3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты
тасымалдауды жүзеге асыру тәртібі
220. Автобусқа, шағын автобусқа отырғызу кезінде жолаушыда жол жүру құжатының (билеттінің) болуы тексеріледі. Автовокзалдарда (автостанцияларда) тексеруді – отырғызу бойынша кезекші, ал осындай кезекшілер жоқ аялдама пункттерінде жүргізушілер немесе бақылаушылар жүзеге асырады.
221. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдау маршруты бойынша жол жүру билеттері, оларда көрсетілген күн мен рейстің нөміріне ғана жарамды болып табылады.
222. Жолаушылар жол жүру құжаттарын (билеттерді) сапардың барлық уақыты бойы сақтайды және заңнамаға сәйкес олардың болуын бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдардың бірінші талабы бойынша тексеру үшін көрсетеді.
223. Жолаушы билетте көрсетілген нөмірге сәйкес автобуста орын алады. Тасымалдау кезінде жолаушыларды, автобустың отыратын орындар санынан асатын мөлшерде тасымалдауға жол берілмейді.
224. Жолаушымен 7 жасқа дейінгі бірнеше бала жүрген жағдайда, олардың әрқайсысына жеке орын беріледі.
225. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдаудың маршруттарында сапарды жүзеге асыру кезінде:
1) жол жүру құжаттарына қандай да болмасын түзетулер енгізуге;
2) автобустың, шағын автобустың салонында багаж алып жүруге;
3) темекі тартуға, қоқсытуға, спирт ішімдіктерін ішуге;
4) жүргізушіні әңгімемен алаңдатуға, сондай-ақ автобустың қозғалысы кезінде салон ішінде жүруге;
5) от қауіпті, жарылғыш, улағыш, жеңіл тұтанатын, улы, уытты және күлімсі иісті заттарды, құндағы және дәрімен атылатын ілеспе құжаттары жоқ қаруды, сондай-ақ жолаушыларға, не автобус салонының жабдығына немесе жарағына залал (ластау немесе зақымдау) келтіруі мүмкін заттар мен бұйымдарды тасымалдауға жол берілмейді.
4. Қол жүгі мен багажды алып жүру
226. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жолаушыларға автобустың салонында тегін, өлшемі 60х40х20 см аспайтын және салмағы 35 кг аспайтын бір орын қол жүгін, сондай-ақ ұсақ жануарлар мен құстарды торлармен тасымалдауға рұқсат етіледі.
227. Қол жүгінің буып-түйілуі мен тасымалдануы басқа жолаушылар мен автобус салонының жабдығына қандай да болмасын залал (ластану немесе зақымдану) келтіру мүмкіндігін толық болдырмауы тиіс.
228. Жолаушыларға автобустың багаж бөлімшесінде отырғызу орнынан жеткізу орнына дейін оны алып жүрудің белгіленген құнына сәйкес әрбір багаж орнын алып жүру ақысын төлеп багажды алып жүруге рұқсат етіледі. Жолаушы қол жүгін автобустың багаж бөлімшесінде алып жүре алады.
229. Багаж жарамды орамада тапсырылады. Жолаушының тасымалдауға қабылданған багажына багаж түбіртегі беріледі.
230. Багажды тасымалдауға тапсыру кезінде жолаушы оның бағасын белгіленген алым төлеу арқылы көрсетуі мүмкін. Бұл ретте багаж түбіртегіне тиісті жазу жасалады.
231. Багаждың жоғалуы, жетіспеуі немесе зақымдануы байқалған кезде багаж иесінің, тасымалдаушы өкілінің немесе жүргізушінің және құқық қорғау органдары қызметкерінің немесе жергілікті атқарушы органдар өкілінің қатысуымен актінің екі данасы жасалады.
Актіде иегердің тегі, аты, әкесінің аты және мекен-жайы, қабылданған және берілген орындардың саны, жоғалған заттың атауы немесе оның зақымдану сипаты, көрсетілген бағаның, егер ол құжат жүзінде ресімделген болса, сомасы көрсетіледі
Актінің бір данасы багаж иесіне тапсырылады.
232. Тасымалдауға қабылданған багаж, егер оны тасымалдаушы мойындаса немесе багаж тасымалдаудың тағайындалған жеткізу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік 7 күн ішінде келмесе жоғалған деп есептеледі.
233. Тасымалдаушы багаждың жоғалғаны, жетіспегені және зақымдалғаны (бүлінгені) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
5. Багаж автомобильдерімен багажды тасымалдау
234. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдаудың маршруттарында тасымалдаушы багаж автомобильдерінің қозғалысын ұйымдастырған жерлерде жолаушылар багажды багаж автомобилінде тасымалдау үшін тапсыруы мүмкін.
Аралық аялдама пункттерінде багажды багаж автомобилінде тасымалдауға қабылдау жолаушы тиісті маршрут бойынша жол жүру құжаттарын (билеттерін) көрсету кезінде жүргізіледі.
235. Тасымалдауға тапсырылатын багаж өзінің сипаты мен орамасы бойынша багаж автомобиліне тиеуді және орналастыруды қиындатпауы, сондай-ақ басқа жолаушылардың багажына зиян келтірмеуі тиіс. Ыдыс пен орама барлық тасымал бойы багаждың бүтіндігі мен сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
236. Багажды багаж автомобилімен жіберуге тілек білдірген жолаушы оны тапсыруға алдын ала - автобус жөнелтілгенге дейін 10 минуттан кешіктірмей ұсынады.
237. Багаж автомобилінде тасымалдауға жарамсыз орамадағы багаж қабылданбайды. Орамасының, багаждың жоғалу немесе бүліну қаупін туғызбайтын осындай кемшіліктері бар багаж, багаж түбіртегіндегі осы кемшіліктер туралы белгі арқылы тасымалдауға қабылдануы мүмкін.
238. Багаж автомобилінде тасымалдауға багажды қабылдау кезінде жолаушыға багаж түбіртегі беріледі.
239. Багаж автомобилінде тасымалданатын багаж бару пунктінде багаж түбіртегін көрсетушіге беріледі.
240. Багаж автомобилімен тасымалдауға қабылданған багаж бару пунктіне, жолаушының осы пунктке кесте бойынша келген күнінен кешіктірмей жеткізіледі.
241. Бару пунктінде жолаушы талап етпеген багаж жауапты сақталу үшін тасымалдаушыға беріледі, ол үшін багаждың иесінен тиісті ақы талап етіледі. Багажды сақтау орны тасымалдаушының қарауы бойынша таңдалады.
242. Багажды тасымалдауға қабылдаған тасымалдаушы, багажды тасымалдауға қабылдаған сәттен бастап және оны жолаушыға (багажды алуға уәкілетті адамға) бергенге дейін немесе багаж талап етілмеген жағдайда, оны сақтау камерасына тапсырғанға дейін сақталуын қамтамасыз етеді.
243. Багаж автомобилімен тасымалдауға қабылданған багаждың жоғалуын, жетіспеуін және зақымдануын (бүлінуін) анықтау, тасымалдаушының залалды өтеу тәртібі мен өлшемдері осы Қағиданың 235-238-тармақтарына сәйкес белгіленеді.
6. Жолаушылард мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жол жүру және багажды алып жүру төлемi
244. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдаудың маршруттары бойынша жол жүру және багажды алып жүру төлемін жолаушылар автовокзалдың, автостанцияның кассасына, ал маршруттардың аралық аялдама пункттерінде кондукторға (жүргізушіге) тікелей автобусқа отырғызу кезінде, ол аялдама пунктінен жөнелтілгенге дейін төлейді.
245. Жол жүру төлемінің фактісі мынадай ақпаратты қамтитын жолаушыға жүру құжатын берумен белгіленеді:
1) билеттің сериясы мен нөмірі;
2) жөнелту және бару пункттері;
3) комиссиялық және сақтандыру алымдары көрсетілген төленген жол жүру құны;
4) билеттің берілген күні;
5) бастапқы пункттен автобустың жөнелтілген күні мен уақыты;
6) рейстің нөмірі;
7) жолаушының отыру орнының нөмірі.
246. Багажды алып жүру төлемінің фактісі жолаушыға багаж түбіртегін берумен белгіленеді.
247. Егер жолаушы билетті маршруттың автовокзалдан (автостанциядан) тыс орналасқан аралық аялдама пункттеріндегі жүру жолында алса, онда кондуктор (жүргізуші) билетке рейстің нөмірін, жолаушының бастапқы және соңғы жүру пункттерін, төленген жол жүру құнын, отыру орнының нөмірін, жөнелту күні мен уақытын қояды, сондай-ақ билет-есепке алу парағында тиісті жазу жазады.
7-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық (астана мен республикалық
маңызы бар қаланы қоса алғанда) тұрақты тасымалдауы
1. Жалпы ережелер
248. Жолаушылар мен багажды автомобильмен облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) тұрақты тасымалдау автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органның бастамасы бойынша жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылады.
249. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық, облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) тұрақты тасымалдауы көрсетілген жолуашылар мен багажды тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығы конкурсында жеңген және тиісті жергілікті атқарушы органдар мен тасымалдаушылар арасында жасалған шарттар негізінде оларға қызмет көрсету құқығына куәлік алған тасымалдаушылар жүзеге асырады.
Көрсетілген тасымалдаулар түрлерін куәліксіз жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.
250. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық, облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) тасымалдаудың маршруттарын жайғастыруға осы Қағиданың 6-тарауының 2-бөлімінде көзделген талаптар қойылады.
251. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық тұрақты тасымалдаудың маршруттарындағы жол жүру, қол жүгі мен багажды алып жүру, сондай-ақ олардың төлемі осы Қағиданың 6-тарауының 4-6-бөлімінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық қатынасындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша қозғалыс кестелерін келісу тәртібi
252. Қалааралық облысаралық маршруттарды зерттеу нәтижелері бойынша автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган олар бойынша ұсынылатын маршрут схемалары мен қозғалыс кестелерін жасайды және аумағы бойынша маршрут өтетін облыстың (астананың және республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарына келісуге жібереді.
253. Жергілікті атқарушы органдардың қалааралық облысаралық маршруттар бойынша қозғалыс кестелерін келісу мерзімі, осы материалдар оларға келіп түскен сәттен бастап кемінде 5 жұмыс күнін құрайды. Қозғалыс кестелерін келісу тәртібі осы Қағиданың 36-38 тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
254. Жергілікті атқарушы органдар қозғалыс маршрутының схемасы мен олар бойынша қозғалыстар кестелері бойынша өзара айырмашылығы бар ескертулер берген жағдайда, автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган тиісті маршрут бойынша ымыралы шешім шығарады және осы маршрутты бекітеді.
255. Бекітілген маршрут нәтижелері бойынша автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган оны қалааралық облысаралық маршруттардың тізіліміне енгізеді.
8-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдау
1. Жалпы ережелер
256. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша жол жүру тәртібі Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен реттелмеген бөлігінде осы Қағидада регламенттеледі және жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша жол жүру тәртібіне сәйкес келеді.
257. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы аумағындағы пункттері арасында жолаушыларды тасымалдау рұқсат етілмейді.
2. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру тәртібi
258. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру үшін тасымалдаушы халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру шешімін тасымалдауды жүзеге асыру болжанып отырған басқа мемлекеттегі әріптесімен келіседі және онымен тиісті шарт жасасады.
259. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган растаған маршрут бойынша қозғалыс схемалары мен ол бойынша қозғалыс кестелерін, жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған тарифтерді және жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсатты (бұдан әрі – халықаралық тасымалдауға арналған рұқсат құжаттары) алу үшін, осы Қағиданың 12-қосымшасына сәйкес сондай-ақ рұқсат құжаттарының қолданылу мерзімін ұзарту үшін тасымалдаушы автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға жеке папкаға ресімделген мынадай құжаттарды ұсынады:
1) шетелдік тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шартты;
2) заңды тұлғаның немесе өз қызметін заңды тұлғаны құрмай жүзеге асыратын кәсіпкердің мемлекеттік тіркелу туралы куәлігінің нотариалды түрде куәландырылған көшірмесін;
3) жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру құқығына нотариалды расталған лицензия көшірмесін;
4) автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сақтандыру полисінің немесе шарттарының көшірмесін;
5) әрбір бірлікке арналған техникалық паспорттардың және алдыңғы тоқсан үшін мемлекеттік техникалық тексеруден өткені туралы куәліктердің көшірмелері қоса берілген, маршрутта пайдалануға көзделетін жылжымалы құрам туралы мәліметтерді (автобустардың саны және үлгісі (класы);
6) жылжымалы құрамды техникалық жарамды күйде күтіп ұстау, алдын алу медициналық тексеруді жүзеге асыратын қосымшасымен лицензиясы бар медицина қызметкерлермен шарттарының көшірмесін орындау бойынша жұмыстардың қажетті кешенін жүргізу мүмкіндігін растайтын өндірістік-техникалық базаға (жеке немесе жалға алған) құжаттардың көшірмелерін;
7) маршрут бойынша автобустардың орны және жөнелтілу, келу және тұру уақыттары, сондай-ақ барлық аялдама пункттері мен мемлекеттердің шекаралары арқылы өткізу пункттері бойынша қашықтықтар көрсетілген қозғалыс кестелерін;
8) автовокзалдарды, автостанцияларды, мемлекеттік шекара арқылы өткізу автомобиль пункттерін, автобустар қозғалысының қауіпті учаскелері мен жылдамдық режимі көрсетілген маршрут схемасын;
9) осы маршрутқа қызмет көрсететін тасымалдаушылар тіркелген мемлекеттердің ұлттық валютасындағы халықаралық тұрақты маршруттың аялдама пункттері бойынша жолаушыларды және багажды тасымалдауға ұсынылатын тарифтерді;
10) автобус жүргізушілерінің ауысым уақыты мен орны көрсетілген барлық тұрақты маршрут бойындағы еңбек және демалыс режимінің кестесі қоса берілген өтінімді ұсынады.
Осы тармақтың 7)-9) тармақшаларында көрсетілген тұрақты маршрутқа қызмет көрсету туралы шарт жасасқан қазақстандық және шетелдік тасымалдаушылар қол қойған және олардың мөрлерімен расталған құжаттар 4 данада ұсынылады.
260. Қажетті құжаттар бар халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға арналған рұқсат құжаттарының қолданылу мерзімін ұзартуға өтінім автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға рұқсат құжаттарының белгіленген қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 3 айдан кешіктірмей ұсынылады.
261. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган өтінім тіркелген сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде, өтінімге қоса берілген құжаттардың толық пакеті болған жағдайда, аумағы бойынша маршрут өтетін мемлекеттердің құзыретті органдарына, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы Қағиданың 259-тармағының 1)-4), 7)-10) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген маршрут ашуға рұқсат алу туралы өтінішті жібереді.
262. Аумағы бойынша маршрут өтетін шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарынан тиісті рұқсаттарды алғаннан кейін тасымалдаушыға халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға арналған рұқсат құжаттары беріледі.
263. Өтінімге қоса берілген құжаттардың көшірмесі бір данада автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган тізілім жүргізу үшін қалдырылады.
264. Рұқсат берілген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде тасымалдаушы автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға тасымалдаушылар мен автовокзалдардың, автостанциялардың әкімшілігі осы Қағидаға және сәйкес жасасқан шарттардың көшірмелерін ұсынады.
265. Тасымалдаушылар маршруттағы әрбір автобуста рұқсаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды расталған көшірмелері болуын қамтамасыз етеді.
266. Маршрутты, аялдама пункттерін, қозғалыс кестесін өзгертуді, сондай-ақ маршрутты жабуды автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган тасымалдаушының немесе жергілікті атқарушы органдардың өтінішінің негізінде аумағы бойынша маршрут өтетін мемлекеттердің құзыретті органдарымен алдын ала келісім бойынша жүргізеді.
267. Өтінімдерді және тұрақты маршрут бойынша жолаушылар тасымалдауын жүзеге асыруға құжаттарды ресімдеу бойынша ұсыныстар дайындау, қосымша рейстерді орындау, автобустардың қозғалыс кестесін және жолаушыларды тасымалдау тарифтерін өзгерту кезінде халықаралық автобус маршруттарының қалыптасқан желісі, тасымалдаушыда автобустардың тасымалдауды орындау үшін қажетті санының болуы, ал қолданылу мерзімдерін ұзарту кезінде сонымен қатар онда және оның шетелдік әріптесінде (тасымалдаушыда) тасымалдау ережелерін бұзушылықтар, қызмет көрсету сапасына жолаушылар шағымдарының болмауы (болуы) және рейстердің орындалу кезеңділігін сақтау ескеріледі.
268. Тасымалдаушыға халықаралық тасымалдауға рұқсат құжаттарын беру мынадай жағдайларда бас тартылады:
1) осы Қағиданың 259-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілген құжаттар толық көлемде емес немесе жалған мәліметтер болса, егер 260-тармаққа сәйкес маршрутты ұзарту жағдайда;
2) өтініш берілген қозғалыс кестесі бойынша маршрутта белгіленген тәртіппен жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты халықаралық тасымалдау жүзеге асырылса;
3) ашылып жатқан бастапқы және аралық пункттері және қолданыстағы тұрақты халықаралық маршруттар бойынша қозғалыс кестесінің айырмашылығы кемінде 1 сағатты құрайды;
4) тасымалдауды жүзеге асыруға болжанып отырған жылжымалы құрамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкессіз, сондай-ақ автобустарды рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеруді, сондай-ақ жүргізушілерді (ауысым алдындағы) медициналық тексеруді жүргізу мүмкіндігі болмаса;
5) тасымалдаушы (тасымалдаушылар) тарапынан осы Қағиданы бірнеше рет бұзушылықтардың фактілері орын алса;
6) аумағы арқылы өтініш берілген маршрут өтетін мемлекеттің құзыретті органының келісімі алынбаса бас тартылады.
269. Дәлелді бас тарту жазбаша нысанда өтініш берушіге жіберіледі.
270. Тасымалдаушыға берілген рұқсат құжатының қолданылуы:
1) тасымалдаушы автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға тасымалдауды болжамды тоқтату күніне дейін 3 айдан кешіктірмей жазбаша өтініш берген;
2) жергілікті атқарушы органдар жазбаша дәлелді өтініш берген;
3) осы Қағиданың талаптарын бұзу немесе сақтамау фактілері байқалған;
4) егер тасымалдаушы аумағы бойынша маршрут өтетін мемлекеттердің құзыретті органдары белгілеген тұрақты маршруттарды пайдалану шарттарын қамтамасыз етпесе;
5) аумақтары бойынша тұрақты маршрут өтетін шет мемлекеттердің құзыретті органдарының жазбаша өтініші бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруы мүмкін.
271. Тасымалдаушыға берілген рұқсат құжатының қолданылуы:
1) тасымалдаушы тасымалдауды болжамды тоқтату күніне дейін 3 айдан кешіктірмей жазбаша өтініш берген;
2) тасымалдаушы өз еркімен, автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органның келісімінсіз маршрут бойынша автобустардың қозғалыс кестесі мен схемасына өзгерістер енгізген;
3) аумақтары бойынша тұрақты маршрут өтетін шет мемлекеттердің құзыретті органдарының жазбаша өтініші бойынша;
4) тасымалдаушылар мен автовокзалдардың, автостанциялардың әкімшілігі осы Қағидаға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жасайтын шарттардың көшірмелерін белгіленген мерзімдерде ұсынбаған;
5) егер тасымалдаушы рұқсат құжаттарын алған күннен бастап айлық мерзім өткен бойда маршрутта жолаушылар тасымалдауды орындамаса;
6) егер маршрутта жолаушылар тасымалдауды тасымалдаушы рұқсат құжаттарының қолданылу кезеңінде күнтізбелік 15 күн бойы орындамаса;
7) осы Қағиданың талаптарын бірнеше рет бұзған фактілері байқалған жағдайда тоқтатылады.
Достарыңызбен бөлісу: |