***
Архивная копия
ПОСТАНОВЛЕНИЕ
Президиума Академии наук Казахской ССР г. Алма-Ата
№178 17 октября 1968 г.
О предложениях по увековечению памяти умерших членов
Академии и других видных ученых Академии наук Казахской ССР
Заслушав сообщение председателя Комиссии по увековечению памяти умерших академиков и членов-корреспондентов АН КазССР и оказанию помощи их семьям, академика АН КазССР А.Н. Нусупбе- кова, Президиум Академии наук Казахской ССР ПОСТАНОВЛЯЕТ:
1. Одобрить предложения Комиссии по увековечению памяти умер- ших членов Академии и других ученых Академии наук Казахской ССР.
2. Просить Совет Министров Казахской ССР рассмотреть вопросы о выделении необходимых средств на сооружение надгробий на могилах академиков АН КазССР М.П. Русакова, В.Д. Пономарева, Р.А. Борукаева, членов-корреспондентов АН КазССР А.И. Безсоно- ва, Е.С. Исмаилова, Е.Б. Бекмаханова, Н.Г. Сергиева, П.Я. Аврова и доктора исторических наук, профессора Т.Е. Елеуова.
3. Ввиду того, что сооружение надгробий на могилах умерших за пределами республики всех членов Академии не представляется воз- можным, считать необходимым организовать вывешивание в главном здании Академии наук КазССР портретов всех академиков и член- корреспондентов АН КазССР.
Поручить управляющему делами АН КазССР тов. Шостину А.И. составить эскиз единого образа портретов этих ученых и представить его на рассмотрение Президиума АН КазССР.
4. Рекомендовать Комиссии по увековечению памяти умерших ака- демиков и членов-корреспондентов АН КазССР и оказанию помощи их семьям:
Бейнетін қиын көрмедің...
133
а) создать альбом памяти умерших членов Академии, в котором внести необходимые биографические сведения и фотографии этих ученых, а также фотокопии установленных им памятников;
б) установить состояние мест захоронения покойных членов
Академии за пределами республики
Президент
Академии наук Казахской ССР Ш. Есенов
И.о. Академика-секретаря
Президиума АН Казахской ССР
доктор технических наук Ж. Ержанов
(Объединенный ведомственный архив Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан. Фонд 2. Опись 1. Дело 1232. Лист 46)
***
Бұл о дүниелік болған ғалымдарға тірілердің көрсеткен құрметі еді. Әдетте «болашақ жастардыкі» деп, әдемі сөзді аямай айтып жатамыз да, оларға қамқорлық жасап, көмектесуге келгенде, кернау тартып қалатынымыз бар. Рас, Ғылым Академиясында соңғы жылдарда жас зерттеушілер саны азайып, үлкендер орнын басатын ғалымдар тәрбиеленбей, ғылымға тартылмай қалғаны рас-тын. Осы кемшіліктің орнын толтыру жаңа президенттің басты мақсаттарының бірі болды. Әрине, президент Сәтбаев тұсында дүркіреп өскен көп жастың, бұл кезде жастары ұлғайып, орнын басар жас толқынды өмірдің өзі талап етіп тұрды. Есенов дарынды жастарды күрделі жобаларға қатыстырып, жаңа, жақсы идеяларын қолдап-қолпаштады. Түрлі зерттеу жұмыстарына ғылыми байқаулар өткізіп, жеңімпаздарға материалдық көмектер көрсетілді. Мұндай әрекет жас ғалымдардың құлшынысын оятып, зерттеу жұмыстарына деген ерекше бір ынтасын тудырды. Не керек, жаңа президенттің, жаңа басшының келуімен Ғылым Академиясында ғылымға деген жаңаша қозғалыс, өзгеше бір
серпіліс пайда болды.
134 Шахмардан Есенов
Жастарға байланысты бірде «Білім және еңбек» журналының тілшісі президент Ш. Есеновке былайша сұрақ қойыпты:
Тілші: – Жастар – ғылым болашағы. Аға буын ғалымдар ісін жастар жалғастыратыны сөзсіз. Осыған орай республика ғылымындағы жас- тардың орны мен өзіңіз басқарып отырған Ғылым Академиясының жас ғалымдарға жанашыр-қамқорлығы жайлы айтып берсеңіз екен?
Академик Ш. Есенов: – Талант жас талғамайды. Ғылым тарихына жүгінсек, талай-талай ғажайып жаңалықтар ғалымдардың жауқазын- дай жас шағында ашылғанын байқаймыз. Ғылыми статистикаға қарасақ, аса ұлы жаңалықтардың көбін 26-40 жас арасындағы ғалымдар ашыпты. Халқымыздың «ақыл-жастан» деп тегін айтпайтын болар. Сондықтан да ғылым жолына түскен жас қауымнан күтеріміз мол. Қазір біздің елімізде күрделі-күрделі ғылыми проблемалармен жас ғалымдардың көптеп шұғылдануы қуантады. 1965 жылғы мәліметке қарағанда КСРО Ғылым Академиясының орталық аппаратындағы ғалымдардың орташа жасы – 38 жас екен. Ал КСРО Ғылым Академиясының Сібір Бөлімінде бұл көрсеткіш 33-ке, Украина Ғылым Академиясының кибернетика ин- ститутында 26 жасқа тең. Ал біздің республикамыздың Ғылым Акаде- миясында ғалымдардың орташа жасы – 37.
Қазақ КСР Ғылым Академиясында жас ғалымдарды дайындау ісі ешқашанда назардан тыс қалып көрген емес. Ғылыми-зерттеу инсти- туттарымызда істейтін творчестволық коллективтердің дені жастар. Республика Ғылым Академиясының институттарында 800-ден астам жас ғылыми қызметкерлер, 400-ге жуық жоғары білімді инженер- мамандар жұмыс істейді. 500-ден астам жас жігіттер мен қыздар аспи- рантурада оқиды. Бірақ осы ретте айта кетер бір жайт – ғылым док- торлары мен ғылым кандидаттары арасында жастар әлі де болса аздау. Әсіресе, физика-математика, биология, медицина мен техникалық ғылымдар саласында жастар жеткіліксіз. 1963 жылға дейін жасы
35-тен төмен бірде-бір ғылым докторы болмаса, қазір олардың саны екеу. Ғылым кандидаттарының 22 проценті – жастар. Оның ішінде
35 проценті – қазақ жастары. Бұл, әрине, бүгінгі күнгі өскелең та- лаптарды қанағаттандыра алмайды. Осыған орай Академиядан жас ғалымдардың Кеңесін құрдық. Ол жас ғалымдардың ғылыми ізденістерін, творчестволық белсенділігін арттыру мақсатымен республикалық жас ғалымдар конференциясы өткізілді. Бұл конфе- ренция талантты жас ғалымдардың ғылыми ізденістерін, табыстарын
Бейнетін қиын көрмедің...
135
қалың көпшілікке танытып, олардың творчестволық өсуіне әжептеуір әсер етті. Осыған бір-екі мысал келтірейік.
Республика Ғылым Академиясының академигі Қаныш Сәтбаев атындағы геологиялық ғылыми-зерттеу институтының жас ғалымы А. Қайыпов бірнеше жылдар бойы Ақбастау-Құсмұрын ауданындағы колчедан кен орынын зерттеп жүрген-ді. Жас ғалымның зерттеулері Одақтың көрнекті ғалымдарының назарын аударды. Бірнеше үлкен конференцияларға қатысып, баяндама жасады. Ал, А. Қайыповың әріптесі Еділ Ерғожин біздің Академияның химиялық ғылымдар институтында жұмыс істейді, 25 жасында химия ғылымдарынан кандидаттық диссертация қорғады. Еділ қазірдің өзінде 36 ғылыми еңбектің авторы, халықаралық ғылыми симпозиумға қатысып, баян- дамалар жасап, құнды зерттеулерімен көзге түсуде.
Бұл екі ғана мысал. Осындай жарқын мысалдарды көптеп келтіре беруге болады...»
Сол кездің жас ғалымы, ғылыми-зерттеу еңбегімен конкурсқа қатысып жүлдегер атанған, қазіргі академик Әбділдин Мейірхан ағамыз былай дейді:
«...1966 жылы шілде айында Ленинградтан Алматыға қайтып, Астрофизикалық институттағы қызметімді жалғастырдым. 1967 жылы қазан айында Қазақстан Ғылым Академиясында бірінші рет жас ғалымдардың ғылыми конференциясы және ғылыми еңбектерінің конкурсы болды. Осында мен де қатыстым. Жұмыстың аты: «Жалпы салыстырмалық теориясының тағы бір интерпретациясы». Конкурс нәтижесінде бірінші орынды биолог М. Айтхожин (кейін ҒА-ның президенті) алды, екінші орынды физик мен (кейін ҒА академигі, ҚазМУ-дың ректоры) алдым, үшінші орынды химик Е. Ерғожин (кейін академик, ҚазМУ-дың ректоры) алды».
***
Шахмардан Есенов 1967 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының толық мүшесі болды.
Ал оған 1970 жылы «Қазақстан жер қойнауы» монографиясы үшін Шоқан Уалиханов атындағы сыйлық берілді. Және осы жылы Мәскеуде докторлық диссертация қорғады, профессор атанды. Бұл оқиғаның куәсі болған, сол жылдарда Қ. Сәтбаев атындағы геология
136 Шахмардан Есенов
институтының директоры, минералдық ресурстар Халықаралық Акаде- миясының академигі Бесбаев Халел «Ұлылар ісін жалғастырған» деген мақаласында егжей-тегжейлі әдемі баяндайды. Ол мақаланы Сіз осы кітаптың «Жақсы адам менің жадымда» бөлімінен оқи аласыз.
Негізінде, Ш. Есеновке абырой мен беделді әкелген – оның жан- жақтылығы. Ұстазы Сәтбаев секілді, ол да ілім мен білімнің сала- саласына көңіл қойып, толғанып, пікір білдіріп жүретін ойы да, жаны да сергек еді. Әкесі Жорабектен, сосын табиғат тарту еткен қабілет болар, Шахмардан әдебиет, өнер, тарих, не керек, қоғамдық ғылымдардың да білгірі, оқымыстысы және жанашыры болды. Ол оқымаған әлем әдебиеті мен қазақ жазушыларының шығармалары жоқтың қасы деуге болады. Бірде ол Қазақстан Жазушылар Одағында қаламгерлер алдында сөз сөйлеп, әдебиеттің жетістігі мен кемшілігіне көңіл бөліп, кәнігі сыншылардай ой сараптады. Сол сәтте риза болған ақын Оразалин Нұрлан:
Біздің Шахаң сөйлегенмен сиретіп, Ойларымен кетеді ылғи күйретіп. Бар мен жоқты қояды да орнына, Білігімен кетеді елді үйретіп,–
деп, жиын үстінде бір шумақ өлеңді жазып тастапты.
Сол жолы Академик Есенов қаламгерлер алдында былайша сөз саптапты:
«...Сөз қадірін айрықша бағалаған халқымыз: «Жылқы өнері – жор- ғасы, жігіт өнері – қызыл тілі» деп, текке айтпаған. Өкініші өксікке, асыл арманы ащы зарға айналған шақтарда туған халқының жүрегіне жылу берген, сөз маржанын тізген қызу қанды, алғыр ойлы ақындар, жыраулар, сал-серілер болғаны белгілі. Қой бастаған ай мүйізді ақ серкедей, олар өз халқына ұстаздық үлгі таратты. Жадау көңіліне жарқын ойдың нұрын септі. Сондықтан да халық өздерінің ақындары мен жырауларын ең аяулы, абзал азаматы санады. Еліміздің сөз өнеріне деген сол ыстық ілтипаты мен іңкәрлігі әлі де ортайған жоқ. Әсіресе, бүгінгі заманда ортаймақ та емес.
Жер қыртысын ақтарып кен іздеген геологтай, жазушылар да адам жанының бар қыртыс-қалтарыстарына терең үңіліп, қалт жібермей тап басады. Аспан әлеміне көз тіккен астрономдай, адамзат тарихын
Бейнетін қиын көрмедің...
137
алыстан қозғап, ертеңгі болашағымызды қиялмен шолып, байлам айтады. Шәкіртке тәрбие үйреткен ұстаздай оқырмандарының адам- дығын, адалдығын шыңдайды; жаны сұлу, үлкен парасатты болуға баулиды.
Мен жазушы емеспін, бірақ жазушыларымыздың қаламынан туған шығармаларының бәрін болмаса да, көбін оқып жүретін жайым бар. Әдебиеттің арнаулы мәселесі туралы пікір айту маған, әрине, қиын. Әйтсе де көңілде жүрген бір жайларды ортаға сала кетуді артық көрмедім. Ол – ғылым мен жазушылық өнердің байланысы хақында.
Қазақ Ғылым Академиясында әдебиет пен өнер, тіл білімі, тарих, археология және этнография, философия мен право, экономика инс- титуттары бар. Олар халқымыздың сонау көне заманнан бастап, күні бүгінгі кезеңіне дейінгі тарихын, мәдени, рухани байлығын зерттеп, қоғамымыздың өсу жолын, даму ерекшелігін танытып келеді. Ал ғалымдардың осы саладағы еңбектері жазушыларға да пайдасыз еместігі белгілі. Ғылыми жетістіктер ең алдымен әдебиетіміздің тақырып шеңберін кеңейтуге, оның проблемалық мәселелер қозғауына мүмкіндік береді...
Біздің тарихшыларымыз архивтің мол қазынасын ақтарып, көпте- ген жаңа мағлұматтар табуда. Тарихшылар мен әдебиетшілеріміз қазіргі туысқан халықтарға ортақ мәдени, әдеби мұраларды тереңдей зерттеуге кірісті.
Қаншама ғасырлар бойы дүние жүзі бас иген, «екінші Аристотель» деп санаған ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби өзіміздің жерлесіміз екендігін таныдық. Оның ұлы ойлары дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылумен қатар, қазір де ұлы ғалымдар отаны – Кеңес елінде, орыс тілінде сөйлей бастады. Көп ұзамай әл-Фараби өзінің жерлестерінің тілінде – қазақ тілінде де тұңғыш рет сөйлемек.
Әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл толып отыр. Ұлы адамдар, белгілі бір ұлттан шыққанымен, өзінің еңбегі арқылы жалпы адамзатқа ортақ тұлғаға айналады. Фараби де сондай. Оны мақтаныш тұтуға бір қазақстандықтар емес, барша совет халқы да хақылы. Осы бір датаны дүние жүзінің озық ойлы адамдары да үлкен ықыласпен, пейілмен атап өтпекші. Ал ғылым бағасын танитын, ғалым қадірін қастерлейтін Кеңес елі үшін бұл юбилейдің маңызы айрықша екені түсінікті. Сондықтан да бұл оқиғаға тек ғалымдар ғана емес, жазушы жолдастар да белсене атсалысады деп сенеміз...
138 Шахмардан Есенов
Ғалымдар өмірі – көркем шығармаға өзек бола алатын өнегелі өмір. Ғылыми ортадан, ғалымдар өмірінен романға да, драмаға да, тіпті комедияға да материал табылады. Ғалымдар өмірінен реалистік туынды жазуға да, ғылыми-фантастикалық еңбек жазуға да болады. Тек өкініштісі, біздің жазушыларымыз ғалымдар өміріне көп бара бермейді, зәуімде бара қалғандары тақырыпқа тереңдеп кірмей, көбіне сыртқы көріністерді қанағат етеді.
Сөз соңында мынадай тұжырым айтқым келеді: ірі ғалым жазушы емес, ал ірі жазушы – әрі ғалым. Жазушылық өнер мен ғылыми жетістіктер үнемі табысып, тоғысып жатуы көркем әдебиетіміздің тақырыбын да кеңітеді, ішкі мазмұнын да байытады. Бұл өскелең мәдениеттің, өнегелі әдебиеттің үрдісі болмақ!»
Сөз саптасты байқаған боларсыз! Тұнып тұрған терең ой, қазып ал да қажетіңе жарата бер. Тура бір әккі сыншылардай сөз саптайды. Адам жанының тұңғиығын бойлаған адамша шешен сөйлейді. Тілінің тазалығы, логикасының мықтылығы, ойының тереңдігі таң қалдырады. Әр сөз, сөйлемінде мағына бар. Алайда, біз ғалым сөзін қысқартып, өзімізге қажетті-ау деген жерін ғана алдық. Бәрін оқысаңыз, Есенов білімінің шалқар-теңіз екеніне көз жеткізесіз. Ол кәнігі әдебиетші іспетті, қазақ әдебиетінің жетістігі мен кемшілігін, оқырман сұранысын саралайды.
Қараңызшы, Есеновтың жазушы хақында мына тұжырымы қандай әдемі, әрі дәл: «ірі ғалым жазушы емес, ал ірі жазушы – әрі ғалым». Инемен құдық қазғандай, адам жанын түсінсем деп «ұңғы қазатын, барлау жасайтын» жазушы тіршілігі, шынында да, дала кезіп тау мен тастан сыр іздеген геолог-барлаушыдан бірде бір кем емес. Ол сол бір қиын да қызық мамандықтың қыры мен сырын жалпы оқырман білсе, қызықтаса екен, сосын жастар жағы қызықса екен деген ілгері ниетпен қаламгерлерге қиыла тұрып, тілек, сосын талап қояды. Біздің көз алдымызға ұстазы Қаныш Сәтбаев келеді. Ол халықтың бай ауыз әдебиеті мен тарихын бір кісідей білетін, халық әндері мен күйлерін жи- наттырып, қазақ ұлтын қатардан қалдырмасам деп, биік мінберден ұлтқа қатысты ұлы мәселелерді көтеріп өткен каһарман еді! Дарынды жасты көрсе аңқылдап, шын пейілдерімен қуанатын ақ жүрек ақын-жазушылар сол жолы Шахмарданның сөзіне қарап, өзін танып, болашағынан үміт еткен. Қоғамның бағыт-бағдарын барлаушы – ақын мен жазушы жас ғалым, жас басшыны тануда шынымен-ақ қателеспеген еді...
Бейнетін қиын көрмедің...
Достарыңызбен бөлісу: |