Ауыл мектебінде дарынды балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру



бет2/2
Дата21.11.2018
өлшемі90 Kb.
#23339
1   2


(123...k*9+(k+1)=111…1, k€N) Дәлелде.

Кейінгі кезде математикалық ойын түрде есептерді жиі кездестіруге болады. Мысалы, қорапта 300 сіріңке бар. Әр кезек сайын онда бар сіріңкенің жартысынан артпайтындай етіп қораптан сіріңке алуға болады. Кім кезегінде қораптан өзіне тиісті сіріңкені ала алмаса, сол жеңіледі. Егер ойыншылар қорапта бір сіріңкені ойын ережесін бұзбай кезектесіп алса, қайсысы жеңіске жетеді, ойынды бастағаны ма әлде соңғысы ма? Жауабы: Кім ойынды бастаса сол қораптан 45 сіріңке алу керек. Сонда қарсыласына қорапта 255 сіріңке қалады. Қарсыласы қораптан өзіне тиісті сіріңкені алған соң ол қораптағы сіріңкенің санын 127-ге түсіре алады. Келесі кезегінде ол қораптағы қалатын сіріңкенің санын 63-ке жеткізеді. Содан кейін 31,15,7,3 ең соңында қорапта 1 сіріңке қалтырады. Демек кім ойынды бастаса 2-1 айырмасын () пайдаланып 8 рет қораптан сіріңке алып жеңіске жетеді.

Осындай есептерді біртіндеп шығару арқылы олардың математикалық есеп шығару мәдениеті қалыптасады.

Кейде оқушының шығармашылық ойлауын дамыту үшін мектеп оқулығында, қосымша әдебиеттерде берілетін есептердің шартын өзгерту қолайлы болады.

Мысалы: 1) «Бес тізбектес натурал сандардың квадраттарының қосындысы натурал санның квадраты болмайтынын дәлелде» есебінің шартын «Бес тізбектес натурал сандардың квадраттарының қосындысы натурал санның квадраты бола ала ма?» - деп ауыстырса, оқушы өзі индуктивті түрде нақты мысалдар арқылы осыған сәйкес гипотезаны құрастыра алады. Содан кейін дәлелдеу дұрыс болады.



  1. « көпмүшесі теріс мән қабылдамайтынын дәлелде.» есебінің шартын «Мына көпмүше « теріс мән қабылдай ала ма?» түрінде қойса, оқушы шындықты тезірек қиналмай табады.

  2. 7-8 сынып оқушыларына байқау және индукция көмегімен келесі қосындының формуласын табуды ұсынуға болады:

1+3+5+7+...+(2n-1) = n²

1³+2³+3³+…+n³ = (1+2+3+…+n)²

Осыдан кейін осы тектес есептерді математикалық индукция көмегімен дәлелдеуге болатынын айтса, оқушы бұл әдісті меңгеруге қызығушылық тудырады.

Сондай ақ сабақ процесінде оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылық белсенділікті, аңғарымпаздықты арттыруда әзіл есептер, математикалық ребустар, софизмдердің, , арттыруда стандарт емес есептердің ролі зор.

Дарынды балалардың мінез-құлық ерекшеліктерін қарастыра отырып олардың арасындағы жекелеген айырмашылықтарға көңіл аударуымыз қажет. Бұл айырмашылықтар балалардың қай бағытқа қызығатынына, ақыл-ойының даму қарқынына, яғни дарындылық қасиеттерінің дамуына байланысты.

Тесттік формада тапсырма беруде де зерттелінуші бойындағы қабілетті басты назарда ұстау қажет.

Оқушы қабілеті арнайы және жалпы болып 2-ге бөлінеді.

Жалпы қабілеті дами білген оқушы математика, физика, биология, әдебиет сабақтарын бірдей жақсы игеріп, мектеп шеберханасы, тәжірибе алаңы, лабораториядағы түрлі еңбек тапсырмаларын да сәтті орындап отырады. Математика – барлық ғылымдардың логикалық негізі, ол оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді.

Дарынды балалар – бақытты ғасыр кепілі.

Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе. Мысалы, Әл-Фараби «Бақытқа жету трактаты» еңбегінде этикалық мәселелермен қатар, адам қабілеттілігіне білім беруде түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі. Абай «жетінші қара сөзінде» баланың ақыл-ойы, қабілеттілігі туралы пікір айтады,.Шәкәрім «Насихат» атты өлеңінде өмірдің тұтқасы өнер мен білімде, өнерлі озады, білімді ғаламды билейді, ғылым таусылмас кен, оны жас күніңде үйрен деп насихаттайды.[2. 44-48 беттерде.], М.Дулатов: «Туысында қанша зеректік болса да - ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді.» [3. 44-48 беттерде.]  Қазақ халқы «ерден ердің несі артық, бір-ақ шөкім ойы артық» деп, бекер айтаса керек. Сондықтан қай уақытта да дарынды тұлғаны дамыту өзекті мәселе болып қалады.

Шығыс халқы ежелден ұстаздық мамандыққа ерекше көзқарас қалыптастырып, оны қоғамдағы ең бір құрметті адам деп санаған. Француздың ағартушы педагогы Жан Жак Руссо «Ұстаздық уақыт ұту емес. Өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деп көрсеткен болатын. Демек, қоғам мұғалімді өз уақытын шәкірттерінен аямайтын, өзгенің бақытын мерейленіп аялайтын жеке тұлғаға айналдыра білуі керек!

Қорыта келгенде бүгінгі таңдағы зерделі де зейінді дара тұлғаның бойындағы жеке қасиеттерді дамыту үшін бағдарламалар мен әр түрлі іс-шаралар жетерлік. Дегенмен, бұған біз, ұстаздар қауымы, әлі де болса өз үлесімізді қосуымыз қажет деп санаймын.


Шығыс Қазақстан облысы

Үржар ауданы



Тел: 7(72230)55551

87756214578

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау