Автомобиль көлігіндегі еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы



жүктеу 2,64 Mb.
бет16/16
Дата17.11.2017
өлшемі2,64 Mb.
#1150
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

 

Ескерту: 1) мұз жамылғысының қалыңдығын өлшеген кезде берік мұз ғана есепке алынады, ал жамылғының қарлы кеуекті, су сіңген қабаты есепке алынбайды;

2) мұзда су пайда болған кезде мұзды жолға түсетін жүктеме 50-80%-ға азайтылуы тиіс;

3) мұзға түсетін жүктемені есептеген кезде, мұздың беріктігі көктемде екі есе төмендейтінін ескерген дұрыс;

4) ені 3-4 см кем және тереңдігі мұздың қалыңдығының жартысынан аспайтын құрғақ, тайғақ емес жарықтар бар кезде мұзды жолға түсетін жүктеме 20%-ға азайтылуы тиіс;

5) бұлақтар, өзендер және кәріз құйылатын жерлерде адамдардың өтуі мен көліктің жүруіне рұқсат етілмейді.

 

Автомобиль көлігіндегі



еңбек қауіпсіздігі және

еңбекті қорғау ережесіне

15-қосымша

Қайғылы оқиғалар кезінде алғашқы медициналық

көмек көрсетудің негізгі іс-әрекеттері

 

1. Жарақат алған кезде дененің жарақаттанған бөлігіне тыныштық қамтамасыз еткен, соғылған жерге суық (мұз, суық су, суға малынған мата) басқан дұрыс. Жарақаттанған жерге йод жағу, оны ысқылап сипау, массаж жасау дұрыс емес. Ішкі органдардың жарақатынан күдіктенген кезде жедел жәрдем келгенге дейін зардап шегушіні, оның тынысын тарылтатын киімнен босату және тегіс жерге жатқызу қажет.

2. Сүйек сынған кезде, аяқ-қолдың екі буынының сынған жерге жабысып тұруын ұстап тұруы тиіс (екі жағынан) арнайы немесе қол астындағы материалдардан  (тақтайлар, жұқа тақтайлар, фанерлер, таяқтар) жасалған таңғыш қалақ салу жолымен сүйектердің қозғалмауын қамтамасыз ету қажет. Зардап шегушінің омыртқасының сынуынан

күдіктенген кезде қатты зембілдерге немесе тақтайлардан жасалған жайма тақтаға (есік, үстелдің қақпағы, қалың фанер табақ) ішімен төмен жатқызу қажет. Оны тасымалдау туралы мәселені медициналық қызметкер ғана шешеді.

3. Ыстыққа күйген кезде күлдіреу (бірінші дәрежедегі күйік) жоқ жағдайда, күйген жерді ағып тұрған таза сумен жуады, ол жерді марганец-қышқыл калийдің (мүмкіндік болса, спиртпен немесе әтірмен) әлсіз ерітіндісімен (қызғылт түсті) өңдейді, құрғақ стерильді таңғышпен байлайды.

Күлдіреу (екінші дәрежедегі күйік) болған кезде осыған ұқсас, бірақ сонымен бірге күлдіреген жерді ашып алмайтындай әрекет жасайды; күйген жерлерде күлдіреудің айналасын ғана өңдейді.

Талшықтар көмірленген ауыр күйіктер кезінде күйік орнын стерильді таңғышпен жабу немесе күйіктер көлемді болған жағдайда жаймамен және көрпемен жабу қажет. Егер күйік киімнің немесе аяқ киімнің сыртынан болса, оны дереу, бірақ ұқыпты түрде теріден абайлап бөлектей отырып шешу немесе айырып кесіп алу қажет.

4. Киім жанған кезде бәрінен бұрын, кез келген қол астындағы материалмен (көрпе, пәлте және тағы басқа) жалынды сөндіру қажет. Бұл орайда зардап шегушіні, тыныс жолдарының күюінен және уытты заттармен уланудан сақтау үшін басынан бастап жабуға болмайды. Содан соң  киімді айырып кесу және жарақаттанған бетке мейілінше аз залал келтіруге тырыса отырып, оны шешу керек.

Егер киім синтетикалық болса (жанған кезде ол ериді де теріге жабысады), сақтықтың айрықша шаралары сақталуы тиіс. Жабысып қалған полимерді тазалауға тыйым салынады.

5. Электр доғасының әсерінен алынған күйіктер кезінде, бор қышқылының екі пайыздық ерітіндісімен суық басады.

6. Күшті қышқылдардан (күкірт, азот, тұз) алынған химиялық күйіктер кезінде күйген жерді ағып тұрған сумен жуу, одан соң ас содасының 10%-дық ерітіндісімен (бір стақан суға 1 шай қасық сода) өңдеу қажет.

7. Сілтілермен (каустикалық сода, сөндірілмеген ізбес) күйген кезде күйген жерді сумен, одан соң сірке қышқылының әлсіз ерітіндісімен (3-6%) немесе бор қышқылының ерітіндісімен (бір стақан суға 1 шай қасық) жуады, осыдан кейін жарақат алған жерлерді сірке немесе бор қышқылының 5%-дық ерітіндісі сіңірілген дәкемен жабады.

8. Қышқыл электролиті теріге тиген кезде, бұл жерді дереу қатты ағып тұрған сумен, ал одан соң ас содасының ерітіндісімен (бір стақан суға бір шай қасық) шаю қажет; сілтілі электролит кезінде 5%-дық бор қышқылының ерітіндісімен (бір стақан суға 1/2 шай қасық). Көзді шаю үшін 2-3%-дық нейтралдаушы ерітінділер (бір стақан суға 1/4 шай қасық бор қышқылы).

9. Ыстық ұрған кезде зардап шегушіні жабық үй-жайдан таза  ауаға салқын жерге шығару, киімін ағыту, тұз салынған су (суық) ішкізу, басы мен кеудесін суық сумен сулау керек. Дем алысы тоқтаған немесе ол бұзылған кезде мүсәтір спиртімен дем алғызады. Егер бұл әсер етпесе, жасанды тыныс алғызу жүргізеді, оны табиғи тыныс алуы қалпына келгенше немесе "жедел медициналық жәрдем" келгенге дейін жасайды.

10. Үсік шалған кезде зардап шегушіні жылы үй-жайға орналастыру, ыстық шай немесе су беру, зақымдалған жерлерді сабынды жылы сумен (мүмкін кезде спиртпен немесе әтірмен) жуу керек. Едәуір ауыр үсік шалған (күлдіреу пайда болу) жағдайда зақымдалған жерлерге құрғақ қыздырғыш таңғыш таңу қажет.

11. Газдармен уланған кезде зардап шегушіні таза ауаға немесе басқа үй-жайға шығару, форточкаларды, терезелерді, есіктерді ашу, мүсәтір спиртін иіскету керек. Тыныс алу тоқтаған немесе естен танған жағдайда жасанды тыныс алғызуға кірісу керек, оны "жедел жәрдем" келгенше немесе табиғи тыныс алуды қалпына келтіргенге дейін жасау керек. Егер тыныс алу қалпына келсе, зардап шегушіні сипап ысқылау және жылы көрпемен, пальтомен және тағы сол сияқтымен жабу керек.

12. Антифризбен және басқа өнеркәсіптік улармен уланған кезде асқазанды жуу қажет. Қышқылдармен уланған кезде асқазан сілті қосылған немесе жай суық сумен, 2-3 стақан сұйықтықты қабылдау жолымен, артынан жасанды құстыру арқылы шайылады, ал сілтілермен уланған кезде асқазанды қышқыл қосылған сумен шаяды (жарты стақан суға 1 г лимон қышқылы немесе бір стақан суға 1 ас қасық 3%-дық сірке ерітіндісі).

Қорғасынмен немесе оның қоспаларымен уланған кезде асқазанды глаубер тұзының 0,5-1%-дық ерітіндісімен шаю қажет.

13. Электр тоқ соққан кезде зардап шегушіні электр желісінен (рубильникті сөндіру, электр сымын ағаш таяқпен, тақтаймен алып тастау) дереу ажыратып алған дұрыс. Бұл ретте, қажет жағдайда зардап шегушіні құлаудан (ол биікте болған кезде) сақтандыру шараларын қабылдаған дұрыс.

Зардап шегушіні электр желісінен ажыратқаннан кейін тыныс алуының тоқталғаны байқалса, бірден жасанды дем алдыруды бастау қажет.

Денедегі, жиірек қол мен аяқтағы электр тогі соққан жерлерді құрғақ дәке таңғышпен жабу, "жедел медициналық жәрдемді" шақыру немесе зардап шегушіні дереу емдеу мекемесіне жеткізу керек.

 

                                          Автомобиль көлігіндегі



                                          еңбек қауіпсіздігі және

                                          еңбекті қорғау ережесіне

                                                 16-қосымша

 

Цехтық дәрі салғыштағы дәрігерге дейін көмек көрсетуге

арналған дәрі-дәрмектер мен құралдардың жиынтығы

 

р/с N 

Дәрі-дәрмектер
мен құралдар

Пайдаланылуы

Саны

1

Жеке таңғыш антисеп-
тиктік пакеттер

Таңғыш таңу үшін

5 дана

2

Бинттер

-"-

5 дана

3

Мақта

-"-

50 г
5 қорап

4

Мақталы-дәкелі бинт

Сынған кезде бинттеу үшін

3 дана

5

Бұрау

Қан кетуді тоқтату үшін

1 дана

6

Таңғыш қалақтар

Сынған, шыққан кезде
аяқ-қолды бекіту үшін

3-4 дана

7

Мұз салуға арналған
резеңке қабық

Соғып алған, шыққан,
сынған кезде зақымдалған
жерді салқындату үшін

1 дана

8

Стақан

Дәрілер қабылдау, көз
бен асқазанды шаю және
ерітінділер дайындау үшін

1 дана

9

Йод тұнбасы

Жаралардың айналасындағы
талшықтарға, жарақаттан-
ғанда жағу үшін

1 дана

10

Шай қасық

Ерітінді дайындау үшін

1 дана

11

Мүсәтір спирті

Талып қалған кезде

1 құты
(50 мл)

12

Бор қышқылы

Сілтімен күйген кезде
көз бен теріні жууға,
ауызды шаюға арналған,
вольтті доғамен күйген
кезде көзге басуға
арналған ерітінді
дайындау үшін

1 п-т
(25 г)

13

Ас содасы

Қышқылмен күйген кезде
көз бен теріні жууға,
ауызды шаюға арналған
ерітінді дайындау үшін

1 п-т
(25 г)

14

Сутегі асқын тотығы-
ның 3%-дық ерітін-
дісі 

Мұрыннан кеткен қанды
тоқтату үшін

1 құты
(50 мл)

15

Валерьяна тұнбасы

Нерв жүйесін
тыныштандыру үшін

1 құты
(10 мл)

16

Валидол

Жүрек тұсы қатты
ауырған кезде

1 қыспа

17

Ащы (ағылшын) тұзы

Тамақтан және басқа-
лардан уланған кезде

50 г

 

Ескерту: Ас содасы мен бор қышқылының ерітінділері қышқылдармен және сілтілермен жұмыстар жүргізілетін жұмыс орындары үшін ғана көзделеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
жүктеу 2,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау