Қазақ әдебиетінің



жүктеу 3,63 Mb.
бет3/20
Дата14.11.2017
өлшемі3,63 Mb.
#414
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Ежелгі қалалар. Археологиялық зерттеулер қазіргі Қа-

Сәулет өнері. зақстан территориясынан VI—X ғасыр-

лардағы жүздеген тұрақты қоныстар мен қалалардың көне жұрттарын тауып, ежелгі түркі тайпаларының өзіндік материалдық және рухани мәдениеті болғандығын анықтап отыр. Қазақстан жеріндегі қалалардың тарихи дамуына тән бір құбылыс — мұнда отырықшылық пен көшпенділік өзара тығыз байланысты болған. Дәлірек айтсақ, көшпелі жұрт егіншілік және қолөнер кәсібімен де айналысып, отырықшы — қала халкының қатарын көбейтсе, соны-мен бір мезгілде, отырықшы халық қайтадан мал шаруа-



26

шылығымен айналысып, көшпелі халықтың санын арттырып отырған.

Сөйтіп, VI—X ғасырлардағы қалалар мен қоныстар негізінен сауда-саттық және қолөнер кәсібінің орталығы ретінде, қырдағы ел мен отырықшы аймақты өзара байланыстырушы маңызды экономикалық буын ретінде өмірге келген. Сондай-ақ қалалар феодалдық орда-замоктар жанынан салынып, бай шонжарлардың резиденциясы болған. Транзиттік сауда жолындағы керуен-сарайлар ретінде де қалалар салынған. Мәселен, “Ұлы Жібек жолындағы” бойындағы Суяб пен Тараз қалалары осындай қызмет атқарды.

Орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық саяси және мәдени орталықтарының бірі — Отырар қаласы болды. Мұнда әлемдегі аса бай кітапханалардың бірі болғандығы туралы жазба деректемелерде айтылады. Бұл қала орта ғасырда ғана емес, тіпті есте жоқ ежелгі дәуірде Тарбан деген атпен емір сүрген деп топшылайды. Тарбан қаласы туралы Қүлтегін мен Білге қаған ескерткіштерінде,— руналық жазбаларда кездеседі. Арабтар Отырарды кезінде Фараб деп атап кеткен.

Тараз каласы —VII ғасырда “Ұлы Жібек жолындағы” аса ірі мәдени орталықтардың біріне айналды. Византия елшісі Земархтың түріктерге барғаны туралы есебінде Тараз қаласы аталған. Бертін келе, X—XII ғасыларда Тараз — Қарахан әулеті билеген мемлекеттін, бір ұлысының астанасына айналды.

Қазақстанның оңтүстігіндегі аса ірі қалалардың бірі — Испиджаб (Сайрам қала жұрты) қаласы болды.

Басқа елдермен, атап айтқанда, Византиямен, Иранмен, Қавказбен, Алтаймен, Шығыс Түркістанмен, т. б. сауда және мәдени байланыс жасауда Тараз, Отырар, Сығанақ, Қаялық сияқты қалалар зор роль атқарды.

Испиджабтан шыққан керуен Қүмкент, Баба-Ата, Созақ қалалары арқылы, Орталық Қазақстанның ұлан-ғайыр далаларына Кеңгір, Жезді, Нұра, Ырғыз. Ертіс аңғарларына қарай бет алатын болған.

Қалалардың қаулап өсуіне байланысты VI—IX ғасырларда архитектура мен қосалқы өнердің жаңа үлгілері туындады. Бертін келе, X—XII ғасырларда құрылыста күйдірілген кірпіш, гипс, алебастр кеңінен қолданылып, глазурь бояуымен және ою — өрнекпен үйді безендіру кең өріс алды.

Әсіресе, Қарахан әулеті билік етіп тұрған кезде



27

Қазақстан территориясында архитектура, сәулетшілік өнері, қолөнер мейлінше дамыды. Бұған Тараз маңындағы Бабаша-хатун (X ғасыр) және XI—XII ғасырларда салынған Айша-бибі мавзолейлері т. б. дәлел. Бұлар сәулет өнерінің ғажайьш ескерткіштері болып табылады.



