157
білдіретінtolead етістігіне айналды. Уақыт өте түбірі«laithjan» сөзінен шыққан tolead «алып жүру»
(жетектеу) сөзі XIII-ғасырдан бастап leader «лидер» деген мағынаны білдіретін зат есімі қоғамда
қолданыла бастады[2].
Яғни «лидер» сөзін көшбасшы, соңынан ерте білу қабілетіне ие, көпшілікке өзінің ықпалын тигізе
алатын, белгілі бір ортаны немесе ұжымды басқара алатын қасиеттер бойынан табылатын адамды
айтамыз[3].
Осы лидерлік ұғымының ғылымда ерекше орын алатын түрлерінің бірі коммуникативтік
лидерлік. Ғылыми əдебиетті зерттеу коммуникативтік лидерліктің туралы теориялар жеткілікті түрде
көп екенін көрсетеді.
Шетелдік
ғалымдар
Э.Богардус,
П.Друкер,
Р.Мертон,Л.С.Выготский,
А.Н.Леонтьев,
С.Л.Рубинштейн т.б өзеңбектерінде коммуникативтік лидерліктің қалыптастыру механизмін жан
жақты зерделеп өз анықтамаларын білдірген.
Атап өтетін болсақ, Э.Богардус коммуникативтік лидерлікті ерекше коммуникативтік процесс деп
санады, лидер субъект ретінде адамдарға ықпал етуге, оларды шабыттандыруға қабілеттілігі жоғары
болғандықтан, олар өздерінің бұрынғы мақсаттарына жаңа энергиямен, ал жаңа нəтижеге үмітпен
баруға талпына бастайды[4].
П.Друкердің пайымдауынша,топтағы коммуникациялық процестер лидермен топтың басқа
мүшелерінің сеніміне кіру, олардың соңынан еруге дайын екендігін көрсетеді. Р.Мертон,
коммуникативтік лидерлікті топ мүшелері лидердің ізбасарлары болатын жəне өздеріне жүктелген
міндеттерді тиісті болғаннан емес, соны қалағандықтан орындау нəтижесіне ие субъектаралық жəне
тұлғаралық өзара əрекеттесу деп анықтады[5].
Лидерлік теорияларын талдауда түрлі əдістерді зерттеу нəтижесінде, жəне де оның
коммуникативтік құраушылары коммуникативтік лидерліктің өзіндік анықтамасын тұжырымдауға
бізге мүмкіндік берді.
Осы анықтамаларға сүйене отырып, коммуникативтік лидерлік дегеніміз заманауи қоғамның
талаптарына сүйене отырып, білім алушылардың ой-пікірлері мен іс-əрекеттеріне болашақ маманның
ықпал ету қабілеті деп ой тұжырымдауға болады.
Студенттердің коммуникативтік лидерлігінің кейбір ерекшеліктерін қарастырып көрейік. Қазіргі
болашақ лидер-маман топтың, ұйымның алыс жəне перспективалық мүмкіншіліктерін беруі тиіс,
тапсырыстардың жеткізушісі жəне идеяларды ұсынушысы болуы тиіс. Басқаша айтқанда, лидер-
маман инновациялық, бағдарлы жəне шабыттандырушы коммуникацияны іске асыруы тиіс, демек,
лидердің тиімділігінің көрсеткіші оның шығармашылық зарядтылығы, сапалы қайта құруларға
ұмтылушылығы болып табылады. Инновациялық коммуникация, яғни жаңа ақпаратқа қатыстыру,
оқыту жəне дамыту, қазіргі əлеуметтік-мəдени мəнмəтіннің дұрыстығымен лидерлерге қойылатын ең
басты талап. Өйткені, əлем қарқынды дамыған сайын, белгісіз жəне бақылауға көнбейтін болған
сайын, əлеуметтің мүшелері соншалықты көп, оған қоса қоғамды басқару субъектілері өзін-өзі
жетілдіру процесіне қатысуы тиіс.
Бұл зерттеуде ЖОО-ның студенттерінің коммуникативтік лидерлік деп вербалды жəне вербалды
емес өзара əрекеттесу мен əлеуметтік-линвистикалық мақсаттылық ережелерін анықтайтын
лингвистикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жəне лексикологиялық құзыреттерінің
жиынтығы деп ұғынамыз. Кəсіби коммуникативтік лидерліктің қалыптасу деңгейіне маманның
кəсіби мəселелерді тиімді басқару жəне шешу шеберлігі тəуелді.ЖОО-ныңболашақ мамандары үшін
коммуникативтік лидерлік түрлі деңгейлердегі тиімді өндірістік қатынастардың негізгі құралы болып
табылады. Сонымен бірге, бұл шартты түрде гуманитарлық бағыттағы мамандарға ғана емес
(қоғаммен байланыстар бойынша мамандар, менеджерлер, экономисттер), қызметі тек «адам-адам»
жүйесі бойынша іске асатын түлектерге де қатысты (инженерлер, технологтар жəне т.с.).
Студенттің коммуникативтік лидерлігініңқұраушысы келесі қасиеттер болып табылады:
нақтылық, анықтық, айқындық, тіл байлығы сияқты сөйлеу жəне сөйлеу тəртібінің сапаларын иелену;
кəсіби сөйлеудің жанрлық əртүрлілігін тиімді жəне орынды пайдалану; сенімдідəлелдеменің
логикалық жəне тілдік құралдарын меңгеру; түрлі іскерлік жəне кəсіби жағдайларда басқарушылық
риторикасы мен тілдесу заңын меңгеру; адамдардыңөзмақсаттарына қол жеткізуге талпыныстарына
ықпал ету жəне шабыттандыру шеберлігі, іскерлік сұхбаттар, іскерлік қатынасхаттар; тілдесіп
отырған серіктесті тыңдай білу, əдептілік, зейінділік; тілдесудің қызметтік жағдайларында сөйлесу
тəртіп стратегиясын сауатты құра білу қабілеті. ЖОО-дағы маманның коммуникативтік лидерлігін
жүзеге асыру оның жеке тұлғалық сапаларымен жəне жеке тұлғаның психологиялық
ерекшеліктерімен тығыз байланысты.
Студенттерінің коммуникативтік лидерлігін қалыптастыру мақсатында оқытудың инновациялық
технологияларын енгізудегі қажеттілік те өзекті мəселе болып табылады.
158
Ұзақ жылдар бойы университеттегі практикалық білімдердің нысандары көбіне студенттердің
əдеттегі репродуктивті қызметіне, білімдерді тексерудің жазбаша нысанына, тестілеуге бағытталды,
бұл бірқатар артықшылықтарға ие болғанымен, коммуникативтік шеберліктер мен дағдылардың
қалыптасуында ең заманауи коммуникативтік технологиялардың тиімділігі бойынша айтарлықтай
кейін қалатындығын көрсетті. Болашақ мамандардың коммуникативтік лидерлігін қалыптастырудағы
оқытушының мақсаты білім берудің басты міндеттерінің бірін –тілдесу мен байланыстың барлық
мүмкін болатын əдістерін шеберлікпен қолданатын басқа адамдармен өзара əрекеттесуді нəтижелі
құруға қабілетті бірқатар коммуникативтік шеберліктер мен дағдыларға ие жеке тұлғаны
қалыптастыруды толығымен іске асыратын оқыту қызметінің түрлі технологияларын оқуда қолдану
болып табылады.
Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік лидерлігін қалптастыруда коммуникативтік оқыту
əдістерін пайдаланудың өзектілігі жоғары. Коммуникативтік оқыту əдістерін қарастырамыз.
1. Омега-мэппинг – бұл күрделі мəселелердің біртұтас шешімдерін табуға көмек беретін идеялар
құрудың тəсілі. Омега-мэппинг шешім табу процесін визуализациялаудың арнайы техникасын
қолданады, оны көрнекі жəне құрылымдалған қылады.
2. Катена-мэппинг – бұл идеялардың көп мөлшерін жасау үшін жұмыстың бастапқы кезеңінде
қолдануға болатын идеяларды тудыратын техника.Катена-мэппинг ойлау кеңістігін кеңейтугі көмек
береді, шығармашылық блоктарды жеңуге, ал осы жұмыс барысында табылған ынталандырмаларды
идеяларға түрлендіреді.
3. Шығармашылық ойлауды психологиялық жандандыру тəсілдері – мəселені көпжақты
қарастыруға кедергі келтіретін, ойлап тапқыштық шешімдер мен жаңа бизнес ойларды табуға бөгет
жасайтын ойлаудың психологиялық инерциясы. Бұл тəсілдер ұсынылатын идеялардың санын едəуір
арттыруға жəне осы процестің өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
4. Кішкентай адамдар тəсілі-ӨМШТ-да (өнертапқыштық мəселелерді шешу теориясы) кеңінен
қолданылады. Тəсілдің мəні объектіні көптеген (тобыр) кішкентай адамдар түрінде елестетуді
меңзейді. Мұндай үлгі эмпатияның (көрнекілік, қарапайымдылық) абыройын сақтайды жəне оған тəн
кемшіліктері жоқ (адам организмінің бөлінбейтіндігі).
5. Ой-талқы. Ойлауды психологиялық жандандырудың ең əйгілі тəсілі «ой-талқы» 40-шы
жылдары А.Осборнмен (АҚШ) ұсынылған. "Ой-талқы" ойлап тапқырлық шешімдерді жəне жаңа
бизнес идеяларды іздеудің ұжымдық тəсілі болып табылады, негізгі ерекшелігі қатысушыларды
сыншылар мен "генераторларға" бөлуінде, сонымен қатар идеялардың генерация жəне сынау
процестерін уақытқа бөлу.
6. Семинар-пікірсайыс.Қандай да бір мəселені оны дұрыс шешу жолдарын орнату мақсатымен
ұжымдық талқылауды көздейді. Ол жоғары ақыл-ой белсенділігін көздейді, пікірталас жүргізу
шеберлігін үйретеді, мəселені талқылау жəне пікірді анық жəне жинақы түрде білдіру. Оқу
пікірсайысы – проблемалық оқыту тəсілдерінің бірі болып табылса, ал оқытудың компьютерлік
технологиялары – компьютердің көмегімен білім алушыға ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау жəне беру
процестері болып табылады.
Жоғарыда аталған оқыту əдістерімен қатар, жобалар жасау, тапсырма ретінде проблемалық
жағдайларды шешуге үйрету, бейнефильмдер мен презентацияларды дайындау, топ алдында қорғау,
семинар сабақтары барысында кəсіби жəне іскерлік сөйлеулердің жанрлық əртүрлілігінің
қалыптасуына көмектесетін белсенді нысандар мен тəсілдер қолданылуы тиіс (кеңес, коммерциялық
келіссөздер, қызметтік сұхбаттар, пікірталастар, даулар, келушілерді қабылдау, шиеленіс жағдайында
тілдесу жəне т.б.). сонымен қатар, кəсіби жағдайларды ұжымдық талқылау, тілдесудің іскерлік
нақышы бойынша мақсатты бағытталған жұмыс, мəтіндерді стилистикалық редакциялау, ықпал
етудің аса айқын жəне дəлелді риторикалық құралдарын іздеу болашақ мамандардың кəсіби сөйлеу
мəдениетін дамытуға жəне жетілдіруге мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталған коммуникативтік оқыту əдістерінен бөлек, интерктивтік оқыту əдістері мен
ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін болашақ мамандардың
коммуникативтік лидерлігін қалыптастыруда кеңінен қолдану қажет.
Қорытынды ретінде коммуникативтік лидерлік ЖОО-дарының студенттері үшінүлкен маңызға
ие, себебікоммуникативтік лидерлік олардың кəсіпқойлығының қалыптасуына көмектесетінін жəне
кəсіби серіктестермен жоғары деңгейде өзара қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретінін ерекше
атап өткен жөн, бұл өз кезегінде еңбек тиімділігі мен кəсіби қызмет нəтижелерінің жоғрылауына
əкелді.
Əдебиеттер
1. Полонский В.М. Инновации в образовании (методологический анализ) // Инновации в образовании. –
2007. – № 3. – С. 4–12.