«Қазақ мұнайының а р дақтылары»



жүктеу 53,32 Mb.
бет21/47
Дата13.11.2017
өлшемі53,32 Mb.
#35
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47
***
Біз Ғылым Академиясы мұрағатынан тапқан мына бір құжат – Орталық Ғылым Академиясының академигі А.Л. Яншиннің министр Ш. Есеновке жұмыс бабында жазған хаты екен. Маңғыстаудың зерттелуіне кезінде Есеновтың күш салғанын баса айта отырып, ендігі жерде Батыс Қазақстан байлығының көзін ашуға шақырады. Ол үшін Есенов секілді белсенді, білгір азаматтың қажет болып тұрғанын, талай тиісті мекемелерге хат жазып, бірақ қолдау көре алмағанын, ендігі жерде ойының іске асатындығына үміттенетінін жасырмайды. Министр Есеновтың геология саласында өзіндік орны, беделі барлығын аңғартатын бұл хат біз үшін де қымбат. Негізінде Шахмарданның мәскеулік достары көп болған, олармен үнемі қарым- қатынаста, аралас-құраласта болғанын баяндайтын хаттардың біразын жары Кәмила апайдың қолынан көрдік, оқыдық. Ыстық ықыласқа, құрметтке толы хаттар арқылы Есенов өмірінің шуақты бір күндеріне, жылдарына сапар шегесіз. Бүгін алшаңдап жүрген Сіз бен бізге дейін де мына жарық дүниеге келіп, өмір сүріп, тіршіліктің қара қазанында қайнап, ел басқарып, халықтың қамын жеп, ұлттың мүддесін ойлаған небір марқасқа азаматтардың болғанын түйсіндіріп, уақыт пен заманның өткінші, онымен бірге адам өмірінің де өткінші екенін Сізге сездіріп, көңіліңізді толқытып-ақ кетеді...

154 Шахмардан Есенов
Академия наук СССР Отделение геологии, геофизики и геохимии

117901, ГСП, Москва, В-71 Ленинский просп., 14

10.06.75. № 13100/633-116
Министру геологии Казахской ССР академику Есенову Ш.Е.
Глубокоуважаемый Шахмардан Есенович!
Не посчитайте вмешательством в дела Вашего Министерства мое новое обращение к Вам по вопросам о путях быстрейшей разведки под- солевой нефти на юге Актюбинской области. Вы отлично знаете, что со времени моих долголетних работ в Западном Казахстане я никогда не переставал интересоваться проблемами геологии и полезных ис- копаемых этой богатейшей территории, а на протяжении последних пяти лет уже неоднократно ставил перед вами и в других инстанциях вопрос о форсировании буровых работ на подсолевую нефть...

...По весьма ориентировочным оценкам центральных нефтяных научно-исследовательских организаций, прогнозные, извлекаемые запасы нефти в подсолевых породах Актюбинской области на глуби- нах до 5 км составляют не менее 960 млн тонн.

К сожалению, работы по изучению нефтеносности подсолевых слоев юга Актюбинской области развертываются крайне медленны- ми темпами. Причины к этому, по-видимому, коренятся в существую- щей организационной структуре нефтепоискового и нефтеразведочно- го дела. Вы сами мне неоднократно говорили, последний раз в Москве в начале декабря 1974 г., что считаете необходимым создание в Ак- тюбинске самостоятельной достаточно мощной нефтеразведочной ор- ганизации, подчиненной непосредственно Министерству геологии Казахстана и специально направленной на решение проблемы под- солевой нефти. Без создания такой организации при существую- щем сейчас подчинении всех нефтепоисковых работ в Актюбинской области Управлению «Казнефтегазразведка» в г. Гурьеве практическое решение проблемы будет двигаться такими же черепашьими шагами, как это было до сих пор.

В начале апреля, как сообщили мне в промотделе ЦК КПСС, вы лично ознакомились с состоянием нефтепоисковых работ Западного Казахстана и подтвердили свое мнение о необходимости организаци-

Бейнетін қиын көрмедің...

155


онных мероприятий для усиления нефтепоисковых работ на подсо- левые отложения юга Актюбинской области. Я был очень рад этому известию.

Однако, почему до сих пор все остается в прежнем положении и давно созревшее у Вас решение не осуществлено?

В свое время вы были инициатором и организатором разведки и эксплуатации месторождений Южного Мангышлака. Проявите еще раз такую же инициативу и такую же, свойственную вам, энергию в решении этого вопроса.

Я глубоко убежден, что это даст не менее эффективный резуль- тат для развития народного хозяйства Казахстана, а следовательно, и всего нашего Союза.

На территории СССР осталось немного областей, перспективных для открытия новых крупных месторождений нефти и газа. Это Вос- точная Сибирь с ее подсолевыми отложениями верхнего докембрия и юго-восток Прикаспийской низменности, с ее подсолевыми отложе- ниями нижней Перми и карбона. Таково мнение не только мое, но и крупнейшего нашего специалиста в области геологии нефти и газа академика А.А. Трофимука.

Поскольку это мнение совпадает с Вашим собственным и решением коллегии Министерства геологии и охраны недр СССР от 12 декабря

1974 г., протокол 48, я надеюсь, что вы найдете силы и возможности для преодоления каких-то непонятных для меня трудностей в органи- зации решении проблемы подсолевой нефти.
Глубокоуважающий Вас заместитель академика-секретаря Отделения геологии, геофизики и геохимии АН СССР академик А.Л. Яншин


***
1972 жылы Ғылым мен техника салалары бойынша Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комитеттің төрағасы болып тағайындалды. Және осы жылы Канадада өткен геологтардың Халықаралық конгресіне қатысып, сөз сөйледі, Данияда болып ол елдің геология-барлау жұмыстарымен танысты.

156 Шахмардан Есенов
1974 жылы КСРО Географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланды.

Міне, осылай Геология министрлігінде бір шаруаларды бітіріп, екіншісін жоспарлап жатқан тұста Есеновтың тағы да қызмет ауысты- руына тура келді. Бұл жолғы ұсынған қызметтері тіптен қызық болды. Министр, президент міндетін атқарып тәжірибесі молайған, ширығып, ысылған адамды әкеліп Бетпақтың даласындағы геология экспеди- циясына жетекші етіп жіберді. Қоғамдағы мұндай қарама-қайшы әрекеттер мен оқиғаларға бойымыз үйреніп алғаны сондай, біреуіміз тұрып «бұл дұрыс емес қой!» деп айта алмадық. Мұның бәрі сол кездегі барша зиялыларға дерттей болып жабысқан «Үндемеген үйдей бәледен құтылады», «бәледен машайық қашыпты» деген құлдық пси- хология.

Ешкімнен «Тәйт!» көрмеген соң биліктің бишігі қолында бар билеушілер ойларына келгенін істей бастады. Осы тұста біз «Қаныш Сәтбаев», «Ебіней Бөкетов» деректі-хикаят кітаптарының авторы, белгілі жазушы Медеу Сәрсеке пікірімен қосыламыз. Ол: «...бір рет жазасыз өткен, жолды болған қитұрқы амал екіншіде, үшіншіде... бөгетсіз іске асты. Күллі қауым соған еті өліп, жергілікті үлкен-кіші билеуші өз дегенін астыртын қастандық ұйымдастыру жолымен жүзеге асыратын болды; бақилыққа өткен соң ширек ғасыр уақыт Сәтбаевтай ұлының қадірменді есімінің сирек аталып, ол туралы естеліктер мен әдеби еңбектердің жарыққа шықпай «құлыпқа» түсуі, Шапық Шокин, Шахмардан Есенов сияқты Қанышқа ізбасар ғалымдардың Академия билігінен тайдырылуы да зиялы қауымның нақ осы үндемеу, көрсе де, көрмегенсіген бейтарап та әлжуаз саясатының нәтижесі!»

Бұдан артық айтарға сөз жоқ. «Халқы қандай болса, патшасы сондай!» дейді халық. Билеушілерге «ләппай, тақсыр!» дегіш бағыну- шыларымыз көп болып, небір талантты, дарынды адамдардың жолын да, өмірін де қиды. Әйтпесе, Есеновтай білгір ғалымды, білікті басшыны ел басқарудың жауапты қызметтеріне жегудің орнына, кезінде, жиырма мен отыздың ортасында өзі атқарып кеткен экспеди- ция жетекшілігіне жіберуге бола ма? Одан да оны проблемасы шаш етек, білікті ұйымдастырушыны күтіп тұрған өндіріс орындарының біріне басшы етіп, ел үшін, халық игілігі үшін пайдалану ләзім еді. Бірақ бәрі керісінше болды. Көп тұрып қалған су да бүлінеді, адам да солай. Бір орында ұзақ отыра берген соң, ой тозады, бастамалар

Бейнетін қиын көрмедің...

157


болмайды, кемшіліктер көбейеді. Айналасындағы жандайшаптардың да ықпалы аз болмайды, сыбырлап-жыбырлап жүріп, үлкен басшының көзқарасын қисайтып қоятынын қайтерсіз. Адамды өзі танып, өзі білуден мүлдем айрылып, айналасындағылар пікірі құдіреттей көрініп, басқаларға қиянаты басталады. Тағдырлар тәлкекке түсіп, адамның басы Алланың емес адамның – биліктегілердің добына айналады. Әділдік іздеп шырылдап жүргенде қайран өмір, уақыт өте береді...

Біз өз ойымызды осылай түйіндеп отырсақ, ол кездің бар шындығын академик Шахмардан Есеновтың өзі айтып, жариялап кетіпті. Біз оны

«Зерде» (1989 жыл, №1) журналынан, тілшіге берген сұхбатынан оқып, қанықтық.

«Тілші: – Сіздің Қ. Сәтбаевтың шәкірті ретінде қазақ геология ғылымының бас-қасында болғаныңыз аян. Академия жұмыстарын алға сүйреп жүрген Сізді қалайша сол кезде қазақша айтқанда қайраңға тастады?

Ш. Есенов: – Мен өзім қазақтың бір туар данышпан перзенті Қанекеңнің шәкірті болғанымды мақтан тұтамын. Қанекең деген молынан пішілген, қазақтың бүкіл жақсы қасиеттерін бойына сіңірген дархан да жайсаң адам еді.

Ал геологиялық барлау саласында оның білмейтін ұңғыл-шұңғылы жоқ деуге болады. Асқан білікті, парасатты жан деп сол кісіні айтар едім. Қанекеңнің бір өзі жасаған Қазақстан металлогениялық картасы дүние жүзілік геология ғылымы саласында теңдесі жоқ дүние! Оны атақты ғалымдардың бәрі де мойындаған. Ал біз Маңғыстаудың Оңтүстігінде аса ірі мұнайлы-газды аймақты, Жетібай мен Өзен мұнай кен орындарын аштық. Сол үшін 1966 жылы Лениндік сыйлыққа ие болдық. Сонымен бірге, бірнеше академиялық институттардың іргесін көтердік, Академияның Орталық Қазақстандық, Шығыс Қазақстандық бөлімшелерін ұйымдастыру жұмысын негіздедік. Біршама істер атқарылды, бірақ...

1974 жылы Тыңды игерудің 20 жылдығына орай республикамызға Л.И. Брежнев келді. Онымен әңгіме үстінде Д. Қонаев өзінің інісін, сол кездегі Металлургия институтының директоры Асқар Қонаевты асыра мақтайды. Сонда тоқыраудың лидері: «Егер жігіт президенттікке лайық болса, ағайын-жекжаттықтың қандай кедергісі бар», – дейді. Дәл осы сөзді әйгілі ақын В. Высоцкий жағы түсіп сөйлей алмайтын басшымыздың мақамына салып әжуа-мысқыл өлеңге айналдырған.

158 Шахмардан Есенов
Сол өлең әншінің архивінде әлі сақтаулы көрінеді. Кейін лайықтының

«талантын» ел-жұрт көрді ғой. Мен қосып-жарып ештеңе айта алмай- мын. Тек сол шешімге Мәскеуде М. Келдыш бастаған ғалымдардың қарсы болғанын білемін. Алайда, Брежнев жіберген бір функционер мені орнымнан босауыма мәжбүр етті.

Тілші: – 70-80 жылдары төл Академиямызға қамшы тілді сындар айтылды. Басты себеп неде деп ойлайсыз?

Ш. Есенов: Айтып отырмын ғой, біздің шамамыз келгенше көтер- ген мәселелеріміз далада қалды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің үлкен бір мәжілісінде республиканың өндіргіш күштерін дамытудың қадау-қадау мәселелерін қозғап, Үкімет басшыларына ащы сындар да айттым. Себебі, Қанекеңнен бастап құрылған жүйе құлап жатты. Ащы партиялық сынды сол кезде кім жаратсын, артымнан құрық болып жалғанды. Менің ойым республика экономикасында алдыңғы қатарлы, шетелдік аренаға шығатын салаларды дамыту. Әлі күнге дейін бізде машина жасау өнеркәсібі өркендемей келеді, бірде-бір ав- томобиль, радиотехника зауыттары жоқ. Ал Прибалтика елдері бұл жағынан бізді әлдеқашан басып озды. Мәселен, «ВЭФ» заводының өнімдерін шетел жапатармағай сатып алады. Партиялық тұрғысынан Д. Қонаевқа інісінің директорлыққа лайықсыз іс-әрекеттерін айтып едім, ол да кейін өзіме пәле болып жабысты. Ал қазір Арал, Арал деп жүрміз ғой. Соны біз 60-шы жылдар басында-ақ үлкен проблема етіп көтергенбіз. 20-30 жылдан соң теңіздің бөлшектеніп кететінін нақты есептеулермен дәлелдегенбіз. Кейбір Үкімет басшылары бұл дәлелді келемежге айналдырды. Тіпті осы күні қазақ космонавтын космосқа ұшыру жөнінде де айтып жүр. 60-шы жылдардың соңында Байқоңырға КСРО Ғылым Академиясының президенті М. Келдыш (С. Королевтан кейінгі) келді. Сол жерде мен: «Космос корабльдері Қазақстан жерінен ұшады, республика жеріне қонады, мыңдаған қазақ ұшқыштарынан бір космонавт шықпайды деу жаңсақтық шығар» деп, ащы да болса турасын айттым. Ғұлама академиктер, обалы не керек, бұл сөзімді құптады, бірақ біздің сол кездегі республика әкімгерлері осы ұсынысты тойтарып тастаған еді.

Тілші: – Қазіргі кезде біз жаратылыстану, нақты және қоғамдық ғылымдардағы «ақтаңдақтарға» айрықша көңіл бөлудеміз. Жазықсыз жапа шеккендерді, тоқырау жылдарындағы келеңсіздіктерді ашып ай- тудамыз. Сіздің ойыңыз?

Бейнетін қиын көрмедің...

159


Ш. Есенов: Бұл қазіргі жариялылық пен қайта құру кезеңінде өте дер кезінде көтеріліп отырған мәселе ғой. «Кесені қолыма ұстап қарай бердім, ішінде нақақ көзден жас бар ма деп» деген екен Сұлтанмахмұт Торайғыров. Айталық, кейінгі тоқырау жылдарында зобалаң көрген марқұм Ебіней Бөкетов. Қандай еді! Қазақтың маңдайына біткен ерен тұлға еді! Мен өзім оны кезінде Академияға физика-техникалық ғылымдар саласы бойынша академик-секретарь етіп сайлағым келді. Көп адамдар қолдады, алайда... Жандайшап В. Владимировтан көріп жүр ғой, бірақ Ебіней тағдырының тамыры тереңде жатыр. Тіпті өзі іргесін қалаған кейінгі Орталық Қазақстан Ғылым Академия- сын басқарып кететін жөні бар еді, әттең... Қазақтан шыққан тұңғыш профессор-математик Әлімхан Ермековты алалық. Ол кезінде толық ақталған, бірақ ол туралы, не оның еңбектері әлі жарияланбай келеді. Жалпы, Ермековтер әулеті өте дарынды тұқым. Анау Әлімхан (Қазақ Тау-кен металлургия институтының тұңғыш ректоры), берідегі мал-шаруашылығы маманы Мүсілім. Қарағанды Политехникалық институтындағы Мағауия Ермековты Академия мүшесі етіп қабыл- дағаным үшін де көп сөз естідім. Есіңде болсын, аса дарынды адамдар өз халқын жан-тәнімен сүйеді, сол үшін де олар күйеді. Енді ақтала бастаған Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсыновтар. Бұлар әрі жазушы, әрі ғалым адамдар. Солақай, ұр да жық шолақ белсенділердің айтақтауымен, «ұлы көсемнің» әмірімен талай боздақтар кетті ғой. Кейінгі жастар білсін, жақсы мен жаманды безбенге салсын деген мақсатпен «ақтаңдақтарды» ашып, жазып жатқандарыңызды дұрыс деп санаймын».

Қазақ халқының ХХ ғасырдағы ардақты ұлдарының бірі, академик Шахмардан Есенов осылайша ой таратады. Және ол: «аса дарынды адамдар өз халқын жан-тәнімен сүйеді, сол үшін де олар күйеді...» деп, өзін күйдірген адамдарды ақтап алғандай болады. Бұл да парасаттылықтың белгісі. Қанша жапа шексе де, оны тіршілік пен өмірдің заңы деп қарап, пәлсафалық оймен өмір сүру де ұлылық шығар. Әдетте оқығаны көп, білетіні шалқар, болмыс-бітімі биік адамның әдеті осылай болмақ-ты. Ол соны көрсетті, танытты.

Баяғыда, Грибоедов мырза айтқандай «Горе от ума» деп, адамзат тарихында ақылдың азабын тартқандар аз болмаған. Өткенді қойып, кешегі ұлыларды ғана айтсақ: Қаныш Сәтбаев, Шапық Шокин, Ермұқан Бекмаханов, Ебіней Бөкетов және Шахмардан Есенов. Бұлардың ел

160 Шахмардан Есенов
мен жұрт үшін атқарған еңбегін таразыға салып – салмағын, метрге салып ені мен ұзындығын өлшей алмайсыз, олар атқарған тірліктің теңдесі жоқ. Оларда ең бастысы – елі мен жерін көркейтсек, өркенін өсірсек деген талпыныс, талап, белсенді іс – әрекет қана болды.

Дала төсінде, экспедицияда жатқан, бар жағдайды көзімен көрген, ғалымның жанкүйер әріптесі Т. Ақышев тебірене тұрып толғайды:

«...1966 год. В летнее время по телефону из Джезказгана в Агадырь нам сообщили, что в нашу экспедицию на самолете АН-2 вылетели министр геологии СССР, академик А.В. Сидоренко и министр гео- логии и охраны недр Казахской ССР Ш.Е. Есенов. Они следовали по маршруту Агадырь-Конурад-Саяк в целях осмотра открытых за по- следние годы месторождений. Через три часа почтовый АН-2 при- землился на подготовленной площади, не далеко от экспедиционно- го поселка на ст. Агадырь. Среди встречающих были ныне покойный, известный геолог-разведчик С.Б. Минбаев – начальник геологораз- ведочной экспедиции, главные инженеры, геологи двух экспедиций. А.В. Сидоренко с Ш. Есеновым вышли из самолета, поздоровались, затем мы сразу предложили им посмотреть геологические материа- лы и образцы пород, руд района. День был очень жаркий, около 40 градусов. Ш. Есенов, сопровождая союзного министра, выглядел не- сколько уставшим. Оказывается, в АН-2 его тошнило, и полет перенес он плохо. А.В. Сидоренко шутил, что если перед вылетом выпить сто грамммов, то в АН-2 не тошнит. Все мы смеялись. Оба министра вни- мательно слушали наше сообщение и смотрели представленные гео- логические материалы, рудные образцы и остались очень довольны- ми. Особенно их интересовали месторождения Коктенколь, Караоба, Акчатау, Узынжол, Кайракты и др. Мы просили министров переноче- вать в Агадыре и вылететь завтра утром. Однако они нас поблагодари- ли, пожелали успехов и вылетели в г. Балхаш.

В самолете, кроме двух пилотов и двух министров, никого не было. Их не сопровождали ни помощники, ни другие лица. Они нас посетили не как министры, а как специалисты геологи. Мы еще раз убедились, что геологи – не чиновники и не партократы, а исследо- ватели земной коры ради науки и народа. Очень нам понравились их простота в общении и искренее отношение к полевикам-геологам.

Приезд в экспедицию двух министров был крупным событием в жизни геологов-разведчиков-полевиков, и мы за работу взялись с по-

Бейнетін қиын көрмедің...

161


вышенным настроением. Так, мы, геологи, работали в степи, не думая о судьбе своих близких, семье и даже будущей своей судьбе.

А в столице республики Алма-Ате была иная жизнь. Свирепствова- ли партократы и усиливались слежки за видными деятелями народного хозяйства. Ложь, клевета, интриги, доносы, анонимки были основным инструментом власти тех времен для отстранения от занимаемых постов одних и повышения других. Через эти «стальные партийные валики» прошел и Шахмардан Есенович. Партийные бюрократы в конце 70-х гг. сместили его с поста президента АН КазССР. Он вновь назначается министром геологии КазССР. Спустя год, как говорят, его стали «добивать». Несколько десятков так называемых свидетелей вызывались в ЦК компартии Казахстана. В его отделах допрашивали бывших его помощников, шоферов, соработников, авторов анонимок готовилась «бумага» об освобождении его от должности министра геологии. Вскоре Шахмардан Есенович был отстранен от руководя- щего поста и остался без работы. На этом гонения не закончились. Есенова вызвали в отдел тяжелой промышленности ЦК Компартии Казахстана и предложили немедленно покинуть Алма-Ату, работать в Бетпак-Дале, в городе Балхаше начальником Балхашской геолого- разведочной экспедиции. Эта операция осуществлялась с помощью нового министра геологии. Академик, бывший президент АН КазССР, бывший председатель Верховного совета, бывший министр был выслан из Алма-Аты и вынужден выехать в г. Балхаш.

Я встретился с Шахмарданом Есеновичем в полевой партии этой экспедиции. Он здесь находился на медно-молибденовом месторожде- нии Каратас. Кругом песок, кустарники, пыль, жара до 40О С, отсут- ствие пресной воды, которую привозили из г. Балхаша, находящего- ся на расстоянии почти 150 км. Из умеренного климата человек попал в условия Сахары, тем не менее, он меня встретил с присущей ему удивительной улыбкой. Мы оба радовались встрече, долго беседова- ли, он просил меня подробно рассказать о геологии, тектонике, магма- тизме, металлогении Северного Прибалхашья. Он сидел, вниматель- но слушал меня и сказал, что нужно изменить методику поисков ме- сторождений меди в этом районе и необходимо найти новое крупное месторождение меди для Балхашского горно-металлургического ком- бината. В Бетпак-Дале с суровым климатом и скудным ландшафтом я увидел человека железной воли. Даже после таких «экзекуций», устро-

162 Шахмардан Есенов
енных партократами, он в песчаной и безводной степи чувствовал себя вполне удовлетворительно. Он очень переживал из-за низкого уровня жизни народа в этом регионе. Дороги между населенными пунктами отсутствовали, о телефонных связях люди понятия не имели. Транс- порт не ходил…

На следующий день я уехал на геофизический профиль, проложен- ный нами в субширотном направлении от месторождения Караоба в Центральном Казахстане через Коктенколь – южнее Баянаульских гор – р. Иртыш. Шахмардан Есенович одобрил проведение таких гео- физических глубинных исследований по указанному маршруту с при- менением новой разработанной методики изучения земной коры.

Через год Ш.Е. Есенов из Балхаша возвратился в г. Алма-Ату, по конкурсу стал профессором и заведующим кафедрой методики разведки месторождений полезных ископаемых в Казахском политех- ническом институте, который он окончил еще в 1949 г.

Выдающийся организатор геологоразведочного производства Ка- захстана, крупный ученый-геолог решил свой богатый опыт передать молодежи и подготовить молодых геологов-разведчиков. Однако он не успел даже адаптироваться на новом месте, как на его голову обруши- лись неприятности со стороны власти. КГБ сообщил в ЦК Компартии Казахстана, что Есенов возвратился в Алма-Ату, в КазПТИ. Партокра- ты «Красного Дома» в срочном порядке вызвали ректора КазПТИ и других работников и предложили немедленно снять с конкурсной за- нимаемой должности Ш.Е. Есенова и не давать ему работу в КазПТИ. Однако ректор был против увольнения Ш.Е. Есенова и настоял на про- должении его работы хотя бы профессором в Институте. Партокра- ты согласились на это с условием, что он будет молчать. И он молчал, молчал в течении 15 лет – до последних дней своей жизни…

Ш.Е. Есенов – ученый, общественный и государственный деятель умер 23 августа 1994 г. Этот выдающийся сын казахского народа, не- справедливо пострадавший в годы господства партократов, навсегда останется в памяти как человек высокой культуры, большого мужества, как гражданин, заботившийся о будущем своей Родины.

Сыр бойында туып, өсіп, білім алып, жетіліп, ақырында Ақ Жайықтан Алтайға дейінгі алқаптың, жер қойнауының байлығын барлап, тауып, ел игілігіне жаратқан, ұлтын, халқын жанындай жақсы көріп, соның болашағы үшін бар өмірін арнаған адамға бұдан артық

Бейнетін қиын көрмедің...

163


не айтуға болады. Сол бір күндердің бір кезеңін, сәтін Кәмила апай да мұңая отырып, анда-санда басын шайқап қойып, «небір оқиғалар өтті ғой, қалқам...» деп, әңгімесін көңілсіздеу бастады. Жүрекке түскен сызат әлі жазыла қоймағаны сезіліп тұр. Айтқысы да келмеп еді, біз айттырдық, өтініш жасадық. Тарихи тұлғалардың өмір иірімдерін әуелі бүгінгі біздер біліп, сосын жастарға жасырмай айтуымыз керек шығар. Айту о дүниелік болған Есенов үшін емес, өсіп келе жатқан өрен үшін, біздің қателігімізді қайталамас үшін қажет!

Өткен күндердің естелігі санасында сары майдай сақталып жатқан

Кәмила апай:

Ішіп-жеп немесе бүлдіріп қойғаны болмаса да, Батырды әуелі президенттіктен, сосын, екінші рет министрліктен түсіріп, Балқаштағы барлау экспедициясына бастық етіп жіберді. Көшіп-қонуымыз тура

1-ші май мерекесіне тура келді. Ол кезде бұл мерекенің қадір-қасиеті түспеген, нағыз дүрілдетіп тойлайтын кезіміз ғой. Жаңа қоныс, жаңа орта, әлі үйрене алмай жатқан тұс. Оның үстіне, көңіліміз де жабырқау. Шахаң еш уақытта қанша ренжіп тұрса да біреуді жер-жебіріне жетіп жамандамайтын, маған да жамандаттырмайтын. Сол кездері өзіме- өзім Шахаң қандай мықты адам деп таң қалатынмын. Жұмысты алып жүре алмай, бір нәрсені қиратып жатса бір жөн ғой... тектен-текке, бол- машыны кінә ғып тағып, жер аударғандай етіп, бетбақтың даласына жіберу, әрине, ауырлау тиді... амал қанша... Балқашқа көштік...

Содан... не керек, елдің бәрінде мерекелік көңіл-күй. Көшеде музыка ойнап, елдер шар мен гүлдерін ұстап, орталықтағы алаңға кетіп барады. Мен ақырын Батырға қарап қоямын. «Не істер екен, парадқа барар ма екен, бармас па екен?» деген ой мені мазалап тұр. Әрине, мен барғанын қалап тұрмын, бірақ сұрауға бата алмаймын. Бір кездері үлкен министр, президент болған, жоғарғы трибунада тұрып, парад қабылдаған адамның енді келіп шағын қаланың мерекесін менсінбей, өзіне қораш санап, тіптен қорланып қалуы да мүмкін ғой. Адам жаны күрделі ғой, түсінуің қиын. Бір кезде тура менің қобалжып жүргенімді сезді ме, білмеймін:

Батыр, Сұлтанды киіндір, парадқа барып келейік, деді. Сондағы менің қуанғанымды айтсаңызшы. Күні бойы күткенім осы емес пе, балаша ұшып, Сұлтанды киіндіре бастадым. Ол кезде Сұлтан мектепте оқитын. Жеңілдеу киініп жатқан Шахаңа:

Күн салқындау, пальтоңды кимейсің бе? – дедім. Солтүстікке жақын жақ қой, не дегенмен, күн әлі көтеріле қоймаған, ызғар бар еді.

164 Шахмардан Есенов
Ауырып қала ма деп тұрмын. Досқа күлкі, дұшпанға таба қыла көрме деп жүрген кезіміз ғой.

Ой, Батыр! Сен мұндай погоданы ұмытып қалдың ба? Сарыарқа- ның самал желі емес пе, байқайсың ба, бізді сағынып қалған болуы керек, келгелі аңқылдап соғып тұр. Кәкімбек ақын қалай деуші еді:

«Балқашқа келіп, Осындайды ұқпасаң. Санама, достым, Сарыарқаны көргенге!»

Сен жатсынба, өзіміздің Сарыарқаның самалы емес пе... – деп, маған жеңіл ғана әзіл айтты. Жабырқаған көңілін қалай көтерсем екен деп жан ұшырып жүрген пейілімді сезіп те, түсініп те тұр. Өзі дәу, көңілі көлдей еді Батырымның.

Шынында да, коллективі Шахмарданды күтіп тұр екен. Оларда да

«министр, президент болған адам келер дейсің бе?» деген түйткілдің болғаны көрініп тұр. Тіптен сондағы кадрдың бастығы, орыс әйелі менімен жарқырай келіп амандасып, «Шахмардан Есеновичті келмей қала ма деп едік, қандай жақсы болды!» деп, шын қуанып жатыр. Апыр-жапыр бәріміз бір-бір шарды ұстап, кейбірі Маркс, Энгельс, Ленин портреттерін төбелеріне көтеріп, парадқа жүрдік. Әсіресе, кенжеміз Сұлтан мәз.

Кеңсенің шағын бір бөлмесіне коллектив дастархан жайыпты, парадтан кейін соған шақырды бізді. Шахаң: «бұларың дұрыс болды, әйтпесе, жаурап, бой жылытар ештеңе болмай, бостан-босқа үйге қайтатын болдық-ау деп тұр едім» деп қалжыңдады. Оның қалжыңына коллективі ду күлісіп, манадан бері тосырқап, жатырқап, бата алмай тұрған әріптестері жадырап сала берді. Дастархан басында да Шахаң өзін жақсы ұстады. Ол қашанда да қарапайым болатын, бастық болып шіренгенін көрген емеспін. Ақжарқын отырып, әңгімесі мен анекдо- тын қатар айтып, жаңа коллективіне мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Менің ойыма баяғы Жезқазғандағы бақытты күндерім түсіп, көңілім толқып, біраз үнсіз отырып қалдым. Атын ұмытып қалғанымды қараңызшы, әлгі, кадрдың бастығы, орыс әйел: «Кәмила Қарабалаевна, біздің қарапайым дастарханымызды ағат көрмеңіз, тосыннан... осылай болғаны дұрыс шығар дедік» деп, ағынан ақтарылып жатыр. Қайдан білсін, қазы мен қартаңа ыңқия тоя отырып, артынан өсектеп кететін кейбір «қонақтардан» менің де, Шахаңның да шаршағанын. Адал, таза

Бейнетін қиын көрмедің...

165


пейілмен жайылған қарапайым осындай дастарханды біздің сағын- ғанымыз рас еді. Жағдайдың бәрін іштей түсініп, біліп, Батырдың көңілін ауласақ екен деп құрақ ұшып жүрген ақ пейілдеріне, қарапайым жандарға риза болдым. «Жетім бала көңілшек» демей ме қазақ, сондай көңіл-күйде жүргендіктен болар, көңілім толқып, үнсіз отырып қалғаным. Жасыратын несі бар... бәрі де болды, бәрі де өтті ғой...

Қалқам, Жезқазған біздің өміріміздің ең бір мәнді кезеңі өткен жер, осыны айтты да Кәмила апай ойланып отырып қалды. Артта қалған күндерге деген сағыныш-сазы көңіл қылын шертіп кетті, білем, бір түрлі күйге бөленді. Лезде жүзіне мұң ұялай қалды. Бір кезде: – шынымды айтсам, соңғы кезде сол бір бейкүнә күндеріміз есіме жиі түседі. Ол кезде біздер дүние қуу, мансап іздеу дегенді білмейміз. Далабай, Ғазиз, Темеш әйлдерімен, кейде Қарағандыдан арнайы Ебіней мен Зүбайра келетін, не керек, көңіліміздің шаттығы өз кеуделерімізге сыймай, бөлісуге бір-бірімізді жиі іздейтінбіз. Жатқан бір күлкі, езу жиғызбайтын әдемі қалжың, қайдан шығатынын да білмеймін. Батыр, науқастанып, бір жылдай үйде жатып қалды ғой, сонда отырамыз да сол күндерімізді еске аламыз. Сөйтсек, таза, арамдығы мен сұмдығы, өсегі мен аяңы жоқ періште күндерді сағынады екенбіз ғой...»

Жабырқау мен мұңаюдың сырын, «өмір» деген ұлы көштің мәні мен мағынасын Кәмила апайдың өзі осылайша бағалап, бағамдап берді.

Бұлақтың басы таза, аяғы лайсаң болатыны несі? Адамның жастық шағы таза, аяғы ала-құла, алай-дүлей болатыны несі?

Өкініш білдіргеннен басқа бұған не деуге болады? Ешбір қисынға келмейтін «қылықты» жоғарғы жақ тағы да көрсетті. Академик Шах- мардан Есеновты бұл жерде де тұрақтатпай, «қызыл коммунистер» Бетбақтың даласын да қимай, ақырында, экспедиция бастығынан да босатты. Өйткені ол бұл жұмысты да шыр көбелек айналдырып, барлауды жаңаша ұйымдастырып, кен байлықтарын іздеудің соңғы тәсілдерін қолданып, жаңа кен көздерін аша бастаған-ды. Суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын, қайта қиындықты көрген сайын алмас қылыштай жарқырай түсетін қайсар Есенов бәсекелестердің бәсін түсіріп, ызасын тудырды. Олар ойлаған болуы керек жүнжіп, жоқ болып кетеді деп. Бабасы Қарақыпшақ Қобыландыдан келген қайсарлық пен Жорабектен келген намысқойлық құлатпады, жоқ болып кетуге жол бермеді. Өзі айтқандай: «Мен бір лауазым қуып жүрген адам ба едім. Маған қандай қызмет берсе де, атқара бердім...»

166 Шахмардан Есенов
Есенов осылай дегенмен, басқалар өздеріне мықты бәсекелес адамды көрді, жолдарында тұрмайтындай етіп, тау басынан етекке тағы да до- малатты...

Бұл 1978 жыл болатын. Шахмардан бұл жолы да құлаған жерінен тұрып кетті. Ол өзі оқып бітірген Ұлттық политехникалық университеттің кафедра меңгерушісі болды. Осы уақытқа дейін жиған- терген білімі мен ілімін жас жеткіншектерге, ертеңгі Қазақстанның иесі студенттерге сабақ беруге белді бекем байлап, ұстаздықтың ұлы жолына түсті.

Алтыншы бөлім
Е

ЕЕЕЕЕЕЕ ЕЕЕЕЕ ЕЕЕ ЕЕЕЕЕЕЕ
«Біз, геологтар, қаншама байлық таптық, алтын көмбенің үстінде отырмыз, бірақ ең кедей елміз. Неге?»
«Ұлтымыздың ертең азып-тозып кетпеуіне ертеңгі ұрпақ жауапты. Ал ертеңгі ұрпақтың мықты болып жетілуіне бүгін біз жауаптымыз»


жүктеу 53,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау