182
терминологиялық жұмыстарды кәсіби деңгейде жүргізе білмеуден
туындайтын жайт» екендігі дәлелденеді [79, 19-б].
Ғалымның көрсетуі бойынша: «Әр саланың ұғымдарының өзара
байланысы, иерархиясы, сатылық, түрлі қарым-қатынасы ұғымдық,
логикалық тұрғыдан қалай жүйелі болса, тілдік тұрғыдан да сол
ұғымдардың жүйесін көрсететіндей етіп таңбалау қажет болады.
Сондықтан да тілдік бірліктер терминдердің ұғымдар жүйесінің
ерекшелігін көрсетіп бере алатындай сөзжасамдық жүйелілікке
негізделіп жасалып, соның негізінде терминологиядағы
жүйелілікке қол жеткізу көзделеді. Терминологиядағы жүйелілік
ұғымдар жүйесінің аралық байланысын тілдік бірліктер атау
сөздер арқылы да жүйелеп беру болып табылады» [79, 15-16-бб].
Академик Ө.Айтбайұлының пікірінше: «Жүйелілік тәртібі
сақталған жерде синонимдік қатарға, көп мағыналыққа орын жоқ.
Әсіресе, әр қилы қызмет атқаратын жалғау, жұрнақтарды белгілі
бір мағынада қайталап қолдануға әуес болмаған жөн. Жалпы,
қалайда терминдер жүйелілігі лексика тұрғысынан да, морфология
тұрғысынан да талап етілген дұрыс. Жай сөздер табиғатына тән
кейбір грамматикалық ауытқулар терминдерде болмауы тиіс» [79,
16-б.].
Дегенмен, көптеген жағдайларда аталуы бірдей термин
сөздер өріс ішінде түрлі байланыстармен сипатталып, екі басқа
терминологиялық өріске қатысуы негізінде омонимдік қатарлар
құрайды. Мысалы: жарнашы → жарна төлеуші, пайшы; жарнашы
→ жарна жинайтын қызметкер; морфолог → грамматиканың сөз
формаларын зерттейтін тілші ғалым; морфолог → организмнің
құрылысын, түрін зерттейтін ғалым; автоматшы → автомат
аппаратқа күтім жасайтын адам; автоматшы → автоматпен
қаруланған жауынгер және т.б.
Шынында да, қазіргі таңда көптеген ғалымдардың пікірі
бойынша жалпы қолданыстық лексика мен терминдік лексиканың
басты айырмашылығы кейінгісінің жүйелілік тұрғыдан
ұйымдастырылуында болып отырады. Арнаулы ұғымды білдіретін
термин белгілі бір терминологиялық жүйеде нақты орны бар, сол
жүйенің мүшесі болған соң ғана, сол жүйеге сәйкес мағынаға
ие бола алады. Терминнің ақпараттылық қасиеті де осыдан
туындайды. Бұл жөнінде қазақ терминологиясының жүйелілік
183
мәселесін арнайы сөз еткен ғалым Ш.Құрманбайұлының пікірі
назар аударарлық. Ол: «Жүйелеген салалық терминологияны
қалыптастыруда сол саланың терминдерін белгілі бір сөз тудырушы
морфемаларды немесе терминдік элементтерді пайдалана отырып
жасау тәжірибесі бар. Бізде де кейбір арнаулы сала терминдерін
жасауда соңғы жылдары біршама өнімді жұмсалып жүрген
жұрнақтардың бар екенін аңғаруға болады. Мәселен, іс жүргізу
саласында -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе: анықтама, хаттама,
баяндама, мінездеме, көшірме, баянжазба т.б. Тіл білімінің
фонетика саласында -м, -ым/-ім: айтылым, алмасым, естілім,
жасалым, екшелім, жалғаным, қатынасым т.б. Синтаксис
саласында кезінде А.Байтұрсынұлы жасап, тілімізге енгізіп кеткен
бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш
терминдерін туғызған -уыш, -уіш (-ыш/-іш) жұрнағы бар екені
белгілі. Әскери іс саласында -уыл, -уіл, -ауыл/-еуіл үлгісімен
жасалған шабуыл, айдауыл, ереуіл, жасауыл сияқты көне атаулар
қолданысқа ене бастады. Мұндағы бір айта кететін жайт: соңғы
үлгімен жасалған атаулар кейде дайын қалпында қолданысқа
ене бастағанымен, терминжасамда бұл үлгі алдыңғы жұрнақтар
сияқты жаңа терминдер тудыруда пайдаланылмай келеді»,- деп
көрсетеді [79, 127-128-бб].
Ғалымның жоғарыда келтірілген пікірін қолдай отырып, сала
терминдердің белгілі бір қалыптасқан сөзжасамдық үлгі бойынша
біртектес жасалуының синтагмалық жүйелілігін, сонымен
қатар терминжасам барысында парадигмалық ерекшеліктерді
де ескерген дұрыс деп санаймыз. Мысалы, ою-өрнек саласына
қатысты терминжасам микрокешендерінің парадигмалық негізі:
ой
ойма
оймақ
оймақта
оймақшы
оймала
оймалы
оймашы
оймыш
көркемоймыш
184
тілік оймыш
бедерлі оймыш
шұңғыл оймыш
аймақты оймыш
үй оймышы
өрнекті оймыш
оймыш-өрнек
омышта
оймыштаушы
оймышты
Терминдердің арнаулы сала ерекшеліктеріне сәйкес, жүйеленген
сөздер жиынтығы екендігі және сол жүйенің ғылымның дамуына
орай үнемі өзгеріп отыратындығы, термин түзер алдында оларды
алдын ала жіктеп, жүйелеп алуды қажет етеді. Оның үстіне,
ғылым терминдерін жасауда үлгі, негіз ретінде пайдаланылатын
орыс терминологиясы екендігін де ескерген жөн. Мәселен, орыс
тіліндегі мотив терминінің сөзжасамдық ұяда берілген туынды
сөздер тізбегі А.Н.Тихоновтың II томдық сөздігінде келесі кестеде
көрініс тапқан [80, 632-б.]:
Мотив
мотивировать
мотивироваться
мотивирование
мотивировка
мотивировочный
мотивация
мотивационный
мотивированный
мотивированность
немотивированный
немотивированность
Сонымен қатар орыс тіл біліміндегі уәжтану саласында
мынадай терминдер де көрсетілген: «мотивизация», «мотивема».
Көп жағдайларда, өкінішке орай, осындай түбірсөз қатарында
түзілген терминдер жиынтығы бір тілден екінші тілге аударылғанда
әртүрлі термин-сөздермен беріліп, бастапқы жүйе мен екінші тіл
жүйесі арасындағы үндестіктің бұзылу жайы жиі кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |