Қауіпсіз жəне дұрыс пайдалану үшін құрылғыны пайдалану алдында қауіпсіздік туралы ақпаратты оқып шығыңыз



жүктеу 3,14 Mb.
Pdf просмотр
бет30/45
Дата01.01.2020
өлшемі3,14 Mb.
#25780
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45

Тазалау кезіндегі сақтық шаралар
Жоғары баспа сапасын сақтау үшін құрылғыны жиі тазалап тұрыңыз.
Сыртқы жағын жұмсақ құрғақ шүберекпен сүртіңіз. Егер құрғақ сүрту жеткілікті болмаса, барынша
сығылған жұмсақ, дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Егер бәрібір дақты немесе кірді кетіру мүмкін
болмаса, бейтарап жуу құралын пайдаланыңыз, аумақты барынша сығылған дымқыл шүберекпен
сүртіп, аумақты кептіріңіз.
• Пішіні өзгермеуі, түссізденбеуі немесе жарылмауы үшін құрылғыда бензол және еріткіш
немесе жәндікке қарсы бүріккіш сияқты ұшпа химиялық заттарды пайдаланбаңыз.
• Егер құрылғы ішінде шаң немесе кір болса, таза, құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
• Кемінде жылына бір рет ашаны қабырға ұяшығынан ажыратуыңыз керек. Қайта жалғамас
бұрын аша мен ұяшықтағы шаң мен кірді тазалап шығыңыз. Жиналатын шаң мен кір өрт
қаупін төндіреді.
• Қағаз қыстырғыштардың, қапсырмалардың немесе басқа кішкентай заттардың құрылғы ішіне
түсуіне жол бермеңіз.
Тазалау кезіндегі сақтық шаралар
143


Керіліс төсемін және қағаз беру ролигін
тазалау
Егер үйкеліс жастықшасы немесе қағаз беру орамы ластанса, бірнше беру немесе тіптен бермеу
пайда болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда, үйкеліс жастықшасы және қағаз беру орамын
келесідей тазалаңыз:
• Химиялық тазалау сұйықтықтарын немесе еріткіш немесе бензин секілді органикалық
еріткіштерді пайдаланбаңыз.
1.
Қуатты өшіріңіз.
2.
Қуат сымын қабырға розеткасынан суырыңыз. Құрылғыдан барлық кабельдерді алып
тастаңыз.
3.
1-науаны екі қолыңызбен абайлап тартып шығарыңыз.
DYG234
Науаны тегіс бетке қойыңыз. Науада қағаз болса, оны алып тастаңыз.
4.
Тежегіш төсемелерді ылғал шүберекпен сүртіңіз.
DYG277
6. Құрылғыға техникалық қызмет көрсету
144


5.
Дөңгелектің резеңке бөлігін жұмсақ ылғал шүберекпен сүртіңіз. Одан кейін, ылғалды
кетіру үшін оны құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
DYG279
6.
Алынған қағазды науаға қайта салыңыз, одан кейін науаны орнына түскенше
құрылғыға абайлап итеріңіз.
DYG281
7.
Қуат сымының ашасын қабырға розеткасына мықтап кіргізіңіз. Алынған барлық
интерфейс кабельдерін қосыңыз.
8.
Қуатты қосыңыз.
• Тежегіш төсемені тазалағаннан кейін кептелістер немесе көп парақ беру орын алса, сату
немесе қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз.
• Егер 2-науа орнатылса, оның үйкеліс жастықшасы мен қағаз беру орамын 1-науада
орындаған жолмен тазалаңыз.
Керіліс төсемін және қағаз беру ролигін тазалау
145


Құрылғыны жылжыту және тасымалдау
Бұл бөлімде құрылғыны қысқа және ұзақ қашықтықтарға тасымалдаған кезде орындау керек
сақтық шаралар берілген.
Құрылғыны ұзақ қашықтыққа тасымалдаған кезде оны бастапқы орауыш материалдарына қайта
ораңыз.
• Құрылғыны тасымалдау алдында одан барлық кабельдерді ажыратыңыз.
• Құрылғы дәлдік техника түріне жатады. Оны жылжытқан кезде абайлап қолданыңыз.
• Құрылғыны көлденең жылжытыңыз. Құрылғыны сатымен жоғары немесе төмен тасымалдаған
кезде аса сақ болыңыз.
• Егер 2-науа орнатылған болса, оны құрылғыдан алып тастаңыз және оларды бөлек
жылжытыңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде баспа картриджін алып тастамаңыз.
• Құрылғыны тасымалдаған кезде оны бір деңгейде ұстаңыз. Тонердің төгілуіне жол бермеу
үшін құрылғыны абайлап жылжытыңыз.
• Құрылғыны құрамында тұз бар ауадан және коррозиялық газдардан алшақ ұстаңыз. Әрі
құрылғыны химиялық реакция орын алуы ықтимал жерге (зертхана, т.б.) орнатпаңыз, себебі
бұл әрекет құрылғының істен шығуына әкеледі.
Желдету
Бұл құрылғыны тиісті желдетуі жоқ шектелген кеңістікте ұзақ уақыт бойы пайдаланған немесе
көп басып шығарған кезде оғаш иісті сезуіңіз мүмкін.
Бұл оғаш иістің шығыс қағазында да шығуына себеп болуы мүмкін.
Оғаш иісті сезген кезде жұмыс орнын жайлы ету үшін жиі желдетіп тұрыңыз.
• Құрылғыны адамдарға қарап үрмейтіндей етіп орнатыңыз.
• Желдету 30 м
3
/сағ/адам мөлшерінен артық болуы қажет.
Жаңа құрылғы иісі
Құрылғы жаңа болған кезде оның бірегей иісі болуы мүмкін. Бұл иіс шамамен бір аптада
азаяды.
Оғаш иісті сезген кезде бөлмедегі ауаны жеткілікті түрде желдетіңіз және таратыңыз.
1.
Мына тұстарды тексеріңіз:
• Қуат ажыратқышы өшірілген.
• Қуат сымы қабырға ұяшығынан суырылған.
• Барлық басқа кабельдер құрылғыдан суырылған.
2.
Егер 2-науа орнатылған болса, оны алып тастаңыз.
6. Құрылғыға техникалық қызмет көрсету
146


3.
Құрылғының екі жағындағы енгізілген ұстағыштар арқылы құрылғыны көтеріп, оны
пайдалану қажет орынға көлденең жылжытыңыз.
DYH001
4.
Егер 2-науа алып тастаған болсаңыз, оны қайта орнатыңыз.
• Құрылғыны ұзақ қашықтыққа тасымалдау үшін оны жақсылап ораңыз және барлық қағаз
науаларын босатыңыз. Тасымалдау барысында құрылғыны аударып алмаңыз немесе
еңкейтпеңіз.
• Егер тасымалдау барысында құрылғы бір деңгейде сақталмаса, тонер құрылғы ішіне төгілуі
мүмкін.
• Құрылғыны жылжыту туралы қосымша ақпарат алу үшін сауда немесе қызмет өкіліне
хабарласыңыз.
Жою
Осы құрылғыны тиісті түрде жою туралы ақпаратты сауда немесе қызмет өкілінен сұраңыз.
Қайдан сұрау керек
Осы нұсқаулықта қамтылған тақырыптар туралы қосымша ақпарат алу немесе осы нұсқаулықта
қамтылмаған басқа тақырыптар туралы сұрау үшін сату немесе қызмет көрсету өкіліне
хабарласыңыз.
Құрылғыны жылжыту және тасымалдау
147


6. Құрылғыға техникалық қызмет көрсету
148


жүктеу 3,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау