Атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 16 ақпан 2018 жыл



жүктеу 2,77 Mb.
Pdf просмотр
бет77/129
Дата09.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#28666
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   129

 
154 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018ж 
 
 
 
ыл 
 
 
ӘОЖ 310 
 
ОТБАСЫНДАҒЫ АТА-АНАЛАРҒА ОЙ-ҚОЗҒАУ 
 
Мамекова Ә.Т., Сүлеймен А.Б. 
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, №13 орта мектебі, 
Талдықорған қ.  
 
Бұл мақалада отбасы туралы теориялық  сипаттамалар берілген және ата-анамен 
жүргізілген  жұмыстың  түрлері  көрсетілген.  Осы  мәселе  бойынша  отбасындағы  ата-
ананың балаға деген сүйіспеншілігі мен тәрбиесінің мәндігі туралы. 
Кілттік сөздер: репродуктивтік, әлеуметтік, сезімталдық, адамгершілік.  
В данной статье приводится теоретическая  характеристика семьи, а так же виды 
психологической  работы  с  родителями.  По  этому  вопросу  о  важности  родительской 
воспитании и любови к детям. 
Ключевые 
слова: 
репродуктивный, 
социальный, 
чувствительность, 
нравственность. 
In  this  article  produced  a  theoretical  characteristic  of  the  family,  as  well  as  kinds  of 
psychological work with parents. On this issue about the importance of parental nurture and love 
for children. 
Key words: reproductive, social, sensitivity, moral. 
 
Отбасында адам өмірге келеді, тәй-тәйлап басады, бірінші қуанышы мен қиындығын 
кездестіреді,  өседі,  өнеді,  одан  үлкен  өмірге  аттанады.  Осы  жерде  көптеген  сұрақтар 
туындайды. Олар: 
Отбасы  деген  не?,  Оның  мәні  неде?,  Қоғамда  қандай  рөл  атқарады?,  Әр  адамға  не 
береді?  Осы  сұрақтарды  жан-жақты  қарастырып,  шешу    кезінде  көптеген  ойшылдар, 
ғалымдар  атсалысқан.  Мысалы:  ежелгі  грек  ойшылы  Платон  «Адамдар  отбасын  құру  үшін 
болашақ  өмірдегі  серігінің  қандай  отбасынан  шыққанын,  оның  әке-шешесі  мен  ата-
бабаларын  жақсы  білуі  қажет»  деген  екен.  Ал,  Аристотель  болса,  «отбасы  -  адамдардың 
қарым-қатынастарының  ең  бірінші  түрі  және  ол  мемлекеттің  бірінші  кішігірім  бөлігі»  деп 
санаған [1].  
Әлеуметтану  ғылымы  оны  былай  анықтайды:  отбасы  дегеніміз  –  тарихи  өзгеріп 
отыратын  әлеуметтік  топ,  оның  жалпы  белгілері  –  бөтен  адаммен  жыныстық  байланыс 
орнату,  туысқандық  қатынастар  жүйесі,  адамның  жеке-дара  адамгершілік  сапаларын 
қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру . 
Отбасының  жоғарыда  келтірілген  анықтамасы  бойынша,  ол  -  отбасындағы 
қатынастар,  отбасының  құрылымы  мен  формасы  тарихи  өзгеріп  отыратын  әлеуметтік  топ. 
Отбасы ұсақ (кіші) топ ретінде мынадай негізгі функцияларды іске асырады:  
-репродуктивтік (бала табу арқылы қоғамды қалпына келтіру);  
-экономикалық (өндіру және тұтыну);  
-қорғаныс функциясы (отбасы мүшелерінің денсаулығына, материалдық игіліктермен 
қамтамасыз етуге, қауіп-қатерден қорғауға қамқорлық жасау);  
-балаларды оқыту-тәрбиелеу;  
-эмоциялық (ерлі – зайыптылардың бірін-бірі сүюі);  
-әлеуметтендіру функциясы (балаларды қоғамдық тәртіпке, мінез-құлыққа т.б. баулу).  
Отбасының өзінің тарихи өзгерісіне байланысты бұл функциялардың арақатынасы да 
өзгеріп отырады [2].  
Отбасының  формасы  мен  атқаратын  міндеттерінің  (функциясының)  өзгеруі,  сайып 
келгенде,  өндіргіш  күштердің  дамуына,  яғни  адамның  шығу  тегін  айқындайтын 
элементтердің дамуына байланысты болады. 


 
 
155 
 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018 жыл 
 
 Алайда,  өндіріс  те  екі  түрлі  болады.  Бірінші  жағынан  –  тіршілік  қажеттерін:  азық-
түлік,  киім-кешек,  баспана  және  бұларды  өндіру  үшін  қажетті  құралдар  өндіру;  Екінші 
жағынан – адамның өзін өндіру, ұрпақты өсіру.  
Қазір  қоғамдағы  отбасы  кіші  әлеуметтік  топ  қана  емес,  ол  сондай-ақ  құқықтық 
институт та болып табылады. Кіші әлеуметтік топ ретінде отбасы бірқатар міндеттерді іске 
асыратынын  жоғарыда  айттық.  Құқықтық  институт  ретінде  отбасы  –  туысқандық  және 
некелік  қатынастар  арқылы  өзара  байланысты  адамдар  тобы.  Оларға  тиісті  құқықтық 
нормаларға сәйкес белгілі бір құқықтар мен міндеттер берілген.  
Философиялық тұрғыда «отбасы» - қоғамның ажырамас құрамды, өмірде зор мәні бар 
кішігірім  ұйымы  деп  санаса,  әлеуметтану  ғыымында  отбасы  -  некеде  және  қандас  туыстар 
негізінде  құрылған  кішігірім  топ  деп  берілген.  Оның  мүшелері  бір-бірімен  тұрмыстық, 
моральдық  жауапкершілік,  өзара  жәрдем  көрсету  қарым-қатынаста  болып,  әлеуметтік 
құрылыс ретінде қоғамның экономикалық базисінің дамуына байланысты өзгертіп, жекелей 
дербестікте болады деп көрсетеді [3]. 
Ал,  педагогикалық  –  психологиялық  тұрғыда  отбасы  –  ата-ана  мен  балалар 
арасындағы,  ерлі-зайыптылардың  және  басқа  да  отбасы  мүшелерінің  қарым-қатынасының 
тарихи нақты жүйесі болып табылады. 
Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінде  «Отбасы»  -  өзіне,  «неке  мен  қандас  туысқа 
негізделген  шағын  топ»    деп  анықтама  берілген.  Оның  ерекшелігі-  тұрмыстың  ортақтығы, 
өзара  көмек  және  рухани  жауапкершілік  арқылы  байланысқан.  Қоғаммен,  бүкіл  қоғамдық 
қатынастардың  жүйесімен  тығыз  байланыста  бола  тұрса  да,  отбасы  -  қоғамдық  өмірге 
қарағанда адамдардың белгілі дәрежедегі дербес сырлас тобы.  
Отбасы  өмірі  материалдық  және  рухани  үрдістермен  сипатталады.  Табиғи-
биологиялық  және  шаруашылық  тұтыну  қатынастары  оның  материалдық  жағын  құраса, 
рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды. 
Ғалым-педагогтар  мен  психологтардың  ойынша  балаға  әке-шешесінің  қарым-
қатынасы мен олардың берген тәрбиесіне жететін өмір жоқ. Балалардың дұрыс қалыптасуы 
олардың  отбасындағы  сүйіспеншілік,  кішіпейілділік,  сыйластық,  жауапкершілік, 
қайырымдылық,  сезімталдық,  т.б.  адамгершілік  қасиеттерінің  даму  негізіне  байланысты 
болады.  
Сонымен  отбасының  өзіндік  даму  тарихы  бар.  Отбасы  -  кішігірім  мемлекет, 
әлеуметтік топ. Ол алғашқы адам баласы пайда болған  кезеңнен бері  қарай дамуда. Ертеде 
отбасын құру - күнкөріс қамынан, ерлі-зайып қатынасынан, ұрпақ әкелуден туындаған. 
Бүгінде  отбасыға  мынадай  анықтама  беруге  болады:  қазіргі  заманғы  отбасы  –  ерлі-
зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен 
бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының функциясы бала тауып, тәрбиелеп өсіру, 
ерлі-зайыптылардың  жыныстық,  эмоциялық  сезімдерін  және  басқа  (әлеуметтік, 
экономикалық) қажеттерін өтеу. 
Отбасы  туралы  философ,  педагог,  психолог,  әлеуметтанушы,  мәдениеттанушы,  т.б. 
ғалымдар анықтама беріп, еңбектер жазып, осы проблеманың негізін қалаған. 
Отбасындағы  тәрбие  мәселесін  көптеген  әлеуметтану,  философия,  психология, 
педагогика,  демография,  құқық,  әдептану,  тарих,  т.б.  ғылымдардың  қарастыруына 
байланысты  көптеген  анықтамаларды  кезіктіруге  болады.  Бұл  да  дұрыс  шығар,  өйткені, 
барлық  ғылымдарды  бірдей  қанағаттандыратын  бір  анықтама  табу  өте  қиын.  Олай  болса, 
отбасының  бірнеше  анықтамаларына  тоқталайық.  Жоғарыда  айтқандай,  отбасы-жанұя-
семья-үйелмен-бәрі  бір  ұғымды  білдіреді.  Сондықтан  кейбір  жерде  отбасы,  кейбір  жерде 
жанұя деп ала береміз. 
 Француз  ағартушысы  Ж.Ж.Руссо,  швейцарлық  И.Г.Песталоцци,  орыс  педагогтары 
К.Д.Ушинский,  Н.К.Крупская,  А.С.Макаренко,т.б.өз  еңбектерінде  отбасы  тәрбиесін 
қарастырған  (9,  53).  Отбасы  мәселелері  ТМД  елдерінің  ғалымдары  В.  И.  Зацепин,  В.  Д.  
Цимбалюк, Г. К. Матвеев , Ю. И. Семенов, Н. Е. Соловьев, А. Г. Хрипкова, З. Я. Янкова, ал 


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау