3. Жолаушыларды ақпараттық қамтамасыз ету
91. Автовокзалдарда, автостанцияларда және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде жолаушыларға автобустардың қозғалысы, жол жүру мен багажды алып жүру шарттары және көрсетiлетiн қызметтер мәселелерi жөнiндегi анық, толық және уақтылы ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған анықтамалық-ақпараттық қызметтiң жұмысы ұйымдастырылады.
Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
92. Жолаушыларды ақпараттық қамтамасыз ету көрiнетiн анықтаманың, дауыстап айту байланысының және ауызша анықтаманың көмегiмен жүзеге асырылады.
93. Көрiнетiн ақпарат:
1) тәулiктiң кез келген уақытында жақсы көрiнуi;
2) барынша анық және толық болады.
Бұл ретте егер автовокзал, автостанция, жолаушыларға қызмет көрсету пункті немесе кассалық пункт тәулiк бойы жұмыс iстемесе, сыртында мынадай ақпарат орналастырылады:
1) осы автовокзал, автостанция, кассалық пункт арқылы өтетiн маршруттар бойынша автобустардың, шағын автобустардың қозғалыс кестесi;
2) автовокзалдың, автостанцияның, жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің, кассалық пункттiң жұмыс уақыты.
Ескерту. 93-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
94. Автобустардың қозғалыс кестесiнде мынадай мәлiметтер болады:
1) маршруттың нөмiрi;
2) маршруттардың атауы;
3) автобустың, шағын автобустың жөнелтiлу уақыты;
4) соңғы пунктке келу уақыты;
5) осы автовокзалға, автостанцияға, жолаушыларға қызмет көрсету пунктіне келу уақыты және тұру уақыты (транзиттiк рейстер үшiн).
Ескерту. 94-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
95. Кассалардың көрiнетiн ақпаратында мыналар болады:
1) кассаның нөмiрi;
2) кассаның мамандануы;
3) жұмыс режимi;
4) билеттi кезектен тыс сатып алатын жолаушылар санаттарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тiзбесi;
5) жолаушылардың жеке санаттарының жеңiлдетiлген жол жүру шарттары;
6) кассирдiң тегi.
96. Жолаушыларды дауыс зорайтқыш байланысының көмегiмен ақпараттандыру автовокзалдың, автостанцияның хабарлау желiсi арқылы ұйымдастырылады.
Ескерту. 96-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
97. Дауыс зорайтқыш байланысының көмегiмен берiлетiн ақпараттың мiндеттi тiзбесi өзiне мынадай ақпаратты қамтиды:
1) автобустардың, шағын автобустардың келу уақыты;
2) автобусқа мiнудiң басталатын уақыты (жөнелтуге дейiн 15 минут бұрын) және автобустың жөнелтiлетiн уақыты (жөнелтуге дейiн 5 минут бұрын);
3) қосымша рейстердi енгiзу және оларға жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сату;
4) транзитпен жүретiн автобустардың, шағын автобустардың тұратын уақытының қысқартылуы (ұлғайтылуы) туралы;
5) багажды қабылдау, сақтау және беру тәртiбi;
6) жолаушыларға ұсынылатын негiзгi қызметтердiң тiзбесi.
Жолаушыларға көрсетiлетiн негiзгi қызметтердiң тiзбесi туралы ақпарат автобустардың келуi мен жөнелтiлуi туралы хабарландырулардың арасындағы аралықтарда берiледi. Әрбiр хабарландыру мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде қайталанады.
98. Жолаушыларға ауызша анықтамалардың берiлуiн анықтама бюросының ақпаратшысы жүзеге асырады. Анықтама бюросы:
1) жұмыс уақыты мен ақпарат берушiнiң тегi көрсетiлген, мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi, айқын көрiнетiн "Анықтама бюросы" деген маңдайша жазумен;
2) автобустардың осы автовокзалдан (автостанциядан) жөнелтiлу, соңғы пунктке келу уақыты және барлық автобустардың, шағын автобустардың осы автовокзалға (автостанцияға) келу уақыты көрсетiлген автобустардың, шағын автобустардың қозғалыс кестесiмен;
3) осы автовокзалдың (автостанцияның) тура автобус қатынасы бар басқа облыстардың автовокзалдары мен автостанциялары бойынша автобустардың қозғалыс кестелерiмен;
4) осы автовокзал (автостанция) қызмет көрсететiн барлық маршруттар бойынша жол жүру мен багажды алып жүру құнының кестесiмен қамтамасыз етіледі.
99. Автовокзал мен автостанция ұсынатын ақпараттың міндетті тізбесі мыналарды қамтиды:
1) осы автовокзал (автостанция) бойынша автобустардың, шағын автобустардың жөнелтiлу және келу уақытын;
2) осы автовокзалдан жөнелтiлетiн барлық автобустардың, шағын автобустардың маршруттың барлық аялдау пункттерiне келу және тұру уақытын (автовокзал үшiн ғана);
3) кесте бойынша рейске жөнелтiлетiн автобустардың, шағын автобустардың үлгiлерi мен маркаларын;
4) облыс маршруттары бойынша, сондай-ақ осы автовокзалмен тура автобус қатынасы бар басқа облыстардың автовокзалдары мен автостанцияларының маршруттары бойынша автобустардың, шағын автобустардың қозғалыс кестесiн;
5) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
6) жол жүру және багажды алып жүру құнын;
7) жол жүру құжаттарын (билеттерiн) басқа рейске қайта ресiмдеу тәртібін, сондай-ақ сапар iске аспаған жағдайларда жол жүру мен багажды алып жүру құнын қайтару тәртiбiн;
8) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Ескерту. 99-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
99-1. Қалааралық облысаралық және халықаралық қатынастарда автобустың немесе шағын автобустың бастапқы жөнелтілуі алдында жолаушылар салонда ауызша немесе дыбыс немесе бейнежазба арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде:
1) тасымалдаушы;
2) маршруттың атауы;
3) сапардың километрдегі ұзақтығы;
4) жолда жүру уақыты;
5) аралық аялдамалар;
6) автобустың немесе шағын автобустың қозғалысы кезіндегі шектеулер;
7) шұғыл жағдайлар кезіндегі жүріс-тұрыс туралы;
8) қосымша сервис туралы хабардар етілуі тиіс.
Ескерту. Қағида 99-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерiн безендiру
мен күтiп ұстауға қойылатын талаптар
100. Жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерi:
1) қалқалармен;
2) тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде автобустарға қалыпты отыру және олардан түсудi, багажды тапсыру мен алуды, деректемелердi оқуды қамтамасыз ететiн жарықпен;
3) отырғызу алаңының нөмiрi белгiленген автобустарға отырғызу орындарының көрсеткiштерiмен;
4) жолаушыларды хабарландыруға арналған дыбыс колонкаларымен;
5) отырғызу алаңдарын жүру бөлiгiнен қоршау;
6) мүгедек жолаушылардың отырғызу мен түсiру орындарына баруына арналған пандустармен;
7) қоқыс ыдыстарымен жабдықталады.
101. Жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерi жиектемелермен белгiленеді және жүру бөлiгi төсемiнiң деңгейiнен кемiнде 22 см асады.
102. Автовокзал (автостанция) аумағы бойынша автобустар, шағын автобустар қозғалысының схемасын әзiрлеген кезде:
1) кiру және шығу кезiнде оң бұрылыстарды ғана қолдану;
2) жақын жатқан көшелерде автобустардың айналу пунктiн жабдықтау;
3) жолаушыларды отырғызу мен түсiруге арналған отырғызу алаңына автобус пен шағын автобусты оң жағымен ғана қоюды;
4) автобус пен шағын автобусты отырғызуға қойған кезде барынша аз маневрлеудi;
5) автобустар мен шағын автобустар қозғалысы бағытының жолаушылар қозғалысы бағытымен қиылысуын болдырмау көзделедi.
Ескерту. 102-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
103. Автобустар, шағын автобустар автовокзал мен автостанция аумағы бойынша маневр жасаған кезде қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз ету үшiн тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерi ғана емес, автовокзалдың, автостанцияның барлық аумағы жарықтандырылады, сондай-ақ тротуарлар мен жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерiн жүру бөлiгiнен бөлетiн қоршаулармен жабдықталады.
Ескерту. 103-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
104. Жолаушыларды отырғызу үшін автобус пен шағын автобусты әкелу уақыты автобустар мен шағын автобустардың жөнелтiлу жиiлiгiне және отырғызу пункттерінің болуына байланысты және автовокзал мен автостанция жұмысының технологиялық процесiмен, ол кесте бойынша рейске автобус пен шағын автобус жөнелтiлгенге дейiн қалааралық қатынастағы автобустар мен шағын автобустар үшiн 15 минуттан және қала маңындағы қатынастың автобустары үшiн 10 минуттан кем болмай белгiленедi.
Ескерту. 104-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
5. Багажды қабылдау, сақтау және беру тәртiбi
105. Сақтау камерасының жұмыс уақыты автовокзалдың автостанцияның жұмыс режимiне, автобустардың, шағын автобустардың қозғалыс кестесiне және жергiлiктi жағдайға байланысты белгiленедi. Автоматты емес сақтау камерасындағы қоймашылардың түскi үзiлiстерi қалааралық автобустардың жиiлiгi ең төменгi жөнелтiлу сағаттарына, кезектi автобус жөнелтiлгенге дейiн 15 минуттан кешiктiрмей сақтау камерасын мiндеттi түрде ашуды ескере отырып белгiленедi.
106. Багаж сақтауға кез келген орамада, оның сыртқы пішініне қарамастан (чемодан, арқа қоржын, түйіншек, шыны ыдыс) қабылданады. Жеке заттар (шаңғы, арбалар, спорт бұйымдары және оған ұқсас) сақтауға орамасыз қабылдануы мүмкiн. Орама бұйымдардың, оларды тасу және сөрелерде сақтау кезiнде сақталуын қамтамасыз етуi тиiс.
Багажды сақтауға қабылдау кезiнде ораманың берiктiгi тексерiледi және ол жарамсыз болған жағдайда, жолаушыға ақаулықты жою ұсынылады.
Талап етілмеген багаж сақтау камерасында алты ай ішінде сақталады. Көрсетілген мерзім өткенде талап етілмеген багаж құртылады.
Өздерiне тән қасиеттерi бойынша басқа жолаушылардың бұйымдарын ластауы немесе зақымдауы мүмкiн бұйымдарды, сондай-ақ өртену қаупi бар, жарылғыш, улағыш, улы, өткiр және күлiмсi иiстi заттарды сақтауға қабылдауға рұқсат етiлмейдi.
107. Сақтау камерасы сақтауға тапсырылған азық-түлiктiң өздiгiнен бұзылғаны үшiн жауапты болмайды.
108. Багажды автоматты емес камераға тапсыру кезiнде оның иесiне:
1) сақтау камерасының деректемелерi;
2) күнi;
3) багаж иесiнiң тегi, аты және әкесiнiң аты;
4) сақтауға қабылданған багаж орындарының саны;
5) сақталу мерзiмi;
6) багаждың көрсетiлген құны (иесi қалаған кезде);
7) багажды сақтау ақысының сомасы;
8) багаж орамасының ақаулықтары (болған кезде) көрсетiлген түбiртек жазып берiледi.
109. Егер багажды сақтау камерасына қабылдау кезiнде ораманың ақаулықтары байқалса, онда иесi оларды не жоюға, не ақаулықтардың барын түбiртектiң түбiрiнде өз қолымен растауға мiндеттi.
110. Багаж түбiртегi мен көшiру қағазы арқылы жазып берiлетiн оның көшiрмесi тазартуларсыз және түзетулерсiз анық толтырылады. Түбiртектiң көшiрмесi сақтауға тапсырылған бұйымдарға бекiтiледi, ал түпнұсқасы жолаушыға берiледi.
111. Сақтауға қабылданған багажды жолаушыға берудi сақтау камерасының қызметкерi түбiртек бойынша жүргiзедi. Беру кезiнде иесi көрсеткен түбiртек пен оның көшiрмесi салыстырылады, сақтау мерзiмi тексерiледi және багаждың иесiмен соңғы есеп айырысу жүргiзiледi.
112. Багаж түбiртегi жоғалған кезде, сақтауға қабылданған багаж иесiне, оның жазбаша арызы бойынша багаждың оған тиiстiлiгi туралы дәлелдер келтiру арқылы берiледі. Бұл жағдайда багажды беру оның иесiнiң жеке басын растайтын құжаттарына сәйкес тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген қолхат бойынша жүргiзiледi.
113. Сақтау үшiн ақы әрбiр күнтiзбелiк күн үшiн сақтауға қабылданған күн мен сақтау камерасынан берiлетiн күндi қоса алғанда, багаждың әрбiр заты (орны) үшiн алынады. Сақтауға бiрге байланған бiрнеше зат тапсырылған болса, ақы әрбiр зат (орын) үшiн жеке алынады.
114. Бару пунктiне багаж автомобилiнде келген багажды сақтау үшiн ақы багаж келген келесi күннiң нөл сағатынан бастап және сақтау камерасынан берiлген күндi қоса алғанда, багаждың әрбiр заты (орны) үшiн күнтiзбелiк әрбiр күнге алынады. Сақтауға бiрге байланған бiрнеше зат тапсырылған болса, ақы әрбiр зат (орын) үшiн жеке алынады.
115. Багажды сақтауға тапсырған кезде жолаушы оның бағасын белгiленген комиссиялық алым төлеп көрсетуi мүмкiн.
Сақтауға бiрнеше затты (орынды) тапсырған кезде жолаушы әрбiр өзi тапсырған заттың (орынның) немесе олардың жалпы бағасын көрсетуi мүмкiн. Көрсетiлген бағаның сомасы багаж түбiртегiнде көрсетiледi.
116. Багаждың жетiспеуi немесе зақымдалуы байқалған кезде, багаж иесiнiң, тасымалдаушы өкiлiнiң немесе сақтау камерасы қызметкерiнiң, автовокзал (автостанция) қызметкерiнiң және құқық қорғау органдары қызметкерiнiң қатысуымен екi данада актi жасалады.
Актiде багаж иесiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты және мекенжайы, қабылданған және берiлген орындардың саны, жоғалған заттың атауы немесе оның зақымдалу сипаты, егер ол құжат жүзiнде ресiмделсе, көрсетiлген бағаның сомасы көрсетiледi.
Актiнiң бiр данасы багаж иесiне тапсырылады.
117. Сақтау камерасына тапсырылған бұйымдардың жоғалуы, жетiспеуi немесе зақымдалуы салдарынан болған жолаушының шығындарын, тапсырған кездегi оларды бағалау сомасының шегiнде, оларды өтеу туралы талап етiлген сәттен бастап жиырма төрт сағат iшiнде сақтаушы өтейді.
3-тарау. Автобустардың қозғалысына диспетчерлiк басшылық ету
1. Автобустар қозғалысына диспетчерлiк басшылық етудi ұйымдастыру
118. Диспетчерлiк басшылық ету қозғалысты басқару, кестенiң сақталуын үздiксiз бақылау және маршруттар бойынша автобустардың, шағын автобустардың және троллейбустардың үздiксiз және тұрақты қозғалысын қамтамасыз ету үшiн жедел реттеу, сондай-ақ технологиялық процестегi көлiктiң барлық түрлерiмен жолаушылар тасымалдауды үйлестiру болып табылады.
Ескерту. 118-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
119. Диспетчерлiк басшылық етудi диспетчерлiк қызметтер жүзеге асырады.
120. Диспетчерлiк қызметтiң негiзгi функциялары:
1) автобустардың, шағын автобустардың жөнелтiлуiн және автовокзалға (автостанцияға) уақтылы келуiн қадағалау;
2) маршруттар бойынша автобустардың, шағын автобустардың қозғалысын қадағалау және реттеу;
3) тасымалдаушыларды, жолаушыларды және басқа автовокзалдардың диспетчерлiк қызметтерiн маршрут бойынша жүрудiң күрделiлiктерi, соның iшiнде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалысты шектеулер немесе тыйым салулар туралы хабардар ету;
4) маршруттағы, соның iшiнде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалыстың ерекшелiктерi туралы жүргiзушiлерге нұсқау беру;
5) маршрут бойынша ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалысты шектеулер немесе тыйым салулар кезiнде жолаушыларды орналастыру;
6) жол органдарын, жол полициясы органдарын, төтенше жағдайлар жөнiндегi органдарды маршрут бойынша жүрудiң күрделiлігі, оның iшiнде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалыстың шектеулерi немесе мүмкiн еместiгi және осыған байланысты автобустар мен шағын автобустардың уақтылы келмеуi туралы хабардар ету;
7) жолаушыларды отырғызу және багажды тиеу үшiн автобустардың, шағын автобустардың кестеде белгiленген уақытта және тиiстi санитарлық жай-күйде уақтылы берiлуiн қадағалау;
8) жүргiзушiлердiң рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан және автобустардың, шағын автобустардың рейс алдындағы техникалық тексеруден өтуiн қадағалау (автовокзалдың, автостанцияның немесе тасымалдаушының тиiстi қызметтерiнiң оларды өткiзгенi туралы құжаттық растаудың болуы);
9) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
10) басқа автовокзалдардың, автостанциялардың диспетчерлiк қызметтерiн автобустарда, шағын автобустарда бос немесе босаған орындардың болуы туралы, сондай-ақ қозғалыс кестесiндегi өзгерiстер немесе автобустар мен шағын автобустардың кестеден озып кету (қалып қою уақыты), қосымша рейстердi алып тастау немесе кестеде көзделмеген рейстер енгiзу, қосымша автобустың жөнелтiлуi туралы хабардар ету;
11) автобустардың немесе шағын автобустардың жөнелтілу уақыты туралы белгісі бар автовокзалдың және автостанцияның мөрімен бектілген жол құжаттамасын ресiмдеу, сондай-ақ диспетчерлiк журнал жүргiзу;
12) жүргiзушiлерде нақты маршрут бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға арналған рұқсат құжаттарының (куәлiктiң, маршрут схемасының, жол қағазының) болуын қадағалау;
13) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Ескерту. 120-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
121. Автобустардың, шағын автобустардың қозғалысы кестеден ауытқыған жағдайларда олардың қозғалысын жедел реттеу жүзеге асырылады. Жедел реттеу өзіне мынадай iс-қимылдарды қамтиды:
1) автобус, шағын автобус кешiккен кезде:
кешiккен автобустың, шағын автобустың тұру уақыты, кесте бойынша тұру уақытының үштен бiр бөлiгiнен асырылмай қысқартылады (бес минутқа дейiн тұру қысқартылмайды). Автобустың жолаушылары тұру уақытының қысқартылғаны туралы ескертiледі;
автобус, шағын автобус маршруттың соңғы пунктiне едәуiр кешiккен кезде оның нәтижесiнде жолаушыларды уақтылы жеткiзудi және автобусты, шағын автобусты керi рейске жөнелтудi қамтамасыз ету мүмкiн болмаса, ол резервтегi автобуспен, шағын автобуспен ауыстырылады;
егер автобустың, шағын автобустың кешiгуi осы маршруттағы қозғалыстың кестеде белгiленген ұзақтығының кемінде он-он бес пайызын құраған жағдайларда қозғалыс жылдамдығы ұлғайтылады, бiрақ жол қозғалысы ережелерiнде және маршрут жөнiндегi тиiстi жол белгiлерiнде белгiленген жылдамдықтан артық емес. Бұл ретте жылдамдықтың ұлғаюы қозғалыс қауiпсiздiгiн төмендетпеуi тиiс және таулы санына жатқызылатын маршруттарда және ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты маршрут бойынша қозғалыс күрделiленген жағдайларда рұқсат етiлмейдi;
2) автобус, шағын автобус графиктен озған кезде, кестеде көрсетiлген жөнелту уақытына дейiн автовокзалда (автостанцияда) кiдiртедi;
3) рейс бұзылған кезде:
келмеген автобус, шағын автобус тасымалдаушының резервтегi автобусына ауыстырылады;
салондағы барлық жолаушыларды орындармен қамтамасыз ету шартымен бiрдей маршруттың екi рейсi бiр рейске бiрiктiрiледi;
бiрдей маршруттың автобусы, шағын автобусы ерте графикке (келмеген немесе техникалық ақаулық бойынша маршруттан шыққан), кейiннен резервтегi автобусты, шағын автобусты енгiзу арқылы оның рейсаралық тұру уақытын қысқарту есебiнен ауыстыру.
122. Автобус, шағын автобустың жөнелтілуі жиырма минуттан артық кешiгетiн болса, диспетчер бұл туралы жүру маршруты бойынша келесi диспетчерлiк пунктке, ал автобус, шағын автобус болмайтын болса, маршруттың барлық пункттерi бойынша хабарлауы тиiс.
Диспетчер маршруттың соңғы және аралық пункттерiне рейстiң алынып тасталғаны, кестеде көзделмеген автобус пен шағын автобустың жөнелтiлгенi туралы немесе жөнелтудiң нақты уақытын және болжанып отырған келу уақытын көрсете отырып, алда қосымша рейстiң жiберiлетiнi туралы хабарлайды.
Ескерту. 122-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
123. Автобус пен шағын автобус рейске жөнелтiлген кезде диспетчер жүргiзушiнiң рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан өтуiн, сондай-ақ автобус пен шағын автобустың рейс алдындағы техникалық тексеруден өтуiн (автовокзалдың, автостанцияның немесе тасымалдаушының тиiстi қызметтерiнiң оларды өткiзгенi туралы құжаттық растаудың болуы) бақылайды, ол туралы жол парағында тиiстi белгi жасалады.
Ескерту. 123-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
124. Рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеруден өтпеген автобустар, шағын автобустар, сондай-ақ рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан өтпеген немесе заңнамада белгiленген еңбек және демалыс режимiн сақтамаған жүргiзушілер рейске жiберілмейді.
Ескерту. 124-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
125. Маршрутта күрделi метеорологиялық жағдай қалыптасқан кезеңде автобус пен шағын автобус кесте бойынша келмеген жағдайда, диспетчер автобустың, шағын автобустың кiдiру себептерiн анықтау бойынша шаралар қабылдайды және бұл туралы автобус пен шағын автобусқа техникалық көмек көрсету және жолаушыларды межелі пунктiне жеткiзу үшiн диспетчерлiк қызметтiң орталық пунктi мен осы маршрутқа қызмет көрсететiн тасымалдаушыға хабарлайды.
Ескерту. 125-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
125-1. Уағдаластық бойынша автостанциялар мен автовокзалдардың, тасымалдаушылардың диспетчерлік қызметтері автобустар мен шағын автобустар қозғалысының процесі бойынша нақты режимде байланыс арналары арқылы диспетчерлік жүйенің операторларынан ақпарат алады.
Ескерту. Қағида 125-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Диспетчерлiк пункттердiң жұмысын ұйымдастыру
126. Автовокзалдардың, автостанциялардың диспетчерлiк пунктiнiң үй-жайы операциялық (кассалық) залдан оқшаулануы, жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерiне қызметтiк шығатын жері болуы тиiс.
127. Диспетчердiң жұмыс орны отырғызу алаңдарын, автобустар мен шағын автобустардың келуi мен жөнелтiлуiн бақылай алатындай орналасады және ақпараттық көрсеткiштерді арнайы басқару пультiмен және дауыс зорайтқыш байланыс қондырғысымен, сондай-ақ автовокзалдың, автостанцияның әкiмшiлiгiмен, билет кассаларымен, анықтама бюросымен және диспетчерлiк қызметтiң орталық пунктiмен iшкi технологиялық байланыспен жабдықталады.
Ескерту. 127-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
128. Диспетчердiң жұмыс орны, сонымен қатар қызмет көрсетiлетiн маршрут желiсiндегi басқа диспетчерлiк қызметтермен телефон немесе өзге де электрондық байланыспен (радиобайланыспен) жабдықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |