Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 7-1/418 бұйрығына
9-қосымша
«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу қажет болған жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары айқындаған өткізу мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылады;
Ветеринариялық паспорттан үзінді-көшерме беру – 30 (отыз) минут;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
4) сырға (сырғалар) жоғалған, бүлінген кезде (жеке нөмірін айқындау мүмкін емес) қайталама мемлекеттік көрсетілетін қызмет жануарларға жаңа жеке нөмір бере отырып, көрсетілетін қызметті берушіге сырғалар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Ірі жануардың сырғаларының біреуі жоғалған немесе бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушіге аспалы сырға телнұсқасы келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру тәсілдерінің бірімен жануарларға ветеринариялық паспорт бере отырып жеке нөмір беру, телнұсқа беру, ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақысыз көрсетіледі. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы
2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес чиптердің құнын қайтару ақылы негізде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша айқындалған чиптердің құнын екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейді.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бастапқы бірдейлендіру үшін ветеринариялық паспорт беру:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжатдың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын (сәйкестендіру үшін);
чиптер үшін ақы төленгенін (чиптен кезінде) растайтын кұжат;
2) сырға (сырғалар) жоғалған немесе бүлінген кезде телнұсқасын алу үшін ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру өткізу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжаттың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын (сәйкестендіру үшін);
жоғалған немесе ескірген кезде ветеринариялық паспорттың телнұсқасын алу үшін:
ветеринариялық паспорттың екінші нұсқасын алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (ветеринариялық паспорттың жоғалғанын, бүлінгенін растайтын құжаттардың қосымшасымен қоса) өтініш;
жеке басын куәландыратын құжатың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын (сәйкестендіру үшін);
ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін өтініш;
жеке басын куәландыратын құжаттың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын (сәйкестендіру үшін);
порталға ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін электронды құжат нысанындағы өтініш;
Жеке басты куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге –көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсете отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымда:
жеке тұлға – оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы;
заңды тұлға – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Электронды өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
_________________________________________
(ветеринариялық ұйымның атауы)
_________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)ЖСН, /заңды тұлғаның атауы БСН)
Мекенжайы _______________________________
Өтініш нөмірі:
Өтініш
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарың (құралдарың) жоғалуына, бүлінуіне, төл алынуына байланысты, тағы басқа кездерде* (қажеттісінің астын сызыңыз) ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіруіңізді және аспалы сырғаның телңұсқасын (телнұсқа алу үшін көрсетіледі ) беруіңізді сұраймын.
жануар түрі _______________________________________________________;
жануарлар саны ___________________________________________________;
Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі (аспалы сырғаның телнұсқасын алу үшін)_____________________________________________
Бірдейлендіру тәсілі (сырғалау, таңбалау, чиптеу, татуировка) (қажеттісінің астын сызыңыз);
Мына құжаттарды қоса беремін:
Чиптің құнын төлеу туралы түбіртек;
Ауыл шаруашылығы жануары паспортының көшірмесі:
Өзге құжаттар (көрсету керек)
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Ұсынылып отырған мәліметтердің шынайылығын растаймын.
Байланыс телефондары _____________________ E-mail ____________________
20 __ жылғы ____________ _________________________
(өтініш берушінің қолы)
Қосымша: _____ парақ 1 данада __________________________
Құжаттар 20 __ жылғы _____________ қабылданды
__________________________ (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)
Ескертпе* ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу қажеттлігінің себебін көрсету.
«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
_________________________________________
(ветеринариялық ұйымның атауы)
_________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)ЖСН, /заңды тұлғаның атауы БСН)
Мекенжайы _______________________________
Өтініш нөмірі:
Өтініш
Ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беруді сұраймын. _____________________________________________________________________________________________________________________себебі бойынша
Жануарың түрі __________________________________________________
Жануарлар саны ________________________________________________
Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі:________________________
ветеринариялық паспорттың жоғалуы, бүлінуі фактісін растайтын мынадай құжаттарды қоса беремін:_________________________________________
Байланыс телефондары _____________________ E-mail __________________
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Ұсынылып отырған мәліметтердің шынайылығын растаймын.
20 __ жылғы ____________ _________________________
(өтініш берушінің қолы)
Қосымша: _____ парақ 1 данада __________________________
Құжаттар 20 __ жылғы _____________ қабылданды
__________________________ (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)
«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
_________________________________________
(ветеринариялық ұйымның атауы)
_________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)ЖСН, /заңды тұлғаның атауы БСН)
Мекенжайы _______________________________
Өтініш нөмірі:
Өтініш
Ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме беруді сұраймын.
Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі:_________________________
__________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Ұсынылып отырған мәліметтердің шынайылығын растаймын.
______________________________________________20__жылғы__________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)
Достарыңызбен бөлісу: |