89
тайсалмай, қан майданға шыққан Қазанбектің әйелі Бөрте сұлу, оның ұлы Оразбек, әділдік үшін ажалға бас тіккен Бамсы-Бейрек деуге болады. Сонымен бірге, жан алғыш әзірейілге қарсы шыққан ер Домрул, жалғыз көзді дәуді айламен өлтіретін батыр Бисат, күш-қуаты өзінен кем түспейтін қалыңдық іздеген алып Қан-Тұралы, алпыс батпан салмағы бар шоқпарды ұстап соғысатын Директі жеңіп, өз әкесі Қазылық-қожаны жау тұтқынынан босатқан ер Жүгенек — Қорқыт дастанының басты қаһармандары саналады. Оғыз елінің шекарасын жаудан қорыған алып Бегіл мен оның ержүрек ұлы Әмрен, ағалы-інілі Егрек пен Секрек батырлар, ел басқарған Баяндыр хан, Дерсе хан, оның баласы Бұқаш батыр, т. б. жырда жарқын бейнесі жасалған.
Бұлардың ішіндегі ең басты қаһарман — Қазанбек. “Қорқыт ата кітабының” тең жартысынан астамы Қазанбектің ел қорғаған ерлігін, ел-жұртқа жасаған ізгілікті істерін жырлауға арналған. Қазанбек бұл шығарманың сюжетіне негіз болған тарихи адам. Сондай-ақ “Көроғлы” және “Жүсіп пен Ахмет” сияқты түрікмен халқының эпостарында да Қазанбектің есімі жиі-жиі айтылады. Қазанбектің тарихи болмысы жөніндегі кейбір деректер Абылғазының шежіре-кітаптарында да кездеседі.
Қорқыт дастанының халықтық сипаты шығарманың сюжетінен, идеялық бағыт-бағдарынан айқын көрініп тұр. Туған жерін, елін, өз Отанын сыртқы жаудан қорғау үшін ажалға бас тігіп, қан майданға шыққан алыптардың ерлігі, жауынгерлік патриотизмі зор шабытпен жырланады. Дастанда ел үшін жан пида еткен ұлдарын күллі оғыз-қыпшақ жұрты мақтаныш тұтып, олардың ерлік істерін өлең-жырға қосып айтады. Автор ерлік әділдік, адамгершілік, ата-ананы құрмет тұту, уәдеде тұру сияқты ізгі қасиеттерді ту етіп көтерген. Шығарма қаһармандары қорқақтық пен опасыздыққа, әділетсіздік пен зұлымдыққа, әдепсіздік пен сараңдыққа қарсы күреседі.
Сондай-ақ “Қорқыт ата кітабының” халықтық сипатын дастандағы қарапайым еқбек адамдарының зор шеберлікпен жасалған ғажайып бейнелерінен де көруге болады. Мәселен, оғыз-қыпшақ елі, әсіресе, қойшының ауыр еңбегін құрмет тұтқан. Жырда ол жөнінде зор іл-типатпен айтылады.
90
“Қорқыт ата Тегінде “Қорқыт ата кітабындағы” он екі жырдың
кітабының? әрқайсысы кезілде өз алдына дербес жеке- жеке
көркемдік дастандар күйінде өмірге келген болса керек
ерекшеліктері. Қорқыт ата есімімен байланысты бұл жырлар кейінірек жинақтальш, белгілі бір жүйеге келтірілген секілді. Өйткені “Қорқыт ата кітабына” енген жеке жырлар кейде бір-бірімен үйлеспей, өзара қабыспай жаатады. Қорқыт дастандарын-дағы он екі жырдың кейбіреулері бір қаһарман арқылы, бірдей оқиға бойынша өзара байланысты десек те, бірақ олар кітапта хро-нологиялық тәртіп бойынша орналаспаған. Мәселен, Қазанбек батыр жөніндегі жырлар циклын алайық. Бұл циклға екінші, төртінші және он бірінші жырлар енеді; “Қоркыт ата кітабында” алып Қазанбек туралы хикая екінші жырдан басталады. Бұл екінші жырда Қазанбекұлы Оразбек ер жеткен жігіт, бек, тіпті үш жүз ба-тырды басқарып, әкесі аң аулауға кеткенде ел күзетіп қалады. Ал, кітапта бұдан кейін келетін төртінші жырда Оразбек әлі кәмелетке де тола қоймаған, соғысып көрмеген, қылышты жөндеп ұстай алмайтын бала-жігіт. Он бірінші жырда Қазанбектің баласы әлі ақыл-есі кірмеген, жас нәресте ретінде суреттеледі.
Кітаптағы тағы бір осындай композициялық олқылық туралы айта кетейік. Сегізінші жырда Төбекөздің қолынан қаза тапқан кейбір қаһар.мандар бар. Сол алғашқы-жырда өліп қалған қаһармандар кейінгі хикаяларда, дәлірек айтсақ, он бірінші жырда Қазанбекті тұтқыннан құтқарады.
Мұның бәрі “Қорқыт ата кітабындағы” он екі жырдың әрқайсысы алғашта жеке-жеке, дербес дастандар түрінде өмірге келгенін, кейінірек жинақталып, тұтас бір шығармаға айналғанын, сол бөлек-бөлек жырлардың басын қосу кезінде композициялық кемшіліктер орын алғанын дәлелдейді.
Егер біз “Қорқыт ата кітабындағы” жырларды оқиғалардың логикалық жүйесі бойынша ретке келтірсек, онда он екі жыр мынадай тәртіп бойынша орналасқан болар еді:
VIII, I, III, IV, XI, II, V, VI, VII, IX, X, XII.
Бұл дастанның композициялық ерекшелігі — мұндағы өлең шумақтары шығарманың прозалық текстіне сіңісіп кеткен. Түркі тіліндегі дастандарда қара сөздің өзі құдды жыр жолдары секілді ішкі ұйқаспен тақпақталып
91
айтылып, дыбыстардың өзара үйлесуі арқылы беріледі ғой. Сондықтан “Қорқыт ата кітабын” тұнғыш рет орыс тіліне аударған академик В. В. Бартольд контекстегі өлең жолдарын жеке дара бөліп көрсетпеген. Қорқыт хикаясындағы өлең мен қара сөзді бір-бірінен ажырату қиын екенін дәлелдейтін бір мысал келтірейік. “Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті. Сақалынан ағарған баба көрікті. Сүйікті ағайын-туған көрікті. Үлкен шаңырақ үйдің қасына тігілген келіншек отау үйі көрікті”. Міне, бұл не? Поэзия ма проза ма? Мұнда өлеңге тән элементтер — ұйқас та, аллитерация да, ассонанс та, сөздің интонациялық дербестігі де бар. Бірақ мұнда поэзия атаулыға тән ен, басты қасиет — эмоция жоқ.
Ал, “Қорқыт ата кітабындағы” елеңдерде сөздің ритмикалық құрылысы мен эмоциялық интонация бір-бірімен үйлесіп, тұтасып жатады.
Хан кызы йерімдән тұрайынмы?
Иақаңла.боғазындан тұтуйынмы?
Қаба онджам алтына салайынмы?
Кара полат уз қылыджым алума алайынмы?
Уз гедакдан башыңы қасайинмі?
Жан сулусын саңа білдірайінмі?
Аладжа қаның йер йузүна декайінмі?
Хан қызы сабабі иадур дегіл маңа
Қатты казаб ідарум шімді саңа
Мазмұны:
Хан қызы, мен орнымнан тұрайын ба?
Жағақа жармасып, алқымыңнан алайын ба?
Сені таптап, табаныма салайын ба?
Қолыма қара болат қылышымды алайын ба?
Қыршыныңда басыңды кесейін бе?
Әмірдің тәтті екенін сездірейін бе?
Алқызыл қаныңды жерге шашайын ба?
Хан кызы, себебі не, деші маған,
Катал жаза қолданам енді саған.
“Қорқыт ата кітабында” өлеңнің буын саны құбылып, әртүрлі болып келеді. Тіпті бір өлеңнің өзінде — үш буыннан бастап, он алты буынға дейін бола береді:
Мара Қазан 4
Дунлугу алтын бан ауыңі гатурмішмуз 13
Бізімдүр 3
Кырық інджа беллу қыз іла 6_
Бойу ұзун Бурла хатуны гатурмішмуз 15
Бізімдүр 3
Қырық йігіт іла оғлун Урузы гатурмішуз 15
Бізімдүр 3
Таубла таубла шахбаз атларуң 9
Катар қатар дауаларуңг гатурмішуз 12
Бізімдүр 3
92
Мазмүны:
Ей, Қазан!
Біз кеше алтын шатырлы үйіңді алып кеттік —
Ол біздікі.
Сұңғақ бойлы қырық қыз бен,
Ұзын бойлы Берте қатынды әкеттік'—
Ол біздікі.
Қырық жігіт пен ұлын,
Оразды әкеттік
Ол біздікі.
Үйір-үйір сәйгүлік аттарыңды
Қатар-қатар тізілген түйелеріңді әкеттік —
Ол біздікі.
Қорқыт дастанында көркем сөздің мәнерлілігін күшейте түсу үшін ежелгі әдеби тәсілдердің бірі — қайталау — аллитерация кеңінен қолданылады. Әсіресе бұл жырда бастапқы дыбыстардың аллитерациясы (қайталануы) жиі ұшырайды.
Мысалы:
Сандан соңра бір йігіді
Севур варсам біла йатсам.
Мазмүны:
Сенен кейін бірде-бір жігітті,
Сүйе алмаймын мен енді
Сондай-ақ шығармада жеке сөздерді қайталау әдісіне құрылған аллитерация да аз емес:
Оғул о ұлғай оғул
Білмазмісін налар олды.
Мазмұны:
0, ұлым менің, ұлым-ай
Сен не болғанын білмейсің ғой!
Өлең жолының басында белгілі бір әріптерді немесе бірдей сөздерді қайталау—анафора әдісін ежелгі ақындар зор шеберлікпен қолдана білген. Дыбыстық анафораға мысал келтірейік:
Қаршы йатан Қара тағлар эсен олса ел йайлар
Қаңлу қаңлу сулар эсен болса қанын ташар
Қара коч атлар эсен олса құлун тоғар
Қайтабанда қызыл дава эсен олса торум верар.
Жолма-жол аудармасы:
93
Қарсы жатқан Қара таулар есен болса ел жайлар,
Қан құйылған сулар есен болса — жерге береке берер,
Алып аттар аман болса — құлын туылар,
Қаз тізілген қызыл түйелер аман болса — бота туылар.
Лексикалық анафораға мысал:
Ағ алларі ардына баглу дійайінмі
Ағ бойныңда қыл уркан тақылу дійайнімі.
Жолма-жол аудармасы:
Аппақ қолдарың артыңа байлаулы дейін бе?
Ақ мойныңа қыл арқан салыпты дейін бе?
Сонымен бірге бұл дастанда синтаксистік анафора және эпифора сияқты қайталау әдістері де кеңінен қолданылған.
“Қорқыт ата кітабы” ғажайып эпитеттерге, теңеулерге, қанатты сөздерге, мақал-мәтелдерге мейлінше бай. Мәселен, Жүгенекті: “Жауға тау қыранындай қарсы шабатын” батыр, ал мінгені жел жетпейтін тұлпар — торы айғыр”, сондай-ақ Жүгенек “бар жігіттің арқасы, бар ұлыстың үміті, Түркістанның тірегі, таулы құстың ұрпағы, Қарашықтың қабыланы” дейді.
Қорқыт жырындағы кейбір жеке сөздердің құрылысы Орхон жазуындағы Білге қағанның сөзіне өте-мөте ұқсас болып келеді. Ажал әкелген Әзірейілмен айқасқа шыққан Домрул алып былай дейді:
Менің көрер көзім көрместей болды,
Тұтар қолым тұтпастай болды.
Ал “Күлтегін” жырындағы Білге қаған да осылай сөйлейді:
Інім Күлтегін керек болты,
Өзім сақынтым,
Көрер көзім керместей болты,
Өзім сақынтым.
“Қорқыт ата кітабының” тіліне келетін болсақ, мұнда оғыз тілімен қатар қыпшақ тілінің де ықпалы кәдім-гідей сезіліп тұрады. Әсіресе кітапта қыпшақ тілінің әсері мал аттарын көрсетуде жиірек кездеседі. Мәселен, құлын, айғыр, бозайғыр, бұқа, құлан, қыран, т. б.
Қорқыт кітабында үй тұрмысы мен көшіп-қонуға, тағам атауларына қатысты сөздерде көбіне қазақ тілінің элементтері болып келеді: тұрақ, орда, юрт (жұрт), үлес, үй, юк (жүк), қойма, қоңсы, айран, қымыз, ет, т.б.
94
Мүнда музыка енеріне қатысты — қобыз, сарын, дауылпаз (Мәселен, Ораз дауылпаз ұрды), сайрамақ, түлен (тарту) сияқты сөздер кеңінен қолданылған.
Әрине, қан майдан соғыс картинасы жасалған тұстарда қазақтың ежелгі әскери сездерін (ұран, ер, алып, жарақ, қосын, қалқан, т. б.) еркін пайдаланады.
Мұндай мысалдарды “Қорқыт ата кітабынан” көптеп келтіруге болар еді.
Дастандағы қазақ қауымының ежелгі тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына қатысты жеке сөздер ғана емес, сонымен бірге, ондағы теңеулер, елең құрылысы, жалпы поэзия табиғаты шынында да қазақ өлеңдеріне мейілінше жақын екенін төмендегі мысалдан көруге болады:
Қайтабаның майнасын жүклу кадум,
Нар ма дүр майа ма да дур аны білсам.
Қара ілум қойнунуну жүклу қадум,
Қочмы дүр қойынмы дүр аны білсам.
Ала кезлу көріклу халалым жүклу қадум,
Эркамы дүр қызымы дүр аны білсам.
Мазмұны:
Үйде түйем буаз күйінде қалып еді,
Нар туды ма, мая туды ма, соны білсем.
Қорамда қойым да буаз қалып еді,
Қошқар ма, саулық туды ма, соны білсем,
Кара көзді сұлу жарым жүкті болып қалып еді,
Ұл туды ма, қыз туды ма, соны білсем.
Сондай-ақ жырдағы адам аттары мен кітаптың топонимиясы да бұл шығарманың ежелгі қазақ даласында туылғанына дәлел. Қорқыт хикаясында жиі ұшырайтын атаулар — Алатау, Қаратау, Қазығүрт, Қазылық тауы, Көкше теңіз (Балқаш көлі), Арқа белі сияқты жер-су аттары. Мұның бәрі жырдағы тарихи оқиғалар, тарихи адамдар байырғы қазақ даласында болғанын көрсетеді.
Оның үстіне, ой атасы Қорқыт айтқан мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, ұтымды фразеологиялық тіркестер ғасырлар бойында онша өзгеріске ұшырамай, сол күйінде қазақ қауымы арасында ауызша да сақталып келген. Қорқыт дастанында ақыл-ойдың алыбы Қорқыт ата айтты деген қанатты сөздер, мақал-мәтелдерге айналып кеткен фразеологиялық сөз тіркестері, өсиет-нақыл сөздер көп. Бұлардың бәрі дерлік сан ғасырлар бойы қазақ қауымы арасында ауызша тарап, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, бүгінгі күнге дейін рухани қазына ретінде сақ-
95
талып келеді. Қорқыт кітабынан бірнеше мысал келтірейік: жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі. Құлан құдыққа түссе, құрбақа құлағында ойнайды. Көп корқықытады, терең батырады. Қыз анадан көрмейінше үлгі алмас, ұл атадан көрмейінше үгіт алмас. Ежелгі жау ел болмас, ескі мақта жіп болмас, т. б.
Сайып келгенде, “Қорқыт ата кітабының” сюжет құрылысы, эпикалы бейнелері, композициялық желісі, елең құрылысы, көріктеу құралдары — қазақтың “Алпамыс”, “Бозжігіт”, “Қозы Қөрпеш — Баян сұлу”, тағы басқа толып жатқан жырдастандарына жақын тұр.
Қорқыт атаның “Қорқыт ата кітабында” автордың ой-
өсиет-нақыл пікірін философиялық тұрғыдан тұжы-
сөздері. рымдайтын ғақлия сөздер, өсиет-нақылдар, қанатты сөз тіркестері жиі ұшырайды. Қорқыт ата есімімен байланысты мұндай үлгі-өнеге сөздер ел аузында да көп сақталған. Енді Қорқыт атаның өсиет-нақыл сездерінен мысал келтірейік.
“Қорқыт ата сейлейді: Ажал уақыты жетпейікше, ешкім, де өлмес. Өлген адам тірілмес, шыққан жан кері келмес. Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбентер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес. Гүрілдей-шұбыра сулар тасыса, теңіз толмас. Тәкаппарлықты тәңірі сүймес. Көңілі пасық ерде дәулет болмас. Жат баланы қанша сақтасаң да ұл болмас. Ол ішіп-жер, киер де кетер, бірақ, көрдім демес. Қар қаншама қалың жауғанмен —жазға бармас. Гүлденіп өскен бәйшешек — күзге бармас. Тозған мақта без болмас, ежелгі жау ел (дос) болмас. Ат қиналмай жол шалмас. Қайыспас қара балтасыз жау алынбас. Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды. Ананың көңілі балада болар. Жақсы ана үшін бала — екі көздің сыңары. Ұлың өсіп жетілсе, ол от басының мерейі, бас-көзі. Атадан қалған малы болмаса, баланын, күні қараң.
Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ. Уа, хан ием, сізді тәңірім сондай ісінің сәті түспегендерден сақтасын”.
Қорқыт ата өзінің ел-жұртына тағы мынадай өсиет айтқан: “Жол қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке Қавказ арғымағын мінгізуден келер пайда жоқ. Қолы-
96
на өткір қылыш алып, соны жүмсай білмеген қорқаққа сермеп, күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садағыныц оғы да қылыштай кесіп түседі. Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған тұз артық. Ат жемейтін ащы шөптің гүлденіп өспегені жақсы. Адам ішпес ащы судың жылға қуып ақпағаны жақсы. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып, тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік сөз ерге баспайды. Өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық. Сөзіне берік, шыншыл адамға бұл дүниеде отыз жылды үшке көбейтіп, өмір сүрген де аз. Хан ием, сізге сансыз ұзақ ғұмыр тілеймін. Тәңірі сізді жамандықтан сақтап, бақ-дәулетіңіз арта берсін”.
Қорқыт бұдан басқа не айтқан екен соған келелік: “Хан ием сайдың шөбін жеген білер, түздің шөбін бөкен білер. Күн мен түннің келгенін бозторғай білер. Ұлдың кімнен туғанын ана білер. Иесінің иісін ат білер. Жүктің ауыр-жеңілін есек білер. Беліне қай жерден арқан түскенін тең білер. Қолына қобыз ұстаған ұзан елден елге, бектен бекке барады. Кімнің батыр, кімнің бақыл екенін жырау білер. Қобызын сарнатқан жырауға думан керек. Уа, хан ием, мынау жарық дүниеде тәңірім (сіз бен бізді) адастырып, жарты жолда қалдырмасын”.
“Әйел төрт түрлі болады,— депті Қорқыт.—Оның бірі — ниеті қураған әйел, екіншісі — ынсапсыз әйел. үшіншісі — үйдің құты болған әйел, төртіншісі — кесір әйел. Әйел біткеннің ең жаманы осы.
Отбасының құты_(тірегі) болған әйел даладан бір қонақ келсе, үйінде ері болмаса да, оған сусын беріп, бар дәмін алдына қояды, сыйлап аттандырып салады. Бұлар Айша ман_Фатимадан бата алған әйелдер. Хан ием, мұндай әйелдер мыңдап өссе де көп емес, бәлки аз. Сіздің ошағыңызға сондай әйел кез болсын.
Одан соңғысы-ынсапсыз, қанағатсыз әйел. Ондай әйел таңертең төсегінен тұрып, беті-қолын жумастан тоғыз тоқаштың бәрін аударыстырып, ең тәуірін таңдап жейді, аузын томпайтады, бір шелек айранды басына кәтеріп, қарынды қампитады, содан соң маңдайын сабалап, жылана бастайды да: “Қараң қалғыр, осы күйге мен қайдан душар болдым. Бір күн қарным тойып ас ішпедім, жүзіме күлкі келмеді, аяғыма ілген башмағым болмады, бетімнен перде түспеді. Ерім өліп басқа біреуге тисем, бағым ашылар еді,
97
сол үмітім өшпесін”,— дейді. Хан ием, ондай әйел мың болса да өсіп-өнбесін, сіздің ошағыңызға кез бола көрмесін.
Одан соңғысы_салақ әйел дейміз.Ондай әйел төсегінен~тұрған соң беті-қолын жуады, үйдің (шатырын) ол шеті мен бұл шетіне қарайды да, күбіні абыл-құбыл пісіп, көрпе-тесегін жинайды. Содан соң “шүу!”— деп ауыл кезіп, түс қайта үйіне оралады. Келсе үйі ұрланған, қазан-аяғын ит жалаған, бие-бұзау сүйкеніп, үйдің қорада байлаулы қалған сиыры мөңірей-.ді. Келе сала әйел көршілеріне барып, шаптыға бастайды: “Ау, қыздар-ау, Зылихам, Зүбайрам, Руғейдам, бикештерім. Уа, азамат туған жігіт-желеңдерім, Айна-Мәлік, Құтты-Мәлік қайда едіңдер? Ойбай-ау, үйім күлап қалыпты, түнде қайда жатамыз? Мені ерігіп жүр дедіңдер ме? Зәру жұмыс болған соң кетіп едім ғой. Үйіме неге көз қырын салмадыңдар? “Көрші ақысы — тәңірі ақысы деген қайда?”— деп безек кағады. Хан ием, ондай әйел мың болса да өсіп-өнбесін, сіздің ошағыңызға кез болмасын.
Ең соңғысы — адам тілін алмайтын кесір (қырсық) әйел. Үйге түзден бір ұятты қонақ келіп, ері оған: “Орныңнан тұрып, нан әкел, желік, қонағың да жесін”— десе әйелі еріне: “Үйде піскен нан жоқ”,— дейді. “Барыңды бер”,— десе, әйелі: “Не сандалып отырсың, үйіңнің әлдеқашан қу молаға айналғанын білмейсін, бе? Үйде ұн жоқ, диірменге кеткен түйе қайтқан жоқ, оны, не әкелері белгісіз. Дастарқанымды жемесе берерім жоқ”,— деп бармағын көрсетеді, еріне сыртын беріп, дастарқанды кісі алдына лақтырып тастайды. Ондай әйелге мың сөз айтсаң, соның бәріне де жауап қатады, бірақ ерінің айтқанын құлақка ілмейді. Ондай әйелді Нұх пайғамбардың көз жасынан пайда болғандар дейміз. Хан ием, сізді алла осындай әйелдерден сақтасын, ондай әйел сіздің ошағыңызға кез болмасын”1.
Әрине, мұнда кейбір ескірген ұғымдар да бар. Дегенмен өзінің философиялық, тәрбиелік мән-мағынасын ешқашанда жоймайтын, қайта уақыт өткен сайын құлпырып, ажарлана түсетін есиет-нақыл сөздер “Қорқыт ата кітабында” көп.
1 “Қорқыт ата кітабы”. “Жазушы” баспасы, 1986, 8—9-бет.
98
ОҒЫЗ-НАМЕ
(Оғыз қаған эпосы)
“Оғыз-наме”—түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық шығарма. Соның өзінде, шығарманың сюжеттік желісі жеке ру-тайпалар шежіресіне негізделген емес. “Оғыз-наме”— әрі көркем, әрі тарихи туынды деуге болады.
“Оғыз-наме” көркем қара сөз, яғни проза түрінде жазылған шығарма екені даусыз. Әйтсе де оның әдеттегі прозалық шығармалардан өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда - қара сөздің өзі белгілі бір ырғаққа, сөздің ішкі ұйқасына бағынатын сияқты. Мұны кезінде шежірешілер әуезді жүйеге салып, түрлі-түрлі мақаммен жыр сияқты етіп оқитын болған. Сол себепті Оғыз батыр жайындағы хикая-аңызды кейде “Оғыз-жыры” немесе “Оғыз батыр дастаны” деп те атай береді. Халық арасында осы атаулары жиірек айтылады.
“Оғыз-намеде” негізінен Оғыз қағанның әскери жорықтары, батырдың қан майдан соғыстағы ерлік істері мадақталады. Шығарманың негізгі идеясы — елді ауыз бірлікке, ерлікке, адамгершілікке үндеу, халықты сыртқы жауға қарсы күреске шақыру.
Эпостық сарында жазылған “Оғыз-наме” хикаясының тарихи негіздерін дұрыс аңғару үшін оғыз тайпалары бірлестігі жайында бірер сөз айта кетейік. Оғыздар — ертедегі түркі тайпаларының бірі. Олар көбінесе дерлік Сырдарияның төменгі ағысы мен Қаратау бөктерін мекендеген. Ұзақ жылдар бойы көршілес тайпалармен соғысып, Арал теңізінің батысы мен Каспий теңізінің солтүстік жағалауын өздеріне қаратып алады. Кенгар-печенек бірлестіктеріне қарсы IX—X ғасырларда жүргізілген осы соғыстардың оқиғалары “Оғыз-наменің” сюжеттік желісіне негіз болған.
Сонымен, X ғасырда оғыздардың саяси бірлестігі — оғыз мемлекеті құрылғанда астанасы Сырдың төменгі ағысындағы Жаңакент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болған.
Оғыз тайпалары бірлестігі 965 жылы Киев Русымен одақтасып алады да, екі жаққа бірдей қатер төндіріп түрған қуатты Хазар кағандығына қарсы соғыс ашады. Ақыры хазарларды жеңіп, Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауын да жаулап алады. Арадан жиырма
99
жыл өткен соң оғыздар орыс князьдарымен біріге отырып, Еділ мен Кама өзендері бойындағы бұлғарларды да тас-талқан етіп жеңіп шығады.
Міне, бұл зор жеңістердің бәрі Оғыз мемлекетінің күш-қуатын, саяси беделін бұрынғыдан да арттыра түседі. Оғыздардың жаужүрек ерлігі туралы алуан түрлі аңыздар тарайды. “Оғыз-наме”— оғыздар жайындағы осындай аңыз-ертегілер желісіне құрылған көркем шы-ғарма.
Қыпшақтардың қатты тегеуірініне төтеп бере алмаған оғыздар XI ғасырдың орта шеңінде Депті Қыпшақтан батысқа қарай ығысып кетеді. Бірақ олардың бәрі бірдей қоныс аударған жоқ еді. Қазақстан жерінде қалып қойған оғыздар бірте-бірте қыпшақ, қарлүқ, каңлы, тағы басқа түркі тілдес тайпаларымен араласып, солардың этникалық құрамына біржола сіңісіп кеткені мәлім.
“Оғыз-наменің” Оғыз қаған немесе Оғыз хан туралы сан
нұсқалар қилы аңыздар түркі халықтарының арасында
Зерттелуі. ерте кезден-ақ кең тараған. Ежелгі аңыз-ертегілерде Оғыз — түркі халықтарының теңдесі жоқ алып батыры, әскери қолбасшысы, өз елінің қамқоршысы ретінде бейнеленеді. Оғыз батыр және оның көптеген ұрпақтары туралы ауызша айтылып жүрген алуан түрлі ертегі-аңыздар бертін келе қағазға түсіріледі.
Тегінде Оғыз батыр жайындағы аңыздар ертеректе, IX—X ғасырларда-ақ қағазға түсірілген болса керек. Бірақ Оғыз жайындағы хикаяның осы алғашқы түпнұсқасы сақталмаған.
Бұл көркем туындының ауызша тараған нұсқалары негізінде кейінірек қайта жазылған екі түрлі нұсқасы бар. Бірі —ұйғыр әрпімен көшіріліп жазылған. “Оғыз-наме” жырының осы нұсқасы Париждің ұлттық кітапханасының қорында сақталып келеді. Ал, екіншісі — араб әрпімен жазылған. Оғыз батыр туралы аңыздардың араб әрпімен жазылған нұсқасының авторы — атақты тарихшы, белгілі әскери қолбасшы, Хиуаның ханы Әбілғазы бин Араб Мұхаммедхан (1603—1663 ж.).
Тарихшы-ғалым ретінде Әбілғазының жазып қалдырған екі еңбегі бар. Бірі —“Шежере-й терекіме” (“Түрікмен шежіресі”), екіншісі—“Шежере-й түрік” (“Түріктер шежіресі”). Бұл екі шығармасы да Оғыз хан жайында деуге болады. Бұлар Оғыз батырдың ерлік жорықтары, оның ұрпақтары атқарған игілікті істер,
100
оғыз тайпаларының шығу тегі, түрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, т. б. туралы сыр шертетін ежелгі эпостық сюжетке құрылған.
Әбілғазы жазған “Түрікмен шежіресінің” түпнұсқасы сол күйінде бізге жетпеген. Бұл шығарманың әр уақытта, әр жерде, әр түрлі хуснихатшылар тарапынан көшірілген жеті нұсқасы сақталған. Белгілі совет тюркологі А. Н. Кононов соның бәрін жинап, егжей-тегжейлі зерттеді, ғылыми негіздегі текстін әзірлеп, бір ізге түсірді, әрі оны орыс тіліне аударып шықты1.
Әбілғазынын, “Түрікмен шежіресінде” жер бетінде адамзаттың пайда болуы, Оғыздың туылуы, патшалық етуі, оныд Туран және Үндістанға, Иранға, Сирияға, Египетке жасаған жорықтары, Оғыз батырдың өз еліне оралып, үлкен той жасауы, Оғыз ханның үлкен ұлы Күн ханның таққа отыруы, онын, өзіне қарасты жиырма төрт аймақты інілері мен балаларына бөліп беруі, Оғыз ұрпағының таңбасы мен тамғасы, т. б. туралы ғажайып хикаялар айтылады. Мұның бәрі бірдей аңыз емес. Шежіреде түркі елінің ежелгі тарихына тікелей қатысты нақты деректер де көп. Соның бәрін автор тарихшы ретінде ғана емес, көркем сөз зергері ретінде де шебер бейнелеп әңгімелеп береді.
Әбілғазы өз шығармасының жазылуы жайында айта келіп, “бұл кітапты біз “Түрікмен шежіресі” деп атадық. Бізге дейін түріктердің тарихьш жазғандардың бәрі халыққа өзінің таланты мен өнерін көрсету үшін араб сөздерін араластырып, сондай-ақ парсы сөздерін қосып жазды, түркі тілін ұйқасты қара сөзге айналдырып жіберді. Біз ондай ешнәрсе істеген жоқпыз. Өйткені бұл кітапты оқитын яки тыңдайтын кісі, әрине, түрік болатыны хақ. Әрбір адамға түсінікті болу үшін түрікпен түрікше сәйлесу керек қой” деп жазады2.
Ал, “Оғыз-наменің” ұйғыр әрпімен жазылып, Париж ұлттық кітапханасында сақталып келген нұсқасын тілдік тұрғыдан зерттеп, оған ғылыми түсініктеме берген ғалым — түркі тілдерінің көрнекті маманы А. М. Щербак болды. Ол “Оғыз-наменің” транскрипцияланған текстін дайындады, оны орыс тіліне жолма-жол аударма жасады.
Әрине, Оғыз батыр жайындағы аңыздардың жоғарыда біз айтқан
1 А. Н. Кононов. Родословная туркмен. Сочинение Абдул-газы хана Хивинского. М,— Л., 1958. 2 Бұл да сонда 36-бет.
101
екі нұсқасы сюжеті жағынан бір-біріне жақын. Дегенмен әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері де бар. Мәселен, Оғыз қағанның билік пен байлықты өз балаларына бөліп беру эпизоды екі нұсқада екі түрлі суреттеледі. Ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасында алтын садақ пен күміс жебелердің бар екенін Ұлы Түрік түс көріп біледі. Ал, “Түрікмен шежіресінде” садақ пен жебені нөкерлер құмға көміп тастаған болып шығады.
Әбілғазы “Түрікмен шежіресін” жазу үстінде атақты Рашид ад-Диннің “Жами ат-тауарих” (“Шежірелер жинағы”) атты еңбегіндегі кейбір мәліметтерді пайдаланған. Сонымеы бірге, тарихшы-ғалым біздің заманымызға дейін сақталмаған, яғни бүгінгі ғылымға белгісіз бірқатар шежірелермен кезінде жақсы таныс болған сияқты. “Түрікмен шежіресі” оғыздар жайындағы нақты тарихи деректерге мейлінше бай екені даусыз.
“Оғыз-наменің” біз атап кеткен екі нүсқасынан басқа да бір қатар варианттары бар. Мәселен, Оғыз жөніндегі деректер атақты тарихшы Хондамирдің (1475—1535 ж.) “Хуласат ал-ахбар” (“Тарихи мәліметтер жинағы”) атты еңбегінде де бар. Ал, енді Стамбул нұсқасында “Оғыз-наме” аңызы “Қорқыт ата кітабымен” біріктіріліп берілген. Шынында да “Оғыз-наме” мен “Қорқыт ата кітабының” кейбір тұстары өзара үндесіп жатады. “Оғыз-наме” аңызының бұлардан басқа да көптеген нұсқалары бар. Әйтсе де соның бәрі біз жоғарыда атап айтқан екі нұсқаның біріне—не ұйғыр әрпімен көшірілген Париж нұсқасына немесе араб әрпімен көшіріл-ген Әбілғазы нұсқасына әкеліп саяды.
“Оғыз-наменің” ұйғыр әрпімен кешірілген нұсқасы тарихи шежіреден гөрі көркем шығармаға жақын. Сондықтан біз енді негізінен “Оғыз-наменің” ұйғыр әрпімен көшірілген нұсқасын әдеби-тарихи тұрғыдан танып-білуге әрекет жасаймыз.
Міне, “Оғыз-наменің” осы біз айтып отырған нұсқасы тілі көркем, көріктеу құралдары сан түрлі, композициялық құрылысы ширақ жасалған, бейнелі, қанатты сездерге бай больш келеді. “Оғыз-наме” күні бүгінге дейін әдеби туынды ретінде толық зерттелген емес. Рас, араб әдебиетшісі Риза Нура “Оғыз-наменің” поэтикалық формасы, эпикалық стилі, тіл байлығы, көріктеу құралдары, композициясы жайында құнды пікірлер айтқан еді. Бірақ “Оғыз-намені” бүгінгі түркі тілдес халықтардың әдебиетінің ежелгі тарихы тұрғысынан ешкім
102
егжей-тегжейлі зерттеген емес. Ал, “Оғыз-намені” өзге тілдерге аударма жасау ХІХ-ғасырдың бас кезінде-ақ қолға алынған болатын. Солардың бірі —“Оғыз-наменің” Дитц жасаған неміс тіліндегі аудармасы еді. Одан кейінірек, бертін келе бұл шығарманы орыс тіліне жолма-жол аударып, оған ғылыми түсініктеме жазған
В. В. Радлов болды.
Достарыңызбен бөлісу: |