«Қазақ мұнайының а р дақтылары»



жүктеу 53,32 Mb.
бет15/47
Дата13.11.2017
өлшемі53,32 Mb.
#35
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47
Шахмардан Есенов
Жас министрдің мұндай батыл шешімі мұнайшылар ортасын біраз қобалжытты. Есенов шешімін қолдағандардан гөрі қарсы болғандар көп болды. Өйткені орнынан түскен бастықтар да осал мамандар болмайтын. Мысалы, трест бастығы Х. Өзбекқалиев пен Бас инженер А. Хисметов сонау Атыраудағы жап-жақсы қызметтерін қимай-қимай қалдырып, партия жолдамасымен келген майталман мұнайшылар еді. Мұндай тосын шешімге Есенов амалсыздан барды. Трест басшыларының жайбарақаттылығы мен марғаулығы, жұмысты қобыратып жібергендері ұнамады. Оның үстіне Өзеннің мол мұнайы туралы хабар Одақтан асып, бүкіл әлемді шарлап кетті. «Не істер екен? Бізді көмекке қашан шақырар екен?» деп, сынай қарап «көршілер» отыр, құлақтарын түріп. Ел намысы, өз намысы оны осындай тосын шешімге итермеледі. Әрине, ол республика, Орталық Министрлік басшыларымен ақылдасты, келісті. Бірақ басты идеяның Есеновтен шыққаны рас-ты.

Осы ауыс-түйістің бел ортасында жүріп, трестің бас инженерлігіне министр Есенов тағайдауымен келген, ал қазір зейнеткер, қазақ мұнайының ардагері Мырзағалиев Қамысбай сөзінен сол кездің шындығы айқара ашылады:

«...1960 жылдың аяғында Өзенде газ бұрқасыны алынғаннан кейін, терең барлау жұмысы жолға қойылды. Барлау партиясы, экспедициясы ұйымдастырылды. Олардың басшысы К. Бурлаков, геолог, инженері Ж. Даутов, А.Д. Александров болды.

Кен орны ашылғаннан кейін 1962 жылдың жазында Өзенде геологиялық барлау экспедициясы құрылды. Экспедиция басшысы- на Д. Үсенов, бас инженерлігіне М.В. Власов, бас геологына Х. Ма- хамбетов тағайындалды. Барлау жұмыстары әртүрлі себептермен баяу жүргізілді. 1963 жылы министр Есенов Өзен экспедициясы бастығына А.Ф. Шурандин, бас инженерлігіне С.Д. Саркисовты тағайындады.

Х. Өзбекқалиев, А. Хисметов Жетібай экспедициясын басқаруға, трест бастығына Л.А. Дмитров, бас инженерлігіне Қ. Мырзағалиевті тағайындауға мәжбүр болды. Осындай тар шақ Өзен, Жетібай мұнай-газ қорларын есептеу кезінде, Орталықта Қазақстан маман- дары кен орындарын игере алмайды, сондықтан Түркіменстанға беру керек деген пікір туған. Қазақстан Ғылым Академия президенті Қ. Сәтбаев пен Геология министрі Ш. Есенов, геологтар: Н. Имашев, Б. Бисенғалиевтар дәлелді есептеулері арқасында, Мәскеу Орталық

Бір ғылым еді іңкәрің...

109


Комитетіне барып, Маңғыстауды Түркіменстанға беру тоқтатылған.

Шахмардан Есенов мұнай мен газ қорларын тез арада сапалы есептеп беру үшін Жетібай, Өзен, Оңтүстік Маңғыстау (Теңге) мұнай барлау экспедицияларын құрды.

Сауысқан, Қызылқұм, Түйесу жер асты теңіз суына ұңғы тұрғы- зып, қорын есептеп, мұнайшылар пайдалану үшін «Маңғыстаугидро- геология» экспедициясы құрылды.

Ералиевтен Ж. Сәлімгереев, Т. Лұқпанов, Тулин басқарған екі автокөлік мекемесі құрылып, оған министр Шахмардан Есеновтың тікелей көмегінің арқасында оларға әскери бөлімнен тягач, кран, ауыр машиналар алып берді. Талдықорғаннан жүргізушілерімен бірге

200 машина келіп, барлаушыларға қызмет көрсетті. Форт-Шевченко, Ералиев, Жетібай, Өзен автобазалары құрылды. Бұрғы станогы көбейіп, 45 қондырғыға жетті. Бұрғышы бригадалар Гурьев, Орал, Ақтөбе, Шымкенттен шақырылып, Жетібайда еңбек етті. Трестегі бұрғышылар бригадасының саны 35-ке жетті. Ол күнде 4500 адам жұмыс жасайтын, оның 230-ы инженер-техник болды.

Ш. Есенов 1963 жылдың басында Ералиевке трест қызметкерлерін жинап, жиналыс ашты. Әрқайсымыздан жұмыс жағдайын сұрады. Ол 1960 жылдан бастап, әсіресе, кен орындары ашылғаннан кейін, Маңғыстауға жиі қатынап, көшпелі коллегия өткізіп, министрлік қызметін барлау ісіне бағыштаған. Трест мамандарын дұрыс бағытқа сілтеген. Тресі Форт-Шевченкодан Ераливке көшіріп, болашақта жайлы болатын жерге қалашық салына бастаған. Кен орындарына жол қатынасы екі, екі жарым есеге қысқарды. Министр Есеновтың трест мамандарына көңілі толмады. Тресің, экспедицияның басшыларын, бөлім бастықтарын түгелдей орнынан алды. Тек бас геолог В. Токаревті орнында қалдырды, мені (Қ. Мырзағалиев) бас инженерлікке, трест бастығы орынбасарына Ж. Сәлімгереевті тағайындады.

Ал Х. Өзбекқалиев Жетібай экспедициясын басқаруға ауысты. Қазақстан Коммунистік партия басшылығы тарапынан М. Исенов, Б. Сағынғалиев, Ә. Атшыбаев Маңғыстауда барлау мамандарын дұрыс орналастыруға араласты. Ш. Есенов ісіне Орталық риза болды, олар трест басшыларына тістерін қайрап жүретін. Оларға да ой тастап, мамандардың дұрыс орнын табуына көмектесті. Бір саты төмендеген мамандар іс тындыратын орта буынды толтырып, күшейтілді. Ш. Есенов тағайындаған мамандар оның сенімін ақтауға тырысты». Бас

110 Шахмардан Есенов
инженер Мырзағалиев Қамысбай айтып отырған Қазақстан мұнайын өндіруді Түркімендерге беру керек деген әңгіменің анық-қанығын сол кезде министрліктің Маңғыстаудағы өкілі, осы дау-дамайдың басы- қасында болған, геология-минералогия ғылымдарының докторы, про- фессор Құрманов Садуақас былайша баяндайды:

«1962 жылдың күзінде, күтпеген жерден Маңғыстауды Түркімен- станға беру туралы мәселе көтерілді. Мәселені кім, қайда, қандай се- бептермен көтергені белгісіз (Н.С. Хрущев Түркіменстанға барған сапарында үлкен жиын ашып: «Маңғыстау мұнайын Түркіменстан мен Әзірбайжанға бөліп беру керек, солар басқарсын, мамандары жеткілікті, техникалары дайын» дегенді айтыпты деген ел арасында сөз бар, шығу тегі сол болуы керек. авт. Г.О.) Алайда, пайымдаушылардың жорамалдарына қарағанда, негізгі себеп Маңғыстаудың жырақтығы, осыған байланысты ондағы қызметтің алға баспауы, Түркіменстанның жағдайының Маңғыстаумен ұқсастығы, екеуінің бір-біріне бір табан болса да жақындығы. Бас-аяғы бір-екі айға жетер-жетпес уақыттың ішінде, көтерілген мәселе нақтыланып, шешіліп кетудің аз-ақ алдында тұрды. Ол кезде Кеңес Одағын Н.С. Хрущев басқарып, Қырымды Украинаға, Қазақстанның Оңтүстігіндегі біраз жерді Өзбекстанға алып беріп, Солтүстіктегі облыстарды Ресейге қосам деп, ойына келгенді жасап жүрген кезең. Республиканың өзінің ішіндегі жағдай да «теп-тегіс» емес-ті. Д.А. Қонаев қызметінен босатылып, орнына Ы. Юсупов тағайындалып, ол адам келген бойда Қазақстанның сойылын соғуға өре тұра ала ма, әлде айтылып жүрген уәждермен келісіп, бұғып қала қоя ма деген сияқты сұраулар туындап, осыларға байланысты Маңғыстаудан айрылып қалу қаупі күн тәртібінде айқын- далып-ақ тұрған кез.

Осындай жағдайда Есенов Маңғыстауды бермеуге құлшынып кірі- сіп, орасан зор қызмет атқарды. Министрлікте күндіз-түні қызмет, қағаз дайындау. КСРО геология министірлігінен шығып тұратын ғылыми кітап- тардан, журналдардан Маңғыстауды Түркіменстанға берудің керексіздігін дәлелдеуге септігі тиеді-ау деген деректер іздеу, әр түрлі варианттағы хаттар, анықтамалар жазу. Олардың негізін бөлімдер, яғни, біздің дай- ындап, бастырып, бастықтар қарап түзетіп, қосатындарын қосып, одан соң қайта бастыру сияқты қызметтермен бірнеше күн шұғылдандық.

Бір күні Шахмардан Есенов Түркіменстанның мұнай мен газға бай- ланысты, оның ішінде геологиялық барлау қызметтерінің техникалық-

Бір ғылым еді іңкәрің...

111


экономикалық көрсеткіштерін тауып әкеліп, осыларды жоғары жаққа жазылатын қағаз дайындауға пайдаланыңдар деп, бізге табыс етті. Ол көрсеткіштер бойынша Түркіменстан Қазақстаннан ілгері кете қоймаған, тіпті кейбір қызметтердің көрсеткіштері жағынан Қазақстан- нан қалыста жүр екен. Дәлелдемелерді нақтылап, күшейтуге сол Шахаң тауып берген деректердің көп септігі тиді. Дайындалған қағаздарды алып, Орталық Комитетке, Министрлер Кеңесіне кетеді, қайтып келіп мына жеріне мынандай өзгеріс, ана жеріне анандай өзгеріс кіргізіңдер деп бізге тапсырмасын береді. Дүзетілген вариантты тағы алып кетеді, қайта алып келеді... Ақыр аяғында соншама сараптаулар- дан өтіп, әбден жетілдірілген құжаттармен Республиканың басшыла- рына барып, Бірінші хатшы Юсуповқа кіріп, ол кісіні Маңғыстауды бермеу мәселесін Хрущевтың алдына шығарып қоюға уағыздап, ақыр аяғында іс осындай бағыт-бағдарламамен жүзеге асып, сәтті аяқталып, Маңғыстау Қазақстанда қалды. Марқұм Ысмайыл ақсақал, талай рет те- ледидардан Маңғыстауды мен алып қалып едім деп мақтанумен жүруші еді. Ал оған бұл мәселені дайындап, «пісіріп», табақшаға салып берген министр Шахмардан Есенов еді, бұл оның бірінші ерлігі болатын.

Ал оның екінші ерлігі тағы бар... Кеңестер Одағы ортақ қазынадан Ауғанстанға көп қарыз берді. Оларды қайтару қиын, Ауғанстан – кедей мемлекет. Берілген қарыздарды қайтарудың бір-ақ жолы-газ алу. Бізде өзімізге газ жеткілікті, алайда, олардан газ алғаннан басқа қарызды қайтарып алатын жол жоқ. Ауғанстан мұнай өнімдерін де Кеңес Одағынан тасиды. Егер барланған мұнай қорын көбейтіңкіреп, кішігірім мұнай өңдейтін зауыт тұрғызып берсек, бізге де, оларға да тиімді болар еді. Бәрінің талаптары осы. Ендігі жерде «Ауғанстанға кімдер барады?» деген сұрақ тұрды. Әрине, шетелге барып, ел көріп, жер көріп, қаражат тауып келгенді кім жек көрсін. Бірақ бізде Қазақстаннан басқа республикалардан Ауғанстанға баруға ниет біл- діргендер көп болып, бізге жол тимей қалатынды сезген кезде іске Шахаң араласты. Жоғарғы бастықтардың бәріне кіріп, түсіндіріп, ақырында, рұқсат алған Геология және жер қойнауын қорғау министрі Есенов болды. Бұл әрекеті үшін Қазақстан басшыларынан сөз де естіді, «бізбен ақылдаспай істедің» деген. Осындай ірі істі тындырып, қазақ мұнайшыларын халықаралық аренаға шығарып, көзге түсіп, ауызға алғызбақ мақсатын орындаса да, сол шешкен ісі өзі үшін зиян болып тиді, басшылардан сөз естіді. Амал қанша. Алғашқылардың бірі

112 Шахмардан Есенов
болып Ауғанстанға барған мұнайшылардың бірі мен едім, сондықтан бұл туралы айту менің азаматтық парызым!»

Енді біз Есеновтың бұл еңбектерін қалай бағаласақ екен? Патриот- тық дейміз бе, Отан сүйгіштік пе, жоқ әлде өзіне міндеттелген қызметті ақ-адал атқарған абзал Азамат дейміз бе?! Қай-қайсысына теңесеңіз де, Шахмардан Есенов тұлғасына тура келіп-ақ тұр. Елі мен жерін жанындай сүйіп, ұлттық намысты қолдан бермеген, нағыз хас батырдың бейнесі мен болмысы бар бұл әрекеттерде.

Бүгінгі күні сол майлы түбек Қазақстан абыройын асырып, эконо- микасын көтеруге ұшан-теңіз үлес қосуда. Түрікпендерге олжа болып кете жаздап, министр Шахмардан Есеновтың арқасында аман қалғанын жастарымыз түгілі, есі бар ересектерміздің өзі де біле бермейді. Жастарымызға: «Отанды сүйіңдер, партиот болыңдар» деп, жаны мен қаны жоқ құрғақ сөзді қайталай бергеннен олар патриот болмайды, Отан анасын сүймейді. Оларды патриот ететін Есеновтың және елін, жерін «Есеновше» қорғаған азаматтардың әлгіндей әрекетін (олар бізде аз емес), сын сағаттағы табанды талаптарын газет-журналдарға жазып, теледидардан көрсетіп, жалпы жұртқа жариялап, ең бастысы – мектептің тарих, әдебиет пәніне енгізу керек. Тәрбиенің тәлімі осындай ірі, кесек-кесек іс-әрекеттерде, халық үшін тосын шешімдерде жатыр.

Содан, намыстанған Шахмардан Есенов мұнайшы мамандығын меңгерген қазақтарды табудың түрлі жолдарын ойластырады. Шынында да, ол кезде Маңғыстауда жұмыс жасайтындардың көбі шеттен, басқа республикалардан келген: орыс, әзірбайжан, грузин, өзбек, түркімен, татар, башқұрт... не керек, «қырық рудан» жиналғандар. Олар кімнің көсегесін көгерткелі келіп еді дейсіз, қалталары қаражатқа толған күні

«шу, қарағай!» деп, қайқаяды ауылдарына. Осыны білетін Есенов:

«жоқ, бұлай бола бермеу керек, өзіміздің жігіттер қайда?» Ол бірден республика басшыларына шықты, кадр іздеу басталды...

Мамандар табудың амалын Есенов пен Шалабаев Саламат ойлас- тырды:

«1960 жылдың мамыр айында алғаш Шахмарданмен академик Қаныш Сәтбаев кабинетінде кездестім. Отыздың ішіндегі сымбатты жігіт бірден назарымды аударды. Сол жолы Сәтбаев ағамыз: «екеуің де жассыңдар, еліміздің өркендеуі үшін аянбай қайрат етіңдер» деп біздерге бата бергендей болып, Маңғыстауға шығарып салды. Содан қызметтес болып қоян-қолтық жұмыс істедік...

Бір ғылым еді іңкәрің...

113


Содан, бір жыл ішінде түбектің қара алтыны әр тұстан фонтандап атқылай бастады. Шахаң 4-5 мұнайшы поселкесін және мұнайшылар қаласын салуға қаржы, әрі рұқсат алуға жан-тәнімен кірісті. Бұған қоса мұнай құбырын тартып және темір жол құрылысын бастау керек болды. Ал Мәскеудегі мықтылар: «Шевченкодан (бүгінгі Ақтау) басқа қала құрылысын жүргізуге қаржы жоқ», – деп рұқсат бермеді. Міне, осы кезде Шахмарданның қажыр-қайраты, жан-жақты білімі мен іскерлігі жарқырай көрінді. Мұнайдың бірінші басшысы Н.К. Байба- ковты шақырып, Маңғыстау мұнайының болашағын ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді. Мәскеу Геология министрлігінің алдына ғасыр жаңа- лығы мен проблемасын қатар қойып, тырп еткізбеді. Сөйтіп барып, Жетібай жұмысшы поселкесінің құрылысы жолға қойылды. Жаңа Өзен қаласының құрылысы жоспарланды.

Алматыдағы Политехника институтының мұнай факультетін ке- ңейттіріп, бірден 250 шәкірт қабылдатты. Әзірлік курсына 100 шәкірт қабылданды. Жер-жерде жоғары оқу орындарында мұнай, тау-кен факультеттерінде оқып жүрген қазақстандық студенттермен хабарла- сып, олардың тізімін алып, жағдай жасады. Кейіннен олардың көбін Маңғыстау жеріне жолдамамен шақыртты да.

Осындай маман жетіспей жатқан шақта маған Шахаң маңызды бір шаруа тапсырды. Баяғы жиналыс сайын айтылатын бір әңгіме: «маман жоқ, мұнайшы жоқ, тіптен қара жұмысты істейтіндер де жоқ» деген. Бір жиналыстан шығысымен мені Шахаң өзіне шақырып:

Сәке, мен Сізге маңызды жұмыс тапсырғалы тұрмын. Өте бір са- бырмен, ақылмен істеу керек. Бұлай отыра берсек, бір күні Маңғыстау- дан айырыламыз, мұнайшыларың жоқ дей береді... мыналардың түрі жаман... Ебін тауып, Түркіменстанда жалданып жұмыс істеп жүрген өз ағайындарымызды қайтару керек... деді.

Аралас-құраласта жатқан елміз ғой, Шахаңның тапсырмасын орындауға кірістім. Ой, айналайын, қазағым-ай, аузымнан шыққаны сол еді, аулыға қарай – Жетібай мен Өзенге ағылмасы бар ма.

Шахаңның бір тапсырмасын орындағыныма мен де мәз, жұмыс қолы көбейгенге ол да мәз. Астыртын жүргізген амалымыз нәтижелі болып шықты.

Көп мұнайшыларынан айырылған түрікпендер біздің бұл қулығы- мызды біліп қалып, ақырында Мәскеуге Шахаң үстінен арызды бұр- қыратты емес пе. Бетті Шахаң ондайдан тайсалған ба, Мәскеуге

114 Шахмардан Есенов
шақыртып, сұрақ-жауап алғандарға қасқайып тұрып: «Туған жерінен мұнай ашылған соң қайтып жатыр-да. «Еліңе қайтпа!» дегенге қайтпай қалатын қазақ болса, түркімендер алып қалсын, қарсылық жоқ. Бірақ:

«ит – тойған жеріне» деген мақал қазаққа жүрмейді, – депті».

Бастық адамның қайсарлы, бетті болып, кезегі келіп тұрғанда күбежектемей, елі мен жері үшін ретті сөзін өлтірмей айтып салғанға не жетсін, шіркін! Мұндайда қазақ айтады: «Ісің өлсе де, сөзің өлмесін!» деп. Ал Шахмардан сөзін де, ісін де «өлтірмепті».

Бір жылы Шахмардан жары Кәмила апаймен, балаларымен Қырымда демалады. Бұлар түскен саноторийде Мәскеудегі Геология министрінің мұнай жөніндегі орынбасары жатыр екен. Қызметтес, әріптес адамдар емес пе, күнде болмаса да, жиі араласып, әңгіме- дүкен құрып жүреді. Кәмила апай Шахмарданның атын атамай үнемі

«Батыр» дейді ғой, баяғы. Бұған министрдің орынбасары түсінбей, ақырында:

Кәмила Қарабалаевна, сіз неге Шахмардан Есенович демейсіз,

«Батыр» деген не сөз? – деп сұрайды.

«Батырдың» орысшасы «Храбрый» деген сөз.

Шын ба, шын айтып тұрсыз ба? – деді министрдің орынбасары, кенеттен таң қалып.

Сіз не, бұл атауды ол кісіге лайық көрмей тұрсыз ба? – деді, Кәмила жеңіл ғана жымиып.

Жоқ, жоқ, қайта «Батыр» деп, дәл қойғаныңызға таң қалып тұрмын, – деп, шынымен-ақ ренжітіп алдым ба дегендей, жалпақтап, – бұл пікірімді Сізге, Кәмила Қарабалаевна дәлелдеп берейін, – деп, елпілдеп-ақ қалды. Сосын аз-кем ойланып тұрды да, – Маңғыстаудан мұнайдың мол қоры табылып Қазақстан басшыларының абыр-сабыр болып, проблемаларының көбейіп тұрған кезі болатын. Мәскеуге келгіштеп, жоқтары көбейіп дегендей ғой... Бірде мұнайға байла- нысты Косыгинде өтетін жиналысқа бірге қатыстық. Жиі көрмейтін болған соң Косыгинге министрлердің бәрі жетістігін емес, жетіспейтін жақтарын айтып, мемлекеттен көмек сұрап жатыр. Өте бай, Орта машина жасау министрінің бір орынбасары (министрі Орталық Комитеттің мүшесі, беделді басшы Е.П. Славский болатын) бізде анау жоқ, бізде мынау жоқ деп, жоқтан өзгені айтып тұрып алды. Бір кезде Сіздің «Батырыңыз» қолын көтеріп, рұқсат алып, жиынға қатысып отырған Косыгинның тура өзіне қасқайып қарап тұрып, сөзін бастады.

Бір ғылым еді іңкәрің...

115


Біреулеріміз батылдығына таң қалып, біреулеріміз «не дер екен?» деп, сынай қарап отырмыз. Бір кезде Шахаң:

Құрметті Николай Алексеевич (Косыгин), Сіз мені дұрыс түсініңіз, талай жылдан қалыптасқан, бай мекеменің мамандары «жоқ» дегенді айтып, ауыздарын құр шөппен сүртетін болса, жаңадан ашылып жатқан Маңғыстау кен орындарының, оның мұнайшыларының күні тіптен қараң деуге болады. Техника, станок, құрылыс материалда- ры... тіптен Орталықтағы басшылардың оң қабағы, шын пейілдері де жетіспейді бізге! – деп айтып салды. Тура бір алдын ала дайындалып келгендей-ақ жоғын тізіп, сандарды сөйлетіп шықты. Обалы не керек, Косыгин зейін қоя тыңдады да, көмекшісіне бір нәрсе деп сыбырла- ды, сосын Шахмардан Есеновичке қарап «осының бәрін айтып, хат жазыңыздар» деді, әдеттегі сабырлы қалпымен, сөзін қысқа қайырып.

Шынымды айтсам, Шахмардан Есеновичтің батылдығына, Ко- сыгиннің мәрттігіне риза болдым. Маңғыстау мұнайына орай бір емес, екі қаулы шығарды. Енді Сізге де риза болып отырмын, Кәмила Қарабалаевна, еріңізге лайықты ат қойыпсыз, ризамын, ризамын! – деп, шын көңілін білдіріп, ағынан ақтарылды.

Ал министр Шахмардан Есенов өзі көтерген күрделі мәселе туралы былай дейді:

«Мұнайды тасымалдау және оны қайта өңдеу сияқты аса маңызды мәселелер әлі күнге шешілген жоқ. Табиғаттың керемет байлығын халық игілігіне жарату үшін мұнайды қайта өңдеу жөніндегі жаңа өнеркәсіптік комплекстерді экономикалық жағынан тиімді орталасты- рудың үлкен маңызы бар. Мұнайды қайта өңдеудің екінші процестері полимерлік материалдар, пластикалық масса, синтетикалық смола өндіруді қамтамасыз ететінін ұмытуға болмайды. Ал бұл өнімдер неғұрлым көп өндірілсе, республикамыздың халық шаруашылығын алға бастыруға, еңбекшілердің тұтыну қажеттерін өтеуге елеулі үлес қосатыны сөзсіз.

Маңғыстау мұнайынан аса маңызды өнім – қоймалжың қышқыл мен жоғары сапалы спирт алуға болатынын атап айту керек. Осыған қарамастан, Республикалық Мемлекеттік Жоспарлау ко- миссиясы мұнайды қайта өңдеу кәсіпорнын Маңғыстаудың өзінде орналастырудың қажеті жоқ, оны басқа аудандарға тасымалдау керек деп есептейді. Бұл, әрине, дұрыс емес. Маңғыстау мұнайы жоғары сапалы болғанмен, онда парафин көп кездеседі. Ал, бұл мұнайды алыс

116 Шахмардан Есенов
жерге тасымалдауға қиындық туғызады. Демек, мұнайдан парафинді бөліп тастайтын қондырғыны жергілікті жердің өзінде салуға тез кірісу қажет!»

Ол Жетібай, Өзеннен кейін де ізгі ісінен жаңылмай басқа да: Қаламқас, Қаражамбас, Бозащы, Теңге, Асар, Қарамандыбас... кен орындарының ашылуына да белсене араласты.

Маңғыстау маңы қашанда да, қай замандарда да суға жарып, шөлі қанған ел емес. Бұл өңірде ауыз суды елу-алпыс метр қазғанда ғана көруге болады. Оны ата-бабасынан кәсіп еткен құдықшылар ғана жан- жағын тал-шыбықпен шегендеп шыңыраудан су алып шығатын. Қазір ол әдіс өзгерген. ХХ ғасырда, жеті қат жер астынан мұнайды қуып алып жатқанда, беріде жатқан суға зәру болып отыру жараспас. Есенов ауыз суды іздеуді де өзі қолға алды, басшылық жасады. Нәтижесінде Өзеннің солтүстік жағынан, 70 шақырым жерден кәдімгі тап-таза ауыз су табылып, артынша, Өзен поселкесіне, үйді-үйге су құбыры тартылып, халық қарық болды да қалды. Техникалық мақсаттарға арналған су да табылып, өндіріс орындарының жұмысы жанданды.

Осы өңірдің геологиялық барлау жұмыстарына тікелей араласып, ірі-ірі кен орындарын ашқаны үшін 1966 жылы бір топ мұнайшыға және министр Шахмардан Есеновке Лениндік сыйлық берілді. Олар: Ш. Есенов, Х. Өзбекқалиев, Д. Досмұхамбетов, Б. Дьков, Н. Черепа- нов, Е. Иванов, Н. Имашев, В. Матвеев, В. Токарев, Х. Махамбетов, Н. Калинин. Қазақстан мұнайшылары тарихта бірінші рет бұл атақты иемденді. Және Есенов геология-барлау қызметін мінсіз атқарғаны мен басқарғаны үшін Ленин орденімен марапатталды.

Осы сыйлыққа байланысты өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдар ішінде «Ақиқат» журналының тілшісі М. Мәжитов: «Сіз Лениндік сыйлықтың лауреатысыз. Кешегі бір аумалы-төкпелі кезде сол сыйлығыңыз жөнінде де алып-қашпа, өсек-аяңдар болды-ау, деймін?» деген дүдәмал сұрақ қойыпты. Түсінікті. Ол кезде бұл сыйлық Бірінші хатшы, министр, президент... дегендерге аса бұйыра бермей, көбіне сауыншы мен малшыға ғана берілетін сый-сияпат еді ғой. Кеңестік кезеңнің өзіне лайықты «салт-дәстүрі», тасқа басқан заңы болатын. Сондықтан да тілшінің «Сіз қалай алып қалдыңыз, өзіме лайықты сый деп ойлайсыз ба?» деген күмәнді ойы қылтиып тұр. Сұрақтың астарын сезе қалаған Есенов: «Менің жеке еңбегім, үлесім болмаса, өзімді тізімнен өзім-ақ сызып тастар едім. Оған адамдық арым да,

Бір ғылым еді іңкәрің...

117


құдіретім де жетер еді. Мен жалпы өзімді билеп-төсей білетін кісімін. Өз ақылым өзіме төреші! Менің басқаруыммен Жетібай, Өзен мұнай орындары ашылды. Артынан Бозащы, Қаламқас, Қаражамбас... мұнай көзі табылды. Мен бұл жолы да білімімді де, тәжірибемді де ортаға салдым...»

Өтірік айтып көлгірсімейтін адамның сөзі де шын, ісі де рас. Кеңестік коғамда бұл сыйлықтың басты «геройлары» көбіне-көп ауылдағы еңбек озаты, қаладағы жоспарды асыра орындағыш жұмысшы өкілі, әрі кетсе бірді-екілі творчество адамдары болатын. Қарап отырсаңыз, қызық саясат. Отқа да түсіп, суға да батып жүріп, істі ұйымдастыратын, қаржы- қаражат қарастыратын, жетпей жатқан жабдықты табатын, жұмысшы мен шаруаның жағдайын жасайтын мемлекет және Үкімет басшылары- на бұл сыйлықтың кем бұйыратыны несі? Халық үшін кірпік қақпай, бар қажыр-қайратымен еңбек етіп жүретін Ел басшысын сауыншыдан кем қойып, сыйлықты қимау – қандай қызық, сосын әділетсіздік. Иә, мұндай теңгермешілдік кеңестік кезеңнің «жазылмаған» заңы болды. Министр Есеновке Лениндік сыйлықтың берілуі сол «жазылмаған» заңды бұзды. Оның кейбіреулерге күдікті ой туғызып, оғаштау көрініп тұрғаны да содан.

Ал, шындығына келсек, Маңғыстауға алғаш келіп, жертөледе тұрып, ыстық тамақтың орнына консерві жеп, желдің өтінде, құм боранның астында барлау жүргізген, бұрғы салған мұнайшылардың бәріне де бұл сыйлықты берсе артық болмас. Министр басымен барлаушы мен бұрғышы қасында болып, бар мұқтажын шешіп, межелі уақытта жоспардың орындалып отыруына ұйытқы болған Есенов еңбегі бұл марапатқа әбден лайық. Өзі айтпаушы ма еді:

«Мен Абайдың ақылымен жүрдім, сөзіне құлақ астым, алты ақылын бағдаршам еттім өміріме. «...талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз!» Олай болса Шахмардан Есенов бұл марапатқа өз талабының, ерен еңбегінің, терең ойының арқасында ғана қол жеткізді.

Жастайынан жалындап тұрған Шахмардан шабытының, қабілет қайнарының көзі қайдан деген сұрақ көңілге ұялай береді. Жауабын Шахаңның тек адал жары ғана болып қоймай, қамқоршысы, пікірлесі, досы бола білген Кәмила апайдың әңгімесінен ұққандай болдық:

Менің бір таң қалатыным, тәулігіне он-он екі сағат жұмыс жасағанымен үйге келіп тамағын ішіп алған соң, кітап оқуға кірісетін.

118 Шахмардан Есенов
Мұнысы тура молданың қаза етуге болмайтын бес уақыт намазындай еді. Оқитындары – геологияға байланысты арнайы кітаптар, журнал- дар және осы салаға байланысты шет ел басылымдарын, «Америка» деген журналды жаздырып алып оқитын. Көркем әдебиет, тарих Батырдың өмірлік «досы» болды. Тіптен тәулігіне үш-төрт сағат-ақ ұйықтайтын, ұзақ тек демалыста, санаторийлерде ғана болмаса, оның өзінде де бәрімізден бұрын тұрып кететін. Бұл оның жас кезінен қалыптасқан әдеті. Мен ептеп бұл денсаулыққа зиян ғой деп ескерту жасасам, ол: «Батырым-ау, қажыр-қайрат, күш барда қыранға еліктеуім керек. Қыран тәулігіне бес-он минуттай ғана қалғиды екен. Рахатта- нып, көсіле ұйықтауға болушы еді, бірақ арайлап атып келе жатқан таңнан, жарқыраған Күн сұлудан ұят емес пе?! «Уақыт» деген ұлы құдірет! Ол пендесін ұйықтасын деп күтпейді...» деп, әзілдей күлетін.

Ғылым деген де қызық нәрсе, ол өзін үнемі жетілдіріп, жаңа идеялар- мен толықтырып отырғанды ұнатады. Бұлай етпесеңіз, ғылым сізден іргесін аулақ салып, біртіндеп-біртіндеп «ғалым» деген аттан айы- рыласыз. Бұны Шахмардан жақсы біледі, ұстазы Қаныш ағасы талай- талай айтқан. Қанша жұмысбасты болса да, баяғыдан ойында жүрген, жастық арманы десе де болады, ғылым кандидаттығын қорғаудың кезі келгенін түсінді, бірден қолға алды. Жезқазғанда жүргізген барлау мен геология-инженерлігінен бір емес бірнеше кандидаттық жұмыс жазуға болатын. Соның ішінен ол «Қазақстан жағдайында кен орында- рын іздестіру және барлаудың ерекшеліктері» деген тақырыпты алып, он бір жыл өз қолынан өткен геологиялық барлаудың ерекшеліктерін талдап, даралап, дәлелдеп берді. Жалпылап, жорта айтқанда, тақы- рыбы осылай болғанмен, негізгі зерттегені космонавтика ғылымы мен қорғаныс өнеркәсібіне аса қажетті асбест кенін табу мен өндіру, өңдеу жолдары болды. Осы сәттің куәгері, студент кезінен жолдас-жора болған, геология-минералогия ғылымының кандидаты, қазір Жаңа Зе- ландияда тұратын Игорь Толмачев былай деп хат жазады:

Очень тронуло меня известие о том, что Шахмардану Есенови- чу присвоено звание первооткрывателя нефтяного месторождения на Мангышлаке. Будучи министром, Ш. Есенов бросил финансы на разведку новых, ранее неизвестных площадей, в районе Узеня, на глубокие горизонты, а все нефтяные месторождения располагают- ся в мезозойских отложениях в районе Эмбы и т.д.). Он контролиро- вал и добился огромного успеха в своем прогнозе в совершенно новом

Бір ғылым еді іңкәрің...

119


регионе Мангышлака, на глубоких горизонтах. Так что звание им было заслужено и не пропускалось властями из-за того, что он был в опале из-за интриг в правительстве.

Я был глубоко убежден,что он пострадал безвинно, будучи с вершин власти смещен до начальника экспедиции в г. Балхаш, затем возвращен в Политех на кафедру геологии. У меня о нем исключительно хорошие воспоминания. Я знал его еще студентом, и мы накоротке иногда общались. Отличался фигурой – высокий, крепкий парень. Потом на предварительной защите кандидатской диссертации. Он был главным инженером Джезказганской экспедиции и разведывал голубой асбест для первых космонавтов СССР. Работа была совершенно секретная. Асбест тут же обогащался и отправлялся в Министерство обороны СССР. Мы слушали диссертацию Есенова (И.И. Бок, Р.А. Борукаев, С. Долгих, В. Сагунов, Табылдиев). Сообщение Ш. Есенова было ин- тересным и новым, и он очень волновался, даже терялся, что говорит о его скромности был уже министром геологии). В общем, работу ре- комендовали для защиты, где он выступил уверенно, четко и показал отличные знания сути диссертации и методы поисков и разведки голубого асбеста – такого редкого в природе ценного минерального сырья.

Свою докторскую диссертацию Ш. Есенов выполнил по Джезказ- ганскому рудному району уже будучи президентом АН КазССР. Мне нравилось в нем его простота и скромность при общении, всегда раз- говаривал как равный с равным. Конечно, Ш. Есенов был творческим геологом и много сделал для Казахстана».

Қазақстан ғылымында Қ. Сәтбаевтан кейінгі металлогенияның дамуына үлес қосқан ғалым Ш. Есенов болып табылады. Оның дәлелі – геология, металлогения саласы бойынша мысты, құмтасты кен орындарын іздестіру және барлаудың әдістері жөнінде жазылған еңбектері. Бұл еңбектерде Қазақстанда кездесетін мыс пен құмтас кен орындарының өндірістік маңызы, генезисі жан-жақты зерттеліп, тың деректермен тұжырымдаған. Осы еңбегін ол докторлық диссертацияның тақырыбы етіп алып, оны Мәскеуде өте жоғары деңгейде қорғап шықты.

120 Шахмардан Есенов

жүктеу 53,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау