Атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 16 ақпан 2018 жыл



жүктеу 2,77 Mb.
Pdf просмотр
бет40/129
Дата09.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#28666
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   129

 
80 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018ж 
 
 
 
ыл 
 
 
біліктілігінің  жетіксіздігі  де  байқалады.  Осыған  орай  азаматтық  әуе  кемелерінің 
халықаралық ұшуларын саралай алатын білікті мамандарды дайындауда шетелдік тәжірибені 
қолдану, яғни шетелдік авиация ұйымдары мен білікті оқу орындарымен  серіктестік жүргізе 
отырып  инспекторлардың  тәжірибе  алмасуына  шынайы  көңіл  қою  керек.  Жалпы 
республикалық  дәрежеде  әуе  қатынастары  инспекторларының  одағын  құру  мәселесін 
қарастыру қажет 

9


 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.  Гражданская  авиация  в  РК:  острые  вопросы  и  сложные  ответы/Аналитический 
обзор  Kursiv  Research,  –-  2013  //https://www.kursiv.kz/news/issledovaniya/Grazhdanskaya-
aviatciya-RK-ostrye-voprosy-i-slozhnye. 
2.  Лобков  А.  Правовое  регулирование  международных  перевозок.  –  2006  // 
https://www.zakon.kz/77875-pravovoe-regulirovanie-mezhdunarodnykh.html. 
3.  Афанасьев  В.Г.  Организация  международных  воздушных  перевозок.  –  М.: 
Воздушный транспорт, 2009. – C.35. 
4.  Веселова  О.  Гражданской  авиации  нужны  реформы  /Центр  деловой  информации 
КАПИТАЛ, – 2013 //https://kapital.kz/business/12710/grazhdanskoj-aviacii-nuzhny-reformy.html.  
5.  Федоров  А.  Гражданская  авиация  страдает  от  военных  рисков  /  Финанс,  №    48.  – 
2015  // https://fd.ru/articles/71273-grajdanskaya-aviatsiya-stradaet-ot-voennyh-riskov. 
6.  «Нұрлы  Жол»  Мемлекеттік  бағдарламасы  шеңберінде  көлік  инфрақұрылымның 
дамуы,  –  2015  //http://mid.gov.kz/kk/pages/nurly-zhol-memlekettik-bagdarlamasy-shenberinde-
kolik-infrakurylymnyn-damuy. 
7.  «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік 
меншіктің  бір  түрінен  екіншісіне  беру  қағидасын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің 
2011 
жылғы 

маусымдағы 
№ 
616 қаулысы, 
1-т.// 
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1100000616. 
8.  CONVENTION  ON  INTERNATIONAL  CIVIL  AVIATION,  –  1944,    December  7,  
Chicago //https://www.icao.int/publications/Documents/7300_cons.pdf 
9.  «Қазақстан  Республикасының  әуе  кеңістігін  пайдалану  және  авиация  қызметі 
туралы»  Қазақстан  Республикасының  2010  жылғы  15  шілдедегі  №  339-IV  Заңы  // 
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z100000339 
 
 
ӘОЖ 001.340 
 
КӨШПЕЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ МӘМІЛЕ ИНСТИТУТЫ 
 
Ертаев А.Е., Чукмаитов Д.С. 
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорган қ.,  
zhgu.edu.kz. 
 
Бұл  мақалада  қазақтың  әдеттегі  құқығы  ұзақ  жылдар  бойы  көшпелі  қоғамның 
әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірімен біте қайнасқан және мынадай белгілерімен 
сыйпатталатындығы қарастырылған. 
Кілттік  сөздер:  құқық,  қоғамдық    қатынастар,  қазақ  қоғамы,  жазба  заңдар, 
жазалау жүйес, саяси өмірі. 
В  данной  статье  рассматривается  обычное  право  казахов,  которое  уже  давно 
связано  с  социально-экономической  и  политической  жизнью  кочевого  общества  в  течение 
длительного времени и характеризуется следующими особенностями: 
Ключевые  слова:  право,  общественные  отношения,  казахское  общество, 
письменное право, пенитенциарная система, политическая жизнь. 
 


 
 
81 
 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018 жыл 
 
Қазақтың  әдеттегі  құқығы  ұзақ  жылдар  бойы  көшпелі  қоғамның  әлеуметтік-
экономикалық  және  саяси  өмірімен  біте  қайнасқан  және  мынадай  белгілерімен 
сыйпатталады:  қылмысты  істер  мен  азаматтық  талаптарға  шектеу  (шек)  қойылмайтын; 
жазалау  жүйесі  біршама  гуманды  болатын;  мүліктік  жауапкершілік  пен  отбасылық-некелік 
қатынастардың болуы  және реттелуі; жазба заңдардың әсерінің соншалықты болмауы; ішкі 
қауымдық  және  қауымаралық  міндеттер  жүйесінің  болуы,  оның  құқық  нормасының 
сыйпатына айналуымен ерекшеленді.  
Адамдардың өзара байланыстарын,  қоғамдық  қатынастар  мен тәртіптің реттеушісі 
ретінде әдет-ғұрыппен  ұштасып  жатқан  құқық ережелері  ең  ежелгі,  әрі  тармақ-тамырлы,  
мейлінше    қуатты  және    беделді    құқықтық    тетіктер  болып    саналады.    Әдет-ғұрып 
заңдарының  мұндай  күшке  ие  болуы  олардың  өзін  қалыптастырған  қоғамның    табиғи  
туындысы   әрі  оның өмір  сүруінің айнымас  шарты болуында еді. Қазақ  халқындағы  дала 
заңдарының    ерекшелігі    –    оның  шығарушысы,    қорғаушысы,    сақтаушысы    саналатын  
билердің  қоғамдағы    беделі    мен    орнына  тығыз  байланысты  болды  [1].  Журабаев  Б. 
Қазақтың дәстүрлі құқығы мен билер соты  // Заңгер.- №5 (166).-  2015.-  12-13 бб. 
Мазмұнын  өзара  құқықтар  мен  міндеттер  құраған  міндеттемелік  қатынастар 
шарттардың  пайда  болуының  негізін  құрады.  Шарттардың  көпшілігі  ауызша  нысанда 
жасалатын. Тек Ресейге қосылғанан кейін ғана экономикалық қатынастардың дамып, халық 
арасында  тауар  айырбастаудың  кеңеюімен  шарттар  бірте-бірте  жазбаша  нысанға  көше 
бастады. Шарттарды жасап орындау рухани қағидаларға тараптардың әдептілігіне негізделіп 
тіптен  күмән  тудырмайтын.  Шарттар  ауызша  түрде  жасалатын  болғандықтан,  олардың 
жүзеге асатындығының кепілі ретінде куә қатысатын. Шарттың ауызша нысаны әдет-ғұрып 
құқығында береке деп аталатын. 
Қазақ  қоғамында  шарттардың  орындалуын  қамтамасыз  еткен  арнайы  нормалар  да 
болды.  Олар  шарттың  талаптарын  орындамағандығы  немесе  бұзғандығы  үшін  қандай  жаза 
түрі мен айыппұл мөлшері қолданылатыны жайлы қамтыды. 
Қазақ  хандығы  құрылғанға  дейінгі  аралықта  бірнеше  мемлекеттер  өмір  сүрген 
болатын. 
Сол 
мемлекеттердің 
саяси-құқықтық 
қатынастарында 
келісім–шарттар 
элементтерінің, оның дамуының үрдістерін кездестіреміз. Мәселен, қазақ жеріндегі ең ежелгі 
мемлекеттердің  бірі  -  ғұн  мемлекетінде  келісім-шарт  қатынастары,  сауда-саттық  мәселесі 
кеңінен дамыған болатын. Сонымен қатар, бұл мемлекетте халықаралық деңгейдегі келісім-
шарт  қатынастары  да  өрбіп  жатты.  Оған  бұл  ғұн  мемлекеттегі  бейбітшілік  пен  біліктілік 
келісімін жатқызуға болады.   
Дәстүрлі қазақ қоғамының туындысы болып табылатын келісім-шарттардың қатарына 
мыналар  жатады:  аманат  шарты;    сауын  шарты;  мұрагерлік  шарты;  тамырлық  шарты;    ат-
майы шарты; енші; олжа; сүйінші.  
Ресей қол астына өткеннен кейінгі кезеңде қазақ қоғамында:  
Сатып алу-сату; кепіл; айырбас; қарыз беру шарты;  сақтау т.б. шарттар қолданылды 
[2]. Болганбаева Г.А. Қазақ қоғамындағы құқықтық келісім-шарттар.-  http://melimde.com/ 
XV-XVIII  ғғ.  қазақтардың  әдеттегі  құқығының  көздері:  құқықтық  әдет,  немесе  заң; 
соттық прецедент (үлгі), яғни бидің билігі; билер съезінің ережесі. 
Қазақ  қоғамындағы  қалыптасқан  әдет-ғұрыптарды  реттеп,  олардың  жүзеге  асуына 
мүмкіндік  беретін  VIII-ХIII  ғғ.  тайпаларға  ортақ,  әдет-ғұрып  заңдары  жетіле  түсті.  Бұл 
нормаларды «жөн», «жөн-жосық» қағидалары деп атаған. Өзіндік сипаты бар бұл кодекстер: 
жаугершілік  жөні,  құдалық  жөні,  елшілік  жөні,  өлім-жітімді  жөнелту  жөні,  отбасылық 
қағидалар  жөні,  т.б.  бөлініп  өз  кезегінде  «жөн-жосықтарға»,  ал  олардың  қолданылуы  мен 
жүзеге асуы «реттерге» бөлінген. Рет бұзылса, жосық жойылып, жөн жүйесіне нұқсан келеді. 
Ел  аузындағы  «бұл  жөн»,  «бұл  жөнсіз»,  «мынау  ретті»,  «мынау  ретсіз»,  «жөн  білетін», 
«мәселенің жөні», «жөн-жосықсыз тиісу», т.б. тіркес сөздер содан қалған. 
Сайып келгенде «билер кеңесі», «ақсақалдар мәжілісі», т.б. заң шығарушы органнын 
қызметін  атқарды.  Билер  дауды  ақылға  салып,  бұрыннан  келе  жатқан,  бүкіл  халыққолдап-
қуаттаған жол-жораларға сүйене отырып шешкен. Осы қалыптасу кезеңінде қазақ тайпалары 


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау