318
ойлаудың ерекшеліктерін жоғары қарқынмен мақсатты қалыптастыру мүмкін екені дəлелденіп отыр.
Ойлау – бұл оқуға, жазу іскерлігіне, сөйлеу мен тыңдауға ұқсас үрдіс [2,290 бет].
А.Рысбаева бұл жөнінде: «Сыни ойлау бұл оқушының білімді меңгерудің əдіс- тəсілдерін іріктеп
алуға жəне əр түрлі формаларын таңдауға мүмкіндіктер туғызады»,- дейді.
Сыни тұрғыдан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Жалпы сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік
пікірін ортаға салу тек ересек адамдарға ғана тəн деп ойлау қателік, себебі баланың «Мені» 3 жастан
қалыптасады, яғни бастауыш сынып оқушыларының да, мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндердің
де өз көзқарастарын білдіруге шектеу жасамау қажет.
Əрбір адамзат өзіндік көзқарас негізінде ғана бəсекелестік қоғаммен бірге дамып, ілгері жылжып
отыруға қабілетті жəне ойлау қабілеті шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөссіз.
Сыни ойлау – өзіндік ойлау. Сыни ойлау – сұрақ қоюдан жəне шешімін таба білетін
проблемаларды айқындаудан басталады, яғни оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды
[5,291бет].
Бастауыш сынып оқушыларына да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму
деңгейіне сəйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жететіні сөссіз.
Қазақстанда сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы XXI ғасырдың 90 жылдарынан бастап
мұғалімдер үшін ерекше орынды иелене бастады. Бұл аталмыш технологияның бірден-бір мақсаты:
оқыту процесі барысында үлкен жетекшілік іс-əрекеттің негізі білім алушылардың пікірлерін ортаға
салуы, ішкі ойлары мен ұсыныстарын талдауға, сыни көзқарастарын еркін жеткізе алуға бағыттайды.
Біздің елімізде ДЖ. Соростың ашық қоғам институты « Сорос Қазақстан» қоры арқылы келген
бұл технология орыс жəне қазақ тілдерінде мектеп тəжірибесіне ене бастады. Сыни ойлауды
қалыптастыру барысында міндетті түрде оқытушының іс- əрекеті негізінде, оқушыларда пікірлер,
ойлар пайда бола бастайды. Мұғалім мотивация əрекетін жүзеге асырушы. Сыни ойлауға апаратын
қатаң реттелген белгілі бір талаптар жоқ [3,291бет].
Дегенмен сыни ойлауды дамытатын оқу шарттары мыналар:
Оқушыларға ойланып – толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
Əр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
Оқушылардың оқу үрдісіндегі белсенділіктерін мадақтауы;
Сыни ойлау тəжірибесі үшін уақыт пен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету [3,292бет].
Кез-келген оқушының сыни шешімді қабылдай алатын қабілетіне сенімділік білдіру.
Тиімді сыни ойлауға қатысу үшін оқушылар өздеріне деген сенімдерін жəне өз пікірлері мен
идеяларының құндылықтарын түсінуін арттыруға, оқыту процесіне белсенді қатысуға, басқалардың
пікірлерін сыйлауға, пікірді қолдауға жəне құрастыруға дайын болу керек.
Жалпы бастауыш сынып оқушылары сабақ процесінің əр кезеңінде оқытушымен жəне топ
оқушыларының көзқарастарына сыйластықпен қарауы шарт. Өзіндік пікірлері мен идеяларын
тақырып желісіне байланысты шығаруы қажет.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалана отырып, бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылығын қалыптастыруға болады.
Шығармашылық дегеніміз – баланың ізденуі барысындағы жаңалық ашуы, өзін-өзі жетілдіруі,
тəсілдер табуға ұмтылуы, жаңа тың ақпаратты алуға талпынысының негізінде көрініс береді
[2,297бет]. Шығармашылық қабілет кез-келген баланың табиғатында кездесуі мүмкін. Мұғалімнің
міндеті əр баланың бойындағы жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Бастауыш сынып
оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта жəне сабақтан тыс уақыттарда дамытуда СТО
технологиясының көптеген стратегияларын қолдануға болады. СТО технологиясында 60-қа жуық
«стратегиялар бар» [3,294бет].
Оларды мақсатты, тиімді қолдана білу мұғалімнің білімділігіне, шығармашылығына байланысты.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының оқушыға ықпалы: оқушының тұлғасының танымдық
қасиеттерін дамытады; оқуға қызығушылығын қалыптастырады; шығармашылық қабілеттерін
ұштайды; сөздік қорларын байытуға ықпал етеді; оқушылар жұптасып, топпен еңбек етуге үйренеді;
өз ойларын еркін айта білуге бейімделеді; оқушылар белсенділігі артады; тақырып бойынша ең
негізгі мəселені түсініп, ажыратуға үйренеді; топтың ішінде тəртіптілік; сыпайылық; ұйымшылдық
қалыптасады; нəтижесінде оқушылардың ойлары шыңдалады; оқушы өздігінен ізденуге
дағдыланады.
Сын тұрғысынан ойлаудағы мұғалімнің міндеті: білім беру ісін ұйымдастырушы; оқушыларға
бағыт-бағдар беруші; оқушының қызығушылығын оята білуі; əдіс- тəсілдерді дұрыс таңдап алу;
оқушылардың өздеріне деген сенімділіктерін арттыру; оқушылардың қиын түсініктерін қабылдап, əр
түрлі мəліметтерді еске сақтауға дағдыландырады; жауапкершілікке үйрету; оқышыларды жаттанды
319
білімге емес, ұғынуға бейімдеу; оқушылардың жауабын құрметтеу, білімге ынтасын көтеру; жан-
жақты жетілген тұлға тəрбиелеу.
Бастауыш сынып оқушыларына сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімді стратегиялары:
«Еркін жазу» стратегиясы – бұл жаңа сабақты түсіндіргеннен кейін оқушылардың жаңа білімді
қаншалықты игергендігін, не үйренгендігін, нені түсіне алмағандығын еркін түрде парақ бетіне өз
ойларын түсіреді. Жазуға өзіндік шектелген уақыты болады. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз
жазғандарын топ алдында талдайды. «Еркін жазу» статегиясының оқушы үшін тиімділігі өте жоғары,
себебі əр бір оқушы өзіндік сыни ойымен бөлісуге жəне өзіндік көзқарасын қалыптастыруға
бағыттайды [4,295бет].
РАФТ стратегиясы. Бұл стратегияның мақсаты – мəтіннің мазмұнын түсіну барысында кейіпкерге
хат жазу немесе жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама түрінде өрбітуге болады. Рафт оқушылардың
тілін дамытады, өз ойлары арқылы эссе жазуға немесе басқа фарматта өзіндік қиялымен өрбітуге
болады [3,296бет].
«Пікір алысу стратегиясы». Оқушылар бір қорытындыға келетін мəселеге байланысты пікір
таластырады, пайдалы, пайдасыз жақтарын шешеді. Белгілі тақырыпты алып, əлеуметтік өмірмен
байланыстыра отырып еркін форматта өзіндік ойларын жеткізе алады [5,296бет].
Жоғарыда көрсетілген стратегиялар негізінде үлкен оң нəтижелерге жетуге болады.
Ал сабақтан тыс уақыттарда бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын арттыру
барысында:
Мұражайға апару;
Əр түрлі кездесулер өткізу;
Əр түрлі тақырыптарды сайыс, пікірталас өткізіп, алған əсерлері бойынша шығарма, эссе
жазғызу;
Балаларға арналған газет-журналдарға жаздырып, оны сабақ кезінде үнемі пайдалануға
мүмкіндік беру.
Көбіне оқушының сыныптағы оқыту процесімен ғана шектеліп қалуы, баланың дамуына, өзіндік
ашылуына кері əсерін тигізеді. Сол себепті сыныптан тыс жұмыстарды да ұйымдастыру қажет.
Баланың өзіндік сыни пікірі, ойы, көзқарасын қалыптастыру үшін үнемі үздіксіз шығармашылық-
тарын, ойлау қабілеттерін жан – жақты құнды, рухани дүниелермен байытып, дамытып отыру қажет.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде оқушылар арасында қарым-қатынасты
төмендегідей орнату қажет:
Бір-бірінің пікірін тыңдау, ынтымақты қарым-қатынастың негізін қалыптастыру;
Өзін жеке тұлға ретінде тануға жол ашу;
Бір-біріне құрметпен қарау;
Өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасу;
Өзін-өзі, бірін – бірі бағалау;
Мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыру;
Достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты
шешуге көмектесу [2,299бет].
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегияларын оқыту процесіне пайдалану негізінде
бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, жақсы қасиеттердің
қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар, оқушылардың
басқаны қабылдау, түсіну, өзіндік пікірімен бөлісу сияқты жағымды қасиеттері қалыптасады. Бүгінгі
қоғамға, мектепке керегі де осы – ізгі білімдер жүйесі.
Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда əрбір
ұстаздың басты мақсаттарының біріне айналуы қажет. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан
тыс ойлай алатын, шығармашыл, үздік шешімдер қабылдай білетін, белсенді, өзіндік идеясын ортаға
салып, еліміздің атын көкке көтеретін жастарды тəрбиелеуіміз қажет.
Қазіргі таңда қай салада болмасын, ең алдымен біліммен қоса, білімнің негізінде тұлғаның сыни
көзқарасы қалыптасып, өз үлестірін тигізуі қажет. Алайда, қоғамда ағарту жұмыстарымен айналысып
жүрген кəсіби мамандардың өз ойлары мен пікірлерін жеткізуге қиналады. Сондықтан да сын
тұрғысынан ойлау технологиясын дамытудың маңызы əр бір жеке азаматтарға үлкен септігін тигізеді.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын білім беру ұйымдарындағы мұғалімдер оқыту процесіне
тиімді технология түрінде енгізуде. Ондағы мақсат – оқушы тұлғасының сөздік қорын, ойлана білу
қабілетін, еркін ортаға бейімделуін, жағдаяттардан шыға білуін, мұғалімнің пікіріне сыни ой, өзіндік
көзқарасын білдіруге, болашақта да бағындыратын жетістіктеріне үлкен септігін тигізуіне бағыт
көрсету. Жалпы жаңашыл технологияны қолдану барысында əр сабақ психологиялық дайындықтан