316
дүние болғанымен, ол сол ғажайып ғаламда «өмір сүруді» арман етеді. Ата-анасының кейбір шек-
теулерімен келіспей, ер жеткендігін мойындатқысы келіп, өзінше əрекет етуге ұмтылатын жасөспірім
əдемі жұмбақ əлемге кіріп алып, содан шыққысы келмейді.
Ойыншының компьютерлік ойында «бас батыр» кеипіне еніп қиратып, өртеп, ұрып-жығып же-
ңіске жеткен сайын адреналині көтеріліп, ал басылып қалған жағдайда өзін жағымсыз сезімге алып
келетін ауруға тап болады. Ол ендігі сəттерде күнделікті қанындағы осы ойыннан алатын адрена-
линнің қажеттілігін іздеп, ойынға деген құмарлығы күн сайын жоғарлай түседі. Кейде компьютерлік
ойыннан апталап, айлап бас көтермейтін жастар шынайы өмір мен компьютердегі қиял əлеміндегі
өмір екеуінің ара жігін ажырата алмайтын да жағдайға тап болады. Сүйікті ойындарындағы басты
кейіпкерлер: кісі өлтірушілер, басқыншылар, басқа планетаның тұрғындары, жын-шайтандар
болғандықтан, ойындағы жадына сіңген қатыгездік əрекеттерді өмірде де жасағысы келеді. Соның
салдарынан болар жастар арасындағы қатыгездік жиі орын алуда: кісі өлтіру, тонау, өртеу, зорлық-
зомбылық т.б. қылмыстық əрекеттер тағы т.с.с. факторлар қылмыстық əрекеттің негізіне айналады.
Уақыт өткен сайын компьютерге телмірген тəуелділер қатары көбеймесе, азаймайды. Өйткені
соңғы уақыттағы дағдарыстың салдарынан жұмыссыз қалғандар, уақытында отбасын құра алмаған
қыздар мен егде жігіттер, əлеуметтік жағынан қамтылмаған, қандай да жолмен болса да оңай ақша
табуға ұмтылған кедейлер, əке-шешесінің арқасында қай жерді басарын білмей жүрген байдың
балалары, сол сияқты қиял əлеміне еніп, шыға алмай қалған, жүйке жүйесі нашар, өз еркіне ие бола
алмайтын адамдар – бұлардың бəрі де осы компьютерлік құмар ойындардың тұтқыны. Тағы бір айта
кетерлі жайіт бұл дертке біздің елдің тұрғындары ғана емес көрші мемлекеттерді де алаңдатуда.
Мəселен, Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі компьютерлік ойындарға тəуелділікпен бір Мəскеу
қаласының өзінде 300 мың адамның ауыратынын мəлімдеген, көршіміз Қытайдағы 87 миллион
компьютер қолданушылардың 4 миллионы компьютерлік құмар ойындарға тəуелді көрінеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мəліметі бойынша компьютер алдында көп отыратын
ересек адамдардың 92 пайызы жұмыс соңында өзін жағымсыз сезінеді екен жəне көп жағжадайда
зақымдалатын ағза мүшесі – ол көз. Бес-алты сағат компьютер алдында отырған адам «компьютерлік
көру симдромына» шалдығатыны тəжірибелік тұрғыда дəлелденген [4, 52-56 бб.].
Компьютерлік тəуелділіктің қалыптасуын анықтайтын негізгі критерийлер:
себепсіз қозғыштық немесе енжарлық, көңіл-күйдің жиі құбылуы, сынға, ескертулерге, кеңес
бергендерге ауыр түрдегі жағымсыз жауап, ата-аналарына, достарына байқататын келеңсіз мінез-
құлық, қарсылық;
танымдық процестердің (естің, көрудің, зейіннің) нашарлауы;
үлгерімнің төмендеуі, сабақты жиі босатуы;
бұрын маңызды болған адамдармен: туысқандармен, достармен, жақындармен қарым-
қатынастың шектелуі, оның аумағының біршама өзгеруі, күдікті қатынастарға бет бұру т.б.;
бұл уақытқа дейінгі қызықты болған істерден, əуестіктен, сүйікті істен бас тарту;
үйдегі құнды заттардың, ақшаның жоғалуы, бөгде заттардың пайда болуы, қарыздардың
көбейюі;
бұрын-соңғы байқалмаған салақтықтың, ұқыпсыздықтың орын алуы;
күйзеліс, қорқыныш, мазасыздық сезімдердің көрініс беруі [5, 118-121].
Тəулділік мəселелерін зерттеуші А.Е.Войскунский Интернет-тəуелділіктің мінез-құлықтағы
келесі көріністерін сипаттайды. Біріншеден, ойыншының көңілін, ойын Интернеттен бөлгенде ол
наразылық, ашулылық, ыза сезімін байқатады. Екіншіден, зейіннін басқа жаққа аударуға
мəжбүрсіздік білдіру. Үшіншіден, Интернетт желісіндегі ойыншы үй тіршілігін, қызметтік
міндеттерді, керекті жекелік жəне іскерлік кездесулерді ұмытуы. Төртіншіден, Интернетке барлық
жан-тəнімен берілген ойыншы басшының, жақын туыстарының сын ескертпелерін қабылдамау, көңіл
аудармауға тырысуы, соның салдарынан қирау, өзін қоршаған жақын адамдардан қол үзуі.
Бесіншіден, түнгі уақыттарда Интернет желісінде жүйелі түрде болуы ойыншының үйқтау мерзімін
қысқартады, сол себептен оның денсаулығы нашарлай бастайды; уақытымен тамақтану, гигиена
мəселесі ұмытылады, кездейсоқ жəне бірқалыпты тамақтармен көректену орын алады [6, 90-100].
Əрине компьютерлік ойынның бəрі бірдей зиянды деу аса дұрыс емес. Алайда сол қарапайым
түріндегі ойын қай кезде қатыгездікке жол ашады жəне оның қандай дертке алып келеді деген
сұраққа бүгінгі күні жауап айту оңайлыққа түспейді. Қандай ата-ана болса да баласы компьютерді тез
үйреніп, өркениеттің өрге басқан өрендерінен қалмайтынын танытса, ата-ана кəдімгідей марқайып,
қуанып қалатыны сөзсіз. Бостан-бос көше таптап, болмаса есірткі мен ішімдікке бейім ортаға түсіп,
жанбай жатып өшкенше, баланың үйде, компьютердің алдында отырғанын қай отбасы жеккөрсін?
Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесi туралы» [7] қабылдаған заңбаптары өзiнiң
қауқарсыздығын көрсеткенін байқатады: үйлердiң бұрыш-бұрышынан жасырын түрде ойын
317
автоматтарын заңсыз ашылуы, казино мен ойын автоматтары арнайы аймақтардан (Қапшағай жəне
Шортанды) тыс жерлерде орналаспауы; букмекер кеңсесi, құмар ойындар, оның ішінде заңсыз
лотерея, ақшаға спорттық покер ұйымдастыру, онлайн-казиноларын ашу жəне жастары 21-ге
келмеген азаматтардың құмар ойындарға бəс тiгіп қатысуына тыйым салу т.с.с. заңды баптардың
бұзылуын байқатады.
Қолданылған əдебиеттер
1. 1.Акажанова А.Т. Девиантология. Оқу құралы.– Алматы: NURPRESS, 2014. – 126 бет.
2. Александров С.Г. Психологическая зависимость от азартных игр и пути ее преодоления//Феноменология
и профилактика девиантного поведения: Материалы Всероссийской научно-практической конференции,
19-20 октября, 2007. – Краснодар: ун-т МВД России. – 170 с.
3. Менделевич В.Д. Руководство по аддиктологии. СПб, 2007. – 768 с.
4. Соколова И. Информация общества: угроза или благо?// И.Соколова. Психология здоровья. – 2008. – № 1.
– 52-56 бб.
5. Змановская Е.В. Девиантология (Психология отклоняющегося поведения). – М.: Академия, 2004. – 288 с.
6. А.Е. Войскунский. Актуальные проблемы психологии зависимости от Интернета // Психологический
журнал. – 2004. – Т.25. – № 1.
7. Қазақстан Республикасының 2009.05.04. N 157-IV жылы қабылданған «Ойын бизнесi туралы» Заң.
Аманбайқызы Р., Əмзеева Г.Ə., Алтаева А.И.
(Қазақстан Республикасы, Қызылорда қ.,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті)
БƏСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰРПАҚ ДАЯРЛАУДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ
«Бaлa дaмyының eң шapықтay шeгi –
бұл тiл мeн oйдың
шығapмaшылығы»
Л. С. Выгoтский
Елбасы Н.Ə. Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында «Біздің міндет жаңа технологияларды,
идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бəсекеге қабілетті ұрпақ тəрбиелеу»,- деп
ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды.
Адамзат баласы үнемі үздіксіз дамушы процесте болады. Қазіргі таңда білім алу үшін мемлекет
тарапынан барлық жағдай жасалынған, адам дамуы үшін білімнің алғашқы сатыларының бірі –
мектепте білім алады. Ғылымның, білімнің фундаменталды қаланатын кезі бастауыш сынып.
Бaстayыш сынып – oқyшы тұлғaсының қaлыптaсyы мeн дaмyының бaсты бaспaлдaғы. Бaстayыш
сынып oқyшылapымeн жұмыс iстey үздiксiз бiлiм бepyдiң aлғaшқы бaспалдағы. Білім берудің
алғашқы сатысында оқушы əріп танып, жаза білуге, дұрыс, жатық оқуға, өз ойын ауызша, жазбаша
жеткізе білуге, мазмұндауға үйренеді. Бастауыш білім көлемі 1-4 сынып оқушыларының жас
ерекшеліктеріне сай жасалған бағдарлама мазмұнына сай қалыптасады. Қазіргі уақытта еліміздегі
бастауыш мектептердің іс-тəжірибесінде бірқатар педагогикалық технологиялар кеңінен
қолданылуда, оқушыға оқыту процесінде тиімді, оң ықпал ететін технологияның бірі – сын
тұрғысынан ойлау [2,108бет].
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қалай түсінеміз?- деген сұраққа жан – жақты жауап іздеп
көрейік. Əрине зерттеу барысында міндетті түрде ұлы педагог ғалымдардың тұжырымдамаларына
сүйенуіміз қажет.
Мəселен, «Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не»? – деген сұраққа ағылшын ғалымы Д. Крустер
сыни тұрғыдан ойлауды өзіндік жəне жеке ойлау,- деп анықтама бере отырып, егер сабақ сыни
тұрғыдан ойлау ұстанымдарына негізделсе, онда əр оқушы өз ойын, өз пікірін, өз бағалауын ешкімге
тəуелсіз түрде құратын еді,- дейді.
Психолог ғалым В. Г. Крутецкийдің берген анықтамасы менің көңілімнен шықты. Себебі, ол
«Ойдың сыншылдығы – бұл адамның өзінің жəне басқалардың ойларын белсенді бағалау дағдысы,
барлық ұсынылған ережелер мен қорытындыларды нақты жəне жан-жақты тексеру»,- дейді
[4,372бет].
Атақты ғалым Л. С. Выготский: «Өзінің психологиялық үрдістерін түсіну жəне игеру ғылыми
ұғымдардың есігі арқылы келеді»,- деген еді. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау үрдістерін өз
бетімен ұйымдастыру ең алдымен бірлескен оқу əрекетінде пайда болады. Қазіргі кезде балада