Тіл және жазу Біздің заманымыздан бұрынғы 1 мың

жылдықтың басында-ақ Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның далаларында сақ тайпалары мекендегенін жоғарыда айттық. Сол сақтардың солтүстік тобы түркі тілдес, ал оңтүстік тобы иран тілдес болған.

Тарихи аренаға сақтардан кейін шыққан ірі тайпалық бірлестік саналатын үйсіндер мен каңлылар да түркі тілінде сөйлеген.

Түрік қағанаты тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұлан-ғайыр өлкедегі негізгі тілге айналды. Бұрын иран тілі тобына енетін тілдерде сөйлейтін бірқатар тайпалар түркі тілінде сөйлейтін халықтармен аралас-құралас болып, енді түркі тілінде сөйлейтін болды.

Әрине, түркі тілінің сан түрлі диалектінде сөйлейтін және иран тілі тобына жататын тілдерде сөйлейтін тайпалық ұлыстар бір-бірімен үздіксіз экономикалық, мәдени байланыс жасап, қатысып тұрды. Соның нәтижесінде бұл екі топтағы тілдер бір-біріне көп ықпал жасап келді. Бұған қазіргі қазақ тілінің сөздік қорындағы парсы сөздері толық дәлел.

Батыс түрік қағанатында түрлі диалектідегі көне түрік тілдерімен қоса-қабат соғды тілі мен жазуын да пайдаланатын болған. Өйткені түрік кағандарының ордасында соғдылықтар да түрлі лауазымды қызметтер атқаратын еді.

Шамасы түріктер алғашта алфавит үлгісін соғдылардан_ үйренсе керек.

Сөйтш, түрік қағанаты тарихының алғашқы кезеңінде-ақ кене түрік таңбаларына, яғни ру символдарына ұқсас болып келетін түріктердің өз жазуы өмірге келді. Бұл жазу геометриялық пішіндегі 38 таңбадан тұрады. Ең бастысы — бұл жазу түрік тілінің фонетикалық ерекшеліктерін айна-қатесіз дәл жеткізуге мүімкіндік берді.

Міне, осы кене түрік жазу бертін келе тіл тарихын-да “Руна” жазуы деп аталып кетті. Скандинавия халықтарының тілінде “рунь” деген сөз —“құпия”, яғни “сыры ашылмаған” деген ұғымды білдіреді. Өйткені XVIII ғасырдың 20-жылдарында Орхон-Енисей аңғары нан табылған көне түрік жазуын көпке дейін

28

ешкім оқи алмады. Бұл жазудың сырын Дания ғалымы В. Томсен 1893 жылы ашты.

Орыс ғалымы Н. М. Ядринцев Солтүстік Монғолиядағы Орхон және Селенга өзендерінің бойынан осындай руна жазулары бар үлкен-үлкен құлыптастарды тапты. Бұл — Түрік қағанаты дәуіріндегі Білге қаған мен оның інісі, қолбасшы Күлтегін және қағандар кеңесшісі Тоныкөк — құрметіне қойылған ескерткіштер еді. Дәлірек айтсақ, бұлар VII ғасырда әрбір әрпі тасқа қашап жазылған кене түркі тіліндегі тұңғыш жырдастандар болатын.

Міне осы руна жазуындағы ескерткіштер тілі VI— X ғасырлардағы оғыз, ұйғыр, қырғыз, қимақ, қыпшақ, т. б. түрлі түркі тайпалары кезінде пайдаланған, солардың бәріне бірдей ортақ жазбаша әдеби тіл болды. Әрине, әрбір түркі тайпасы өз диалектінде сөйледі. Әйтсе де осы “ескерткіштердегі тіл мен әдеби қағидалардың ортақтығы ежелгі түрік тайпаларының тығыз мәдени байланыста болғанын көрсетеді және ескерткіштерді түркі тілдес бір халықтың ғана тілдік және әдеби мұрасы деп қарауға әрекеттенушілікке ешқандай дәл-ел бермейді”1.

Талас өзені бойынан табылған түрлі заттардағы, көзе мен металл ақшалардағы, құлыптастардағы жазулар да руна жазуы тобына жатады.

Шығыс Түркістан шаһарларында IX ғасырдан бастап көне ұйғыр жазуы пайда болды. Бұл ежелгі ұйғыр әрпімен жазылған туындылар тілінің өзіндік кейбір ерекшеліктері бола тұрса да, мұның өзі руналық ескерткіштер тілінің тікелей жалғасы, мүрагері еді.

Кене түріктерде ғылымның қандай дәрежеде дамығанын дәлелдейтін естеліктер өте-мөте аз сақталған. Әйтсе де түріктерде сол дәуірдін өзіне сай келетін ғылым-білімі болғаны даусыз. Әсіресе, астрономия саласындағы жетістіктері мәшһүр болған. Олар негізгі планеталар мен жұлдыздардың қозғалысын жетік біліп, олардың әрқайсысына жеке-жеке ат қойып белгілеген. Көне түріктердің ай календары, жыл қайыру жүйесі болған. Бұл жөнінде “Күлтегін” және “Мойн чур” ескерткіштерінде көптеген деректер бар.

Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының кандай болатынын күні

Қазақ ССР тарихы. Алматы, 1980, 1-том, 4б7-бет.

29

бұрын анықтап, саяхатшылар керуен жолын бағдарлайтын болған.

Көне түріктер геометрия, математика ғылымдарынан да біршама хабардар болып, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, қарауыл төбелер тұрғызуға, т. б. пайдаланған. Олар тасты металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Тас-құмды ерітіп шыны, көзе жасаған. Түрлі металдардан қару-жарақ тұрмысқа қажетті бұйымдарды кұйып жасауды да түрік шеберлері жақсы меңгерген. Құрамы күрделі глазурь бояуларын жасап, оны ғимараттарды әшекейлеу үшін қолданған. Малдың кейбір ауруларын емдеуді өте жақсы білген.

Кейінірек қазақ халқының этникалық құрамына енген көне түріктердің Сыр бойындағы қыпшақ тайпасынан өз заманының ұлы ойшылы, ғұлама энциклопедист Әбу Насыр әл-Фараби (870—950 жылдар) шықты. Аристотельден кейінгі әлемдегі екінші ұстаз атанған Әл-Фараби сол дәуірдің дәстүріне сәйкес ез еңбектерін араб тілінде жазды. Оның көне түркі заманындағы ежелгі мәдениет, әдебиет және ғылым қорына қосқан үлесі қыруар мол болды.



Наным-сенімдері. Ежелгі түріктер негізінен қос күшке -

Діни ұғымдары Көкке (оны Тәңір деп те атаған) және Жерге (Жер-Суға) сыйынатын болғаны тарихтан жақсы мәлім.

Қарапайым түріктер өздерінің қағандарын сол Көк-Тәңірінің әмірімен билік жүргізіп отыр деп түсінген. Сонымен бірге, түріктер табынатын үшінші күш болған. Ол — үйдегі от басы, бала-шағаны қорғаушы әйел тәңірісі Ұмай.

Әуелгі орта ғасырлардағы ежелгі түркілер (оғыздар, қарлүқтар, қимақтар, т. б.) әлемнің жаратылысын, өзін қоршаған ортаны да дәл осы тұрғыдан түсінген.

Ежелгі түріктер жерді, дүние кеңестігін төрт бұрышты (“төрт булуң”) деп ойлаған. Бұл төрт бұрыш:— “ілгеру” (күн шығыс), “қурыйа” яғни “кейін” (күн батыс), “беріие”—“күн ортасы” (оңтүстік), “йырайа”“түн ортасы” (солтүстік) деп аталған.

“Күлтегін” жырында Білге қаған өз жері мен халқының көптігін бұлайша баяндайды:

Ілгері — күн шығысында,

Оң жақта — күн ортасында

Кейін — күн батысында,



30

Сол жақта — түн ортасында

Осының ішіндегі халықтық бәрі маған қарайды.

Ал, “Оғыз-наме” эпосында түркі тектес халықтардың алып батыры, әскери қолбасшысы Оғыз қаған өз балаларының атын Ай, Күн, Жұлдыз, Қөк, Тау, Теңіз деп қоятыны мәлім. Мұның өзі Көк Тәнірісінде, Жер-Суға сыйынудың белгісі еді.

Оғыз батыр жорыққа аттанғанда Көкжал бөрі, яғни арлан қасқыр қағанның сан мың әскерін бастап, жол көрсетіп жүреді. Түріқтер арлан қасқырды киелі аң санап, оған арнап құрбандық шалатын болған.

Ежелгі түріктер үшін Көк пен Жерден кейін тұрған қүдіретті күш — әйел тәңірісі Ұмай болған. Мәселен, Тоныкөкке орнатылған ескерткіште мынадай жыр жолдары бар:

Тәңірі Ұмай, қасиетті Жер-Су

Бізді қарғайды, ойлану керек.

Сонымен бірге, ежелгі түріктер ен даланы, орман-тоғайды, тау-тасты, т. б. күні-түні түрлі рухтар кезіп жүреді деп түсінген. Олардың адамдарға деген қаһарын қайтарып отыру үшін жұрт сол рухтарға тасаттық, садақа беріп отыру қажет деп білген.

Жалпы “Зороастризм ілімі бойынша, әлемдегі нәрсенің бәрі бір-біріне мүлдем қарама-қарсы тұрған екі топқа бөлінеді. Олар: бірі — қайырымдылық әлемі, екеншісі — зұлымдық әлемі, бірі — сәулелі дүние, ал екіншісі — қараңғылық патшалығы. Бұл екі күштің арасында үздіксіз күрес жүріп жатады”.1

Түріктер отты киелі құбылыс есептеп, оны пір тұтқан. Зұлымдық, қараңғылық, жамандық әкелетін рухтарды отпен тазалап, аластайтын діни ғұрып болған. Түрік қағанына келген Визинтия елшісі Земархтың өзін, тіпті киім-кешегіне дейін қалайша отпен аластағанын атақты тарихшы Менандр қызықты етіп баяндаған деректер сақталған.

Ежелгі түріктер өлген адамды шаман рәсімі бойынша жерлеген. Дәлірек айтсақ, биіктеу жерге киіз үй тігіп, өлікті алдымен сол үйге қойған. Сол маңайға құрбандыққа әкелген малды байлаған. Өлген адамның жақындары жылап-сықтап, бетін тілгілеп, шашын жұлып өлік жатқан үйді жеті рет айналатын болған. Сосьш белгілен-



Л .С Васильев. История религий Востока. М, 1983, с. 61.

31

ген күні қайтыс болған кісінің киім-кешегін, барлық заттарын оның өз денесімен бірге ертеп жібереді екен. Сосын оның кулін жинап алып, туыстары қолайлы мерзімде жерге көметін болған.



Қазақстан мен Орта Азия жерін мекендеген тайпалар арасында VI—IX ғасырларда өз діндерінен бөлек, мүлдем басқа жақтан ауысып келген діни жүйелер де орын алған. Айталық, түріктер арасында буддизм, манихейлік, христиандық діндер де кеңінен тараған. Түрік қағанатындағы ақсүйектер арасында, әсіресе. буд-дизм кең өріс алған.

Бірқатар түрік қалаларында манихей және христиан қауымдары, будда храмдары, христиан шіркеулері болған. Мәселен, Жетісудың Суяб, Тараз сияқты қалаларында манихейлік монастырьлер жұмыс істегені мәлім.

Қазақстан мен Орта Азияда түркі тілдес ру-тайпаларды зорлап, ислам дініне бағындыру ісі негізінен IX ғасырдың соңы мен X ғасырдың бас кезінде жүргізіле бастаған еді. Алайда бұл аталған өлкелерді мұсылман ету процесі кейінірек барып іске асты.

ТАСҚА ЖАЗЫЛҒАН ДАСТАНДАР



(Руна жазуындағы жәдігерліктер)

Шамамен VI ғасырдың орта кезінде Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен еткен түрлі ру-тайпалар бірігіп, Түрік қанағаты деп аталатын мемлекет құрғаны тарихтан жақсы мәлім.

Міне, сол ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби мәдени өмірін жыр еткен ғажайып дастандар бар. Бұлар — “Күлтегін”, “Білге қаған” және “Тоныкөк” жырлары деп аталады. Бұдан 1250 жыл бұрын үлкен құлпытастарға қашап жазылған осы әдеби ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлігі түрғысынан да күні бүгінге дейін оқушысын таңдандырып, тамсандырып келеді.

Рас, руна жазуындағы жәдігерліктер жанры туралы соңғы кезге дейін әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Бұларды біресе прозалық шығарма десе, екінші жолы поэзиялық туынды деп келеді. Ал кейінгі кезде, әсіресе, көрнекті совет ғалымы И. В. Стеблеваның “VI—VIII ғасырлардағы түркі поэзиясы” деген еңбегі басылып шыққаннан



32

кейін руна жазуындағы әдеби мұралар поэзиялық туынды деп танылды.

“Сонымен катар дәл Стеблеваның ұғымындағыдай, ескерткіштегі сөз біткеннің бәрін бірдей ағыл-тегіл өлең деуге болмайды. Қазақтың “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”, “Алпамыс”. “Қобыланды” тәрізді әйгілі жырларында кездесетін өлең арасындағы әлқисса-түсіндірме керкем қара сөздер мұнда да кездесіп, араласьш отырады. Көне түркі авторлары, өзімізге әбден қанық қазақтың батырлар жырларындағыдай, болашақ жорықтарды немесе өткен оқиғаны акындық тәсілмен, үлкен пафоспен баяндай отырып, өздеріне елеусіз деп есептеген сәттерді жыр арасында кара сөзбен жеткізіп те отырған. Әдетте мұндай прозалық жолдардың керкем болуы шарт емес, керісінше түсінікті болу жағына баса мән берілген. Осы заңдылықты Күлтегін, Білге Қаған, Тоныкөктерге арналған үш шығарманың үшеуінде де кездестіреміз. Өз кейіпкерін дәріптеуде, оның жойқын соғыстарда көрсеткен есепсіз ерліктерін суреттеуде сан түрлі бояуды, бейнелеу тәсілдерін мол пайдалана отырып шабытпен жырлаған автор бір сәт прозалық баяндауды да қолданады. Мұны біз көне түркі ғұламаларының эпикалық мұра жасаудағы қалыпты, дәстүрлі әдісі ме деп ойлаймыз.”1

“Күлтегін” жырындағы мынадай өлең жолдарына назар аударайықшы:

Қаның судай ақты,

Сүйегін, тау боп жатты.

Бек ұлдарың құл болды.

Пәк қыздарың кұқ болды.

Тізеліні бүктірдік,

Бастыны еңкейттік.

Еліміз қайта ел болды,

Халқымыз қайта халық болды.

Міне, осы ерлік пен ездік, соғыс пен бейбітшілік, құлдық пен тәуелсіздік жайында тебірене толғайтын ғажайып жыр жолдарын ақын бұдан бір мың екі жүз елу жылдай бұрын жазыпты. Демек, әрбір шумағы әсем айшық-өрнектерге, сезім толғаныстарына, жанды бейнелерге толы бүгінгі өресі биік поэзияның қайнар-бастауы.

1 М. Жолдасбеков. Асыл арналар. “Жазушы” баспасы, 1986, 40—41 бет. Орхон жазба ескерткіштерінен мысалға келтірілген жыр жолдары да осы кітаптан алынып отыр.— Н. К-

33

түп тамыры көне тарихтың тұңғиық тереңінде жатқаны ғой.



Көне түрік қағанаты дәуірінде, дәлірек айтсак ҮШ-ғасырда әрбір әрпі құлпытасқа қашап жазылған, әрбір сөзі адамның жан жүйесін еріксіз тебірентетін. әрбір шумағы астарлап айтылған ой-толғаныстарына толы, қадым замандардан сақталып, бізге жеткен сөз патшасы бүгінгі оқырманына да әмірін жүргізеді — оған эстетикалық ләззат беріп, ой мен сезім әлеміне жетелейді. Қиыннан қиыстырып, айтар сөзін айшықтап, ажарлап, сан түрлі бояумен құбылтып жеткізген ежелгі заман ақынының шеберлігіне таңырқап, талантына тәнті боласыз.

Адамзаттың көркемдік талғамы ерте замандардан бастап дамығанын дәлелдейтін ғажайып көркем сөз ескерткіштері тек көне түркілерде ғана емес, өзге халықтарда да жиі ұшырайды. Мәселен, ежелгі вавилон елінің “Көрмегені жоқ кісі” деп аталатын батырлық поэмасы біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдар шамасында жазылыпты. Бұл — адамның сұлулығы мен ұлылығы, батырлығы мен асылдығы жайындағы гимн деуге болады. Ал, енді үнді жұртының бұдан да ертерек жазылған “Махабхарата” деген көркем туындысы адам бойындағы асыл қасиеттерді жырлауға арналған. Бұл дастан он тоғыз кітаптан тұрады, жалпы көлемі екі жүз он төрт мың жол өлең болып келеді.

Міне, осындай көркем сөз ескерткіштері ежелгі түркі халықтарында да аз емес. Солардың бірі — ежелгі түркі мемлекетінің көрнекті әскери косбасшысы Күлтегін (684—731 жылдар). оның ағасы Білге қаған (683—734 жылдар) және қағанның кеңесшісі, ақылгөй қарт Тоны. кек туралы тасқа қашалып жазылған әдеби жәдігерліктер.

Орхон-Енисей Бұл жазба ескерткіштердің әрқайсысына жеке- ескерткіштернің жеке әдеби талдау жасаудан бұрын осы көне

зерттелуі. дәуір мұраларының табылуы, зерттелуі және өзге тілдерге аударылуы жайында бірер сөз айта кетейік. Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы құлыптастар (ескерткіштер) та-

былғаны туралы алғашқы хабарды Н. Қ. Видзен, С.У. Ремезов, сондай-ақ Сибирьде айдауда жүрген швед офицері И. Т. Стрален-берг пен немістің белгілі ғалымы Д. Г. Мессершмидт, т. б. XVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.

34

Скандинавия халықтарының тілінде “Рунь”, яғнн “Руна”



деген сөз қазақша аударғанда “сыры ашылмаған”, “кұпия” деген мағына береді. Табберт-Страленберг өзі тапқан құлпытастардағы бұрын-соңды тарихта белгісіз болып келген, ешкім түсінбейтін

жат жазуды өз елінің тілінде “руна” жазуы деп атаған еді. Бұл

тіл білімінің термині ретінде бертін келе кеңінен тарап кетті.

Орыс География қоғамының Шығыс-Сибирь бөлімі 1889 жылы Монғолияға арнайы экспедиция ұйымдастырды. Оны белгілі орыс саяхатшысы әрі ғалымы Н. М. Ядринцев басқарып барып, Орхон өзені аңғарынан “құпия” жазуы бар үлкен-үлкен екі ескерткіш тапты. Осы құлпытастардағы белгісіз жазулардың сырын ашу үшін В. В.Радлов 1801 жылы сонда барып, бірқатар ғылымн-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Бұл кезде Финляндия археологияық қоғамы да Енисей өзені бойына, Минусиск қаласына екі мәрте ғылыми экспедиция жасап қайтқан еді.

Сөйтіп, 1892_ жылы Петербург пен Гельсннгфорста орыс және фин ғалымдары жасаған эспедицияларының жұмыс қорытындысы туралы есептері баспасөзде жарияланды. Ғалымдар ескерткіштердегі жазуларды суретке түсіріп, атлас жасаған еді.

Алайда бұл руна жазуының құпиясы кепке дейін ашылмай-ақ қойды. Ескерткіштердегі жазуды ешкім оқи алмады. Ол туралы әр түрлі болжам айтыла бастады. Бұл жазудың түп тамыры ежелгі грек мәдениетіне қатысты деушілер де, оны ежелгі монғол жазуы, фин жазуы, скиф-славян жазуы деп жорамал жазудың сырын ғылыми негізде ашып бере алмады.

Ақыры 1893 жылғы қарашаның 25- күні_Дания корольдік Ғылым академиясының мәжілісінде Вильгелм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған оскерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Сондай-ақ ол бұл ескерткіштер түркі халықтарының тілінде жазылғанын мәлімдеді. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері “тәңірі” және “түрік” деген сездер екен.

Дәл осы кезде академик В. В. Радлов та өз бетінше ізденіп руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді Арадан көп уақыт өтпей-ақ В. В. Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы текстіні толық оқып, сосын оны аударма жасап шықты.

35

Солтүстік Монғолиядағы Орхон өзені бойынан Н М, Ялриниев тапқан ескерткіштер — Шығыс Түрік қағанатының он жетінші қағаны Білге қаған (алғашқы аты Могилянь) мен қағаннық інісі, данқты әскери қолбасшы Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған ұзақ жыр жолдары еді.



Сөйтіп, руна жазуындағы еқ үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылды. Осыған орай руна жазуының өзін бертін келе “Орхон-Енисей” жазуы деп атап кетті. Ал, бұл жазуды тілі мен сипатына қарай бағалап, оны көне түркі жазуы деп те атай береді.

Белгілі орыс саяхатшысы әрі ғалымы Н. М. Ядринцев көне түркі ескерткіштерін іздестіруді осымен -шектеп_қойған жоқ. Тағы да іздене түсті. Ақыры-1891 жылы Монголияның Онгин деген өзен алқабынан тағы бір құлыптасқа бедерлеп жазылған ескерткіш тапты. Бұл кейінірек ғылымда “Онгин ескерткіші” деп аталып кетті. Көп ұзамай-ақ түрколог ғалымдар Онгин жәдігерлігін де оқып шықты. Сөйтсе, әлгі тастағы жазу — түрік елінің атақты қағаны Білге қаған мен оның інісі Күлтегінің әкесі мен шешесіне, яғни Елтеріс қаған мен Елбілге қатынға қойылған ескерткіш екен.

Кейінірек сол маңайдағы Селенга өзені аңғарынан түрік елін билеген бірнеше қағанның, кеңесшісі болған, данышпан қарт Тоныкөк құрметіне қойылған ескерткіш табылды. Оны тапқан ағалы-інілі Клеменцтер еді. Іле-шала түркологтар Тоныкөк ескерткішін жан-жақты зерттей бастады.

Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін оқу, басқа тілдерге аударма жасау және ғылыми текстін дайындау ісіне В. В. Радлов, В. В. Томсени Ю.Немет, X. Н. Оркун, т. б. орыс және шет ел ғалымдары қыруар мол үлес қосты. Әсіресе, көрнекті совет ғалымы

С. Е. Маловтың бұл саладағы еңбегі ерекше зор болды, Ол көне түркі жазуындағы текстердің орыс тіліне дұрыс тәржіма жасалу жағына көбірек назар аударды. С. Е. Малов бір-қатар аудармаларға едәуір түзетулер енгізді. Ең бастысы — осы текстеге тарихи және филологиялық тұрғыдан түсінік-сипаттама берді.

Көне түркі тілі мен әдебиетін зерттеушілер, әсіресе, Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштеріне көбірек назар аударды. Бұларды бірнеше Европа тіл-



36

деріне, орыс тіліне, қазіргі түркі тілдеріне тәржіма жасады. Өйткені бұл жәдігерліктер — түркі тектес ежелгі ру-тайпалардың рухани өмірін бейнелеген көркем әдебиет туындылары болып табылады. Осы аталған үш әдеби ескерткішті бүгінгі әдебиеттану ғылымы тұрғысынан зерттеуде совет ғалымы И. В. Стеблева еңбегінің аса жемісті болғанын ерекше атап көрсету керек. Ол тұңғыш рет көне түркі тіліндегі жырлардың поэтикасын, өлең құрылысын, ұйқасын, ырғақ пен шумағын, тармақ пен бунағын, т.б. теориялық тұрғыдан зерттеп, бұл жайында бұрын-соңды айтылған турлі болжам ! пікір-лерді белгілі бір ғылыми жүйеге келтірді. Әсіресе, оның ежелгі түрік сөз зергерлерінің ;образ жасау әдістері, әдеби-эстетикалық байыптаулары, көріктеу құралдары, тарихи шындық пен көркем шындық жайындағы концепциялары туралы айтқаң ой-пікірдері бүкіл әдебиет тану ғылымына жаңадан қосылған сүбелі үлес болды.



Кене түркі эдеби Түрік қағанатының ұлан-ғайыр өлке-ескерткіштерінің сін мекендеген сан алуан тайпалардың

тілі бәріне бірдей түсінікті ортақ тілі бол-

ды. Дегенмен тілі, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы және қоғамдық қарым-қатынастарының өзара жақын, тіпті ортақ болғанына қарамай қағанат құрамындағы әрбір тайпаның өзіндік тіл ерекшеліктері бар еді. Мәселен, Орхон аңғарынан табылған ескерткіш-жырлардың тілін бірқатар лингвистер қазақ тіліне жақын десе, енді біреулері қырғыз немесе хакас, алтай тілдерімен туыстяс деген пікір айтады. Бұл тіл — бірнеше түркі тілдерінің тарихи ортақ мұрасы деп қараушы ғалымдар да бар. Әрине, бұл пікірлердің бәрі де әлі де болса айқындай түсуді талап етеді.

Соның өзінде, көне түркі жазба ескерткіштерінің тілін қазіргі қазақ тілі фактілермен салыстыра отырып зерттеуші бір топ ғалымдар Күлтегін, Білге, қаған, Тоныкөк құрметіне жазылған жыр жолдарының тілі дыбыстық жағынан да, лексикалық және морфологиялық тұрғыдан да қазақ тіліне жақын деген ғылыми пікірді басымырақ айтып жүр. Мәселен, С. Аманжолов, Ғ, Мү-сабаев, Ғ. Айдаров, А. Аманжолов, Е. Ағманов, А. Есенғұлов, Қ. Өмірәлиев, т. б. бірқатар лингвист-ғалымдар осы пікірді әрқайсысы түрлі қырынан келіп дәлелдеп, аса құнды ғылыми еңбектер жариялады.

Солардың ішінде, әсіресе, белгілі тіл маманы Ғ, Ай-



37

даровтың зерттеуі Орхон ескерткіштерінің тілш тереңірек танып-білуге көп септігін тигізіп келеді.1

Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк жырларындағы сөздердің көпшілігі дерлік аударма жасамай-ақ сол жазылған қалпында қазіргі қазақ оқырманына жақсы түсінікті. Бұған Күлтегін ескерткішінің кіші жазуы мен үлкен жазуынан бірнеше мысал келтірейік.

Ол йереру барсар,

Түрк будун өлтечісісен

Мазмұны:


Ол жерге барсаң

Түркі халқы, сен өлімшісің.

Осындағы “йір — жер, “ол”— ол, “барсар”— барсаң,

Інім Күлтегін ер ат болты Мазмұны:

Інім Күлтегін ер атағын атанды.

Бұл өлең жолындағы: “інім”— інім, “ер”—ер, “ат болты”— атанды.

Інім Күлтегін бірле сөзлешдіміз

Мазмұны:


Інім Күлтегінмен ақылдастық.

Немесе:


йерчіер йанулуп, боғузланту.

Мазмүны:


Жерші (жол бастаушы) жер жақылып, бауыздалды.

Біз әңгіме етіп отырған жырлардағы көптеген лексикалық элементтер қазір де сол күйінде айтылады немесе лексикалық тұлғасын сәл ғана өзгерткен: “қыз”— қыз, “келін”— келін, “ел”— ел, халық, “оқ”— оқ, “бай”— бай, “буйуруқ”—бұйрық, “йағы”— жау, “куч ”- күш, “құт”— құт, бақыт, “біліг”— білім, “куң”_-күң “йегрен”— жирен, “йашыл”— жасыл, “көк”- көк, “торығ”— торы, “атлан”— аттан, “аңла”—



1 Г. Айдаров. Язык Орхонских памятников древнетюркской пи-сьменности УІІІ-века. Алма-Ата, 1971.

38

түсін, “йығ”—жық, “есід”—есіт, “кісі”—кісі, “тағ”— тау, “алтун”— алтын, т. б.



Мұның бәрі Күлтегін, Білге каған, Тоныкөк ескерткіш-жырларының тілі өзгелерінен гөрі қазіргі қазақ тіліне жақын тұрғанынан дерек берсе керек. Әйтсе де тек тілдік фактыларға қарап бұл жазба жәдігерліктерді түркі тілдес бір ғана халықтың мұрасы деп санау дұрыс болмас еді.


жүктеу 3,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау