және басқа да көптеген елдер ғалымдарымен бірлесіп зерттеулер жүргізді. Мысалы, Алматыдағы космос сәулелері станциясы дүниежүзіндегі аса ірі станциялардың бірі еді. Осында жоғарыда аталған мемлекеттердің ғалымдары қызмет істеп, тәжірибе алмасты. Сол кездің мағлұматына құлақ түрсек, Қазақстан Ғылым Академиясы дүние жүзіндегі 65 елдің

860 ғылыми мекемелерімен байланыста болыпты. Осы мәліметтің өзі

Қазақстан ғылымының биік дәрежеде болғанын айтып тұр.

Ең бір өкінішті оқиға – президенттік лауазымға екінші кезеңге көп дауыспен сайланған Есеновты сайланған мерзімін толық аяқтатпай, орнынан түсірді. Қазақстан ғылымын көтеру үшін қадау-қадау істер бітіріп, бастамалар көтеріп, өзі бел ортасында жүрген білімді, алғыр, күш-қайраты мол, алда талай асуларды алғалы тұрған ғалым-басшы сол кездің «Біріншілеріне» ұнамады.

Мұның себебі мен сырын Шахмардан Есеновтың өзі «Зерде» журналының тілшісіне 1989 жыл берген сұхбатында ашық айтыпты. Ол сұхбатты алдағы бөлімдерде толық оқи аласыздар. Содан, 1974 жылдың басында Ш. Есенов геология министрі болып екінші рет бұрынғы қызметіне келді.

150 Шахмардан Есенов
МИНИСТРЛІККЕ ҚАЙТА ОРАЛУ
«Қайтқан малда қайыр бар!» Бұл нақыл осы жағдайға дәл келе ме, келмей ме, білмейміз, әйтеуір, Есенов өзі жақсы көретін геологиясы- на оралғанына қуанды. Қайыры бола ма, болмай ма оны әзірге өзі де білмейді...

Тура ұстазының өмірі қайталанды. Елінің мақтанышына айналған ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевты да 1952 жылы жоқтан өзгені кінә етіп тағып, президеттіктен түсіріп, 1954 жылы қайта сайламап па еді осы қауым?! Сол секілді Есеновке тікелей тағар кінәсі болмаса да, түймедейді түйедей етіп, ананы-мынаны мін ғып тағып, орнынан түсірді. Күні кеше ғана құнжыңдап, мақтап, қолпаштап қол көтеріп дауыс бергендер, не болғанын қайдам, қазанның суығы ұрған пәлектей бастары салбырап-салбырап, қарсы қолдарын көтеріп, орнынан түсірді. Адамның, жоқ, адам емес, пенденің осы бір бейшара қылығын қалай түсінуге болады. Түсінуге де, түсіндіруге де болады, бірақ айтуға ұят. Қырық қатпарлы, сайқалдығы сұмдық бар әрекеттің астарында қолында билігі бар бір пенденің «менен басқа мықты жоқ!» деген өктемдігі, басқаның абыройын қызғану мен көре алмаушылығы жатыр. Ал әлгі «ақтар» келсе – ақ қалпақ, «қызылдар» келсе қызыл қалпақ киіп, бір күнде мың құбылып отыратын, өзіндік принципі жоқ Бейімбеттің «кейіпкерлері» адамзаттың қыр соңынан қалмай-ақ келеді.

Ш. Есенов өз ортасына, геологтары мен барлаушыларына орал- ғанына қуанбаса, ренжіген жоқ. Ол бір мансаптың соңына түсіп, беделін сатып жүрген жан емес, Коммунистік партиясы қайда жұмсаса, сонда барды, жанын салып жұмысын істеді, ішкені-жегені, бүлдіргені жоқ, жүзі жарқын. Жас та болса, өмірдің ащысы мен тұщысын осылай қатар татып, шыңдалған Шахмардан министірлікке келе, Қазақстан бойынша жүргізіліп жатқан геологиялық және геофизикалық іздестіру-барлау жұмыстарын қолға алды. Бәрін аралап көрді, танысты. Біртіндеп проблемаларын шеше де бастады. Осы кезде Батыс Қазақстанда Қарашығанақ, Жаңажол, Теңізден мұнай мен газдың алып кен орны табылды. Республикада геология ғылымының маңызды саласының бірі – металлогенияны дамытуға үлкен үлес қосты. Ол геология, металлогения және пайдалы қазыналарды іздеу мен барлаудың әдістері жөнінде осы кезде көптеген мақалалар жазды, проблемалар көтерді.

Бейнетін қиын көрмедің...

151


«...бәрі де жақсы есімде, – дейді сол бір артта қалған күндердің естелігін айта отырып еңбек ардагері И. Қалиев қарт, – Қазақстан Коммунистік партиясының ХІV съезінде Қызылорда облыстық партия комитетінің секретарі Х.Ш. Бектұрғанов сөйлеген сөзінде көршілес жатқан Ақтөбе мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының жер қойнауы зерттеліп, ел игілігіне асырылып жатыр. Ал екі облыстың ортасында біз «ақтаңдақ» болып қалып қойдық. Бұл пікір ертеңіне-ақ «Правда» газетіне де шықты. Орынды айтылған пікірге алғашқы болып Геология министрі Шахмардан Есенов үн қосты. Ол артынша-ақ Қызылорда қаласының іргесінен «Геологиялық барлау» эспедициясын құрып, оны соңғы техникалық жабдықтармен жабдықтады, геофизикалық және лабораториялық аппараттармен, қатынас көліктерімен қамтамасыз етті. Барлау жұмысы күрт, әрі қызу басталып та кетті. Осының нәтижесінде аз уақытта-ақ облыс көлемінде мұнай мен газдың мол қоры барлығы және қорғасын, мыс, уран, кварц, сульфат... сияқты пайдалы қазбалардың барлығы анықталды.

Шахмарданның істі ұйымдастыру қабілетіне қайран қалып, риза болдық.

Облыстық партия комитетінде өндірісті басқару бөлімінің меңгеру- шісі болғандықтан да, Шахмарданмен жиі кездесуіме қызметім көмектесті. Қашан, қай кезде барсаң да, есігінің алдында сарғайтып отырғызып қоймай, жылы қабылдап, өтініш-тілектерімізді тез шешіп беретін. Соның арқасында Шалқия кен орнындағы құрылыс, Жаңақорған басындағы қиыршық тас зауыты, Қызылорда қаласындағы силикат өндіретін өндіріс орны жұмысын бұрынғыдан екі-үш есеге жақсартты және Арал өңірінен сульфат өндірудің жолдарын қарас- тырды.

Әсіресе, экологиялық қатер аймағына айналып отырған Арал және Қазалы өңірінен ауыз су көзін табуды қатты қолға алды. Барлаушылардың бар мұқтажын жеткізіп, тез арада жер асты су көзін табуды тапсырды. Тиянақты тапсырманың арқасында Байқожа, Қараұзақ су көздері табылып, скважиналар қойылып, халық ауыз суға қарық болды да қалды. Мұны іскерлік емес деп қалай айтарсың...

Шахмарданды республиканың «Басты геологы» деп атауға тұрар- лық адам. Ол Құмкөл мен Арысқұм мұнай мен газ кенінің табылу- ына бар қолындағы билігі мен өзінің күш-қайратын аямады. Осы екі кеніштің табысы облыс экономикасының көтерілуіне елеулі үлес

152 Шахмардан Есенов
қосып отыр. Шахмарданның туған жеріне қосқан үлесі, перзенттік борышын өтеді деп есептейді қызылордалықтар...»

Қысқа ғана естелікте Есенов бітірген көп шаруа баяндалған. Бұл бір облыстағы ғана атқарылған жұмыстар. Осыған ұқсас, біткен істі Қостанай, Ақтөбе, Жезқазған, Шымкент, Қарату, Жаңатас... өңірлерінен көруге болушы еді. Маңғыстау кен орындарынан кем түспейтін Қаражамбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы мұнай мен газ орындары барланып, ашылуына барынша күш салды. Бүгінде атағы әлемге таныс «Теңіз» мұнай-газ алып кен орнын ашу ісі де Шахмар- дан Есенов Геология министрі болып тұрған кезде қолға алынған еді.

«Өз мамандығына барынша адал жан еді, – дейді бұл күнде зей- неткер Асанов Мәдениет өз естелігінде, – Мен 1974-1976 жылдары министр Шахмардан Есеновтың көмекшісі қызметін атқарып, жақын араластым. Шахаң кең байтақ Қазақстанды көп аралайтын, ұзақ-ұзақ сапарларға шығатын. «Жігітті жол үстінде таны» демекші, іссапарда бірге жүріп, көп қырларын көріп, көп сырларына қанықтым. Бәрі де күні кешегідей көз алдымда.

Министрмін деп кекіреюді білмейтін. Қарапайым адамдармен тең сөйлесетін. Іссапарда жүргенде үнемі үйіне хабарласып, жағдай біліп, өзі туралы да айтып отыратын. Кейбір басшылар сияқты мұндай шаруаны көмекшісіне артып қоймайтын. Оны айтасыз, тіпті өзімен бірге болған көлік жүргізушісіне дейін көңіл бөліп, жағдай жасауды парызым деп білетін еді.

1975 жылдың жазында Балқаш өңіріне барғанымыз әлі есімнен кет- пейді. Көлдің Солтүстік жағасындағы Саяқ кенішіне бардық. Ол жердегі уақытша салынған елді мекен уақыт өте келе карьердің жарылыс аймағын- да қалған екен. Көп үйлер бұзыла бастапты. Жұрт бұған наразылық білдіріп, жоғары жаққа да шағымданады. Бірақ мәселе сөзбұйдалыққа салынып, шешілмеген. Сөйтіп, ақырында Есеновтың алдынан шықан ғой.

Шахаң елді мекенді асықпай аралады. Көп адамдармен сөйлесіп, пікір алысты. Әсіресе, ауыл қарттарының әңгімесіне ден қойды. Тіпті асханада дайындаған арнайы дастарханға бармай, бір ақсақалдың құлайын деп тұрған баспанасында болып, сонда шай ішті. Көп әңгімелесті. Алдында шағым-арыздан басталған сөз келе-келе мамы- ражай арнаға – ел тарихына ауысты.

Сол сапардан оралған соң министр Есенов тиісті орындармен сөйлесіп, әлгі мекеннің тұрғындарына сол арадан алыстау жерде

Бейнетін қиын көрмедің...

153


салынып жатқан мекеннен үй бөлу мәселесін шешіп берді. Сөйтіп, ескі кепе-жайлар бұзылып, адамдар отбасыларымен бірге жаңа үйлерге қоныстанды.

Қазір қарап отырсам, сол кезде Есеновтың атағы дүркіреп тұр екен. Өзі министр. Оның алдында да министр болған. Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары деген лауазымда да болған. Ұлттық Ғылым Академиясын басқарған, академик, Лениндік сыйлықтың лауреаты. Соған қарамастан, үлкенді – аға, кішіні іні тұтқан қарапайым болмы- сына риза боламын. Ондай ірі тұлғалар ол кезде аз еді ғой. Қазір де көп емес шығар».

жүктеу 53,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау