Автомобиль кґлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау ќаєидасын бекіту туралы



жүктеу 2,19 Mb.
бет6/12
Дата27.02.2018
өлшемі2,19 Mb.
#10794
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

4. Қол жүгi мен багажды алып жүру
      226. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жолаушыларға автобустың салонында тегiн, өлшемi 60х40х20 см аспайтын және салмағы 35 кг аспайтын бiр орын қол жүгiн, сондай-ақ ұсақ жануарлар мен құстарды торлармен тасымалдауға рұқсат етiледi.
      227. Қол жүгiнiң буып-түйiлуi мен тасымалдануы басқа жолаушылар мен автобус салонының жабдығына қандай да болмасын залал (ластану немесе зақымдану) келтiру мүмкiндiгiн толық болдырмауы тиiс.
      228. Жолаушыларға автобустың багаж бөлiмшесiнде отырғызу орнынан жеткiзу орнына дейiн оны алып жүрудiң белгiленген құнына сәйкес әрбiр багаж орнын алып жүру ақысын төлеп багажды алып жүруге рұқсат етiледi. Жолаушы қол жүгiн автобустың багаж бөлiмшесiнде алып жүре алады.
      229. Багаж жарамды орамада тапсырылады. Жолаушының тасымалдауға қабылданған багажына багаж түбiртегi берiледi.
      230. Багажды тасымалдауға тапсыру кезiнде жолаушы оның бағасын белгiленген алым төлеу арқылы көрсетуi мүмкiн. Бұл ретте багаж түбiртегiне тиiстi жазу жасалады.
      231. Багаждың жоғалуы, жетiспеуi немесе зақымдануы байқалған кезде багаж иесiнiң, тасымалдаушы өкiлiнiң немесе жүргiзушiнiң және құқық қорғау органдары қызметкерiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдар өкiлiнiң қатысуымен актiнің екi данасы жасалады.
      Актiде иегердiң тегi, аты, әкесiнiң аты және мекен-жайы, қабылданған және берiлген орындардың саны, жоғалған заттың атауы немесе оның зақымдану сипаты, көрсетiлген бағаның, егер ол құжат жүзiнде ресiмделген болса, сомасы көрсетiледi.
      Актiнiң бiр данасы багаж иесiне тапсырылады.
      232. Тасымалдауға қабылданған багаж, егер оны тасымалдаушы мойындаса немесе багаж тасымалдаудың тағайындалған жеткiзу мерзiмi өткеннен кейiн күнтiзбелiк 7 күн iшiнде келмесе жоғалған деп есептеледi.
      233. Тасымалдаушы багаждың жоғалғаны, жетiспегенi және зақымдалғаны (бүлiнгенi) үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
5. Багаж автомобильдерiмен багажды тасымалдау 
      234. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдаудың маршруттарында тасымалдаушы багаж автомобильдерiнiң қозғалысын ұйымдастырған жерлерде жолаушылар багажды багаж автомобилiнде тасымалдау үшiн тапсыруы мүмкiн.
      Аралық аялдама пункттерiнде багажды багаж автомобилiнде тасымалдауға қабылдау жолаушы тиiстi маршрут бойынша жол жүру құжаттарын (билеттерiн) көрсету кезiнде жүргiзiледi.
      235. Тасымалдауға тапсырылатын багаж өзiнiң сипаты мен орамасы бойынша багаж автомобилiне тиеудi және орналастыруды қиындатпауы, сондай-ақ басқа жолаушылардың багажына зиян келтiрмеуi тиiс. Ыдыс пен орама барлық тасымал бойы багаждың бүтiндiгi мен сақталуын қамтамасыз етуi тиiс.
      236. Багажды багаж автомобилiмен жiберуге тiлек бiлдiрген жолаушы оны тапсыруға алдын ала - автобус жөнелтiлгенге дейiн 10 минуттан кешiктiрмей ұсынады.
      237. Багаж автомобилiнде тасымалдауға жарамсыз орамадағы багаж қабылданбайды. Орамасының, багаждың жоғалу немесе бүлiну қаупiн туғызбайтын осындай кемшiлiктерi бар багаж, багаж түбiртегiндегi осы кемшiлiктер туралы белгi арқылы тасымалдауға қабылдануы мүмкiн.
      238. Багаж автомобилiнде тасымалдауға багажды қабылдау кезiнде жолаушыға багаж түбiртегi берiледi.
      239. Багаж автомобилiнде тасымалданатын багаж бару пунктiнде багаж түбiртегiн көрсетушiге берiледi.
      240. Багаж автомобилiмен тасымалдауға қабылданған багаж бару пунктiне, жолаушының осы пунктке кесте бойынша келген күнiнен кешiктiрмей жеткiзiледі.
      241. Бару пунктiнде жолаушы талап етпеген багаж жауапты сақталу үшiн тасымалдаушыға берiледi, ол үшiн багаждың иесiнен тиiстi ақы талап етiледi. Багажды сақтау орны тасымалдаушының қарауы бойынша таңдалады.
      242. Багажды тасымалдауға қабылдаған тасымалдаушы, багажды тасымалдауға қабылдаған сәттен бастап және оны жолаушыға (багажды алуға уәкiлеттi адамға) бергенге дейiн немесе багаж талап етiлмеген жағдайда, оны сақтау камерасына тапсырғанға дейiн сақталуын қамтамасыз етедi.
      243. Багаж автомобилiмен тасымалдауға қабылданған багаждың жоғалуын, жетiспеуiн және зақымдануын (бүлiнуiн) анықтау, тасымалдаушының залалды өтеу тәртiбi мен өлшемдерi осы Қағиданың 235-238-тармақтарына сәйкес белгiленедi.
6. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық
(қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдаудың маршруттарында
жол жүру және багажды алып жүру төлемi
      244. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық, қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк), қала маңы тасымалдаудың маршруттары бойынша жол жүру және багажды алып жүру төлемiн жолаушылар автовокзалдың, автостанцияның, жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің кассасына, ал маршруттардың аралық аялдама пункттерiнде кондукторға (жүргiзушiге) тiкелей автобусқа отырғызу кезiнде, ол аялдама пунктiнен жөнелтiлгенге дейiн төлейдi.
      Халықаралық, қалааралық облысаралық, ауданаралық төлеу де (қалааралық облысішілік), қала маңы маршруттары бойынша жол жүруге төлем жолаушылар агенттігі немесе электрондық билеттерді сату бойынша ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
      Ескерту. 244-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      245. Егер жолаушы жол жүру құжатын (билетті) қағаз жеткізгіште сатып алса, онда жол жүру төлемiнiң фактiсi жолаушыға мынадай ақпаратты қамтитын жүру құжатын (билетті) берумен белгiленедi:
      1) билеттiң сериясы мен нөмiрi;
      2) жөнелту және бару пункттерi;
      3) комиссиялық және сақтандыру алымдары көрсетiлген төленген жол жүру құны;
      4) билеттiң берiлген күнi;
      5) бастапқы пункттен автобустың жөнелтiлген күнi мен уақыты;
      6) рейстiң нөмiрi;
      7) жолаушының отыру орнының нөмiрi.
      Ескерту. 245-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      245-1. Байланыс құралдары арқылы жол жүру құжатын (билетті) сатып алу кезінде жол жүруді төлеу фактісі билеттерді электрондық сату жүйесінде ақпараттың бар болуы болып табылады.
      Ескерту. Қағида 245-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      246. Багажды алып жүру төлемінің фактісі жолаушыға багаж түбіртегін берумен белгіленеді.
      247. Егер жолаушы билеттi жүру жолында маршруттың автовокзалдан, автостанциядан, жолаушыларға қызмет көрсету пунктінен тыс орналасқан аралық аялдама пункттерiнде сатып алса, онда кондуктор (жүргiзушi) билетке рейстiң нөмiрiн, жолаушының бастапқы және соңғы жүру пункттерiн, төленген жол жүру құнын, отыратын орнының нөмiрiн, жөнелтілу күнi мен уақытын қояды, сондай-ақ билет-есепке алу парағында тиiстi жазу жазады.
      Ескерту. 247-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
7-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық
облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса
алғанда) тұрақты тасымалдауы
1. Жалпы ережелер
      248. Жолаушылар мен багажды автомобильмен облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) тұрақты тасымалдау автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органның бастамасы бойынша жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылады.
      249. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) тұрақты тасымалдауы көрсетілген жолаушылар мен багажды тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығы конкурсында жеңген және тиісті жергілікті атқарушы органдар мен тасымалдаушылар арасында жасалған шарттар негізінде осы Қағиданың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оларға қызмет көрсету құқығына куәлік алған тасымалдаушылар жүзеге асырады.
      Ескерту. 249-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      249-1. Жылжымалы құрам бойынша куәлiкке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге тасымалдаушы өтiнiш бергенде және:
      1) ауыстырылатын жылжымалы құрамның класы және шығу жылы ұқсас (немесе одан жоғары);
      2) куәліктің негізгі құрамына толықтырылатын жылжымалы құрам негізгі құрам ретінде көрсетілген жылжымалы құрамның класы және шығарылған жылынан төмен емес;
      3) куәліктің резервті құрамына толықтырылатын жылжымалы құрам резервті құрам ретінде көрсетілген жылжымалы құрамның класы және шығарылған жылынан төмен емес болып табылған жағдайда осы куәлiктi берген орган рұқсат бередi.
      Ескерту. Қағида 249-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      250. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық, облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) тасымалдаудың маршруттарын жайғастыруға осы Қағиданың 6-тарауының 2-бөлімінде көзделген талаптар қойылады.
      251. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық тұрақты тасымалдаудың маршруттарындағы жол жүру, қол жүгі мен багажды алып жүру, сондай-ақ олардың төлемі осы Қағиданың 6-тарауының 4-6-бөлімінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық
қатынасындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша
қозғалыс кестелерін келісу тәртiбi
      252. Қалааралық облысаралық маршруттарды зерттеу нәтижелері бойынша автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган олар бойынша ұсынылатын маршрут схемалары мен қозғалыс кестелерін жасайды және аумағы бойынша маршрут өтетін облыстың (астананың және республикалық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарына келісуге жiбередi.
      253. Жергiлiктi атқарушы органдардың қалааралық облысаралық маршруттар бойынша қозғалыс кестелерiн келiсу мерзiмi, осы материалдар оларға келiп түскен сәттен бастап кемiнде 5 жұмыс күнiн құрайды. Қозғалыс кестелерiн келiсу тәртiбi осы Қағиданың 36-38 тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
      254. Жергiлiктi атқарушы органдар қозғалыс маршрутының схемасы мен олар бойынша қозғалыстар кестелерi бойынша өзара айырмашылығы бар ескертулер берген жағдайда, автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган тиiстi маршрут бойынша ымыралы шешiм шығарады және осы маршрутты бекітеді.
      255. Бекітілген маршрут нәтижелері бойынша автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган оны қалааралық облысаралық маршруттардың тiзiлiмiне енгiзедi.
8-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен
халықаралық тұрақты тасымалдау
1. Жалпы ережелер
      256. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша жол жүру тәртiбi Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен реттелмеген бөлiгiнде осы Қағидада регламенттеледі және жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша жол жүру тәртiбiне сәйкес келедi.
      257. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы аумағындағы пункттері арасында жолаушыларды тасымалдау рұқсат етілмейді.
2. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты халықаралық
тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбi
      258. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру үшiн тасымалдаушы халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру шешiмiн тасымалдауды жүзеге асыру болжанып отырған басқа мемлекеттегi әрiптесiмен келiседi және онымен тиiстi шарт жасасады.
      259. Осы Қағидаға 12-қосымшаға сәйкес автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган растаған маршрут бойынша қозғалыс схемалары мен ол бойынша қозғалыс кестелерiн, жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған тарифтердi және жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды жүзеге асыруға арналған рұқсатты (бұдан әрi – халықаралық тасымалдауға арналған рұқсат құжаттары) алу үшiн, сондай-ақ халықаралық тасымалдауға арналған рұқсат құжаттарының қолданылу мерзiмiн ұзарту үшiн тасымалдаушы автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi органға жеке папкаға ресiмделген мына құжаттарды:
      1) шетелдiк тасымалдаушымен бiрлескен қызмет туралы шартты;
      2) өз қызметiн заңды тұлғаны құрмай жүзеге асыратын заңды тұлғаны немесе кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн немесе анықтаманы;
      3) жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру құқығына нотариалды расталған лицензия көшірмесін;
      4) автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру сақтандыру полисiнiң немесе шарттарының көшiрмесiн;
      5) әрбiр бiрлiкке арналған техникалық паспорттардың және ағымдағы кезеңде міндетті техникалық тексеруден өткенi туралы куәлiктердiң көшiрмелерi қоса берiлген, маршрутта пайдаланылуы көзделетiн жылжымалы құрам туралы мәлiметтердi (автобустардың саны және үлгiсi (класы);
      6) жылжымалы құрамды техникалық жарамды күйде күтiп ұстау бойынша жұмыстардың қажетті кешенін жүргізу мүмкіндігін растай отырып, елді мекенде немесе қала маңындағы аймақта, бірақ маршруттың бастапқы пунктінен 50 километрден аспайтын радиуста орналасқан өндірістік-техникалық базаға (жеке немесе жалға алған) құжаттардың көшірмелерін және профилактикалық медициналық куәландыруды жүзеге асыруға медициналық қызметкермен жасасқан шарттың көшірмелерін;
      7) маршрут бойынша автобустардың орны және жөнелтiлу, келу және тұру уақыттары, сондай-ақ барлық аялдама пункттерi мен мемлекеттердiң шекаралары арқылы өткiзу пункттерi бойынша қашықтықтар көрсетiлген қозғалыс кестелерiн;
      8) автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері және техникалық аялдамалар, автомобильдерді мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерi, автобустар қозғалысының қауiптi учаскелерi, сондай-ақ жылдамдық режимi көрсетiлген маршрут схемасын;
      9) осы маршрутқа қызмет көрсететiн тасымалдаушылар тiркелген мемлекеттердiң ұлттық валютасындағы халықаралық тұрақты маршруттың аялдама пункттерi бойынша жолаушыларды және багажды тасымалдауға ұсынылатын тарифтердi;
      10) автобус жүргiзушiлерiнiң ауысым уақыты мен орны көрсетiлген барлық тұрақты маршрут бойындағы еңбек және демалыс режимiнiң кестесi қоса берiлген өтiнiмдi ұсынады.
      Осы тармақтың 7)-9) тармақшаларында көрсетiлген тұрақты маршрутқа қызмет көрсету туралы шарт жасасқан қазақстандық және шетелдiк тасымалдаушылар қол қойған және олардың мөрлерiмен расталған құжаттар 4 данада ұсынылады.
      Ескерту. 259-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2013 № 507 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      260. Қажеттi құжаттар бар халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға арналған рұқсат құжаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуға өтiнiм автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға рұқсат құжаттарының белгiленген қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн 3 айдан кешiктiрмей ұсынылады.
      261. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган өтiнiм тiркелген сәттен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде, өтiнiмге қоса берiлген құжаттардың толық пакетi болған жағдайда, аумағы бойынша маршрут өтетiн мемлекеттердiң құзыреттi органдарына, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы Қағиданың 259-тармағының 1)-4), 7)-10) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар қоса берiлген маршрут ашуға рұқсат алу туралы өтiнiштi жiбередi.
      262. Аумағы бойынша маршрут өтетiн шетел мемлекеттерінің құзыреттi органдарынан тиiстi рұқсаттарды алғаннан кейiн тасымалдаушыға халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға арналған рұқсат құжаттары берiледi.
      Осы Қағидаға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат автобустардың, шағын автобустардың әрбір жүру кестесіне екі данадан ресімделеді.
      Ескерту. 262-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      263. Өтiнiмге қоса берiлген құжаттардың көшiрмесi бiр данада автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган тiзiлiм жүргiзу үшiн қалдырылады.
      264. Рұқсат берiлген күннен бастап күнтiзбелiк 30 күн iшiнде тасымалдаушы автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi органға тасымалдаушылар мен автовокзалдардың, автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкiмшiлiгi осы Қағидаға сәйкес жасасатын шарттардың көшiрмелерiн ұсынады.
      Ескерту. 264-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      265. Тасымалдаушылар маршруттағы әрбiр автобуста рұқсаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды расталған көшірмелері болуын қамтамасыз етедi.
      266. Маршрутты, аялдама пункттерiн, қозғалыс кестесiн өзгертудi, сондай-ақ маршрутты жабуды автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган тасымалдаушының немесе жергiлiктi атқарушы органдардың өтiнiшiнiң негiзiнде аумағы бойынша маршрут өтетiн мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен алдын ала келiсiм бойынша жүргiзедi.
      267. Өтiнiмдердi және тұрақты маршрут бойынша жолаушылар тасымалдауын жүзеге асыруға құжаттарды ресiмдеу бойынша ұсыныстар дайындау, қосымша рейстердi орындау, автобустардың қозғалыс кестесiн және жолаушыларды тасымалдау тарифтерiн өзгерту кезiнде халықаралық автобус маршруттарының қалыптасқан желiсi, тасымалдаушыда автобустардың тасымалдауды орындау үшiн қажеттi санының болуы, ал қолданылу мерзiмдерiн ұзарту кезiнде сонымен қатар онда және оның шетелдiк әрiптесiнде (тасымалдаушыда) тасымалдау ережелерiн бұзушылықтар, қызмет көрсету сапасына жолаушылар шағымдарының болмауы (болуы) және рейстердiң орындалу кезеңдiлiгiн сақтау ескерiледi.
      268. Тасымалдаушыға халықаралық тасымалдауға рұқсат құжаттарын беру мынадай жағдайларда бас тартылады:
      1) осы Қағиданың 259-тармағына сәйкес өтiнiмге қоса берiлген құжаттар толық көлемде емес немесе жалған мәлiметтер болса, егер 260-тармаққа сәйкес маршрутты ұзарту жағдайда;
      2) өтiнiш берiлген қозғалыс кестесi бойынша маршрутта белгiленген тәртiппен жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты халықаралық тасымалдау жүзеге асырылса;
      3) ашылып жатқан бастапқы және аралық пункттері және қолданыстағы ұзақтығы 250 км асатын тұрақты халықаралық маршруттар бойынша қозғалыс кестесінің айырмашылығы 1 сағаттан аз уақытты құраса;
      4) тасымалдауды жүзеге асыруы болжанып отырған жылжымалы құрамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуі, сондай-ақ автобустарды рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексерудi, сондай-ақ жүргiзушiлердi (ауысым алдындағы) медициналық куәландыруды жүргiзу мүмкiндiгiнің болмауы;
      5) тасымалдаушы (тасымалдаушылар) тарапынан осы Қағиданы бiрнеше рет бұзушылықтардың фактілері орын алса;
      6) аумағы арқылы өтiнiш берiлген маршрут өтетiн мемлекеттiң құзыреттi органының келiсiмi алынбаса;
      7) ашылып жатқан бастапқы және аралық пункттері және қолданыстағы ұзақтығы 250 км дейінгі халықаралық тұрақты маршруттар бойынша қозғалыс кестесінің айырмашылығы 15 минуттан аз уақытты құраса, бас тартылады.
      Ескерту. 268-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      269. Дәлелдi бас тарту жазбаша нысанда өтiнiш берушiге жiберiледi.
      270. Тасымалдаушыға берiлген рұқсат құжатының қолданылуы:
      1) тасымалдаушы автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға тасымалдауды болжамды тоқтату күнiне дейiн 3 айдан кешiктiрмей жазбаша өтiнiш берген;
      2) жергiлiктi атқарушы органдар жазбаша дәлелдi өтiнiш берген;
      3) осы Қағиданың талаптарын бұзу немесе сақтамау фактілері байқалған;
      4) егер тасымалдаушы аумағы бойынша маршрут өтетiн мемлекеттердiң құзыреттi органдары белгiлеген тұрақты маршруттарды пайдалану шарттарын қамтамасыз етпесе;
      5) аумақтары бойынша тұрақты маршрут өтетiн шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарының жазбаша өтiнiшi бойынша алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруы мүмкiн.
      271. Тасымалдаушыға берiлген рұқсат құжатының қолданылуы:
      1) тасымалдаушы тасымалдауды болжамды тоқтату күнiне дейiн 3 айдан кешiктiрмей жазбаша өтiнiш берген;
      2) тасымалдаушы өз еркiмен, автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органның келiсiмiнсiз маршрут бойынша автобустардың қозғалыс кестесi мен схемасына өзгерiстер енгiзген;
      3) аумақтары бойынша тұрақты маршрут өтетiн шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарының жазбаша өтiнiшi бойынша;
      4) тасымалдаушылар мен автовокзалдардың, автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкiмшiлiгi осы Қағидаға сәйкес жасасатын шарттардың көшiрмелерiн белгiленген мерзiмдерде ұсынбаған;
      5) егер тасымалдаушы рұқсат құжаттарын алған күннен бастап айлық мерзiм өткен бойда маршрутта жолаушылар тасымалдауды орындамаса;
      6) егер маршрутта жолаушылар тасымалдауды тасымалдаушы рұқсат құжаттарының қолданылу кезеңiнде күнтiзбелiк 15 күн бойы орындамаса;
      7) осы Қағиданың талаптарын бiрнеше рет бұзған фактілері байқалған жағдайда тоқтатылады.
      Ескерту. 271-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
3. Халықаралық қатынаста жол жүру және багажды алып жүру төлемi
      272. Халықаралық қатынаста жол жүру үшін жол жүру құжаттарын (билеттерін) алу тәртiбi осы Қағидада белгіленген қалааралық облысаралық қатынаста билеттер алу тәртiбiне сәйкес болуға тиіс.
      Бұл ретте, халықаралық қатынастағы жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату билетте жолаушының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілуі арқылы жүзеге асырылады.
      Жолаушыны рейске отырғызу жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде билетте көрсетілген тегі, аты, әкесінің атын тексере отырып, жүзеге асырылады.
      Багаждың багаж автомобильдерінде тасымалдануы, алып жүруі осы Қағиданың 6-тарауының 5-бөлімінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 272-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      273. Халықаралық қатынаста жол жүру және багажды алып жүру төлемi, жол жүру құжаттары (билеттерi) сатып алынған мемлекеттiң валютасымен жүргiзiледi.
      274. Багажды сақтау және беру тәртiбi, аумағында оны сақтау және беру жүргiзiлетiн мемлекеттiң заңнамасымен реттеледi.
9-тарау. Жолаушылар мен багажды бiр жолғы және тапсырыс
сипатындағы тұрақты емес тасымалдауы
1. Жалпы ережелер
      275. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес автомобиль тасымалдау жол желiсi және тиiстi автокөлiк құралдары үшiн рұқсат етiлген жол құрылыстары бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. Тасымалдауды жүзеге асыру алдында тасымалдаушы болжанып отырған тасымалдау маршрутындағы жолдар мен жол құрылыстардың жай-күйiн, оның iшiнде жол органдары мен жол полициясы органдарына сұрау салу түрiнде алдын ала зерттеудi жүргiзедi.
      276. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы автокөлiк құралында жүргiзушiнiң рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан және автокөлiк құралының рейс алдындағы техникалық тексеруден өткенi туралы белгiлер бар борт журналының болуын қамтамасыз етедi.
      Ескерту. 276-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      277. Жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдау, осы қызметке белгiленген тәртiппен жiберiлген және осы Қағиданың талаптарына сәйкес келетiн автокөлiк құралдарымен жүзеге асырылады.
      278. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде аялдама пункттерi жолаушылардың қауiпсiз отырғызылуы мен түсiрiлуiн қамтамасыз етуi және жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiмен сәйкес келмеуi тиiс.
      Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын автобустардың, шағын автобустардың жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнде аялдама жасауына, сондай-ақ оларда жолаушыларды отырғызуға және түсiруге тыйым салынады.
      278-1. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың автовокзалдар (автостанциялар) аумағынан және жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша жолаушыларды отырғызуына тыйым салынады.
      Ескерту. Қағида 278-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      279. Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес белгiленген тәртiппен осы қызметке жiберiлген тасымалдаушылар жүзеге асырады.
      280. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезiнде жолаушыларды автобустағы отыратын орындардың санынан асатын мөлшерде тасымалдауға және өлшемi 60х40х20 см және салмағы 35 кг артық қол жүгiн тасымалдауға жол берiлмейдi.
      Өлшемi осы тармақта көрсетiлген өлшемдерден асатын жолаушылардың мүлiгi автокөлiк құралдарының багаж бөлiмшесiнде немесе автобусқа, шағын автобусқа ерiп жүретiн багаж автомобилiнде тасымалданады.
      281. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау кезiнде жол жүру және багажды алып жүру төлемiн жолаушылар тасымалдаушыға (жүргiзушiге) шарттың талаптарына сәйкес төлейдi.
жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау