187
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Кесте 1-Жамбыл облысы тұрғындарының тамақ өнімдеріне қажетінің
қанағаттандырылуы
Көрсеткіштер аты
2015 жылғы. 1 адамға келетін тамақ
өнімдері, кг
Өзін-өзі
жабдықтау
деңгейі
Тұтынудың
нормативтен
ауытқуы
өндіріс
тұтыну Ғылыми негізделген
тамақ өнімдерінің
нормативі
1.Ет және ет өнімдері
51
66
82
0,773
-16
2.Сүт және сүт
өнімдері
221
167
405
1,323
-238
3.Өсімдік майы
1,5
20,4
13
0,074
+7,4
5.Қант
205,3
38
36
5,403
+2,0
6.Жұмыртқа
105
118
292
0,890
-174
7.Нан және нан
өнімдері
38,6
111,6
105
0,346
+6,6
8.Картоп
170,9
46
80
3,715
-34
9.Көкөніс және бақша
өнімдері
814,8
84
146
9,700
-62
10.Жемістер және
жидектер
18,5
54
60
0,343
-6,0
Қазіргі таңда облыс халқының тамақ өнімдерін тұтыну деңгейі денсаулықты сақтап,
бір қалыпты өмір тіршілігін қамтамасыз етіп, тұлға ретінде даму үшін керекті ғылыми-
негізделген деңгейден төмен. Мысалы, ет және ет өнімдерін тұтыну ғылыми-негізделген
нормативтен 16 кг, сүт және өнімдері 238 кг, жұмыртқа 174 кг, картоп 34 кг, көкөніс және
бақша өнімдері 62 кг, жемістер мен жидектер 6,0 кг аз. Бұл жерде нормадан артық
тұтынылатын тек өсімдік майы 7,4 кг, қант 2,0 кг және нан мен нан өнімдері 6,6 кг. 2015
жылы көптеген позициялар бойынша тамақ өнімдерін тұтыну бекітілген нормативтік
нормалардан төмен болды.
Тамақ өнімдері өндірісі мен тұтыну деңгейін талдай отырып, мынадай қорытынды
жасауға болады: негізінен алғанда аймақта ет, сүт, көкөніс, жеміс-жидекті өнімдермен
тамақтану тапшылығы байқалады. Ол өз кезегінде мал етінде болатын ақуыздарды
(белок), С, А, Е витаминдерін және біраз микроэлементтерді кем тұтынуға алып келеді.
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының мәліметтері бойынша Қазақстан
туберкулез, анемия, қан аурулары және тағы басқа қауіпті аурулар бойынша деңгейі
үлкен мемлекеттер қатарына жатады. Мұндай жағдай еліміздің біраз аймақтарындағы
экологияның нашарлығыменғана емес, дұрыс тамақтанбауменде байланысты. Кейінгі
жылдары тамақтану калориялылығы бойынша да, витаминдік құрамы мен биологиялық
белсенді заттары бойынша да нашарлап кетті [3].
Халықтың тамақтануының нашарлауы, белсенді, салауатты өмір салтын ұстап
отыруға, әсіресе балалар мен әлсіреген адамдарға қажетті биологиялық белсенді тамақты
тұтыну деңгейінің төмендеуі қатты ойландыратын жағдай. Ауыр дене еңбегімен
шұғылданатын адамдарға пайдалы құрамдары бар жоғары калориялы тамақ қажет. Кем
тамақтану халықтың, әсіресе балалардың науқастануының өсуіне және халықтың
денсаулық көрсеткіштерінің нашарлауына алып келеді. Халықтың арасында жоғары
сапалы тамақ өнімдерімен толыққанды тұтынуға табыстары жетпейтіндердің үлесі өсуде.
Сонымен қатар, ішкі рынокқа жаңа, көбінесе төмен сапалы импорттық тауарлар көптеп
келіп түсуде.
Азық-түлік тауарларын тұтыну құрамы жанұялардың типіне байланысты
ажыратылады. Қазақстан Республикасының статистика Агенттігі арнайы жүргізген
188
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
зерттеулердің негізінде халықты кедей және кедей емес деп екі топқа ажыратутға болады.
Қалада тұратын кедей жанұялар бәрінен де нан өнімдерін, картопты көп тұтынады,
онымен салыстырғанда ет, сүт өнімдерін, жұмыртқа, қант, тәттілерді аздау тұтынады, ал
жемістер мен сусындарды тіпті аз тұтынады. Ауылдық жерлердегі кедей жанұялар да
нанды және ет пен сүтті көп тұтынадыда, көкөністер мен жемістерді аз тұтынады.
Қалаларда кедей емес жанұялар көкөністерді, жемістерді, етті, сусындарды көп
тұтынады, ал нанды аздау тұтынады. Ауылдық жерлерде ақуатты жанұялар басқа
топтарға қарағанда нан мен сусынды аз тұтынады, ал сүт өнімдерін, жұмыртқаны, етті
бәрінен көп тұтынса, қантты, тәттілерді және көкөністерді орташа көлемде тұтынады.
Жоғарыда көрсетілген айырмашылықтар қарастырылған топтардың табыстарының
деңгейіндегі айрмашылыққа ғана емес, сонымен қатар қала мен ауыл халқының
талғамдары мен қалауларына, әртүрлі елді мекендердегі тауарларға деген қол
жетімділікке байланысты болды.
Негізгі тамақ өнімдерінің тапшылығымен қатар республикада халықтың
жекеленген топтары арасында «ағыл-тегіл» немесе майлылығы, көмірсутегісі көп
баланстылығы бұзылған, витаминдік құрамы нашар, микроэлементтері аз, энергетикалық
құндылығы жоғары рационға өту үрдісі сақталып отыр. Мұндай жағдай жүрек-тамыр
кеселдерінен, семіздіктен, диабет ауруларынан өлім-жетімнің өсуіне, және т.б. ықпал
жасап отыр.
Респубилаканың Тамақ институты ұсынған сан мен сапада тамақ өнімдерін тұтыну
олардың экономикалық қол жетімдігіне байланысты. Азық-түліктің экономикалық қол
жетімділігі халықтың әртүрлі топтарының азық-түлік тауарларын сатып ала алу
мүмкіншіліктерін сипаттайды. Экономикалық қол жетімділікті азық-түлік өнімдері бағасы
мен табыс көлемі балансын сақтау арқылы кепілдендіру қажет. Табыстарды біркелкі
үлестіру мемлекет тарапынан жұмыс істеуші халыққа салық салу жүйесі және
зейенетақыларды, стипендияларды және де басқа жәрдемақыларды қамтитын,
толыққанды арқылы қамтамасыз етуді қамтамасыз ететін әлеуметтік саясат арқылы
жүргізуі тиісті. Мемлекет табыстың бірқалыпты бөлістірілуін жұмыспен қамтылған
халыққа салық салудың тиімді жүйесін пайдалану жәнеде құрамына тамақ өнімдері мен
зәру түрде қажетті тауарлармен қамтамасыз ету қабілеті ескерілген зейнетақы,
стипендия, басқада жәрдемақылар кіретін, әлеуметтік саясат арқылы жүзеге асырады.
Жан басына шаққандағы негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың төмендеуіне халықтың
табысының өсу қарқынына қарағанда тамақ өнімдері бағасының өсу қарқынының алда
болуы себепкер болды.
Кесте 2 - Жекеленген тамақ өнімдерінің 1 килограммына орташа бағалар
Тамақ өнімдерінің атаулары
Жылдар
2011
2012
2013
2014
2015
сиыр еті
997
1115
1130
1148
1196
қой еті
924
1020
1060
1056
1107
шошқа еті
790
870
900
916
1000
іші аршылған тауықтар
506
510
510
598
543
пісірілген шұжық
768
830
839
910
1009
жартылай ысталған шұжық
862
930
941
1007
1102
жаңа ауланған балық
232
247
263
276
321
мал майы
1096
1172
1178
1325
1337
пісте майы, литр
320
300
290
275
375
сүт, литр
94
105
120
120
124
мәйекті ірімшік
1136
1185
1200
1495
1582
жұмыртқа , дана
175
180
230
201
226