10 Тақырып. Жүргізуші қызметіндегі ойлау мен есте сақтау. Ойлау туралы түсінік. Ойлау формалары. Ойлау түрлері. Автомобиль жүргізушісі қызметіндегі бағдарлай алудың ролі. Ес, естің түрлері. Ес сапалары. Жүргізуші есін жетілдірудің және жаттықтыру бойынша ұсыныстар.
Дәріс жоспары
1 Жүргізуші зейіні және қозғалыс қауіпсіздігі.
2 Автомобиль жүргізушісі қызметіндегі бағдарлай алудың ролі.
Техникалық ойлау – технология мен техника заңдылықтарын игеру және оқуға бағытталған танымдық қызмет түрі. Техникалық ойлаудың ең басты ерекшелігі - өндірісте нақты тапсырмаларды шешу. Бірақ шешім экономикалық тұрғыда тиімді, сапалы және ұтымды болуы керек. Техникалық ойлау үш компоненттен тұрады: өңдеу ойлау қызметінің түсінігі, бейне және практикалық компонеттері тең құқылы орын алады және бір - бірімен күрделі қатынаста болады.
Инженрлік ойлау - түрлену мен таным мақсатындағы технологиялық процестерді және технологиялық құралдарды қолдану, құру және өңдеуге бағытталған шындықтың логикалық бейнесінің бір формасы. Инженерлік ойлау - машиналы құралдардың көмегімен орындалатын функцияларда жалпы талаптар түрінде қалыптасатын есептерді шешуге бағытталған.
Бейнелеу – жаңа идея, көрініс немесе бейне формасындағы психикалық процестің құрылуы. Бейнелеу процесі тек адамға ғана тән қасиет және оның еңбек қызметінің қажетті шарты болып табылады. Бұл зат жөніндегі түсінік мазмұнының бейне құрылуы. Адам заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл – қозғалыстары туралы ойлайды. Мысалы, адам мылтықтың құрылысы қандай, оны қандай бөлшектерге бөлуге болады десе, мұндайда оның ойы көрнекті, бейнелі ой болып табылады. Ал мылтықты қолына ұстап, оны түрлі бөлшектерге бөліп әрекет етсе, ол көрнекті әрекет – ойы болып табылады. Ал инженер іс - әрекетінде кездесетін схема нақты материалда көрініс алады.
Инженерлік – техникалық қабілет әртүрлі құрылғылармен немесе оның бөліктерімен сәтті жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жалпы қабілеттілікпен немесе тәжірибемен қатар тәуелсіз факторлар бар: кеңістік көрініс және техникалық түсінісу ( кеңістік модельдерді қабылдау және т.б). Инженердің жеке тұлғасы – бұл бірліктегі бүтін адам, оның жекелік қабілеттері бар және кәсіптік, педогогикалық, психологиялық және әлеуметтік функцияларды да орындайды.
Шығармашылық ойлаудың мәні - техника әлемін идеалды жасаумен қорытындыланып, идеалды құралдар көмегімен жаңа техникалық шешімдер жасау. Осыған байланысты “инженер” сөзінің этимологиясын еске түсіруге болады. “Ingenium” латын сөзі, ақыл, қабілет, дарынды, табиғи бейімділік, зергер деген мағынаны білдіреді. Бұл барлық қасиеттер қазіргі инженерлік ойлаумен бірлеседі. Бұл нәтеже кәсіби оқыту, инженердің ойлау процестерінің бағыттылық сипаттамасы мен дарынды көрсетпелі және адамның психологиясының қасиеттері. Шығармашылық ойлау процесі өнеркәсіпті тәжірибе, жалпы техникалық және арнайы білім егер адамның рухани мәдениетімен байланыты болмаса тиімді нәтеже бермейді. Онсыз инженердің техникаға және онымен жұмыс істейтін адамдардың да өнегелі қатынасын тәрбиелеу мүмкін емес. Инженерлік ойлауды дамытуда біріншіден маманның дүниетану мәдениетін ұйымдастыру керек. Ол техникалық жаратылыстану және гуманитарлық білімдерден, инженерлік іс-әрекеттің тарихына байланысты.
Техникалық ойлау жаңа зат жасауда қызметті өзгертуге бағытталған ақыл-ойдың ерекше әрекеті ретінде қаралады. Техникалық ойлаудың арнайы озгешелігі техникалық объектілердің кеңістік бейнесін бейнелеудің көрнекілік тірегі.
Инженер зерттеуші қызметі шығармашылық және ізденуші сипат алады. Сонымен қатар ортақ теориялық пәндерді терең білу, психологиялық қасиетін дамытуда зейіннің тұрақтылығы, ойлаудың вервальды және вервальды емес компонентерінің маңызы зор. Ортақ техникалық мәліметтіліктің жоғары денгейі мен ұғыну және ғылыми-техникалық түсініктің интерпретациясы.
Техникалық ойлауды талдау құрылымында қызметтің теориялық практикалық компонентердің тарамай бір болуы. Осыған байланысты проектілік-теориялық есептеулерге және ойымыздағы бейнелерге сене беруге болмайды. Әрбір теориялық техникалық шешімдер бірінші тәжірибеде зерттеледі. Жаңа машина, жаңа технологиялық процесс, жаңа бұйым және т.б. алдын-ала тексерілмейінше өндіріске жіберілмейді. Осы мақсатта жаңа үлгі шығаратын әр үлкен кәсіпорындарда арнайы тәжірибелік цехтар бар. Сондықтан әр жаң құрылғы, жаңа аспап бөлшектерін өңдеу үшінқұрастырылған болса алдын-ала сыналып көрсетіледі. Сынақ тәжірибеден кейін ғана өнеркәсіпте бұл бұйымдар қолданысқа жіберіледі.
Техникалық ойлаудың ерекше өзгешелігі техникалық объектілердің кеңістік түрдегі оперативті және көнектілік тірегі. Техникалық ойлаудың үш компоненті, олар түсінікті, образды және ойлау әрекетінің тәжірибелік компоненті өзара тәуелді және тең орын алады. Тәжірибелік әрекет тура құрылымына сай әртүрлі сипатталып, үш компоненттің ішкі психологиялық құрылысы арасында құралған, ол түсінікті – бейнелі – тәжірибелік болып саналады. Теориялық (түсінікті), бейнелі (көнекті), тәжірибелік (нақты) оның түсінікті және бейнелі компоненті. Техникалық ойлаудың компоненттері өзара байланысты және өзара әсер етеді, әрқайсысы үштіктің тең құқылы мүшелері.
Қиын техникалық және өндірісті техникалық қызметте техникалық ойлаудың компоненттері дербес сәйкес өзін көрсете алады. Мысалға, мәселені алдын ала талқылауда шешуде алдынғы жоспарды техникалық ойлаудың түсінікті-бейнелі компоненті шығады, құрылымды техникалық пен қатар теориялық практикалық компоненттер жасалынады. Техникалық ойлаудың құрамы төмендегідей: Техникалық түсінік яғни техникалық объектілерді қамтамасыз ету және құрылымды байқау; Қаралатын бейнелер формасын объектілерін құрылымды-функционалды және элементті жүйелі қайта құру икемділігі; Техникалық бөлшектер мен блоктардың функциялары және жеке белгілері, графикалық бейнелеу (кескіндеу), бейнені өнімді пайдалану, қйыстыру бөлігімен, толығымен, жүйесімен бөлшектер мен блоктардың функциялары мен жеке белгілерін кеңістік бейнеде белгілеу қасиеті, яғни анология мен контрас арқылы ойлау қасиеті, қиыстыру қасиеті.
Инженерлік ойлау – логикалық бейнелеу формасы, таным және қайта құру мақсатында техникалық құрал мен технологиялық процесстерді қолдану және жасау, қайта құруға бағытталған. Инженерлік ойлау машина құралдары мен барлық функцияларды орындап мәселелерді шешуге бағытталған. Инженер мақсаты – техника экономикалық нәтеже бере алатын технолгиялық процестер немесе нақты құрылғыда орындалады, жүзеге асырылады.
СӨЖ орындауға бақылау тапсырмасы
Бағдарлау (болжамдау) және оның автомобиль жүргізушісі қызметіне әсері
11 Тақырып. Жүргізуші жеке тұлғасы және оның кәсіби қызметіндегі рөлі. Жеке тұлға туралы түсінік. Тұлғаның қасиеттері (қажеттілік, бағыттылық, темперамент, мінез құлық) және олардың жүргізуші кәсібіндегі мәні. Жүргізуші тұлғасының адамгершілік-өнегелік ерекшеліктері және сенімділігі. Жүргізуші тұлғасы және жол қозғалысының қауіпсіздігі.
Жүргізуші тұлғасының ролі және жол қозғалысы қауіпсіздігі. Мамандалған жүргізушілерді таңдау.
Тұлға – адам- ойлау қабілеті бар нәрсе, сөйлей алады және еңбек қызметіне қабілетті. Қоғамнан тыс тұлға жоқ, өйткені әрбір адам тұлға ретінде қоғамда, ұжымда қалыптасады және ол басқалармен қатынаста білінеді. Қысқаша айтқанда, тұлға – бұл ұғымы бар адам. Сонымен қатар тұлға қоғамдық қатынастың енжар өнімі емес, керісінше, әлеуметтік тәжірбиені белсенді игереді. Бұл белсенділік мінез-құлықтың мотивінде, қоршаған ортаны өзгертуге бағытталған әрекет қабілетінде білінеді. Тұлғаның белсенділігі адам өзінің өмірдегі беделі мен орнын ұғынып алатын өмірлік позициясымен, кемшіліктерге төзбеуімен, пайда болатын қиындықты қайыспай өтумен, біздің өміріміздің барлық аумағын қайта құруға ұлы ісіне ұмтыла істеген жеке ең көп үлесімен білінеді.
Тұлға әр кезде жеке және оны адамның өмірге көзқарасынан, қажетінен, идеалынан, ойлау түрінен, еңбекке, адамдарға, өз-өзіне қатынасынан байқайды. Жеке айырмашылықтар бірдей адамдардың өмір шарттарында әртүрлі мінез-құлқынан, ісінен және әрекеттерінен ерекше байқалады. Жеке айырмашылықтар күрделі, қауіпті жағдайларда ерекше байқалады. Жүргізуші қызметінің өзіне және ерекшеліктерінің бірі жиі туындайтын қауіпті, кейбірде шиеленісті жол жағдайларына жауапты әрекеттер қажеттігі болып табылады. Бұл жағдайлардағы жүргізуші әрекеттері тек қана оның тәжірбиесімен емес, сонымен қатар тұлғаның сапасымен анықталады.
Психофизиология тұрғысынан тұлға – бұл жеке туа біткен моральды мінез-құлықтың, психикалық және физиологиялық, туа біткен және өмірде пайда болған адамның қасиеттерінің жиынтығы. Күрделі жол жағдайларындағы жүргізушінің әрекеттері мен істерін дұрыс түсіну үшін, оларды тәрбиелеу және оқытуға ғылыми негізделген әдістерді жасау үшін тек қана адамды мінездемелейтін жекелеген психикалық сапаларын (зейінін, ойлауын, сенсомоторлық реакцияларын және т.с.с.) ғана білу жеткіліксіз, сонымен қатар әрбір жүргізушінің тұлғалық қасиеттерін де білу қажет. Бұндай қасиеттерге жататындар: қажеттілігі, бағыттылығы, қызығушылығы, қабілеті, темпераменті, мінезі.
Тұлғаның бағыттылығы – бұл адамның қызметінде жетекшілік ететін көзқарастары мен көз жеткізгендіктерінің жиынтығы. Бағыттылық адамдарғы және жұмысқа белсенділік және таңдау қатынастарын анықтайтын оянуын қосады. Байқалу аймағына қарай моралды-идеологиялық, мамандық және тұрмыстық бағыттылыққа бөлінеді. Мамандық бағыттылығы адамның таңдаған мамандығына тұрақты және күшті байламынан көрінеді. Тұрмыстық бағыттылық материалдық, мәдениеттілік және жеке мақсаттарынан байқалады. Моралды-идеологиялық бағыттылық өмірге көзқарасынан, идеялығынан, мінез-құлқынан байқалады.
Қабілеттері – бұл кез келген қызметінің табыстылығы тәуелді психикасының жеке ерекшеліктері қабілетті адамға кез келген қызмет түріне оқу мен игеру жеңіл. Бірақ азғантай қабілетпен еңбек сүйгіштік пен жетпейтін сапаны басқалармен толықтыру арқылы да табысқа жетуге болады. Сонымен, мысалы, баяу эмоционалдық тұрақтылық, зейіннің тез ауғыштығы жүргізуші қызметін қиындататын сапалар. Бұл сапалар зейінді жоғарылата қою, ерік күшімен, дер кезінде және дәл жол жағдайының дамуын болжаумен толықтырылады. Жүргізуші ұзақ жаттығулар арқылы реакция уақыт азайтуына, жоғарғы эмоционалдық тұрақтылыққа жетуіне және зейін сапасын арттыруына болады.
Қозғалыстың қарқынды қала жағдайында жүргізуші дер кезінде және дәл шапшаң өзгеретін жол жағдайын қабылдауы және қажетті басқару әрекеттерін жасауы, жиі қарама қарсы екі әрекеттің (басып озу-басып озбау, тежеу-тежемеу және т.с.с.) бірін таңдауы, дер кезінде бастаған әрекетін тоқтатуы, зейінін жол объектілеріне, бақылау аспаптарының көрсетуіне тез ауыстыруы және т.б. жасауы керек. Жүргізуші қызметінің бұл ерекшеліктері жылдам қимылы мен мінез тұрақтылығына өте жоғары талаптар қояды.
Жүргізушілерді мамандыққа таңдау. Еңбек қарқындауы жаңа технологияны кен қолданғанның өзінде тек қана мамандық шеберлігімен емес, сонымен қатар айтарлықтай дәрежеде моралдық мінез-құлықтың сапаларымен, тұлғалық және психофизиологиялық адам ерекшеліктерімен анықталады. Тәжірбие көрсеткендей, көбірек қанағат беретін мамандық, өндіріске ең жоғарғы берілуді де талап етеді. Қанағатты қабілетіне, қызығушылығына және мүмкіндігіне көбірек сәйкес келетін жұмыс береді. Бұл тұрғыдан адамның нақты еңбек қызметіне жарамдылығын анықтау қазіргі кезде ерекше маңызға ие. Бұндай жарамдылық мамандыққа баулу, мамандықты таңдау мен дайындау методтарымен анықталады.
Мамандыққа таңдау – бұл адамның нақты мамандық бойынша оқуына және әрі қарай қызметіне жарамдылығын анықтауға мүмкіндік беретін іс-шаралар жүйесі. Мамандыққа дайындау – мамандыққа таңдаудың бір бөлігі. Оның міндеті - өзінің психофизиологиялық сапасымен еңбек қызметінің жекелеген түрлеріне көбірек сәйкес келетін тұлғаларды анықтау. Мысалы; автобус, автомобиль-такси, алысқа жүк тасымалдайтын жүк көтергіштігі жоғары автомобильдерге жүргізушілер дайындау және т.с.с.
Мамандыққа таңдауға медициналық, білім, әлеуметтіктер кіреді.
Дәріс жоспары
1 Жүргізуші жеке тұлғасы және оның кәсіби қызметіндегі рөлі
2 Жүргізуші тұлғасының адамгершілік-өнегелік ерекшеліктері және сенімділігі.
СӨЖ орындауға бақылау тапсырмасы
Автодромдарда автомобиль жүргізіп үйретудің негіздері. Автодромда өткізілетін тәжірибелік емтихан тәртібі.
12 Тақырып. Автомобиль тренажерлары. Тренажерлардың жіктелуі. Автодромдар. Автодромдарда жүргізіп үйрету әдістемесі. Автодромда өткізілетін тәжірибелік емтихан
Дәріс жоспары
1 Автомобиль тренажерлары.
2 Автодромдар. Автодромдарда жүргізіп үйрету әдістемесі.
СӨЖ орындауға бақылау тапсырмасы
Типті жол-көлік жағдайларында жүргізуші әрекеттерінің дағдыларын жоғарылату .
13 Тақырып. Оқыту автомобильдері. Оқыту автомобилінің жабдығына қойылатын талаптар. Шынайы жол жағдайында автомобиль жүргізіп үйрету әдістемесі.
Дәріс жоспары
1 Оқыту автомобильдері
2 Шынайы жол жағдайында автомобиль жүргізіп үйрету әдістемесі.
СӨЖ орындауға бақылау тапсырмасы
Шынайы жол жағдайында автомобильді жүргізіп үйретудің әдістері.
14 Тақырып. Жүргізушілерді ситуациялық оқыту. Оқытудың әдістемелері мен мазмұны. Типті жол көлік жағдайларында жүргізушілерідің әрекеттерінің дағдысын жоғарылату.
Дәріс жоспары
1 Жүргізушілерді ситуациялық оқыту.
2 Типті жол көлік жағдайларында жүргізушілерідің әрекеттерінің дағдысын жоғарылату.
Педагогикада әдістер деп аталатын оқытудың әртүрлі тәсілдері оқыту жолын көрсетеді және оған әр түрлі педагогикалық қиындықтарды өтуге көмектеседі. Дұрыс таңдалған әдіс оқушыға теорияны өте жақсы игеруге көмектеседі, олардың іскерлігі мен дағдарысын жетілдіреді. Оқыту әдістері – педагогпен оқушының өзара байланыс қызметі.
Жүргізушілерді дайындау кезінде төмендегідей оқыту әдістері қолданылады:
- материалдарды ауызша түсіндіру (әңгімелеу, дәріс, түсіндіру);
- әңгімелеу, көрсету (демонстрация, экскурция, байқау);
- жаттығулар (ауызша, жазбаша, лабораториялық және тәжірибелік сабақтар);
- өздігінен дайындалу.
Оқу әдісінің құрамына әдістемелік мысалдар деп аталатын жекелеген элементтер кіреді. Мысалы, материалды ауызша түсіндіру кезінде жазып алу үшін негізгі анықтамаларды айтып отыру, сыныпқа немесе жеке оқушыға сұрақ қою, сұрақтарды таңдап алу, бөлшектермен плакаттарды көрсету тұжырымды қалыптастыру. Сұрақтарды таңдау оқушыларды керек бағытта ойлауға мәжбүрлейтін тәсіл.
Оқыту әдісінің әбір түрін таңдау оқыту мазмұнымен анықталады, өйткені әдістер – оларды іске асыру құралы. Әдісті таңдау жұмыс шартына тәуелді. Қоршаған жағдай (мысалы, АКМ, шеберханалар (ТКС), жүргізу бағдары), оқу жабдықтарының күйі мен саны ескеріледі.
Оқу материалын түсіндіру-үздіксіз сабақты игеруде оқу материалын ауызша түсіндіру маңызды құрал. Бірақ ауызша түсіндірудің өзінің жағымсыз жақтары бар... Сондықтан ауызша түсіндіруді басқа әдістермен, -әңгімелесумен біріктіреді.
Әңгіме–деректер негізінде материалды өз кезегімен түсіндіріп айту.
СӨЖ орындауға бақылау тапсырмасы
Жүргізушілерді дайындаудың қазіргі заманғы техникалық құралдары мен жабдықтары. Оқыту автомобилінің жабдықталуына қойылатын талаптар.
15 Тақырып. Күрделі жол жағдайларында (жауын, тұман, тәуліктің түнгі уақытындағы жүргізу, су кедергілерінен өту, таулы жолдарда, құмды-шөлейт жерлерде, жолды қар басып қалғанда жүргізу) автомобильді басқару негіздері.
Дәріс жоспары
1 жауын, тұман, тәуліктің түнгі уақытындағы автомобильді басқару негіздері.
2 су кедергілерінен өту, таулы жолдарда, құмды-шөлейт жерлерде, жолды қар басып қалғанда жүргізу
СӨЖ орындауға бақылау тапсырмасы
Күрделі жол жағдайында автомобильді басқарудың психофизиологиялық негіздері: жауын-шашын, тұман, тәуліктің түнгі уақытында жүргізу, су кедергілерінен өту, таулы жолдарда, құмды-шөлейт жерлерде, жолды қар басып қалғанда жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |