«Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ-нің 2018 жылға
арналған бюджеттік өтінімге
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ облыс Әкімдігінің
2014 жылғы 01 шілдесіндегі № 213 Қаулысымен бекітілген Ереже негізінде
жұмыс жасайды. Мекеме миссиясы – шағын және орта кәсіпкерлікті, сауда
қызметін дамыту және қолдау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
және септігін тигізу болып табылады. Жергілікті бюджеттен
қаржыландырылады.
Қызметкерлердің жалпы санының лимиті облыс Әкімдігінің 2014
жылғы 26 наурызындағы «Облыс Әкімдігінің 2013 жылғы 28 маусымындағы
№ 198 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 82 Қаулысымен бекітілген.
Облыс Әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы «Облыс Әкімдігінің 2013
жылғы 28 маусымындағы № 198 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 157
Қаулысымен бекітілген және облыс Әкімдігінің 2017 жылғы 27 маусымдағы
«Облыс Әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 157 Қаулысын жүзеге
асыру туралы» № 220 Қаулысымен бекітілген.
2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік өтінім:
2018 жылға – 1 964 124,0 мың теңге
2019 жылға – 1 664 265,0 мың теңге
2020 жылға - 1 664 343,0 мың теңге жоспарлануда.
2018 жылы 1 964 124, 0
мың теңге жоспарланған, солардың ішінде келесі
бағдарламалар бойынша:
275.001.000. «Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті дамыту саласындағы
мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» - 43 576,0 мың теңге.
275.001.000. «Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті дамыту саласындағы
мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» - 43 576,0 мың теңге
бағдарламасына басқарма штатын ұстау шығындары, әкімшілік шығындар,
әлеуметтік-маңызды жобаларды орындауға байланысты шығындар,
социологиялық зерттеулерді өткізу бойынша шығындар, келесі ерекшеліктер
бойынша, жатады:
111 «Еңбекақы» - 22 034,0 мың теңге, 14 штаттық қызметкерлерге;
113 «Өтемақы төлемдер» - 3 672,0 мың теңге (емделу өтемақылары әр
қызметкерге екі айлықтан);
121 «Әлеуметтік салық» - 1 190,0 мың теңге;
121 «МӘСҚке әлеуметтік аударым» - 992,0 мың теңге;
123 «Міндетті сақтандыруға арналған жарна» - 17,0 мың теңге;
124 « Міндетті әлеуметтік сақтандыру жарналары» - 331,0 мың теңге;
131 «Техникалық қызметкерлердің еңбекақысы» - 1 294,0 мың теңге, 3
штаттан тыс қызметкерлерге: қабылдау бөлмесінің инспекторы, іс жүргізуші
және көлік жүргізуші;
135 «Техникалық қызметкерлер бойынша жұмыс берушілердің
жарналары» - 147,0 мың теңге;
136 «Техникалық қызметкерлердің ел ішіндегі іссапарлары мен
қызметтік шығындары" -300,0 мың теңге;
144 «Отын, жанар-жағармай материалдарын сатып алу» - 417,0 мың
теңге, қызметтік автокөлікке АИ-95 бензинін және газ алуға;
149 «Басқа да қорларды сатып алуға» - 1 608,0 мың теңге:
- А4 үлгідегі қағаздарға – 690,0 мың теңге (1 бірлікке 700 дана х 985
теңге),
- кеңсе тауарларына – 818,0 мың теңге,
- жылдық басылымдарға -100,0 мың теңге
151 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» - 718,0 мың теңге электр
қуаты үшін – 521,0 мың теңге, жылу үшін -197,0 мың теңге;
152 «Байланыс қызметтеріне ақы төлеу» - 1 512,0 мың теңге (12 ай х
126,0 мың теңге), қалалық, қала аралық, халықаралық, почталық байланыстар
мен ғаламтор шығындарына ақы төлеу;
153 «Көлік қызметтеріне ақы төлеу» - 2 220,0 мың теңге, 12 айға екінші
қызметтік автокөлік жалдау шығындары қарастырылуда (көлікке ай сайын
185,0 мың теңге);
159 «Басқа да қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу»-4 884,0 мың
теңге:
- техникалық қызмет көрсетулер мен негізгі құралдарды жөндеуге
(жүйелік блоктар, мониторлар, процессорлар, факс аппараттары,
салқындатқыштар, түрлі түсті көп қызметтік қондырғылар және т.б. ) – 630,0
мың теңге (айына 52,5мың теңге);
- қызметтік автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеуге
(автоматтандырылған қорапты алмастыру, радиаторды алмастыру,
қозғалтқышты жөндеу, мезгілдік дөңгелектерді алмастыру, қалыптарды
алмастыру, көлік жуу, электр сымдарын жөндеу және т.б.) – 618,5 мың теңге,
(айына 41,8 мың теңге);
- мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау
үшін семинарлар өткізу бойынша қызметтерге (басқарма қызметкерлерін
қайта даярлау – 87,0 мың теңге х 3 адам, біліктілікті арттыру – 29,0 мың
теңге х 2 адам ) – 319,0 мың теңге,
- мемлекеттік сатып алулар бойынша семинарларға, қаржы жүйесі
органдары мамандарын қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға (100,0 мың
теңгеден 2 адам) – 200,0 мың теңге,
- «К2 Бюджет» бухгалтерлік бағдарламасын техникалық қолдау
қызметтеріне тоқсанына – 44,9 мың теңге, және «К2 Бюджет» бухгалтерлік
бағдарламасын алып жүруге тоқсанына – 104,1 мың теңге – 596,0 мың теңге,
- банктік қызметтерге – 70,0 мың теңге;
- «Парус-КАЗ» бағдарламасына техникалық және әдістемелік қызмет
көрсетуге -677,0 мың теңге;
- ғимаратқа техникалық қызмет көрсету қызметтері үшін – 1 573,5
мың теңге, (ғимаратты тазалау, сумен жабдықтау, нысанды күзету, қоқысты
шығару, жақын маңайды тазалау, электрик, сантехник қызметтері)
- стенд, буклет, баннер әзірлеу үшін – 200,0 мың теңге;
161 «Ел ішіндегі іс-сапарлар мен қызмет бабында жүріп-тұрулар»
ақшалай қаражаттың жалпы соммасы 2 100,0 мың теңге, Бизнестің жол
картасы – 2020, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті
дамыту – 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаларын ұтымды жүзеге
асыру және сауда мәселелері, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету
мақсатында Басқарма, Әйтеке би, Байғанин, Ойыл, Ырғыз, Қобда, Темір және
басқа да облыс аудандарының қалалары мен ауылдық округтеріне жие
шығыстарды қарастырып отыр.
169 «Басқа да ағымдағы шығындар» - 140,0 мың теңге, ластандыру
салығын төлеу және семинарлар, дөңгелек үстелдер, кездесулер және т.б.
үшін су сатып алу.
275.006.000. «Кәсіпкерлік қызметті қолдау» бюджеттік бағдарламасы
жалпы соммасы 3 000,0 мың теңге.
159 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшелігімен, себебі Хромтау
ауданы, хромтау қаласы, П.Долгов көшесі, 48 үй. мекен-жайындағы
«Хромтау аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ балансында тұрған, жалпы
ауданы - 2 985,9 ш.м., құрайтын өндірістік базасымен әкімшілік ғимаратын
сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға 15 жылдық мерзімге «Ақтөбе»
Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпарациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік
қоғамымен 2016 жылдың 16 мамырынан бастап жылжымайтын мүлікті
сенімгерлік басқару шарты негізінде "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті
қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол
картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына
өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 Қаулысының 215 тармағына
сәйкес Бизнес-инкубаторларды құру және дамыту бойынша ӘКК
операторлық көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу Бағдарламаның өңірлік
үйлестірушілері мен ӘКК арасында бизнес-инкубаторларды құру және
дамыту бойынша өтеулі қызметтер көрсету туралы жасалған шарттың
негізінде жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылуымен 2018
жылға қажетті қаражат.
«Бизнестің жол картасы-2020».
Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы ҚР бюджет Кодексінің 67-
бабына сәйкес, «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту
туралы» Қазахстан Республикасы Қаржы министірінің 2014 жылғы 24
қарашадағы № 511 бұйрығына сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті
қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жалпы сипаттағы
ресми трансферттер бойынша 2018 жылға бюджеттік өтінімді ұсынады.
Бағдарламаны орындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31
наурыздағы 2015 жылғы № 168 ережесімен бекітілген «Бизнестің жол
картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы
(бұдан әрі-Бағдарлама) шеңберінде іс-шаралар Жоспарын іске асыру арқылы
жүзеге асырылады.
Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар
қала, Астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы
сипаттағы трансферттердің көлемі туралы 2016 жылғы 29 қарашадағы № 24-
VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «БЖК-2020»
Бағдарламасын жүзеге асыруға 2018 жылға 1 466,9 млн.теңге қаралуға
жатады, оның ішінде:
-
сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау – 1309,9 млн.тг.;
-
кредиттерді кепілдендіру бойынша – 138 млн.тг;
-
мемлекеттік грант ұсыну бойынша – 19 млн.тг.
2017 жылдың 20 қазанның ахуалы бойынша облыстың ӨҮК жеке
кәсіпкерлік субъектілерінің 208 жобасы мақұлданған, оның ішінде:
-
сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау – жалпы несие
соммасы 15 422,0 млн.теңге құрайтын 128 жоба;
-
кредиттерді кепілдендіру бойынша – кепіл соммасы 747,0 млн.теңге
құрайтын 65 жоба млн.тг.;
-
мемлекеттік грант ұсыну бойынша – 19,0 млн.теңгеге 15 жоба.
Жылдың аяғына дейін ШОБ субъектілерін мемлекеттік қолдау
шараларымен қамтамасыз етілген жобалар санын былтырғы жылдың
деңгейінен төмен болмауы жоспарлануда (2016 жыл – 316 жоба).
Анықтама:
2016 жылдың қорытындысы бойынша Бағдарламаның кәсіпкер-
қатысушылармен 5 426 жұмыс орны сақталып, 554 жұмыс орны құрылды.
Бұл ретте, Мемлекеттік кіріс Департаментінің мәліметі бойынша 2016
жылы бюджетке соммасы 9 525,0 млн.тг. салық төленген, бөлінген субсидия
1 771,0 млн.тг., яғни бюджеттік қаражатты пайдалану тиімділігі 1–5
құрайды.
Қазіргі уақытта, мемлекеттік қызметті ұсыну бизнес-үдерісінен
Бағдарламаның Жергілікті үйлестірушісін шығару арқылы сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тұрінде қолдау алу тәртібін
оңайлату бойынша ҚР ҰЭМ «БЖК-2020» бағдарламасына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы ҚР Үкімет қаулысы әзірленуде. Бұдан басқа,
несие сомасы 180,0 млн.теңгеден астам несиелер бойынша ШОБ
субъектілерінің өтінімдерін Даму қорымен өздігінен қарау.
Енгізіліп жатқан жаңалықтар ШОБ белсенділігінің артуы жақсы әсер
етеді деп есептейміз.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті
дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 013
«Кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру»
және 027 «Микрокредиттерді ішінара кепілдендіру»
Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы ҚР бюджет Кодексінің 67-
бабына сәйкес «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті
дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» (бұдан әрі –
Бағдарлама) аясында 013 «Кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін
бюджеттік кредиттер беру» және 027 «Микрокредиттерді ішінара
кепілдендіру» бойынша бюджеттік өтінімді ұсынады.
Бағдарламаны орындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29
желтоқсандағы 2016 жылғы № 919 ережесімен бекітілген Бағдарлама
шеңберінде іс-шаралар Жоспарын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
Бюджеттік өтінім ҚР қаржы Министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы
№ 511 «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну туралы Ережесін бекіту»
негізінде құрастырылды.
Бағдарламаның екінші бағытының мақсаты жұмыссыз және өзге де
біліктілігі жоқ тұлғаларға шағын несиелендіру көлемін кеңейту арқылы өзін-
өзі жұмыспен қамтыған жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасау, ұйымдарға және
өз ісін кеңейту үшін кредиттік ресурстарға қолжетімдіктің көлемін арттыру.
013 «Кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер
беру» және 027 «Микрокредиттерді ішінара кепілдендіру» бюджеттік
бағдарламалары бойынша 2018 жылға 450 651,0 мың теңге қаражат
көлемінде болжам жасап, оның ішінде:
Ерекшеліктер бойынша:
- «Қалаларда шағын несие беру» - 387 645,0 мың теңге;
- «Қалаларда шағын несиелерге кепілдік беру» - 63 006,0 мың теңге.
Қалаларда шағын несиелеу «Даму» КДҚ» АҚ-мен қорландырылатын
екінші деңгейлі банктер, микроқаржылық ұйымдар арқылы ұсынылатын
болады.
Түпкі нәтиже: бөлінген сомаға 70-тен астам ШОБ субъектілерін
несиелеу 30-дан астам шағын несиелерді кепілдендіру жоспарланып отыр.
Басқарманың тиімді және үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету
мақсатында, аталмыш 2018 жылға арналған түсіндірме жазбасында
көрсетілген қаражатты бөлуіңізді сұраймыз.
Басқарма басшысы Даржанова А.Н.
Орын: Биржанова А.К.
Тел: 742-180
Ішкі:103
Достарыңызбен бөлісу: |