Автомобиль жүргізушілерін дайындаудың



жүктеу 475,03 Kb.
бет1/3
Дата17.11.2017
өлшемі475,03 Kb.
#1068
түріКонспект
  1   2   3

Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ им. Д. Серикбаева

ШҚМТУ
Бекітемін


«Көлік және логистика»

Кафедрасының меңгерушісі

__________В. Вдовин

___________________2014 г



АВТОМОБИЛЬ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

пәні бойынша



Дәріс конспектісі

Құрастырған «Көлік және логистика»

кафедрасның доценты А. Жандарбекова


Өскемен

Усть-Каменогорск

2014
1 Тақырып. Инженерлік психология негіздері. Инженерлік психологияның пайда болу себептері. Инженерлік психологияның мазмұны және негізгі тапсырмалары.

Дәріс жоспары

1 Инженерлік психология негіздері.

2 Инженерлік психологияның мазмұны және негізгі тапсырмалары.

Инженерлік психология және оның шешетін мәселелері


Инженерлік психология – адаммен машина арасындағы ақпараттық әрекет құралдарын және процестерін оқытатын психология саласы. Инженерлік психология адамның психикалық пен психофизиологиялық процестерін және қасиеттерін оқытады. Адам қызмет ерекшелігінен пайда болатын техникалық құрылғылар құруға талаптарды шығарады. Сол сияқты адамның еңбек шартына деген және техникаға икемденуіне деген тапсырмаларды шешеді.

Инженерлік психология күрделі техниканы басқару функциясын орындайтын оператордың еңбегін түрлендіреді және оқытады. Сондықтан ол жүйе техникасымен, процестер технологиясымен және құқықтанумен тығыз байланысты. Инженерлік психология күрделі адам-машина жүйесін жобалауға оқуға және түрлендіруге бағытталған. Инженерлік психологияның негізгі тапсырмалары келесі: 1) «Адам – машина – орта» жүйесіндегі адам функциясын талдау, адам-оператор қызметінің классификациясын және құрылымын оқу; 2) оператормен ақпаратты түрлендіру және қабылдау процестерін оқу; 3) оператордың жұмыс орындарын эргономикалық принциптермен құру; 4) « Адам – машина – орта» жүйесін эргономикалық жобалау және бағалау; 5) АМЖ операторларын кәсіпті дайындайтың әдістері мен принциптерін құру. Инженер кадрларды қалыптастырудың психологиялық проблемаларын қалыптастыру. Қазіргі кездегі инженердің жеке тұлғасы инженерлік психология және еңбек психологиясы, «адам-машина» жүйесіндегі олардың байланысы. 21 ғ. Маманының инженерлік ойлауы.

Инженер іс-әрекеттінің тарихи кезеңдері: 1-кезең – іс-әрекеттің қалыптасуы. Бұл кезең құрылыс және сәулет өнерімен байланысты. Осы кезеңнің инженерлері Имхотеп (2700 ж.б.ғ.), Юя (2300ж.б.ғ.), ғалым, инженер Архимед (287-212 б.ғ.); 2-кезең – іс-әрекеттің дамыу. Бұл кезеңде инженерлік іс-әрекет әскери сипат алып – инженер әскери машина жасауға басшылық еткен (фотификация). Леонардо да Винчи, А.Дюрер, француз әскери инженері Марк Рене Монталамбер, ағылшын инженері Джон Смитон. 3-кезең – қоғамға инженерлік мамандықтың қалыптасуы; 4-кезең – келесі инженерлік іс-әрекеттің дамуы машина және техникалық ғылымдар жүйесінің негізінде қалыптасуы; 5-кезең – бесінші кезең инженерлік іс-әрекеттің жаңа түрінің даму мен қалыптасуы негізделеді әбден қалыптасуы ғылыми-техникалық революция уақытына келеді.

“Инженер дегеніміз – латын сµзінен алѓанда бейімділік, ќабілеттілік, µнертапќыштыќ деген маѓынаны береді. Ќазіргі кездегі инженерлер жоѓарѓы білімімен, мамандыќ иегері, жоѓарѓы оќу орнын бітірген, адамдармен ќарым-ќатынас жасайтын, єр салада ж±мыс жасай алатын адамды айтамыз. Ќоѓамда инженерлік ±ѓымныњ ќалыптасуы ХVIII ѓасырдыњ ортасы, ХІХ ѓасырдыњ басы. Инженерлер б±рын-соњды болмаѓан ќоѓамѓа аса ќажетті туындыларды жасайды. Инженерлердіњ бєрі бірдей емес. Адам жаратылысынан єр т‰рлі болып туады. Зеректігі, аќылы әр т‰рлі болады”.

Инженер түсінігі нақты ғылыми сипаттама инженер бұрын әскери машиналарды (саперлер, миналы офицерлер) басқаратын, яғни мамандық. Азаматтық инженер түсінігі ҮІ ғасырда Голландияда пайда болды, көпір, жол жасау, архитектура сөзімен тығыз байланыста болды. Инженер түсінігінің басқа анықтамасын И.Грант энциклопедиялық сөздігінде: “Инженер латын сөзінен шығуы мүмкін, яғни ойлап табушы адам.”

Үлкен энциклопедияда инженерді белгілеген мамандық боынша жоғары техникалық оқуды аяқтаған мамандарды атайды. Инженер қиын техникалық объектіні басқару, оны функциянальдау және іске асыруды анықтайды. С.А.Тихомиров анықтамасы бойынша инженер белгіліқызметпен айналысатын субъект, эксплуатация, өзгерту және техникалық объектілерді өңдейтін немесе өнеркәсіпті ұйымдастыратын, ойлау еңбегін, білімін осы күнгі ғылыми техникалық мәдениетке сай қолданушы. Барлық кездерде инженердің алдында нақты мәселе тұрады: теориялық психологиялық-педагогикалық білімді қолданып техникалық объект жасау. "Инженер" терминінің казіргі кезде бірнеше түсінігі бар. Инженер жоғары техникалық оқу орнын бітірген беогілі мамандығы бар адам. Инженер дәрежесі көбімен байланысты. Осыдан инженер қызметі керекті функциясы жаңа көптеген бұйымдарды құрастыру және жобалаушы; өндіріске техникалық дайындық; өндірістік процестерді комплексті автоматизациялау; басқару шешімдерін өңдеу; технологиялық процес еңбегін ұйымдастыру (нормалау төлем, ынталандыру); өндірісте техникалық бақылауды қарастыру; техникалық пәндерді бақылау; өнім сапасы, өнімді өңдеу мен жөндеу; өндірісті басқаруға қатысты ұйымдастыру.

Сонымен инженер қызметі тұрақты, техникалық қызмет түріне қатысты, сапалы анықтауы бар. Қазіргі кезде инженер қызметі – бұл жалғыз еңбек емес, басқару, араласу, шығармашылық пен мамандық. Инженер қызметі әртүрлі сферада өзінің функциялары бойынша айыру қиын, бірақ еңбек шарты мен пәніне психологиялық өзгешелігіне байланысты. Жеке психологиялық сапасына қарай инженер жеке адам, лауазым денгейінде еңбекқор, мамандандырылған, ұйымдасқан, өндірістік ұйымда өзіне міндеттілікті жүктеген парасатты, адал, сыпайы адам. Бұл кездейсоқтық емес инженер жеке психологиялық ерекшелігі бар өндірістік дағдыланған. өндірістік мәселелер принципін қарастырған С.Д.Артемов болды. Ол келесі объектіні бейімделудің критерилерін көрсетеді: өндірістік пәндерді бақылау, еңбек режимі, өндірістік технология. Ғимаратты өңдеу жүйесінің орындалуы, өндірістік еңбекті жоғарлату.

Инженерлік қызметті ажырататын аспекті техникалық шығармашылық болады. Шығармашылық спецификалық феноменнен бөлінеді. Көбіне шығармашылық әртүрлі болып келеді (мәдениет аясында, өнеркәсіпте, музыкада, поэтикалық, техникалық шығармашылық).

Техникалық шығармашылық - бұл практикалық қызмет, метериалдық өнеркәсіптік қызметпен байланысты. Бірақ техникалық шығармашылықта адамның шығармашылық активтілігі аздап байқалады, қоғамда жаңа техникалық ортада құрылады. Тарихи бастау мен адам дамуында - бұл ойлап табу тарихы (жасау және толық жетілдіру, отты табу технологиясы, жебелер, дөңгелек арба, бу машиналары).

Пономарев Я.А. шығармашылықты дамуға әсер етуші әрекет деп анықтады. Ағылшын зерттеушісі М.Генле шығармашылықты бұл шешім, табиғатта бір аспектінің үйлесімділігі.

Инженерлік психология – қазіргі заманғы техникалық прогрессте пайда болған психологиялық білімнің аймағы.

Инжинерлік психология – Адам машина жүйесін жобалау құру және пайдалану тәжірибесінде қолдану мақсатында адам және техника ақпараттық әрекет үрдістерінің заңдылықтарын оқитын ғылыми пән.

Инжинерлік психология Адам машина жүйесінің салаларының заңдылықтарын оқуға бағытталған

Қазіргі заманда адам-машина жүйесінің жеке түрлерін қарастыратын бірнеше пән топтары құрылған: әскери психология, авияциялық психология, темір-жол психологиясы, автоколіктік психология.

Автоколіктік психология деп ЖАЖЖ жобалау, құру, және пайда болу үрдістерінде қолдану мақсатында жүргізушінің және автомобиль техниксының арасындағы ақпараттық әрекеттесу заңдылықтарын оқитын пән. Оның негізгі шешетін тапсырмалары:

Автомобильдің және еңбек жағдайының жүргізушіге бейімделуі

Жүргізушінің автомобильге және оның пайдалану жағдайына оның психофизиологиялық мүмкіншіліктерін ескеріп бейімделуі.

ЖАЖЖ қызмет ету заңдылықтарын анықтау.

АВТ психология қорытынды мақсаты болып жүргізуші мен автомобиль техникасының мүмкіншіліктерін тиімді қолдану негізінде жоғары тиімді ЖАЖЖ құру.

Қазіргі заманда автомобильді адамнан жеке қарастыруға болмайды (жобалау, пайдалану, құру процеесстерінде). Жаңа тениканы адам мүмкіншіліктерін ескерусіз қалыпстастыруға болмайды. Егер жаңадан машинаны шығарғанда адам ммүмкіншіліктері ескерілмесе, ол еңбек өнімділігінің төмендеуіне, әртүрлі қателерге және апаттарға әкеледі.

АВП негізгі бағыттары психофизиологиялық, пайдаланушылық, инженерлі-педагогикалық және (құрастырушылық) конструкторлық.

Психофизиологиялық бағыт –жүргізуші кәсібінің психофизиологиялық сипатын зерттеу және анықтауға арналған. Бұл бағыт жүргізуші кәсібінің психофизилогиялық ерекшеліктерін және оның жұмыс өнімділігіне әсерін оқиды, жүргізушілерді психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты іріктеу шараларын құрастырады. Жүргізуші жағдайына және денсаулығына кері әсер ететін факторларды, кәсіби ауру және сапар алдындағы тексеруді ұйымдастыру әдістерін зерттейді.

Пайдаланушылық бағыт – жүргізушінің әртүрлі режім әрекетінің жағдайында жұмысқа қабілеттілігін оқиды, Олардың кәсібінің сенімділігінің және тиімділігінің жоғарылату әдістерін құрастырады және ұсыныстар береді.

Инженерлі-педагогикалық бағыт – жүргізуші дағдысының және умение қалыптасу ерекшелігін оқиды. Жүргізуші кәсібінде ғылыми негізделген оқыту әдістері мен жаттығуларын құрастырады.

Конструкторлық бағыт – жүргізушінің мүмкіншіліктерін оқиды және оларды жаңадан автомобильдерді құрастырғанда немесе оларды жетілдіргенде ескереді.

АВП зерттеу әдістері болып бақылау, сұхбат және эксперимент табылады.

Жүргізуші кәсібін Бақылау оның дайындығы, жұмысқа қабылеттілігі, өзін-өзі ұстауы, шешілдігі, эмоционалдық тұрақтылығы, абай болуы, жылдамдығы және басқару әрекеттерінің нақтыллығы туралы толық мәлімет береді.

Сұқбат – ЖКО себептерін және ЖЖЕ бұзу себептерін оқуда қолданылады.

Тәжірибе (Эксперимент) – алдынала, жаспарлы түрде оқылатын үрдістерді зерттеу әдісі.

Тәжірибенің зертханалық, шынайы және модельді тәжірибе.

зертханалық,

шынайы

модельді
СӨЖ орындауға бақылау тапсырмасы



1 Инженерлік психологияның негізгі бағыттары. Инженерлік-психологиялық жобалау.
2 Тақырып. Жүргізушіні «Автомобиль жүргізуші жол» жүйесінің оператор ретінде қарастыру. Автокөліктік психология пәні мен тапсырмалары. АЖЖ басқару жүйесіндегі ақпарат. ЖКО кезінде адам факторының ролі. Жүргізушінің жұмыс орнына қойылатын талаптар.

Дәріс жоспары

1 Жүргізушіні «Автомобиль жүргізуші жол» жүйесінің оператор ретінде қарастыру.

2 ЖКО кезінде адам факторының ролі.
Автокөліктік психология - оқыс жағдайларда шешіуші әрекет етіп, басқару органдарымен нақты манипуляция жасайтын үлкен көлемдегі ақпараттарды қайта өңдеу мен тез арада қабылдайтын жүргізушінің қабылетте оқытатын жүргізуші психикасының жұмыс істеу мен дамыу заңдылықтарын қортындылайтын психологиясының бір сапасы.

Автокөліктік психологияның құрамы болып автомобильді жүргізіу кезіңдегі жүргізуші психикасы болып табылады.

Жүргізуші ЖАЖО жүйе операторы ретінде

Жүргізуші ЖАЖО жүйе операторы ретінде көбінесе ақпараттың көп бөлігін жолдардан, жолдардағы жылжитын және жылжымайтын объектілерден қозғалыс орталығы және жол жамылғыларындағы бағдаршам мен жол белгілерінен алып отырады.Жол үстіндегі жағдай тез өзгереді және жүргізушінің барлық әрекеті оның жолда ойда жолай кездесетін көптеген жағдайларға қарсы оның жауабы болып есептеледі. Жүргізуші жұмысы қашан да қиын, өткені ол тек өзінің жұмыс уақытындағы жол бойы жағдайларын ғана есепке алуымен бірге атқарушы органдардың жұмысы мен автомобильдың бақылау бөлшектерінде қадағалау керек. Жаңа түскен ақпараттарды басқара отырып, нақты жағдай үшін реттеу әдістерінің неғұрлым жеделдеу түрін таңдайды және басқару әрекетіндегі орындалу шешімдерін үнемі бақылауды жүзеге асырады. ЖАЖО ауыстыру жүріп отырады: автомобиль мен жолдан жүргізушіге мәлімет беру түріндегі, ал жүргізушіден автомобильге бұйрық беріуші. Басқару жұмыстары орындалғаннан кейін жүргізуші кері қайту байланыс каналдары бойынша осы жұмыстардың қорытындылары туралы ақпараттарды алады және өзгерген жағдайларға сәйкес келесі қажетті басқару жұмыстарын орындайды. Осыған байланысты ЖАЖО жүйесінде жүргізуші – реттеуші, ал автомобиль - реттеуші нысан болып табылатын реттеу жүйесі. Бұл жүйенің барлық бөлімдері бір-бірімен тығыз байланысты, бір-біріне тәуелді және бір-біріне сенімділік артады. Жүргізушінің сенімділігі ЖАЖО жүйесі операторындай оның түскен ақпараттарды қабылдау және қайта өңдеу (жөндеу) қабілетіне байланысты. Ақпараттарды қабылдау және берілістер сезім мүшелері, көру, есту, буын-бұлшық еттері, сезім мүшелері мен дене мен түйсіну мүшелер, иіс түйсігі яғни ақпараттарды қабықтай ішкі органдар жағынан алатын жүзеге асады. Әрбір анализатор шеткері және жол көрсетуші, аралық бөлімдерден көз алмасы ішкі құлақтың есту иелвесінің аяқ жағы, бұлшық еттері, сіңір және буындардың бетінде орналасқан буын-бұлшық еттерінің керетін соңғылары (рецепторлар) болып табылады. Анализаторлардың шеткі бөлімдері жарық, дыбысты, бұлшық еттерінің қысымы сезімдік психикалық процестор туындайтын бастың ми қабықшасының орталығына берілетін (жарықтың, дыбыстың және т.б) айырықша қыздырғыштар қабылдайды. Жүргізуші үшін әсіресе 80-90% ақпараттарды алып отыратын көру анализаторы ең үлкен мән береді. Дене арқылы түйсіну мен буын бұлшық ет сезім мүшелері маңызды роль атқарады есту қабылеті мен искеу аз роль атқарады. Дегенмен, жүргізуші бір уақытта көп мүшелердегі жол белгілерін қабылдау мүмкін емес өйткені бұл уақытта автомобиль және жүріс ортасы мен жолдардан қабылдайды. Соңдықтан да жеке жол бөлімшілерінде орналасқан жол белгілері үшеуден көп болмауы керек.


Ұсынылған әдебиет

1 Романов А.Н. Автотранспортная психология Уч. Пособие для студ. Высш. Учеб. Заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2002. – 224 с.

2 Романов А.Н., Мишурин В.М., Шульц В.А. Внимание водителя в условиях движения // Автомобильный транспорт .- 1986. №6.- С. 21-22

3 Мишурин В.М., Романов А.Н. Надежность водителя и безопасность движения.- М.: Транспорт, 1990.



СӨЖ орындауға бақылау тапсырмасы

ЖКО кезіндегі адам факторының рөлі.


3 Тақырып. Автомобиль жүргізушісінің сенімділігі. Автомобиль жүргізушісінің сенімділігін анықтайтын факторлар. Жүргізушілерді кәсіби іріктеп-таңдау. Профессиограмма.

Дәріс жоспары

1 Автомобиль жүргізушісінің сенімділігі.

2 Жүргізушілерді кәсіби іріктеп-таңдау

Жүргізушілердің жұмыс қабілеттілігі және сенімділігі. Жүргізушілердің шаршауы және сенімділігі

Жүргізушінің физиологиялық сенімділігі оның денсаулық күйіне және оның мүшелерімен жүйелерінің қалыпты жұмысымен анықталатын физикалық күйіне тәуелді. Физиологиялық жұмыс істеуінің бұзылуы жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Жұмыс қабілеті төмендеген күйінде автомобильді басқарған кезде жүргізуші көбіне жол-қозғалыс оқғаларына соқтыратын қателіктер жібереді. Жүргізушілер жұмыс қабілетінің төмендеуінің көбіне себептері болып табылатындар: шаршауы және қатты шаршауы, ауырған күйі, алкоголь ішуі және шылым шегуі. Бұл тарау осындай күйлерге және олардың жүргізуші сенімділігіне әсерлеріне арналған.

Орындалған зерттеулер нәтижесінде ЖҚО саны жүргізуші автомобильді басқаратын уақыт мерзіміне тәуелді екені анықталды. Автомобильді 7 сағатқа дейін басқарғанмен салыстырғанда 7-ден 12 сағатқа дейін басқарғанда жүргізуші 2 есе көп, ал басқару 12 сағаттан көп болғанда 9 есе көп ЖҚО жасайды. 175 соқтығысуларды зерттегенде ЖҚО-ның 64% автомобильді 6-7 сағат басқарғаннан кейін болғаны анықталған. 7 сағаттан көп жұмыс істеген жүргізуші ЖҚО-ның 1/3-ін жасайды. Жүргізуші ұзақ уақыт автомобильді басқарған себебінен болатын оқиға ауырырақ салдарларға әкеледі. Мысалы, 12 сағаттан көп жұмыс істеген жүргізушілерде ЖҚО 1,5 рет көп қазаға әкеледі.

Жүргізушілер ұзақ уақыт автомобиль басқарғанда жұмыс қабілетін төмендететін және ЖҚО-ның тікелей себебі немесе қатерлі жағдайларда жүргізуші әрекетін қиындататын жағымсыз шарты болатын күйі-шаршауы.

Шаршау – бұл ағза мүшелері мен жүйелерінің жұмысында ақаулар туындайтын, қызмет ету нәтижесінде болатын уақытша жұмыс қабілетінің төмендеуінің заңды процесі. Шаршаудың физиологиялық мағынасы И.М.Сеченов, И.П.Павлов, Н.Е.Веденский, А.А.Ухтамский және т.б. жұмыстарында жазылған. Шаршаудың дамуында жетекші роль нерв жүйесіне және бәрінен бұрын клеткалары бұлшық еттерге қарағанда шаршайтын миға тиесілі. Шаршауы және қатты шаршауы нәтижесінде жұмыс қабілетінің төмендеуімен байланысқан ЖҚО-ны болдырмайтын кешенді шешімдер іс-шаралары мыналар: еңбек режимін дұрыс ұйымдастыру, жолда жүргізушілердің дер кезінде және толық дем алу мен қоректену шарттарын жасау, жолдарды және жол қозғалысын ұйымдастыру.
Ұсынылған әдебиет

1 Романов А.Н. Автотранспортная психология Уч. Пособие для студ. Высш. Учеб. Заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2002. – 224 с.

2 Романов А.Н., Мишурин В.М., Шульц В.А. Внимание водителя в условиях движения // Автомобильный транспорт .- 1986. №6.- С. 21-22

3 Мишурин В.М., Романов А.Н. Надежность водителя и безопасность движения.- М.: Транспорт, 1990.



СӨЖ орындауға бақылау тапсырмасы

Жүргізушілерді кәсіби іріктеп-таңдау. Профессиограмма. Жүргізушілердің жұмысқа қабілеттілігі мен сенімділігі. Жүргізушілердің шаршауы мен сенімділігі.


4 Тақырып. Алкоголь және жүргізуші сенімділігі. Темекі шегу және жүргізуші сенімділігі. Жүргізуші науқас жағдайларының оның жұмысқа қабілеттілігіне әсері. Жүргізушілерде жиі кездесетін ауыр және созылмалы аурулар. Сапар алдындағы медициналық бақылау.

Дәріс жоспары

1 Алкоголь және жүргізуші сенімділігі.

2 Жүргізуші науқас жағдайларының оның жұмысқа қабілеттілігіне әсері

Алкоголь және жүргізуші сенімділігі және олардың денсаулықтары

Екінші дүние жүзілік соғыс аяқталғаннан кейін барлық дамыған елдерде алкоголь ішудің өскені байқалды, сонымен АҚШ-та соңғы кездерде қаза болған жүргізушілердің 70% мас күйінде болған. Францияда ЖҚО кезінде қаза болған жүргізушілердің 50% қан құрамында 0,8%, ал 40%-1,2% алкоголь болған, бұл физиологиялық нормадан айтарлықтай көп. Тек қана АҚШ-тағы материалдық шығын жылына 4,7 млд. доллар. СОКП ОК қаулысына дейін ССРО-ның әртүрлі аймақтарында жүргізушілердің ішкендігі себебінен барлық ЖҚО-ның 30% дейіні жасалған.

Автобус және такси жүргізушілеріне жүргізілген анкеталық сұрау 86,6% жүргізушілердің алкоголь ішетінін көрсетті. Оның ішінде 14,3% айлық алған күндері, 26,9% аптасына бір рет, 8,1% күнделікті ішетіндер. Атобустар жүргізушілері ішінде 5 жылдық стажы барлардың 38,2% аптасына бір немесе одан да жиі алкоголь ішеді. Алкоголь ішкеннен кейін жол оқиғаларына кездесу қаупі жүргізушілердің жас шамасына және тәжірбиесіне тәуелді. Сонымен, мысалы шет елдерде алкоголь ішпейтін жүргізушілердің қаупінің орташа шамасымен салыстырғанда 16-17 жастағыларда алкоголь ЖҚО ықтималдығын 165 есе, ал 30-34 жастағыларда 17 есе арттырады.

Бірақ жүргізушілердің өз күйіне сыни емес қарауы ең қауіптірек тәртіп бұзушылық болып табылады. Бұның себебі, алкоголь адам әрекеті мен істерін бақылайтын ми қабығы орталықтарының жұмысын баяулатады.

Ауру жүргізушімен немесе көріністі шаршаулы күйдегі жүргізушімен слыстырғанда ішкен жүргізуші көп қауіпті. Алдыңғы жағдайларда жүргізуші өзінің мүмкіндігі шектеулі екенін түсінеді, сондықтан ол жылдамдығын төмендетеді, күрделі маневрлер орындамайды, жолда кедергілер пайда болғанда ерте тежеуді баспайды, ерекше зейінді және абай болуға тырысады. Ал ішкенде бәрі керісінше. Бекер айтылмаған: «Ішкенге теңіз суы тізесіне де келмейді»-деп. Негізсіз өзіне сенімділік сезімі пайда болады, нәтижесінде жүргізуші ең күрделі маневрді тез және дәл орындай аламын деп есептейді. 25г алкоголь қабылдағанның өзінде тәуекелшіл, қозғалыс ережелерін ескермеу сезім пайда болады. Нәтижесінде ішкен жүргізуші жиі жылдамдықты өсіреді, тиым салу сигналдарынан өтіп кетеді, жол жағдайы мен өзінің күйін ескермей жүріс жолақшасын ауыстырады және басып озулар жасайды.

Жолда жол жүргінщілері пайда болғанда ішкен жүргізуші асықпайды, өйткені ол өзінің реакцияларының жоғарғы жылдамдығына және дәлдігіне сенімді. Іс жүзінде реакциясы баяуланған, қимыл үйлесімділігі бұзылған.

ЖҚО пайда болу қауіптілігі коэффициентінің жүргізуші қанының құрамындағы алкоголь концертациясына тәуелділігі шын емес сияқты көрінеді. Жол жүргізушіге дейінгі 15-18м қашықтық 30м, тежеуішті лезде басқан сияқты, ал іс жүзінде кешігіп қалады. Реакция уақытының өсуі ішкен алкоголь шамасына тура тәуелділікте. Сонымен, 75г таза алкогольді ішкеннен кейін жүргізушінің жалпы реакциясы 2-2,5 есе, 100г - 2-4 есе, 150г - 3-5 есе, 175г – 6-9 есе өседі.

Алкоголь ішетін жүргізушіге ашуланғыштық эмоция тұрақсыздығы, ұйқы бұзылу, тез шаршатады. Алкоголь ЖҚО мүмкіндігін өсіріп қана қоймай, сонымен қатар оның салдарын жргізушінің өзіне де ауырырақ тиеді. Бірінші Москва медициналық институтының сот медицинасы кафедрасының зерттеушілері ЖҚО кезінде ішкен жүргізушілердің жарақаты ішпегендерге қарағанда жиі болуымен қатар қауіптірек.

Ішілген алкоголь мөлшері өскен сайын жүргізуші қауіптілігі артады, оның объективті көрсеткіші болып қан құрамындағы концентрациясы табылады.

Алкоголизм мен қозғалыс қауіпсізділігі мәселелері бойынша ІІІ Халықаралық конгресте жүргізуші қаны құрамында алкоголь 0,3-0,9% болғанда ЖҚО ықтималдылығы 7 есе, 1,0-1,4% болғанда 31 есе, ал 1,5% кезінде 128 есе өсетіні айтылды. Алкогольді аз мөлшерде қабылдаудың өзінің қауіптілігі мынандай, салмағы 75кг адам 2 кружка сыра ішкеннен кейін қан құрамындағы алкоголь 0,9%, 0,5литр шараптан- 1,2%, 1 рюмка арақтан немесе коньяктан 1,1 промильді құрайды.

Алкогольді адам ағзасына және оның жұмыс қабілетіне әсері мен ішкен алкоголь шамасына ғана емес, сонымен қатар көптеген басқа факторларға тәуелді. Егер алкоголь аш қарынға қабылданса тез сіңеді және адам тез мас болады. Ауру күйіндегі адамдарға, шаршағандарға және қатты қобалжулы адамдарға алкоголь тез әсер етеді. Бірдей мөлшерлі алкоголь қабылданғаннан кейін мас болу дәрежесі жеке көтергіштігіне жасына, жынысына, дене салмағына және әдеттелу дәрежесіне тәуелді. Бірдей алкоголь мөлшері әртүрлі адамдарға физиологиялық және психикалық процестер жүруіне әртүрлі бұзады және олардың жұмыс қабілеті мен қызметі арқылы әсер етеді, сондықтан спирт ішімдіктерін бірдей қабылдаған жүргізушілер жол қозғалысы қауіпсіздігіне әр қалай қауіпті.

Алкогольдің ағзаға әсер уақытын білу де маңызды. Алкоголь қабылдағаннан 20-30 минуттан кейін сіңеді. Жүргізушілер арасындағы маскүнемділікпен күресуге арналған әкімшілік шаралары қажет, бірақ олар проблемаларды шешпейді, егер автокөлік мекемелерінде тәрбие жұмыстары жоғарғы деңгейде болмаса, егер мекемелер мен қоғамдық ұйымдар жетекшілері жеткіліксіз белсенді және бұнымен шешуші күреспесе. Нақты сипаттамасы бар берілген автомекеменің өмір мысалдарына құрылған және мамандық қызметі процесіндегі жүргізушінің әрекеттері мен істеріне алкогольдің әсері жөнінде фактілер бар алкогольге қарсы реттің де маңызы зор.


Ұсынылған әдебиет

1 Романов А.Н. Автотранспортная психология Уч. Пособие для студ. Высш. Учеб. Заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2002. – 224 с.

2 Романов А.Н., Мишурин В.М., Шульц В.А. Внимание водителя в условиях движения // Автомобильный транспорт .- 1986. №6.- С. 21-22

3 Мишурин В.М., Романов А.Н. Надежность водителя и безопасность движения.- М.: Транспорт, 1990.



СӨЖ орындауға бақылау тапсырмасы

Жүргізушілердің науқас жағдайларының олардың жұмысқа қабілеттілігіне әсері. Жүргізушілерде жиі кездесетін ауыр және созылмалы аурулар. Сапар алдындағы мединциналық байқау.


5 Тақырып. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жүргушілерді дайындаудың ролі. Оқытудың мәні мен тапсырмалары. Оқытудың негізгі принциптері мен ережелері. Оқыту үрдісін ұйымдастырудағы оқытушының ролі. Автомобильді жүргізуге үйрету өндірістік шеберіне қойылатын талаптар. Жүргізуге үйретудің техникалық құралдары. Оқыту техникалық құралдары және олардың педагогикалық үдерістегі ролі. Оқыту сыныптары. Бағдарламалық оқыту мен бақылау техникалық құралдары.

Сезім айналадағы заттар мен құбылыстардың, адамдардың қажеттеріне сәйекс келу-еклмеуінің нәтижесіне пайда болып отыратын жан қуаттарының ерекше бір трі. Оның органикалық қажетпен байланысып жатқан қарапайым түрін “эмоция” дейді. Эмоцияға қуану, күлу, зерігу, үрейлену, тағы басқалары жатады. Орыс тілінде эмоцияны бідіретін 300-ге тарта ұғым бар, ал қазақта қанша екенін ешкім әлі анықтаған жоқ.Эмоция жануарларда да болады. Бірақ адамдағы эмоция сапалық, тарихи әлеуметтік, қоғамдық сипаты бар. Сезімдер жануарларда болмайды. Олар тек адамда ғана тән. Оның басты түрлері- имандылық, адамгершілік, сұлу-сымбаттылық, интелектілік ( ақыл-ой)т.б.

Сезімдер өте күрделі писхикалық процестердің бірі. Сезімдер өте күрделі психикалық рпоцестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне,өзара қарым-қатынысына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болада. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгіленіп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.

Сезімдерді эмоциядан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мәнін бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге де соқтырады. Мәлен , осындай түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтағы бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр-түрлі шартсыз рефлекістердің тізбегінен немесе инстингтерінін байқалады.

Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін – қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену, қажу, шаттық, уайым т.б. осы секілді сапалар өз ара екі полюске ажырасып, біріне -бірі қарама қарсы мағынада болады.

Сезімдердің екінші ерекшелігі – олардың актив ( қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларда күшті, ал бұлардың баяу, солғы түрлерін астеникалық деп атайды. Біріншісіне : жауапкершілік, жолдастық, достық, айбаттылық т.б. жатса, екіншісіне: уайым, ежарлық, көңілсіздік т.б. сезімдер жатады. Бұл жерде мынадай бір жағдай есте болсын. Түрлі нақтылы жағдайлардың ретіне қарай адамдардың бір сезімнің өзі бірде қуатты, бірде әлсіз болып көрінуі мүмкін. Мәселен, қорқыныш сезімі кейде бір адамның буынын босатып, пәрменсіз етсе, енді бірде қауыптерге қарсы тұратын айбаттылыққа ( күшті сезім) ауысуы мүмкін.

Сезімдердің үшінші бір ерекшелігі – жігерлену және босану немесе шешілу. Бұл да сезімдердің қарама – қарсы сапаларының бірі. Мәселен, студенттердің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге адам барлық күш- жігерін жұмылдырады. Осы кезең өткен соң басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден босану ( шешілу) сезімі бейді.

Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген терминмен белгілейді.Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады.Организмнің күшті тітіркендіргіштермен айқасқа түсуін күш салу,немесе зорлану кезеңі деп атайды.Адам сырттан келетін әсерге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер жүйке жүйесінің жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен, адам өзінің сыртқы ортамен байланысын үнемі қадағалап, реттеп отыруы қажет.

Сезімнің жоғарыда айтылған ерекшеліктерінің барлығы да нақтылы әрекет үстінде, кездесетін қиыншылықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп отырады. Сезім адамның бүкіл өмірімен, оның жеке басының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Адамның әр түрлі эмоциялары мен сезімдері оның қажеті мен қызығу ерекшеліктеріне, дүниеге көз қарасы мен сеніміне, мінез-құлқы мен білім келеміне, саналы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отытады.

Сезідер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетінде алатын орны зор. Алдағы мақсатты орындау жолында, өмір үшін күресте күшті сезімдерсіз табысқа жету қийнға соғады.

Сезімнің қораш, солғын, селсоқ, болуы іске кедергі келтіреді. Адам не үшін күрессе, соны өлердей жек көріп отыруы керек.

Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б.- осындай эмоциялардың енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар дейді. Бұлар –белсенді әрекетке азды-көпті нұқсан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітіздену т.б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және күрделі эмоциялар болып та бөлінеді.

Күй- тұрақты психикалық жағдай. Мінездегі нақты көрінетін процесс. Психикалық күй-адамның көңіл күйіне сай ұдайы болып тұратын психологиялық процесс. Адамдардың психикалық күйі тұтастық сипатта екздеседі. Бұл ұғымды психологияға тұңғыш енгізген психолог Н.Д.Левитов. Оған дейін психологтар тек психикалық процестер және психалогиялық қасиеттермен ғана айналысты.Психикалық күй бірнеше түрге бөлінеді: таным процесінде байланысты күй -бұған шабыт, көңіл күй жатады; эмоциялық күй-бұған шабыт,көңіл күй жатады; ерікті іске байланысты күй-бұған адамның мақсаты, бір шешімге келіп одан қайтпайтындығы немесе күдіктенгіштігі жатады.


Дәріс жоспары

1 Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жүргушілерді дайындаудың ролі.

2 Оқыту үрдісін ұйымдастырудағы оқытушының ролі.

3 Оқыту техникалық құралдары және олардың педагогикалық үдерістегі ролі.



СӨЖ орындауға бақылау тапсырмасы

Автомобиль жүргізіп үйретудің техникалық құралдары. Оқытудың техникалық құралдары және олардың оқыту үрдісіндегі ролі. Бағдарламалық оқыту мен бақылаудың техникалық құралдары


жүктеу 475,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау