Автомобиль көлігіндегі еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы


§5. Слесарлық және майлау жұмыстары



жүктеу 2,64 Mb.
бет6/16
Дата17.11.2017
өлшемі2,64 Mb.
#1150
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
§5. Слесарлық және майлау жұмыстары

 

363. Гайка кілттерімен жұмыс істеген кезде, оларды гайкалардың өлшемдеріне сәйкес таңдау, кілтті гайкаға дұрыс қою қажет.

364. Шапқымен немесе басқа шапқыш сайманмен жұмыс істеген кезде көзді металл ұшқындарынан сақтауға арналған қорғаныш көзілдірікті пайдаланылады, сондай-ақ қолды қорғау үшін шапқыға қорғаныш тығырығы кигізіледі.

365. Тесіктердің біліктестігі конус жиектеменің көмегімен тексеріледі.

366. Автомобильден ажыратылған тораптар мен агрегаттарды орнықты арнайы тұғырықтарға, ал ұзын бөлшектерді стеллаждарға орнатады.

367. Электр сайманымен жұмысты бастаудың алдында жерлестірудің болуы мен жарамдылығын тексереді. Кернеуі 42 В-тен жоғары электр сайманымен жұмыс істеген кезде қорғану құралдарын (резеңке қолғап, галош, кілемшелер, құрғақ ағаш стеллаждар) пайдалану қажет.

368. Электр энергиясын беру тоқтатылған кезде немесе жұмыстағы үзілісте электр сайманы электр желісінен ажыратылады.

369. Тасымалданатын шамды пайдаланудың алдында шамда қорғаныш тордың бар болуы, кабель мен оның оқшаулағышының жарамдылығы тексеріледі.

370. Пневматикалық сайманмен жұмыс істеген кезде сайманды жұмыс күйіне келтіргеннен кейін ғана ауаны беруге рұқсат етіледі.

371. Пневматикалық сайманның шлангаларын ауа беруді сөндіргеннен кейін ғана қосуға және ажыратуға рұқсат етіледі.

372. Дәнекерлейтін лампылар, электрлік және пневматикалық саймандар, нұсқау алудан өткен және олармен жұмыс істеу ережелерін білетін адамдарға беріледі.

373. Агрегаттардағы май мен сұйықтықтың деңгейін тексеру кезінде ашық отты пайдалануға рұқсат етілмейді.

374. Агрегаттардағы майлар мен сұйықтықтарды ауыстырған немесе еселеп құйған кезде құйып алу және құю тығындарын осы мақсатқа арналған сайманмен ғана бұрап алады және бұрайды.

375. Биікте орналасқан май сауыттарына майды беру үшін тексеру орында аяқтың астына қоюға стандартты тұғырық пайдаланылады.

376. Автомобильдің алды мен артында жұмыс істеу үшін және тексеру оры арқылы өту үшін өтпе көпіршелері, ал тексеру орына түсу және одан көтерілу үшін арнайы саты пайдаланылады.

377. Слесарьлық және майлау жұмыстарын орындау кезінде:

1) гайканы жұлқып қысуға;

2) штепсель ажыратқышы жоқ немесе жарамсыз кезде электр сайманын желіге қосуға;

3) электр сайманын, оның кабелінен ұстап тасымалдауға, сондай-ақ олар тоқтағанға дейін айналатын бөліктеріне жанасуға;

4) пневматикалық сайманмен жұмыс істеген кезде ауаның ағынын өзіне немесе басқаларға бағыттауға;

5) кілттің ауызы мен гайкалардың және болттардың арасына төсем салуға, сондай-ақ кілтті түтікпен немесе басқа рычагтармен үлкейтуге, егер бұл кілттің құрылымда көзделмесе, рұқсат етілмейді.

 

§6. Автокөлік құралдары мен олардың



агрегаттарының техникалық жай-күйін тексеру

 

378. Автокөлік құралын желіге жіберген және желіден қайтқан кездегі автокөлік құралдары мен олардың агрегаттарының техникалық жай-күйі доңғалақтары тежелген кезде тексеріледі. Тежегіштерді байқап көру жағдайлары - бұл ережедегі ерекшелік болып табылады. Автокөлік құралының техникалық жай-күйін тексеру кезінде номенклатураны және жүргізушіге берілетін саймандар мен құралдардың жарамдылығы тексеріледі.

379. Автокөлік құралын тәуліктің қараңғы мезгілінде тексеру үшін кернеуі 42 В аспайтын сақтандырғыш торы бар тасымалданатын электр шырағын немесе дербес қоректену тетігі бар электр шамын пайдаланған дұрыс.

380. Тежегіштерді стендте сынау және байқап көру үшін автокөлік құралының стендт біліктерінен өздігінен сырғып кетуін болдырмайтын шаралар қабылдау қажет. Тежегіштерді жүру үстінде сынау және байқап көру өлшемдері, тежегіштер бұзылған жағдайда автокөлік құралы адамдарды, құрылыстарды басып кету мүмкіндігін болдырмайтын алаңдарда жүргізіледі.

381. Тежегіштерді реттеу үшін оларды тексергеннен кейін автокөлік құралын толық тоқтатады және қозғалтқышты өшіреді. Реттеуді жүргізетін адамдар қауіпсіз аймақта екеніне жүргізушінің көзі жеткеннен кейін ғана қозғалтқышты іске қосқан және автокөлік құралын орнынан қозғалтқан дұрыс.

382. Бақылау аспаптарының, оператордың көзін қарықтырмайтын жергілікті жарығы болады.

383. Диагностикалық және басқа посттарда жұмыс істейтін қозғалтқышпен жұмыс істеу, пайдаланылған газдарды тиімді шығаратын жергілікті тартып алу құрылғысы қосылған кезде ғана рұқсат етіледі. Диагностика постындағы оператордың жұмыс орны айналатын, биіктігі реттелетін орындықпен жабдықталады.



 

§7. Аккумулятор батареяларымен жұмыс істеу



кезінде қойылатын талаптар

 

384. Аккумулятор батареяларын ұйымның аумағы бойынша және үй-жайларда жылжытқан кезде, платформасы батареялардың құлап кету мүмкіндігін болдырмайтын арнайы арбаны пайдаланған дұрыс.

385. Шағын көлемді аккумулятор батареяларын қолмен тасыған кезде құралдар (қармауыштар) пайдалану және электролитті үстіне төгіп алудан сақтандыратын шараларды сақтау қажет.

386. Қышқыл электролитін дайындау арнайы ыдыстарда (керамика, пластмасса) жүзеге асырылады, бұл орайда алдымен тазартылған суды құю, содан кейін оған қышқылды жіңішке ағынмен құю қажет. Қышқылды шыны ыдыстардан арнайы құралдардың (тербелмелер, сифондар) көмегімен ғана құйып алған дұрыс. Қышқыл, электролит бар шыны ыдыстарды, шыны ыдыстардың құлауын болдырмайтын арнайы зембілдермен немесе басқа құралдармен, сондай-ақ оларды арбаларға мықтап бекітіп, тасымалдауға рұқсат етіледі. Шыны ыдыстардың тығындары тығыз жабылады.

387. Қышқыл, сілті және электролит бар барлық ыдыстарда тиісті жазулар болады.

388. Сілтілі электролитті дайындау кезінде сілті бар ыдысты абайлап және көп күш қолданбай ашқан дұрыс. Тығынына парафин құйылған ыдыстың ашылуын жеңілдету үшін ыдыстың ауызын ыстық суға батырылған шүберекпен қыздырады.

389. Күйдіргіш калийдің үлкен кесектерін, ұсақ бөлшектердің ұшуын болдырмау үшін, оларды таза матамен бүркеп үгіткен дұрыс.

390. Зарядтау үшін қойылған аккумулятор батареялары өзара батареялардың клеммаларына тығыз тиіп тұрған және ұшқын ату мүмкіндігін болдырмайтын ұштықтары бар сымдармен ғана қосылады.

391. Аккумулятор батареяларын зарядтау құрылғысына қосу және оларды ажырату зарядтау құрылғысы өшірілген кезде ғана жүргізіледі.

392. Зарядтау барысын бақылау арнайы аспаптардың (термометр, жүктеме айыры, ареометр) көмегімен жүзеге асырылады.

393. Аккумулятор батареяларын зарядтау тығындар ашық және ауа тарту вентиляциясы қосылған кезде ғана жүргізіледі.

394. Аккумулятор батареяларын тексеру үшін кернеуі 42 В-тен аспайтын, жарылыстан қауіпсіз етіп орындалған тасымалданатын шырақтарды пайдалану қажет.

Аккумуляторлармен жұмыс істеу кезінде:

1) зарядтау бөлмесіне ашық отпен (тұтатылған шырпымен, темекімен және тағы басқамен) кіруге;

2) зарядтау бөлмесінде электрлік қыздырғыш аспаптарды (электр плиткаларын және тағы басқа) пайдалануға;

3) аккумулятор үй-жайында күкірт қышқылы бар шыны ыдыстарды немесе бір тәуліктік қажеттіліктен артық сілті бар ыдыстарды, сондай-ақ бос шыны ыдыстар мен ыдыстарды сақтауға; оларды арнайы үй-жайда сақтау қажет;

4) бір үй-жайда қышқылды және сілтілі аккумулятор батареяларын бірге сақтауға және зарядтауға;

5) аккумулятор батареяларын зарядтауға арналған үй-жайда қызмет көрсететін персоналдан басқа адамдардың болуына;

6) электролитті шыны ыдыста дайындауға;

7) қышқылды қолмен құюға, сондай-ақ қышқылға су құюға;

8) күйдіргіш калийді қолмен алуға, оны болат қысқыштың, пинцеттің немесе металл қасықтың көмегімен алған дұрыс;

9) аккумулятор батареясын қысқа тұйықталу тетігімен тексеруге;

10) аккумулятор бөлімшесінің үй-жайында тамақ өнімдерін сақтауға және ас ішуге рұқсат етілмейді.

395. Қорғасынды балқыту және аккумуляторлардың бөлшектерін құйған кезде онымен формаларды толтыру, сондай-ақ мастиканы балқыту мен аккумулятор батареяларын жөндеу, жергілікті ауа тарту вентиляциясымен жабдықталған жұмыс орындарында ғана жүргізіледі.

396. Аккумулятор үй-жайында қол жуғыш, сабын, орамадағы мақта, сүлгі және ас содасының бес және он пайыздық залалсыздандырғыш ерітіндісі (дене терісі үшін) мен ас содасының екі-үш пайыздық залалсыздандырғыш ерітіндісі (көз үшін) бар жабық ыдыстар тұрады.

397. Сілтілі аккумуляторларды пайдалану кезінде залалсыздандырғыш ерітінді ретінде бес-он пайыздық бор қышқылының ерітіндісі (дене терісі үшін) және екі-үш пайыздық бор қышқылының ерітіндісі (көз үшін) қолданылады.

398. Қышқыл, сілті немесе электролит дененің ашық бөліктеріне тиген кезде, дененің бұл учаскесін алдымен залалсыздандырғыш ерітіндімен, одан соң сабынды сумен дереу шаю қажет.

399. Қышқыл, сілті немесе электролит көзге тиген кезде оларды залалсыздандырғыш ерітіндімен, одан соң сумен шаю және дереу дәрігерге көріну қажет.

400. Стеллажға, верстакка төгілген электролитті он пайыздық залалсыздандырғыш ерітіндіге батырылған шүберекпен сүртеді, ал еденге төгілгенге алдымен үгінді себеді, оларды жинайды, одан соң бұл жерді залалсыздандырғыш ерітіндімен сулайды және құрғатып сүртеді. Электролитті судың мол ағынымен шаюға үзілді-кесілді рұқсат етілмейді.

401. Аккумулятор бөлмесіндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін бет пен қолды сабынмен мұқият жуады және душ қабылдайды.



 

§8. Темір соғу-рессор жұмыстарын орындау



кезінде қойылатын талаптар

 

402. Қолмен соғуға арналған төс, темір сақинамен күшейтілген ағаш тұғырыққа бекітіледі және оның жұмыстық беті көлденең болатындай етіп орнатылады.

403. Өңделетін бұйымдарды мықты ұстау үшін қысқаштың сабына қысу сақиналарын (шпандырьлер) кигізген дұрыс.

404. Өңделетін темірлерді ұстауға арналған қысқаштарды өлшем бойынша темірлерді қысқан кезде қысқаштың саптарының арасындағы саңылау кемінде 45 мм болатындай етіп таңдайды.

405. Қызған металды соғудың алдында металл щеткамен немесе қырғышпен қабыршақтан тазартады.

406. Бұйымды төстің ортасына, ол оған тығыз жанасатындай етіп қояды.

407. Ұста сайманды, сабы өзіне қарсы емес, жанында болатындай етіп ұстайды.

408. Балғамен соғушыға "Соқ!" деген әмірді ұста ғана бере алады. "Тоқта!" деген әмір бойынша, оны кім берсе де балғамен соғушы жұмысты дереу тоқтатады.

409. Металды шапқан кезде металдың шабылған кесектері ұшуы мүмкін бағытқа тасымалданатын қалқандар орнатылады.

410. Тілінген металды ию немесе рессорлардың құлақтарын дайындау үшін, тілімдерді бекітуге арналған қысқыш винтпен жабдықталған арнайы стендтер қолданылады.

411. Шегелеуге арналған гидравликалық струбциналар төбеге немесе арнайы құрылғыға сенімді бекітіледі.

412. Ыстық темірлер мен металл кесінділері жұмыс орнынан аулақта жиналады.

413. Балғамен жұмыс бастардың алдында педальдің бос жүрісін, қоршаудың (бұғаттау) жарамдылығын тексереді, сондай-ақ балға соққышын жоғарғы және төменгі соққыштардың арасына қысылатын ыстық металдың кесегімен қыздырады.

414. Автомобиль рамасы жөндеудің алдында тұғырықтарға (тіреуіштер) орнықты күйде қойылады.

415. Рессорларды қолмен түзету шуға қарсы қорғану шараларын қолданып, арнайы бөлінген учаскеде ғана жүргізіледі.

416. Темір соғу-рессор жұмыстарын орындау кезінде:

1) рессорлардың қыздырылмаған табақтарын шабуға;

2) рессорлардың табақтарын, рессорларды және кіші рессорларды қабырғаға тігінен қоюға;

3) струбцина цилиндріне қысыммен сұйықтықты бергеннен кейін тойтарма шегені түзеуге;

4) электр қозғалтқышын реверстеудің ақырғы сөндіргіші жоқ рессорларды түзетуге арналған станокта жұмыс істеуге;

5) Цельсий бойынша плюс 800оС төмен салқындатылған қара металдарды соғуға;

6) металды дымқыл немесе майлы төсте соғуға;

7) қыздырылмаған сайманды (қысқаш, жиектеме) қолдануға;

8) күйіп қалмау үшін ыстық бұйымға қолмен (қолғаппен де) жанасуға;

9) бұйымды балға соққышының шетіне қоюға;

10) жоғарғы балғаның төменгіні босқа соғуына жол беруге;

11) соққыш аймағына қол сұғуға және темірді қолмен қоюға;

12) майысқан сайманмен жұмыс істеуге;

13) темірдің шабылатын шетіне қарсы тұруға;

14) көтергіш тетіктерге ілінген немесе қырынан қойылған рамаларды жөндеуді орындауға тыйым салынады. Автомобиль рамаларын көтергіш тетіктердің көмегімен ғана көтерген, тасымалдаған және аударған дұрыс;

15) жұмыс орнында ыстық темірлер мен металл кесінділерін жинап қоюға рұқсат етілмейді.

 

§9. Мыстау-қаңылтырлау және шанақ



жұмыстарына қойылатын талаптар

 

417. Мыстау-қаңылтырлау жұмыстары арнайы бөлінген және жабдықталған үй-жайда орындалады. Егер бұл жұмыстарды әр түрлі мамандықтардың қызметкерлері (қаңылтыршы, мысшы) орындаса, бөлек үй-жайлар болуы қажет.

418. Жөнделетін кабиналар мен шанақтар арнайы тұғырықтарға (стендтерге) қойылады және мықтап бекітіледі.

419. Түзеуге жататын бөлшектер арнайы жиектемелерге орнатылады.

420. Табақ болаттан жасалған қанаттар мен басқа бөлшектерді түзеудің алдында оларды металл щеткамен тоттан тазартады.

421. Табақ болаттан бөлшектер мен жамаулар дайындалған кезде өткір бұрыштар, жиектер және қабыршақтар тазартылады.

422. Механикалық қайшылармен кескен және ию станоктарымен иген кезде, қалыңдығы осы жабдық үшін рұқсат етілген шамадан аспайтын металмен ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

423. Дайындамаларды ойып алу және үлкен өлшемді бөлшектерді металл қайшыларымен және басқа жабдықпен қысқартып кесу кезінде сүйемелдейтін құрылғылар (шалқаймалы қақпақтар, роликті тұғырықтар және т.с.с.) қолданылады.

424. Дайындамаларды ойып алу және бөлшектерді кесу кезінде:



1) зақымдалған жерлерді газбен кесу тетігімен ойып кескен кезде ойылатын бөліктерді қолмен сүйемелдеуге;

2) қорғаныш қаптамасыз қайрақты шеңбермен жұмыс істеуге;

3) табақ металды механикалық қайшымен кескен кезде, қолды кескіш роликтерге қарсы ұстауға;

4) бөлшекті асылған күйде түзеуге;

5) өңдеу кезінде қышқылға мырыштың бірден көп мөлшерін салуға рұқсат етілмейді.

425. Пневматикалық кескіш жұмыс істеу үшін ауа берудің алдында кескішті жұмыстық күйге қою қажет. Табақ металдан жасалған бөлшектерді қолғаппен тасу, түзеу және кесу қажет. Жұмыс процесінде металл кесінділерін арнайы бөлінген орынға (жәшіктер) жинап қою қажет.

426. Зиянды буланған заттар бөлінумен байланысты жұмыстар, сондай-ақ бөлшектерді тазарту бойынша жұмыстар жергілікті ауа тарту құрылғылары қосылып тұрған кезде орындалады.

427. Тазартқыш машинкадағы қайрақты шеңберді екі кілтпен бекіту керек, бұл мақсат үшін тазартқыш машинканы құрсаумен қысуға рұқсат етілмейді.

428. Жеңіл тұтанатын және улы сұйықтықтардан босаған сыйымдылықты жөндеу және дәнекерлеу алдында оны кез келген тәсілмен (оның ішінде күйдіргіш содасы бар ыстық сумен жуу, ыстық ауамен булау, кептіру және басқа) осы сұйықтықтардың іздері толық жойылғанға дейін, артынан сыйымдылықтағы ауа ортасын газанализатордың көмегімен талдау арқылы өңдеу қажет.

429. Жанғыш және жеңіл тұтанатын сұйықтықтардан босаған сыйымдылықтарды дәнекерлеуді алдын ала өңдеусіз, сыйымдылықты нейтралды газбен толтырып жүргізуге болады, бұл ретте дәнекерлеу барысында сыйымдылықтарға газ дәнекерлеудің барлық уақыты бойы үзіліссіз берілуі тиіс. Сыйымдылықтарды дәнекерлеуді тығындары (қақпақтар) ашық кезде жүргізген дұрыс. Жұмыс орнының ластануын болдырмау үшін жұмсалған балқыма арнайы металл жәшікте сақталуы тиіс. Қышқылды өңдеу қышқылға төзімді сынбайтын сыйымдылықта және ауа тарту шкафында ғана жүргізіледі.

430. Радиаторларды, отын бактерін және басқа ірі бөлшектерді балқыма ағуға арналған табандықтармен жабдықталған арнайы тұғырықтарда (стендтерде) дәнекерлеу қажет.

431. Радиатордың түтіктерін сүмбімен тазалаған кезде қолды түтіктің қарама-қарсы жағында ұстамау керек. Сүмбіні түтікке тұтқа тірелгенге дейін енгізуге рұқсат етілмейді.

432. Радиаторды сынаған кезде сығылған ауаның қысымы, автомобильдердің нақты маркаларының күрделі жөндеуі жөніндегі нұсқауда көрсетілген шамадан аспайды.

433. Дәнекерлегіш лампалар жұмыс басталардың алдында және мезгіл-мезгіл, ең кемі айына бір рет, кейіннен журналда тіркеліп қараудан және тексеруден өткізілуі тиіс. Жарамсыз лампыларды жөндеуге тапсыру қажет.

434. Дәнекерлегіш лампамен жұмыс істеу кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:

1) жағар алдында оның жарамдылығын тексеру;

2) лампаның резервуарында жарықтар мен жеңіл еритін балқымамен дәнекерленген жамаулар болмайды;

3) май құятын ауыздың тығыны әбден бұралады;

4) дәнекерлегіш лампаны сығылған ауаны жандырғаннан кейін ғана бөлшектеу;

5) дәнекерлегіш лампаның отын тиекті вентильмен ғана сөндіру керек.

435. Дәнекерлегіш лампамен жұмыс істеген кезде:



1) жарамсыз дәнекерлегіш лампаны жағуға;

2) лампаны отынмен оның резервуары сыйымдылығының төрттен үш бөлігінен асырып толтыруға;

3) толтыру үшін этилденген бензинді пайдалануға;

4) дәнекерлегіш лампаға ашық отқа таяу жерде отын құюға, отынды төгуге немесе дәнекерлегіш лампаны бөлшектеуге;

5) суымаған лампаға отын құюға;

6) шілтер суымаған кезде құятын тесік арқылы сығылған ауаны шығаруға;

7) жеңіл тұтанатын және жанғыш заттарға таяу жерде дәнекерлегіш лампамен жұмыс істеуге;

8) шілтердің ниппелі арқылы жанармай құйып дәнекерлегіш лампаны жағуға;

9) мерзімді тексеруден өтпеген лампамен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

436. Ақаулықтар (резервуардан ағу, шілтердің бұрандалары арқылы отынның шығуы, резервуардың майысуы және тағы басқа) табылған кезде дереу лампамен жұмыс істеуді тоқтату қажет.

437. Мыстау-қаңылтырлау және шанақ жұмыстары жүргізілуге арналған үй-жайларда әрқашан қышқылды нейтралдаушы ерітінділер болады.

 

§10. Дәнекерлеу жұмыстарына қойылатын талаптар



 

438. Сыйымдылықтардың, құдықтардың ішіндегі пісіру жұмыстары рұқсат тапсырмасын ресімдегеннен кейін ғана жүргізілуі тиіс, бұл ретте осы Ереженің 330-тармағына сәйкес қауіпсіздік шаралары сақталады.

439. Уақытша дәнекерлеу жұмыстарын жүргізетін орындар объектінің өрт қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның (цехтің, учаскенің бастығы және тағы басқа) жазбаша рұқсатымен, оларды өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету және жанбайтын қалқалармен немесе қалқандармен қоршау арқылы белгіленеді. Ашық ауада дәнекерлеу жұмыстары жүргізілген кезде дәнекерлеу белдеулерінің үстіне жанбайтын материалдардан қалқалар құрған дұрыс. Қалқалар жоқ кезде дәнекерлеу жұмыстары жаңбыр немесе қар жауған уақытта тоқтатылуы тиіс.

440. Мыналарға рұқсат етілмейді:



1) қысыммен тұрған ыдыстар мен аппараттарда дәнекерлеу жұмыстарын орындауға;

2) жеңіл тұтанатын, жанғыш сұйықтықтар мен материалдар бар үй-жайларда дәнекерлеуді немесе кесуді орындауға;

3) шілтерде газды ыстық бөлшекке жанастыру арқылы жағуға;

4) ауысымдық қажеттіліктен асатын мөлшердегі кальций карбидін ацетиленді газ генераторы қойылған үй-жайда сақтауға.

441. Кальций карбиді бар барабандарды ашу үшін ұрған кезде ұшқын атуды болдырмайтын сайман қолдану қажет.

442. Жұмыс біткен соң немесе жұмыстағы ұзаққа созылмайтын үзілістер кезінде газ шілтерлерін арнайы тұғырықтарға ғана қоюға рұқсат етіледі. Шілтер қызып кеткен кезде оны, ацетилен және оттегі крандарын алдын ала тығыз жауып, суық сумен салқындатады. Шлангалар мен шілтерге май тигізуге рұқсат етілмейді.

443. Ацетиленді газ генераторымен жұмыс бастау алдында, сондай-ақ ауысым бойы су бекітпесінің жарамдылығы мен ондағы судың деңгейін міндетті түрде тексеру және қажет кезде үстемелеп құю керек.

444. Ацетиленді газ генераторымен жұмыс істеген кезде:

1) қоңырауға қосымша жүк қоюға;

2) генератордың жүк салатын жәшіктеріне, генератордың төлқұжатында көрсетілгеннен аз ұсақталған кальций карбидін салуға;

3) газ генераторына таяу темекі шегуге, ашық отпен жақындауға немесе оны пайдалануға;

4) ацетилен шлангаларын мыс түтікпен қосуға;

5) бір су бекітпесінен екі дәнекерлеушінің жұмыс істеуіне;

6) лайды кәрізге жіберуге немесе оны аумақ ішіне шашып тастауға рұқсат етілмейді.

445. Тасымалданатын ацетиленді газ генераторларын жұмыс істеу үшін ашық алаңдарда орнатқан дұрыс. Жақсы желдетілген үй-жайларда олардың уақытша жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

446. Мұздаған ацетиленді газ генераторлары мен құбырларды ыстық сумен ғана жібітуге рұқсат етіледі.

447. Лайды арнайы лай шұңқырларына төгу керек. Лай шұңқырлары (сыйымдылықтар) қоршалады.

448. Шлангалар тиісті МЕМСТ талаптарымен анықталынады және өздерінің мақсатына сәйкес пайдаланылады. Оттегі шлангаларын ацетилен беру үшін және керісінше пайдалануға рұқсат етілмейді. Шлангаларды шілтерге қосатын кезде олар алдын ала жұмыстық газдармен үрленеді. Шлангалардың ұзындығы 10-нан бастап 20 м дейін болады.

449. Шлангаларды сыртқы залалдардан, жоғарғы температуралардың, ұшқындардың, оттың әсерінен сақтау қажет. Шлангаларды бұрауға, жапыруға және бүктеуге болмайды. Шлангалардың қосқыш ниппельдермен бекітілуі мықты болады. Бұл мақсат үшін арнайы қамытшалар қолданылады.

450. Әрбір шлангада екеуден аспайтын ниппельдер арқылы біріктірмеге рұқсат етіледі.

451. Тұрақты дәнекерлеу постында ацетилен, пропан-бутан немесе оттегі бар баллондар бөлек немесе қалқалары мен соғылған кезде ұшқынның шашырауын болдырмайтын едені бар металл шкафта сақталады. Шкаф дәнекерлеу үй-жайының сыртында немесе ішінде дәнекерлеу постынан кемінде бес метр қашықтықта орналасады, бұл ретте шкафта ауа тартқыш вентиляция болады.

452. Ацетилен орнына басқа жанғыш газдарды қолданған кезде, осы жанғыш газдарды қауіпсіз пайдалану жөніндегі ережелер сақталады. Газдың шығуы байқалған кезде жұмысты дереу тоқтату, шығуды жою, үй-жайды желдету керек.

453. Газы бар баллондардан пештерге және басқа ашық отты жылу көздеріне дейінгі қашықтық кемінде бес метр болады.

454. Отын бактерін немесе жанғыш сұйықтықтардан босаған сыйымдылықтарды жөндеу кезінде осы Ереженің 430, 431-тармақтарында жазылған талаптарды сақтау қажет.

455. Кәсіпорында дәнекерлеу аппаратурасын жөндеу жеке үй-жайда, оны азотпен немесе ауамен үрлегеннен кейін жүргізіледі. Газ аппаратурасын жөндеуге тиісті рұқсаты бар тұлғалар ғана жіберіледі.

456. Кескіштер мен шілтерлердің жөндеуден кейін газ өткізбейтіндігі, одан соң жануы сыналады, бұл орайда шартылдау мен кері соққылар болмайды.

457. Газ құбырларының тығыздығын сынау акті жасау арқылы үш айда ең кемі бір рет жүргізіледі.

458. Барлық газ редукторларын техникалық тексеру және сынауды үш айда бір рет, ал кескіштер мен шілтерлерді - айына бір рет, пісіру жабдығының жай-күйі мен пайдаланылуына жауапты тұлға жүргізеді. Тексеру мен сынау қорытындылары журналға жазылады.

459. Жауапты тұлға ұйымда бұйрықпен тағайындалады.

460. Жер үстіндегі газ құбырлары мен баллондар:

1) ацетиленді - ақ түске;

2) оттегілі-көгілдір түске боялады.

461. Барлық газ таратқыш құбырлар жерлестіріледі.



462. Дәнекерлеу жұмыстарын орындау кезінде:

1) штуцерларында майдың ізі бар редукторлар мен оттегілі баллондарды, сондай-ақ май болған шлангаларды пайдалануға;

2) оттегі беру үшін бұрын басқа газдармен жұмыс істеу үшін пайдаланылған редукторларды, шлангаларды қолдануға;

3) жарамсыз, пломбаланбаған немесе тексеру мерзімі өткен редукторлардағы монометрлерді пайдалануға;

4) баллонның вентилін үрлеген кезде штуцерге қарсы тұруға;

5) газбен дәнекерлеуді және кесуді ацетилен генераторынан 10 м аз және оттегі, ацетилен немесе сұйытылған газ бар баллондардан 5 м аз қашықтықта жүргізуге;

6) ацетилен құбырларынан 3 м аз және оттегі құбырларынан 1,5 м аз қашықтықта ашық отпен қандай да болмасын жұмыстарды орындауға;

7) ацетилен немесе басқа жанғыш газ толтырылған баллонның қалпағын ұшқын туғызуы мүмкін сайманның көмегімен алуға. Егер қалпақ бұралмаса онда баллон оны толтырған зауытқа (цехқа) қайтарылады;

8) баллондарды қолмен тасуға; баллондарды мықты бекітуі бар арнайы арбалармен тасымалдауға рұқсат етіледі;

9) шілтерлерді, кескіштерді және басқа дәнекерлеу аппаратурасын жөндеуді оған рұқсаты жоқ тұлғалардың жүргізуіне;

10) редукторды тығыздау үшін фибрадан жасалғаннан басқа, кез келген аралық төсемені қолдануға;

11) қысыммен тұрған газ аппаратурасын жөндеуге және қосқыш бұрандамаларды қатайтуға;

12) газбен толтырылған баллондарды жылыту құрылғылары мен бу құбырларынан 1 м аз қашықтықта орналастыруға;

13) металдың кесілген кесегін қолмен ұстауға;

14) қысыммен тұрған электрмен дәнекерлеу қондырғыларына жөндеу жүргізуге;

15) электрмен дәнекерлеу кезінде қосалқы қызметкерлердің қорғаныш көзілдіріксіз жұмыс істеуіне;

16) жұмыс аяқталғаннан кейін немесе электрмен дәнекерлеуші жұмыс орнынан уақытша кеткен кезде электрмен дәнекерлеу қондырғысын сөндірмей қалдыруға;

17) жеңіл тұтанатын және жанғыш материалдарды дәнекерлеу учаскесінде сақтауға;

18) кері өткізгіш ретінде құбырларды, рельстерді және соларға ұқсас кездейсоқ металл бұйымдарды пайдалануға;

19) дәнекерлеу трансформаторын дроссельдің үстіне орнатуға;

20) оқшаулағышы зақымдалған сымдарды пайдалануға;

21) электр сымдарын бұрап біріктіруге рұқсат етілмейді.

463. Электрмен дәнекерлеу қондырғыларын желіге қосу мен ажыратуды электр-монтері ғана жүргізеді. Электрмен дәнекерлеу қондырғысын электр желісіне қосу алдында алдыңғы кезекте оны жерлестіру, ал ажыратқан кезде керісінше, алдымен қондырғыны электр желісінен ажырату, ал содан кейін жерлестіруден босату қажет.

464. Электр желісінен дәнекерлеу қондырғысына дейінгі сымдардың ұзындығы 10 м аспайды.

465. Жерлестірілген металл үстелде орнатылған электрмен дәнекерлеушінің құрсауы жеке жерлестіріледі.

466. Электрұстағыштың конструкциясы мен техникалық жай-күйі мықты бекіткіш пен электродтардың қауіпсіз ауыстырылуын қамтамасыз етеді. Электрұстағыштың тұтқасы электрленбейтін отқа төзімді материалдан жасалады және қорғаныш қалқасы болады.

467. Дәнекерлеу сымдарын қосуды ыстық түрдегі балқытумен, дәнекерлеумен немесе бұрамалы қысқыштары бар гильзалардың көмегімен жүргізген дұрыс. Қосылған жерлердің сенімді оқшаулағышы болады, қысқыштары бар гильзалар сынбайтын оқшаулағыш материалдан жасалған қалыпқа салынады, ал қысқышты бұрандалардың бастары қалыптың ішіне батырылады.

468. Сымдарды электрұстағыш пен дәнекерленетін бұйымға қосу механикалық қысқыштармен немесе дәнекерлеу әдісімен жүзеге асырылады. Дәнекерлеу тогы 800 ампер (бұдан әрі - А) асқан кезде тоқ келтіретін сым, электрұстағышқа оның тұтқасынан өтіп қосылады.

469. Жұмыс орындарында, жұмыстағы уақытша үзіліс кезінде электрұстағыштарды қоюға арналған құралдар (штативтер және тағы сол сияқтылар) болады.

470. Металдың дәнекерленетін жерлері құрғақ, кірден, майдан, қақтан, тоттан және бояудан тазартылған болады.

471. Автоматпен дәнекерленген жіктен флюсты жинау тек қана флюссорғышпен, ал дәнекерлеу жігін күлден тазарту металл щеткалармен жүргізіледі. Тазалау кезінде дәнекерлеуші қорғаныш көзілдірігін пайдаланады.

472. Тұрақты посттарда дәнекерлеу жұмыстары жергілікті ауа тарту құрылғысы қосылған кезде жүргізіледі. Электрмен дәнекерлеу қондырғысын, оны электр желісінен ажыратқаннан кейін ғана жылжытуға рұқсат етіледі.

473. Бөлшектерді балқыту үшін станокка қою (алу), кернеу алынғаннан кейін ғана жүргізіледі.

474. Металл мен сұйықтықтың шашырандысынан қорғану үшін станокқа жинамалы немесе ашылатын қаптама орнатады. Қаптамасыз немесе ашық қаптамамен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

475. Газ бен салқындатылған су беруге арналған құбырлар, сондай-ақ олардың қосылған жерлері герметикті болады.

476. Дәнекерлеу жұмыстарын тікелей автомобильде жүргізген кезде, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар қабылдануы тиіс, ол үшін отын багінің ауызын және бактің өзін, оған ұшқын тимеу үшін темір немесе асбест табағымен жабу, дәнекерлеу аймағын майдың, жеңіл тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың қалдығынан, ал тиіп тұрған учаскелердің бетін жанғыш материалдардан тазарту қажет.

477. Отын багіне тікелей жақындықта дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу алдында бакті алу қажет.

478. Газбен жұмыс істейтін автомобильде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу алдында газ баллондардан толық шығарылады немесе құйып алынады.

479. Электрмен дәнекерлеу жұмыстары кезінде автомобильдің рамасы мен шанағын қосымша жерлестіру қажет.

480. Жерден тікелей қол жетпейтін орындарда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде осы Ереженің талаптарына сәйкес баспалдақ-саты немесе төсеме тақталар пайдаланылады.

 


жүктеу 2,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау