Қауіпсіз жəне дұрыс пайдалану үшін құрылғыны пайдалану алдында қауіпсіздік туралы ақпаратты оқып шығыңыз



жүктеу 3,14 Mb.
Pdf просмотр
бет21/45
Дата01.01.2020
өлшемі3,14 Mb.
#25780
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45

Web Image Monitor құралын пайдалану
• Пайдаланып отырған үлгі түріне байланысты кейбір элементтер пайда болмауы мүмкін.
• Сондай-ақ, кейбір элементтерді басқару тақтасын пайдаланып теңшеуге болады.
Кеңес етілген веб-шолғыштар
• Internet Explorer 6 немесе одан кейінгі
• Firefox 3.0 немесе одан кейінгі
• Safari 4,0 немесе одан кейінгі
• Құрылғыны Web Image Monitor арқылы пайдалану үшін алдымен құрылғының TCP/IP немесе
сымсыз LAN парметрлерін теңшеуіңіз керек. Мәліметтерді 93-бет "Желі параметрлері мәзірі"
немесе 112-бет "Желі параметрлерін реттеу" бөлімінен қараңыз.
5. Утилиталарды пайдаланып құрылғыны теңшеу
102


Бастапқы бетті көрсету
Web Image Monitor арқылы құрылғыға кірген кезде, браузердің терезесінде бастапқы бет
көрсетіледі.
1.
Веб-браузерді іске қосыңыз.
2.
Веб-браузердің мекенжай жолағында құрылғыға кіру үшін мынаны енгізіңіз: "http://
(machine’s IP address)/"
Егер DNS сервері пайдаланылса және құрылғының хост атауы көрсетілсе, IP мекенжайының
орнына хост атауын енгізуіңізге болады.
Web Image Monitor жоғарғы жағы пайда болады.
Бастапқы бет
Әрбір Web Image Monitor беті келесі аймақтарға бөлінеді:
DYG344
1
2
3
4
Бастапқы бетті көрсету
103


DYG345
2
3 4
5
1
1. Мәзір аумағы
Мәзірді бассаңыз, негізгі аумақта мазмұндарын көрсетеді.
2. Қойынды аумағы
Көргіңіз немесе реттегіңіз келетін ақпарат пен параметрлер арасында ауысып қосылуға
арналған қойындылардан тұрады.
3. ЖҚС/Білім қоры
Құрылғыны пайдалануға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап және пайдалы
ақпараттар береді.
Бұл ақпаратты көру үшін интернет байланысы қажет..
4. Көмек
Егер осы белгішені бассаңыз, анықтаманың көрсеткіш беті ашылады.
5. Негізгі аймақ
Мәзір аймағында таңдалған элементтің мазмұнын көрсетеді.
Негізгі аймақтағы ақпарат автоматты түрде жаңартылмайды. Ақпаратты жаңарту үшін
негізгі аймақтың жоғарғы оң жағындағы [Жаңарту] түймесін басыңыз. Тұтас браузердің
экранын жаңарту үшін веб-браузердің [Жаңарту] түймесін басыңыз.
• Егер веб-браузердің ескі нұсқасынпайдаланып жатсаңыз немесе веб-браузерде JavaScript
және «cookie» файлдары ажыратылса, көрсету мен әрекет мәселелері болуы мүмкін.
• Егер прокси-сервер пайдаланып жатсаңыз, қажетінше веб-браузер параметрлерін реттеңіз.
Параметрлер туралы толық мәлімет алу үшін желі әкімшісіне хабарласыңыз.
5. Утилиталарды пайдаланып құрылғыны теңшеу
104


• Веб-браузердің артқа өткізу түймесі басылса да, алдыңғы бет шықпауы мүмкін. Осылай
болса, веб-браузердің жаңарту түймесін басыңыз.
• ЖҚС (Жиі қойылатын сұрақтар)/Білім қоры кейбір тілдерде болмауы мүмкін.
Интерфейстің тілін өзгерту
[Тіл] тізімінен қалаған тіл интерфейсін таңдаңыз.
Анықтама көзінің файлын орнату
Анықтаманы орнату үшін төмендегі рәсімді орындаңыз.
1.
Ықшам дискідегі [WIMHELP] қалтасын компьютердің қатты дискісіне көшіріңіз.
Үлгі процедураларда C:\tmp\WIMHELP каталогіндегі [WIMHELP] қалтасы түсіндіріледі.
2.
Web Image Monitor бағдарламасына кіріп, [Әкімші құралдары] бетіндегі
[Анықтаманың бастапқы файлының параметрі] қойындысын басыңыз.
3.
[Анықтаманың бастапқы файлы] мәтін жолына «C:\tmp\WIMHELP\» деп теріңіз.
4.
Қажет болса әкімшінің құпиясөзін енгізіңіз.
5.
[OK] түймесін басыңыз.
Анықтаманы көрсетуде
Анықтаманы алғаш рет көрсету үшін осы принтермен бірге жабдықталған CD-ROM дискісінен
оның бастапқы файлын орнату қажет.

 үстіңгі деректеме аймағындағы Анықтама белгішесін нұқу арқылы, Анықтама мазмұндары
пайда болады.

 түймесін, басты аймақтағы Анықтама белгішесін басу арқылы, басты аймақтағы параметр
элементтері үшін Анықтама пайда болады.
Бастапқы бетті көрсету
105


Жүйе мәліметтерін тексеру
Web Image Monitor. бастапқы бетін көрсету үшін [Басты] түймесін басыңыз. Ағымдағы жүйе
туралы ақпаратты осы бетте тексеруіңізге болады.
Бұл бетте үш қойынды бар: [Күй], [Есептегіш] және [Құрылғы туралы ақпарат].
Күй қойындысы
Элемент
Сипаттама
Үлгі атауы
Құрылғының атауын көрсетеді.
Орын
[SNMP] бетінде тіркелгенде құрылғының орлаласқан жерін көрсетеді.
Контакт
[SNMP] бетіне тіркелгенде құрылғыдағы контакт туралы ақпаратты
көрсетеді.
Хост атауы
[Хост атауы] бетіндегі [DNS] ішінде берілген хост атауын көрсетеді.
Құрылғының күйі
Құрылғы дисплейіндегі ағымдағы хабарларды көрсетеді.
Күй
Элемент
Сипаттама
Басып шығару
картриджі
Қалған тонер мөлшерін көрсетеді.
Қағаз науасы
Элемент
Сипаттама
1-науа
1-науаның ағымдағы күйін және өлшемі/түрі параметрін көрсетеді.
2-науа
2-науаның ағымдағы күйін және өлшемі/түрі параметрін көрсетеді.
Айналып өту науасы
Қосымша науаның ағымдағы күйін және өлшемі/түрі параметрін
көрсетеді.
• Егер түпнұсқа емес басып шығару картриджы орнатылса, тонердің пайдалану мерзімі сенімді
түрде көрсетілмейді.
• 2-науа туралы мәліметтер, ол орнатылғанда ғана пайда болады.
5. Утилиталарды пайдаланып құрылғыны теңшеу
106


Есептегіш қойындысы
Басып шығару есептегіші
Элемент
Сипаттама
Беттердің жалпы саны Құрылғы басып шығарғандардың жалпы санын көрсетеді:
Принтер, көшірме жасау және факс функциялары арқылы басылып
шығатын беттер (сенсорлық тақта үлгісін пайдаланған кезде)
Принтер және көшірме жасау функциялары арқылы басылып шығатын
беттер (төрт жолды СКД-тақта үлгісін пайдаланған кезде)
Тізімді/Есепті басып шығару мәзірінен басылып шығатын Тізімдер/
Есептер
Принтер мүмкіндіктері тармағындағы Тізім/Басып шығару сынағы
мәзірінен басылып шығатын Тізімдер/Есептер
Дуплекс
Элемент
Сипаттама
Жалпы екі жақты
беттер саны
Екі жақта басылған жалпы парақтар санын көрсетеді.
• Екі жақта басып шығарылған парақ екі басып шығарылған бет ретінде есептеледі.
Құрылғы туралы ақпарат қойындысы
Құрылғы туралы ақпарат
Элемент
Сипаттама
Микробағдарламаны
ң нұсқасы
Құрылғыға орнатылған бағдарламаның нұсқасын көрсетеді.
Механизмнің
микробағдарлама
нұсқасы
Құрылғы қозғалтқышы бағдарламасының нұсқасын көрсетеді.
Құрылғы
идентификаторы
Құрылғының идентификациялық нөмірін көрсетеді.
Жалпы жад
Құрылғыға орнатылатын жалпы жадты көрсетеді.
Жүйе мәліметтерін тексеру
107


жүктеу 3,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау