Қазақ халық ауыз әдебиеті пәні бойынша оқу әдістемелік кешені «Қазақ тілі мен әдебиеті»



жүктеу 0,66 Mb.
бет2/3
Дата14.05.2018
өлшемі0,66 Mb.
#12303
түріСеминар
1   2   3

«Алпамыс батыр» жыры

1. Жыр мәтінінде кездесетін төмендегі көнерген сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікке сүйеніп түсіндір және осы сөздер кездесетін жыр жолдарын дәптерге түсір:

алал, аршыға, атбесік, бәчча/батша, бәнт, берен, ғамкүн/ғамгин, ғариқ/ғарық, деңгел, жөш зайыл, зарада, зер, керік, мөһердер, мұштады, наяты/наһаят, нәубет, пайыз, пыстан, рәт/раһат, самалық, сарқана, сота, төлежу, шонық т.б.

«Батырлардың іс-әрекетін, жүріс-тұрысын, тұлғасын ұлғайтып көрсету батырлық жырда маңызды орын алады» (Ш.Ыбыраев. Батырлық жырлар//Қазақ әдебиеті.Энциклопедия.- Алматы: «Білік» баспа үйі,1999. 157-158б.б.). Жыр мәтінінен ғалымның осы тұжырымын дәлелдейтін мысалдар келтіріңдер. Жыр табиғатына тән осы ерекшеліктің мәнін түсіндіріңдер.

4-тақырып: Лиро-эпос «ҚОЗЫ КӨРПЕШ - БАЯН СҰЛУ»

1. Жырға жоспар жасаңыз.

Үлгі:


1 Аңдағы кезігу




2. Құдалық




3.




4.




2. Жырдан диалогтерді тауып, оның маңызын дәлелдеңдер.

3. Баян мен Қозы, Қарабай мен Қодарды сипаттайтын сөздерді теріп алып, бас кейіпкерлер мінезін ашудағы орнын анықтаңдар.

Көмек-нұсқау: Қарабай: Үмітсіз дүниеден Қарабаймын.

І





Баян мен Жібек

1.Негізгі ұқсас қасиеттері




2. Өзіндік ерекшеліктері




ІІ




Төлеген мен Қозы

  1. Негізгі ұқсастықтары

  1. Өзіндік ерекшеліктері




( №4 тақырыптың тапсырмалары Қ.О.Бітібаеваның «Мектеп» баспасынан 2003 жылы шыққан «Әдебиетті тереңдетіп оқыту» атты оқу құралынан алынды.)

5-тақырып:Ертегілер

1. Төмендегі ертегілерді жанрларға жіктеп топтастыр. С.Қасқабасовтың «Қазақтың халық прозасы» (-Алматы, 1984, «Казахская волшебная сказка»(Алматы, 1972) және Е.Тұрсыновтың «Генезис казахской бытовой сказки» (Алматы1973,) атты еңбектеріне сүйеніп, ертегі жанрларының өзіндік ерекшелігін түсіндіріңдер.

2. «Ер Төстік» ертегісіндегі қазақ халқына тән мифологиялық дүниетаным іздерін атап көрсетіңдер.

3.«Ер Төстік» пен «Аяз би» ертегілерін салыстыра отырып, екеуінде кейіпкерлер қалай бейнеленген, әрқайсысының ерекшеліктері неде? Оларды бейнелеудегі сөз қолданыстар, өрнектер қандай? Сол арқылы қиял-ғажайып ертегілер мен шыншыл ертегілердің бір-бірінен айырмашылығын көрсетіңдер.

Әдебиеттер:1-56

Әдістемелік нұсқау. СӨЖ тапсырмалары жазбаша жұмыс

(бақылау жұмысы) түрінде берілген. Сұрақтарға жауаптарды конспект түрінде дәптерге жазып: 1-кредит бойынша 3,6-апталарда, 2-кредит бойынша 11,14-апталарда СОӨЖ сабағында тексеріледі.



2.7 КУРС БОЙЫНША ЖАЗБАША ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ

1- кредит бойынша тапсырма жазу түрінде беріледі.

Бақылау жұмысы тақырыптары.

  1. Қара өлең.

  2. Айтыс.

  3. Батырлар жыры.

  4. Ғашықтық жырлар.

  5. Көне жырлар.

  6. Тарихи жырлар.

  7. Тарихи өлең.

  8. Ертегілер.

  9. Әпсаналар.

  10. Аңыз жанры.

  11. Қазақ фольклортануының тарихы.

  12. Фольклор және қазақ әдебиеті.

Бақылау жұмысы дегеніміз берілген тақырыптың қысқаша мазмұнын беретін шығарма. Берілген тақырыптардан қалауыңыз бойынша бір тақырып таңдап аласыз. Сіз бақылау жұмысын 12 беттік оқушы дәптеріне жазып өткізесіз. 1-7 апта аралығында дайындалып, 7-аптада СОӨЖ сабағында өткізесіз., Егерде тақырыбыңыз өтіп кетсе 7-аптаға дейін тапсырып тастауға болады.

Реферат тақырыптары

  1. Реферат. «Ш.Уәлиханов - фольклортанушы».

  2. Реферат. «М.Әуезов және қазақ фольклортану ғылымы».

  3. Реферат. «Ә.Марғұлан және қазақ фольклортану ғылымы».

  4. Реферат. «С.Мұқанов және қазақ фольклортану ғылымы».

  5. Реферат. «С.Сейфуллин және қазақ фольклортану ғылымы».

  6. Реферат. «Ә.Қоңыратбаев және қазақ фольклортану ғылымы».

  7. Реферат. « М.Ғабдуллин және қазақ фольклортану ғылымы».

  8. Реферат. «С.Қасқабасов және қазақ фольклортану ғылымы».

  9. Реферат. «Ә.Диваев және қазақ фольклортану ғылымы».

  10. Реферат. «Г.Н.Потанин және қазақ фольклортану ғылымы».

  11. Реферат. «В.В.Радлов және қазақ фольклортану ғылымы».

  12. Реферат. «Р.Бердібаев және қазақ фольклортану ғылымы».

  13. Реферат. «М.Көпеев және қазақ фольклортану ғылымы».

Әдістемелік нұсқау. Берілген реферат тақырыптарынан біреуін қалауыңыз бойынша таңдап аласыз. Реферат 15-аптада СОӨЖ сабағында қабылданады. Реферат А4 форматта жазылады. Қолдан жазылған реферат көлемі 15 бет, ал компьтерден басылған реферат көлемі 10 бет болу керек. Реферат құрылымы: 1) жоспары; кіріспе; негізгі бөлім; қорытынды; қолданылған әдебиеттер тізімі. Сыртқы беті стандартқа сай, компютерге басылған болуы тиіс. Реферат стандартқа сай жазылып, қорғалса – 10 баллға бағаланады. Жай ғана өткізілсе – 4 балл.

Әдебиеттер: 1-56

Курстық жұмыстардың тақырыптары:

  1. Қазақ фольклортану ғылымының тарихы.

  2. Фольклордағы тұтастану құбылысы.

  3. Қазақ фольклорының эстетикасы.

  4. Қазақ фольклорының поэтикасы.

  5. Фольклор және жазба әдебиет.

  6. Қазақ фольклорының қалыптасып, даму тарихы.

  7. Фольклор және шындық.


КУРС БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. Қай вариантта батырлардың тұсына сүйікті жарының аты жазылған?

А) Гүлбаршын-Қамбар

В) Құртқа-Алпамыс

С) Кенжекей -Қобыланды

Д) Ақжүніс-Тарғын

Е) Назым-Төстік

2. Мына тұлпардың иесі қай вариантта дұрыс берілген:

А) Тарлан-Қобыланды

В) Тайбурыл –Төлеген

С) Көкжорға-Алпамыс

Д) Қарақасқа-Қамбар

Е) Байшұбар- Тарғын

3. Қай жырдағы қай кейіпкердің мұңы?

« Әуелеп ұшқан алты қаз,

Етің-шекер, сорпаң-баз,

Қонар болсаң, жануар,

Міне – майдан, міне –саз!

Өлмеген құлға, құдая,

Болып қапты енді жаз!...»

А) «Ер Сайыннан» Ер Сайынның зары

В) «Ер Тарғыннан» Тарғынның мұңы

С) «Қозы Көрпештегі» Қозының толғауы

Д) «Қыз Жібектегі» Төлегеннің қоштасуы

Е) « Алпамыстағы» Алпамыстың монологы

4. Қай шығармадан? Кімнің мұңы?

«Сор құдықтың басына

Сорға бола қонды әкем.

Жалмауызға жанынан

Қорқып мені берді әкем»

А) «Ер Төстіктегі» Төстіктің мұңы

В) «Қыз Жібектегі» Сансызбайдың зары

С) «Қозы Көрпеш- Баян сұлудағы» қыздың толғауы

Д) « Керқұла атты Кендебайдағы» Мергенбайдың торығуы

Е) « Едіге батырдағы» Тоқтамыстың сыры

5. Төрт түлік мал туралы сенімде және жырларда айтылатын түйенің пірі:

А) Ойсылқара

В) Сексек ата

С) Қамбар ата

Д) Шопан ата

Е) Баян

6.Қай жыр осылай басталады?



« Бұрынғы өткен заманда

Дін мұсылман аманда,

Жиделі Байсын жерінде,

Қоңырат деген елінде

Байбөрі деген болыпты,

Кедейліктен бай болып,

Төрт түлікке жолықты»

А) «Ер Тарғын»

В) «Ер Қосай»

С) «Едіге батыр»

Д) «Қамбар батыр»

Е) «Алпамыс батыр»

7. Қай жырдың басталуы осылай?

«Уақ ұлы Қамбар екен,

Қамбар ұлы Ер Көкше

Ер Көкше жас екен,

Жаста болса, бас екен...»

А) «Қамбар батыр» жыры

В) «Ер Қосай» жыры

С) «Ер Сайын» жыры

Д) «Ер Көкше» жыры

Е) «Ер Тарғын» жыры

8. Қай батырдың кімге айтқан сөзі?

«Қинады жоқтық жанымды,

Ұядан жалғыз баламын

Құс етін беріп бағамын

Үйдегі екі кәрімді,

Оған да назар саламын,

Қабатымен алармын

Алпыс үйлі арықты,

Сеніменен ойнасам,

Айналар ісім қиынға»

А) Қамбар батырдың Назымға айтқаны.

В) Алпамыстың Гүлбаршынға айтқаны

С) Тарғынның Ақжүніске айтқаны

Д) Қобыландының Құртқаға айтқаны

Е) Сайынның Аюбикешке айтқаны

9. Құртқа қай батырдың жары?

А) Тарғынның

В) Сайынның

С) Алпамыстың

Д) Қобыландының

Е) Едігенің

10. «Қазақ эпосымен әдебиет тарихының мәселелері» /1958/ атты ғылыми еңбектің авторы?

А) Қ. Жұмалиев.

В) Ы.Дүйсенбаев.

С) Б.Кенжебаев.

Д) М. Ғабдулин.

Е) Е. Ысмаилов.

11. Батырдың аяқтай алмаған шаруасын тындырып, оның кегін алып, жауды жеңетін кім?

А) Ағасы.

В) Інісі.

С) Баласы.

Д) Әйелі.

Е) Қарындасы.

12. Қай батырдың сөзі?

«Күнді бұлт құрсайды,

Күнді байқай қарасам,

Күн жауарға ұқсайды

Айды бұлт құрсайды,

Айды байқай қарасам,

Түн жауарға ұқсайды.

Бойды байқап қарасам,

Қол-аяғым көсіліп,

Аузы-мұрным ісініп,

Хақтың маған бұйрығы

Таянғанға ұқсайды.»
А) Қобыланды батыр.

В) Ер Сайын

С) Ер Тарғын

Д) Ер Көкше

Е) Қамбар батыр

13. Қай жырдағы қай аттың шабысы?

«Арандай аузын ашады,

Аяғын топ-топ басады.

Бір төбенің тозаңын

Бір төбеге қосады

Кешке таман...

Жын қаққанға ұқсады.

Құла менен құлжаның,

Марал менен бұғының,

Ұзатпай алдын тосады.

Көл жағалай отырған

Көкқұтан мен Қарабай

Көтеріліп ұшқанша

Белінен келіп басады.

А) «Алпамыс батырдағы» Байшұбар.

В) «Қамбар батырдағы» Қарақасқа.

С) «Қыз Жібектегі» Көкжорға

Д) «Қобыланды батырдағы» Тайбурыл.

Е) «Ер Тарғындағы» Тарлан

14. Мынау кімнің сөзі? Қай жырдан?

«Қара жерге қар жауар-

Қарды көр де, етім көр!

Қар үстіне қан тамар-

Қанды көр де, бетім көр»

А) Баян сұлу- «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырынан

В) Жібек-«Қыз Жібек» жырынан

С) Айман-«Айман-Шолпан» жырынан.

Д) Құртқа-«Қобыланды батыр» жырынан.

Е) Ақжүніс- «Ер Тарғын» жырынан.

15. Мақалдың жалғасын тап.

Малым-жанымның садағасы,

Жаным-

А) Қанымның садағасы



В) Арымның садағасы

С) Баламның садағасы

Д) Ақшамның садағасы

Е) Халқымның садағасы

16. Қай ертектен?

«Бала сол қотыр тайды ұстайды да, жүгендейді. Жүгендегенде тайдың қотыры жазылады. Үстіне тоқым салғанда, құнан болады. Үстіне ер салғанда, дөнен болады. Айылын тартқанда бесті болады. Бала үстіне қарғып мінгенде, тұлпар болып, көзді ашып-жұмғанша жұртқа жетіп келеді».

А) «Ер Төстік» ертегісінен

В) « Керқұла атты Кендебай» ертегісінен.

С) «Алтын сақа» ертегісінен

Д) « Аламан мен Жоламан» ертегісінен

Е) «Құламерген –Жоямерген» ертегісінен

17. Мынау үзінді қай жырдан? Қыздың аты кім? Тазша кім?

«Шешіп киім, етігін,

Мойнына қыздың мінді енді,

Бағлан өскен хан қызы

Көтеріп тазды жүрді енді.

Салбыратып аяғын

Емшегіне ұрды енді,

Желке шашын тізгін қып,

Былай жүр деп, бұрды енді.»

А) «Қозы Көрпеш- Баян сұлу». Қыз –Баянның сіңлісі.

В) «Алпамыс батыр » Қыз –Қаракөз, Тазша-Кейқуат.

С) «Қобыланды батыр» Қыз-Қарлыға, Тазша -Қобыланды.

Д) «Ер Едіге» Қыз- пері, Тазша –Баба түкті шаты Әзіз

Е) «Ер Тарғын» Қыз –Ақжүніс, Тазша- Қожақ.

18.Осы жолдар қай шығармадан? Кімдердің қоштасуы?

«Балталы, Бағаналы ел, аман бол,

Бақалы, балдырғанды көл, аман бол»

Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,

Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол»

А) «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» Екі қыздың ел- жұртымен қоштасуы.

В) «Айман-Шолпан». Қыздардың көшердегі сөзі.

С) «Қыз Жібек» Жібектің елімен қоштасуы.

Д) «Ер Төстік» Кенжекейдің ұзатылғандағы сыңсуы.

Е) «Қобыланды батыр» Қарлығаның монологы.

19. Қай жырда осы сөз айтылады. Айтатын кім?

«Мен бір бүгін түс көрдім;

Түсімде жаман іс көрдім:

...мінген Көкжорға ат

Ер- тоқымсыз бос көрдім»

А) «Қобыланды батыр» Құртқаның сөзі.

В) «Алпамыс батыр» Гүлбаршынның сөзі.

С) «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» Баянның сөзі.

Д) «Қыз Жібек» Жібектің сөзі.

Е) «Ер Тарғын» Ақжүністің сөзі.

20. Мақалдың жалғасын тап.

Жер таусыз болмайды,

Ел ...


А) Жаусыз болмайды.

В) Даусыз болмайды.

С) Сөзсіз болмайды.

Д) Көзсіз болмайды.

Е) Ерсіз болмайды.
Тест тапсырмаларының кілті


Сұрақтардың номері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

Д

д

д

а

а

е

д

а

д

д

с

с

д

е

в

с

в

а

д

в



КУРС БОЙЫНША ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
1.Фольклор және ауыз әдебиеті

2.Бақташылық жырлары.

3.Отбасылық ғұрып туралы әңгіме.

4.Фольклор және фольклористика ғылымы, оның тарихы.

5.Бөбек жырлары.

6.Маусымдық ғұрыптар жайлы әңгімеле.

7.Қазақ фольклорының жиналу, зерттелу, жүйелену, оқытылу тарихы.

8.Үйлену (отау құру) салтына қатысты жырлар.

9.Төрт түлік және оларды өсіру ғұрыптары жайлы әңгімеле.

10.Фольклордың, оның салалары мен фольклорлық мұралардың жіктелуі.

11.Қорқыт жайлы аңыздар, олардың танымдық, тәрбиелік мәні.

12.Бала өсіру ғұрыптары туралы әңгімеле.

13.Фольклордың тарихи, әдеби, танымдық мәні.

14.Асан қайғы жайлы аңыздар , олардың танымдық, тәрбиелік мәні.

15.Үйлену (отау құру) ғұрыптары жайлы әңгімеле.

16.Сарындама және оның түрлері.

17.Хайуанаттар туралы ертегілер, олардың астарлы

тағлымдық мәндері.

18.Жаңазалау ғұрыптары туралы әңгімеле.

19.Сауықтама және оның түрлері.

20.Мифологиялық ертегілер, олардың танымдық, тарихи сипаттары.

21.Қазақтың зергерлік қол өнері жайлы әңгімеле.

22.Отбасылық, маусымдық және бақташылық ғұрып фольклоры.

23.Реалистік ертегілер, олардың тәрбиелік мәні.

24.Киіз үй, оның құрылысы, үй жиһаздары жайлы әңгімеле.

25.Бала өсіру, үйлену (отау құру) және жаңазалау ғұрып фольклоры

26.«Қобыланды батыр» жыры.

27.Ұлттық киім, ұлттық тағамдар жайлы әңгімеле.

28.Төтемдік ұғымдар мен діни әдет-ғұрыптардан туған салт-дәстүрлер.

29.«Алпамыс батыр» жыры.

30.Қазақтың туыстық қарым-қатынасы жайлы әңгімеле.

31.Тұрмыс салт жырлары.

32.«Ер Тарғын батыр» жыры.

33.Тұрмыс салт жырларының бірін жатқа айт.

34.Сауықтаманың шағын түрлері: үміт, өлең, толғау, терме, ділмар сөз, бата, т.б.

35.«Қамбар батыр» жыры.

36.Жоқтау өлеңдердің бірін жатқа айт.(А.Байтұрсынұлының «23 жоқтау»кітабы негізінде).

37.Мақал-мәтелдер, олардың өзара ерекшеліктер мен жасалу жолдары.

38.«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры.

39.Жоқтау өлеңдердің бірін жатқа айт.(«Боздағым» жоқтау өлеңдер жинағы бойынша).

40.Жұмбақтар мен жаңылтпаштар, олардың тәлімдік мәні, жасалу жолдары,түрлері.

41.«Қыз Жібек» жыры.

42.Жұмбақ айтыстарыдың бірін әңгімелеп айт.

43.Шешендік сөздер, олардың құрылымы, түрлері.

44.«Айман-Шолпан» жыры.

45.Батаның бірін жатқа айт.

46.Аңыздар, олардың жіктелуі мен түрлері.

47.М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» еңбегіндегі тарихи жырлар жайлы ой- толғамдары.

48.«Бесік жырын» жатқа айт.

49.Ертегілер, олардың түрлері.

50.«Біржан-Сара» айтысы.

51.«Жар-жар» жырының бір нұсқасын жатқа айт.

52.Эпостар, олардың түрлері, шығу кезеңдеріне қарай жіктелуі.

53.«Ер Төстік» ертегісі.

54.Шешендік сөздердің бірінен мысал келтір.

55.Тарихи жырлар,олардың шығу кезеңдеріне қарай жіктелуі.

56.«Күн астындағы Күнекей қыз»ертегісі.

57.«Қыз Жібек» жырындағы Төлегеннің 58.«Қоштасу»монологын жатқа айт.

59.Батырлар жыры.

60.Сарындаманың салт сөздері (А.Байтұрсынұлы еңбегі негізінде).

61.«Қоз Көрпеш-Баян сұлу» жырынан жатқа үзінді келтір.

62.Лиро-эпостық жырлар.

63.Сарындаманың ғұрып сөзі (А. Байтұрсынұлының еңбегінегізінде).

64.Қазақтың тиым сөздері туралы әңгімеле.

65.Айтыс, оның түрлері.

66.Сарындаманың қалып сөзі.

67.Жеті санын қатысты танымдық сөздерді әңгімелеп айту.

68.М. Әуезовтің фольклортану саласындағы еңбектері.

69.Сауықтаманың ермектеме түрлері. (А.Байтұрсынұлы еңбегі негізінде).

70.Үйлену жырларының бірін жатқа айт.

71.А.Байтұырсынұлының фольклортану саласындағы еңбектері

72.Сауықтаманың зауықтама түрлері.( А.Байтұрсынұлы еңбегі негізінде).

73.Батырлар жырының бірінен шағын үзіндіні жатқа айт.

74.Ә.Қоңыратбаевтың фольклортану саласындағы еңбектері

75.Фольклор мұраларындағы діни әдебиет түрлері.(қисса, хикаят, насихат, мінажат, мақтау өлең, даттау, т.б. А.Байтұрсынұлы еңбегі негізінде).

76Айтыстың бірінен шағын үзіндіні жатқа оқы.



КУРС БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. Қай вариантта батырлардың тұсына сүйікті жарының аты жазылған?

А) Гүлбаршын-Қамбар

В) Құртқа-Алпамыс

С) Кенжекей -Қобыланды

Д) Ақжүніс-Тарғын

Е) Назым-Төстік
2. Мына тұлпардың иесі қай вариантта дұрыс берілген:
А) Тарлан-Қобыланды

В) Тайбурыл –Төлеген

С) Көкжорға-Алпамыс

Д) Қарақасқа-Қамбар

Е) Байшұбар- Тарғын


  1. Қай жырдағы қай кейіпкердің мұңы?

« Әуелеп ұшқан алты қаз,

Етің-шекер, сорпаң-баз,

Қонар болсаң, жануар,

Міне – майдан, міне –саз!

Өлмеген құлға, құдая,

Болып қапты енді жаз!...»

А) «Ер Сайыннан» Ер Сайынның зары

В) «Ер Тарғыннан» Тарғынның мұңы

С) «Қозы Көрпештегі» Қозының толғауы

Д) «Қыз Жібектегі» Төлегеннің қоштасуы

Е) « Алпамыстағы» Алпамыстың монологы


4. Қай шығармадан? Кімнің мұңы?

«Сор құдықтың басына

Сорға бола қонды әкем.

Жалмауызға жанынан

Қорқып мені берді әкем»

А) «Ер Төстіктегі» Төстіктің мұңы

В) «Қыз Жібектегі» Сансызбайдың зары

С) «Қозы Көрпеш- Баян сұлудағы» қыздың толғауы

Д) « Керқұла атты Кендебайдағы» Мергенбайдың торығуы

Е) « Едіге батырдағы» Тоқтамыстың сыры


5. Төрт түлік мал туралы сенімде және жырларда айтылатын түйенің пірі:
А) Ойсылқара

В) Сексек ата

С) Қамбар ата

Д) Шопан ата

Е) Баян
6.Қай жыр осылай басталады?

« Бұрынғы өткен заманда

Дін мұсылман аманда,

Жиделі Байсын жерінде,

Қоңырат деген елінде

Байбөрі деген болыпты,

Кедейліктен бай болып,

Төрт түлікке жолықты»

А) «Ер Тарғын»

В) «Ер Қосай»

С) «Едіге батыр»

Д) «Қамбар батыр»

Е) «Алпамыс батыр»
7. Қай жырдың басталуы осылай?
«Уақ ұлы Қамбар екен,

Қамбар ұлы Ер Көкше

Ер Көкше жас екен,

Жаста болса, бас екен...»

А) «Қамбар батыр» жыры

В) «Ер Қосай» жыры

С) «Ер Сайын» жыры

Д) «Ер Көкше» жыры

Е) «Ер Тарғын» жыры

8. Қай батырдың кімге айтқан сөзі?

«Қинады жоқтық жанымды,

Ұядан жалғыз баламын

Құс етін беріп бағамын

Үйдегі екі кәрімді,

Оған да назар саламын,

Қабатымен алармын

Алпыс үйлі арықты,

Сеніменен ойнасам,

Айналар ісім қиынға»

А) Қамбар батырдың Назымға айтқаны.

В) Алпамыстың Гүлбаршынға айтқаны

С) Тарғынның Ақжүніске айтқаны

Д) Қобыландының Құртқаға айтқаны

Е) Сайынның Аюбикешке айтқаны

9. Құртқа қай батырдың жары?

А) Тарғынның

В) Сайынның

С) Алпамыстың

Д) Қобыландының

Е) Едігенің

10. «Қазақ эпосымен әдебиет тарихының мәселелері» /1958/ атты ғылыми еңбектің авторы?

А) Қ. Жұмалиев.

В) Ы.Дүйсенбаев.

С) Б.Кенжебаев.

Д) М. Ғабдулин.

Е) Е. Ысмаилов.

11. Батырдың аяқтай алмаған шаруасын тындырып, оның кегін алып, жауды жеңетін кім?

А) Ағасы.

В) Інісі.

С) Баласы.

Д) Әйелі.

Е) Қарындасы.


12. Қай батырдың сөзі?

«Күнді бұлт құрсайды,

Күнді байқай қарасам,

Күн жауарға ұқсайды

Айды бұлт құрсайды,

Айды байқай қарасам,

Түн жауарға ұқсайды.

Бойды байқап қарасам,

Қол-аяғым көсіліп,

Аузы-мұрным ісініп,

Хақтың маған бұйрығы

Таянғанға ұқсайды.»


А) Қобыланды батыр.

В) Ер Сайын

С) Ер Тарғын

Д) Ер Көкше

Е) Қамбар батыр

13. Қай жырдағы қай аттың шабысы?

«Арандай аузын ашады,

Аяғын топ-топ басады.

Бір төбенің тозаңын

Бір төбеге қосады

Кешке таман...

Жын қаққанға ұқсады.

Құла менен құлжаның,

Марал менен бұғының,

Ұзатпай алдын тосады.

Көл жағалай отырған

Көкқұтан мен Қарабай

Көтеріліп ұшқанша

Белінен келіп басады.

А) «Алпамыс батырдағы» Байшұбар.

В) «Қамбар батырдағы» Қарақасқа.

С) «Қыз Жібектегі» Көкжорға

Д) «Қобыланды батырдағы» Тайбурыл.

Е) «Ер Тарғындағы» Тарлан


14. Мынау кімнің сөзі? Қай жырдан?

«Қара жерге қар жауар-

Қарды көр де, етім көр!

Қар үстіне қан тамар-

Қанды көр де, бетім көр»

А) Баян сұлу- «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырынан

В) Жібек-«Қыз Жібек» жырынан

С) Айман-«Айман-Шолпан» жырынан.

Д) Құртқа-«Қобыланды батыр» жырынан.

Е) Ақжүніс- «Ер Тарғын» жырынан.

15. Мақалдың жалғасын тап.

Малым-жанымның садағасы,

Жаным-

А) Қанымның садағасы



В) Арымның садағасы

С) Баламның садағасы

Д) Ақшамның садағасы

Е) Халқымның садағасы


16. Қай ертектен?

«Бала сол қотыр тайды ұстайды да, жүгендейді. Жүгендегенде тайдың қотыры жазылады. Үстіне тоқым салғанда, құнан болады. Үстіне ер салғанда, дөнен болады. Айылын тартқанда бесті болады. Бала үстіне қарғып мінгенде, тұлпар болып, көзді ашып-жұмғанша жұртқа жетіп келеді».

А) «Ер Төстік» ертегісінен

В) « Керқұла атты Кендебай» ертегісінен.

С) «Алтын сақа» ертегісінен

Д) « Аламан мен Жоламан» ертегісінен

Е) «Құламерген –Жоямерген» ертегісінен
17. Мынау үзінді қай жырдан? Қыздың аты кім? Тазша кім?

«Шешіп киім, етігін,

Мойнына қыздың мінді енді,

Бағлан өскен хан қызы

Көтеріп тазды жүрді енді.

Салбыратып аяғын

Емшегіне ұрды енді,

Желке шашын тізгін қып,

Былай жүр деп, бұрды енді.»
А) «Қозы Көрпеш- Баян сұлу». Қыз –Баянның сіңлісі.

В) «Алпамыс батыр » Қыз –Қаракөз, Тазша-Кейқуат.

С) «Қобыланды батыр» Қыз-Қарлыға, Тазша -Қобыланды.

Д) «Ер Едіге» Қыз- пері, Тазша –Баба түкті шаты Әзіз

Е) «Ер Тарғын» Қыз –Ақжүніс, Тазша- Қожақ.

18.Осы жолдар қай шығармадан? Кімдердің қоштасуы?

«Балталы, Бағаналы ел, аман бол,

Бақалы, балдырғанды көл, аман бол»

Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,

Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол»

А) «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» Екі қыздың ел- жұртымен қоштасуы.

В) «Айман-Шолпан». Қыздардың көшердегі сөзі.

С) «Қыз Жібек» Жібектің елімен қоштасуы.

Д) «Ер Төстік» Кенжекейдің ұзатылғандағы сыңсуы.

Е) «Қобыланды батыр» Қарлығаның монологы.

19. Қай жырда осы сөз айтылады. Айтатын кім?

«Мен бір бүгін түс көрдім;

Түсімде жаман іс көрдім:

...мінген Көкжорға ат

Ер- тоқымсыз бос көрдім»

А) «Қобыланды батыр» Құртқаның сөзі.

В) «Алпамыс батыр» Гүлбаршынның сөзі.

С) «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» Баянның сөзі.

Д) «Қыз Жібек» Жібектің сөзі.

Е) «Ер Тарғын» Ақжүністің сөзі.

20. Мақалдың жалғасын тап.

Жер таусыз болмайды,

Ел ...


А) Жаусыз болмайды.

В) Даусыз болмайды.

С) Сөзсіз болмайды.

Д) Көзсіз болмайды.

Е) Ерсіз болмайды.


жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау