Атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 16 ақпан 2018 жыл



жүктеу 2,77 Mb.
Pdf просмотр
бет109/129
Дата09.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#28666
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   129

 
218 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018ж 
 
 
 
ыл 
 
 
мақсаттарына  төмендегілер  кіреді.Бірінші  –танымдық,  екінші  -  тәрбиелік,  үшінші  - 
дамытушылық. Елін сүю, Отанын қорғау қашаннан әр азаматтың парызы болған. «Отаншыл 
сезім жас ұрпақ бойына қайдан беріледі?», «Отан от басынан басталады» - дейтін халықтың 
ұрпағы бұл сенімнен шыға алып жүр ме? 
«Жастарымыздың  бойындағы  әскери-  патриоттық  тәрбиелеуде    отаншыл  рух, 
патриоттық  сезім  қай  деңгейде?»  деген  сауалдардың  бізді  ойландыруы  заңдылық. 
Оқушылардың  әлеуметтенудегі  негізгі  бағыттың  бірі  жеке  адамның  патриоттық  сезімі  
болып табылады. 
Оқушылардың  тәрбиелеудегі  тежемелі  факторлардың  қатарында  патриотизм 
қалыптастыру  үшін  жаңа  қазіргі  замаңға  сай  технологияларды  пайдалану  қажет.  Жастарға 
әскери – патриоттық тәрбие  берудің мақсаты – оқушылардың бойында жоғары патриоттық 
сананы, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру. 
Менің  ойымша,  Қазақ  халқы  –  намысты  қолдан  жібермеген  ержүрек,  батыр  халық. 
Батыр  халықтың  ұрпағы  екенімізге  мақтана  отырып,  ата-бабаларымыздан  келе  жатқан 
ұлттық дәстүрімізді жалғастыру– біздің басты мақсатымыз.   
Елбасы  бір  сөзінде:  «Кино  дегеніміз  –барлығы.  Кино,  бұл  –  идеология,  кино,  бұл  – 
сауық, кино, бұл – БАҚ, кино, бұл – патриотизм. Біз – жас мемлекетпіз, әсіресе, жас ұрпақты 
патриоттық рухта тәрбиелеуіміз керек», – деген екен. Бағамдап қарасақ, иә, киноның берері 
орасан зор. Кино арқылы сол ел туралы барлық  ақпаратты алуға болады. Елбасы сөзін дөп 
айтқан.  Ертеңгі  еліміздің  болашақ  жас  өрендері,  бүгінде  көгілдір  экран  алдындағы  жас 
көрермендер.  Олар  тілін  ұғынып,  түсінбесе  де  бейне  арқылы  барлығын  ой  түйсігімен 
қабылдап  отырады.  Сондықтан  елдің,  жердің  тыныс-тіршілігі,  сол  елдің  тарихы  жайлы, 
рухани тәрбие беретін патриоттық көркемфильмдердің атқарар рөлі үлкен. Баланы жасынан 
тәрбиелейтін  қазіргі  заман  тілінде  осы  көгілдір  экран.  Енді  осы  уақытта  дейін  сол  экран 
арқылы  көрерменге  жол  тартып,  оның  ішінде  кішкентай  көрермендердің  көңілінен  шыға 
білген фильмдерге аздап тоқтала кетейік. 
Қазақ  кино  туындылары  арқылы  жоғары  сынып  оқушыларына  әскери  -  патриоттық 
тәрбие  жұмысы  –  тәрбие  жұмысының  үлкен  бір  маңызды  бағыты.  Жоғары  сынып 
оқушыларына  Отанға  деген  сүйіспеншілігін,  Қарулы  Күштерді    құрметтеуді  қалыптастыру 
айрықша  назарда.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  рәміздеріне  құрмет  сезімін 
тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Мысалы: Анаға жол, Жаужүрек мың бала, Көк тарландары, 
Жас  ұлан,  Бауыржан  Момышұлы,  Аңыздан  туған  батыр  қыз.  Қазақстан  ұлттық 
телеарнасының  тапсырмасымен  түсірілген  «Көк  тарландары»  телехикаясы.  Телехикаяның 
негізгі  мақсаты  –  жастарды  патриотизм,  отанға,  еліне,  туған  жеріне  деген  шексіз 
сүйіспеншілікке  тәрбиелеу,  оларды  әскер  қатарына  шақыру.  Фильм  желісінде  Қазақстан 
Республикасының  әскер  қатарындағы  әуе  десанттарының  тұрмыс-тіршілігі  мен  ерліктері, 
олардың  алғаш  әскерге  келген  күннен  бастап,  әскердегі  соңғы  күндеріне  дейінгі  өткен 
қызықты  оқиғалар  сипатталады.  Телехикаяда  қаруды  қалай  қолданудан  бастап,  елімізге 
қауып төне қалған жағдайда сыртқы жаудан қалай қорғаудың, басымызға қара бұлт үйіріле 
қалған  жағдайда  қалай  қорғанудың  әдіс-тәсілдері  көрсетіледі.  Бір  айта  кетерлік  жайт,  осы 
фильмнің  көрсетілімінен  кейін  әуеұтқыр  десенттарының  әскер  қатарына  барам  деушілер 
көбейген. 
Екінші  бір  телетуынды  тағы  да  жастарды  патриоттық  сезімге  тәрбиелеуге  шақыра 
білген  «Жасұлан»  телехикаясы.  Әскери-патриоттық  телехикаяда  «еліне,  жеріне  қорған 
болсам,  тірек  болсам»  деген  үш  достың  басынан  кешкендері  баян  етіледі.  Мақсаты  – 
жастарға даңқ мен абыройдың, ерлік пен елдіктің, жігер мен қайраттың, сый мен құрметтің 
не  екенін  ұғындыру.  Жалпы  әскер  қатарына  алынған  сарбаздың,  оның  ішінде  жас 
ұландықтардың  міндеті,  мақсаты  біреу.  Ол  өз  елін,  жерін  басын  тігіп  жаудан  қорғау,  еліне 
адал  қызмет  істеу.  Осының  барлығы  көркем  туындыда  көрсетіледі.  Бұл  фильмдегі  басты 
рөлдерді  аталмыш  мектептің  оқушылары  сомдайды.  Сондай-ақ,  фильмнің  түсірілу 
барысында Президенттің жеке гвардиясының да қызметкерлері тартылған. Сол сияқты, қазақ 
кино тарихына серпіліс әкелген, жастың да, кәрінің де, кішкентай көрерменнің де көңілінен 


 
 
219 
 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018 жыл 
 
орын  тапқан,  нағыз  патриоттық  рухтың  кебін  көрсететін  2012  жылғы  қазақ  кинематограф 
саласындағы ең ірі көркем туынды ол  –  «Жау жүрек мың бала».  Бұл фильм қазақ тарихын 
аздап болса да паш ете білген төл туынды. Көркем туындының ұраның өзі «Туған ел, сүйген 
жар, намыс үшін от кешкендер» деп әрбір азаматты туған жеріне деген сөзбен айтып жеткізе 
алмас,  патриоттық  сезімге  шақырады.  Бауыржан  Момышұлы  атты  фильмде  Батырлық 
құндылықты ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – біздің парызымыз, қасиетті міндетіміз. 
Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  халыққа  Жолдауында  «Өз  бойымызда  және 
балаларымыздың  бойында  жаңа  қазақстандық  патриотизмді  тәрбиелеуіміз  керек.  Бұл  ең 
алдымен  елге  және  оның  игіліктеріне  деген  мақтаныш  сезімін  ұялатады».  Міне,  бүгінде 
жастарды, осындай патриоттық тәрбие берер туындылар болашақта көбірек түсірілсе деген 
тілегіміз  бар.  Жастар  өзі  оқыған  қандай  да  болмасын  тарихи  және  басқа  да  шығармаларды 
кино  түрінде  көргенді  қарайды.  Себебі  қазіргі  техниканың  дамыған  уақытында  бұл  өте 
қызықты.  Кино  көргенде  Отанға  деген  сүйіспеншілігіңді  оятатындай,  қазақ  боп  туғаныңа 
бақыттымын деп мақтанатындай, отан үшін қызмет етуге, жан беруге даяр болатындай сезім 
қалдыратын  болса  шіркін.  Жас  өспірімдерді  Отанды  сүюге,  Қарулы  Күштерді  құрметтеуге 
және  әскери  борышты  өтеуге  дайын  болуға  тәрбиелеуде  әскери  –  патриоттық  шаралар 
арқылы  жеткізудің  маңызы  зор.  Сондықтан  жоғары  сынып  оқушыларының  арасында  
міндетті  түрде  әскери-  патриоттық  шаралардың  байқауларын  өткізу  керек.  Жалпы,  байқау 
әскери  –  патриоттық  сезімдерін  арттыру,  әскери  қызметке  қызықтыру,  мемлекеттің 
нышандарын құрметтеуге бағытталған.  
Әскери-патриоттық    байқауларды  және  әскери  –спорттық  жарыстарды  соңғы 
жылдары Тәуелсіздіктің 27 жылдығына, Ұлы жеңістің 73 жылдығына арнап өткізілуде. 
Әскери  патриоттық  тәрбиелеудің  бір  маңыздылығы  Ұлы  Отан  соғысының 
ардагерлерімен,  қалалық  ардагерлер  кеңесінің  және  қалалық  Қорғаныс  істері  жөніндегі 
басқарманың  өкілдерімен  кездесу  өткізу.    Сонымен  қатар  жоғары  сынып  оқушыларына  іс-
тәжіребие  кино  арқылы  патриоттық  тәрбие  беру.  БАҚ,  Кино  арқылы  жоғары  сынып 
оқушыларына  әскери  -  патриоттық  тәрбие  арқылы  Отан  қорғаушысы  туралы  түсінігін 
қaлыптacу  ұғымының  жaн-жaқты  тaлдaу  жacaлуы  нeгізіндe  қaзіргі  тaңдa  oқушылaрды 
eлжaндылыққa тәрбиeлeудің eрeкшeліктeрі қaрacтырылды.                                    Бұл: 
oқушылaрды Отан қорғаушысы ретінде тәрбиeлeудe білім бeру мeкeмeлeрінің тaрaпынaн өз 
дeңгeйіндe  көңіл  бөлінбeуінің  тeріc  caлдaры,  яғни  oқу  үдeріcінe  тәрбиeнің  кірігіп  кeтуі; 
шындықты бeйнeлeйтін тәрбиe прoцecінің aнық бoлмaуы; тәрбиe міндeттeрін шeшудe жaнұя, 
мeктeпкe дeйінгі мeкeмe, мeктeп, жoғaры oқу oрны, әcкeри қaрулы күш, бұқaрaлық aқпaрaт 
құрaлдaрының 
aрacындa 
бaйлaныcтың  бoлмaуы; 
интeрнeт, 
бұқaрaлық 
aқпaрaт 
құрaлдaрындaғы  caпacыз  aқпaрaттaрдың  кeрі  әceрінің  күшeюі;  әлeумeттік  кaтaклизмнің 
жaнұяғa  кeрі  әceр  бeруінeн  бaлaлaрды  тәрбиeлeудe  жәнe  oлaрдың  әлeумeттeнуіндe  жaнұя 
рөлінің  төмeндeп  кeтуі;  Oтaнды  қoрғaу  жәнe  әcкeри  қaрулы  күштeрі  мәceлecінe  хaлықтың 
бұрыc қaтынacымeн cипaттaлaды. 
Қaзіргі қoғaмдa БАҚ, кино арқылы жоғары сынып оқушыларына әскери - патриоттық 
тәрбие  мәceлecіндe  aлғa  жылжу  бaр:  aзaмaттық  жәнe  ұлттық  caнaның  жaңaруы;  Отан 
қорғаушысы  ретінде  тәрбиe  бeрумeн  aйнaлыcaтын  қoғaмдық  ұйымдaрдың  қaйтa  өрлeуімeн 
aйқындaлaды. 
Пeдaгoгикaлық  ғылымның  бүкіл  дaму  тaрихындa  eлжaндылық  тәрбиe  мәceлecі 
өзeктілігін  жoймaғaн.  Coңғы  кeздeгі  тәжірибeлeр  көрceткeндeй  экoнoмикaлық,  әлeумeттік, 
мәдeни,  білім  бeру  міндeттeрін  шeшудe  әлeумeттік-экoнoмикaлық  жaғдaйлaрдың  өзгeруінe, 
рeгиoндaрдың өзін-өзі бacқaруының өcуінe бaйлaныcты aтa-бaбa мұрaлaры нeгізіндe oқытуғa 
көңіл  бөлінді.  Aтa-бaбa  мұрacын  дәріптeу  жacтaрдың  ұлттық  caнacын  қaлыптacтырудa  oң 
бaғa  бeрeді,  хaлқымыздың  өткeн  тaрихынa  тaлдaу  жacaу  қaзіргі  білім  мeн  тәрбиeдeгі 
жeтіcтіктeрді бaғaлaуғa мүмкіндік туғызды. 
Кино, бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы жоғары сынып оқушыларына әскери 
- патриоттық тәрбие беріп бoлaшaқ caрбaзды Отан қорғаушысы ретінде бaғыттaлғaн тұлғaны 
қaлыптacтыру  бaғыттaлғaн  тәcіл;  oқытудың  иннoвaциялық  фoрмaлaрын  қoлдaну  (мыcaлы: 


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау