Ақтөбе облысы Шалқар қаласы, «№2 мектеп – гимназиясы» кмм-нің информатика пәні мұғалімі Мурсалова Акпейл Амангалиевна



Дата18.02.2020
өлшемі51 Kb.
#29310
түріСабақ



Ақтөбе облысы Шалқар қаласы,

«№2 мектеп – гимназиясы» КММ-нің

информатика пәні мұғалімі

Мурсалова Акпейл Амангалиевна

Қысқа мерзімді жоспар

Сыныбы: 6

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Қаріп. Абзац

Мақсаты: Оқушыларды Word мәтіндік процессорымен және қаріп безендіруімен таныстыру. Қаріптің өлшемін таңдауға, абзац тобының командаларымен жұмыс атқаруын үйрету;

Күтілетін нәтижелер:

  • Оқушылардың өз-өзіне сенімі қалыптасады;

  • Алған білімін қолдануға дағдыланады.

Керекті жабдықтар: Тақырыптық плакаттар, үлестірме парақтар, оқулық, компьютер, белсенді тақта, бағалау парақтары

Әдіс-тәсілдер: Жеке, жұппен, топпен жұмыс жасау, сұрақ-жауап, Блум өлшемдері арқылы тапсырмалар, сергіту сәті

Сабақ барысы: Кіріспе. 3 минут

І.Ұйымдастыру: Ағылшын тілінде оқушылардың сабаққа қатысып және дайындығын қадағалау. Түгендеу. Бүгінгі сабактың мақсаты мен міндеттерін,барысын айтып өту.

Екі топқа бөлу: Оқушылармен, сәлемдеседі, көңіл-күйлерін сұрайды. Good morning, children! Sit down, please. Who is on duty today? (Бүгін кезекші кім?) What day is it today? (Бүгінгі күн?) Who is absent today? (Бүгін сабақта кім жоқ?) Thank you, Sit down, please. (Рахмет, отыр, өтінем)

Оқушыларды тақтада ілінген алма ағашынан қызыл, сары алмаларды теру арқылы топқа бөлу. Тақтадағы алма талдан әр қайсын алма алыңдар.

1 топ - “Microsoft WORD”, 2 топ – “WORD PAD”

Оқушы іс – әрекеті: Мұғаліммен, сыныптастарымен сәлемдесіп, түгел, түгел емес деп айтады.

Талдан алма жинау арқылы топқа бөлінеді. Бағалау жеке, топтық

Тұсау кесер. 3 минут ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру:

1-сұрақ. Мәтіндік процессор дегеніміз?

2-сұрақ. Қандай мәтіндік редакторды білесің?

3-сұрақ. Microsoft Word програмассын қалай іске қосамыз? 4-сұрақ. Тақырып жолында не көрсетіледі?

5-сұрақ. Құжатты бірінші рет сақтау үшін қандай әрекет орындалады?

6-сұрақ. Сақтау командасының Қалай сақтау командасынан айырмасы неде?

7-сұрақ. Жаңа құжатты қалай құруға болады?

Жеке жұмыс. «Жұлдызды сәт» әр оқушы өзіне қоржыннан сұрақ таңдап жауап береді. Мұғалім үйге берілген тапсырманы сұрау үшін “Жұлдызды сәт” ойынын ойнатады. әр оқушының өздеріне қоржыннан сұрақ таңдап жауап беретінін айтады.

What’s your home task? (Үйге қандай тапсырма берілді?)

Correct or Wrong?

Yes or no ?

Дұрыс жауапқа алма беру.



Жауап дұрыс:

Жауап толық емес:

Оқушылар “ Жұлдызды сәт ” ойынын ойнау үшін қоржыннан сұрақ таңдап, сұраққа жауап береді.

10 мин Негізгі бөлім. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Мағынаны ажырату» әдісі

Мәтінді форматтаудың негізгі тәсілдері: абзац, қаріп, шегініс және аралық, тізім. Енді назарларыңызды



http://bilimland.kz/ - сайтындағы тыңдалатын видое сабаққа аударыңыздар. The video is clear ?

cайтын ашып видеомен жаңа сабақты түсіндіру

Топтық жұмыс. We will defend the poster. Постер қорғау. екі топқа «Қаріп», «Абзац» туралы сұрақтар беріп, оқушылар өз ойларын айтып қорғайды. Екі топқада алма беріледі



«Информатика» үйірмесі

1. Баяндап беруші. Мәтіндегі мазмұнын дайындайды.

2. Сілтеме табушы. Сөздік жұмысын жүргізеді.

3. Салыстырушы. Салыстырыңыз (неге ұқсас,

басқалардан айырмашылығы қандай)

III. Қаріп (Шрифт)

Қаріптің негізгі сипаттамасы – гарнитурасы, оның сыртқы безендірілуі. Қаріпті белгілеу үшін әдетте гарнитураның аты қолданылады, мысалы, Times New Roman гарнитурасы.

Негізгі (Главная) қосымша бетіндегі Қаріп (Шрифт) құралдар тобы қаріп параметрінің жұмысына жауап береді. Бұл топта келесі құралдар орналасқан:



  • Қаріп – қаріптерді қолдануды көрсететін қолжетімді тізімдер ашылады;

  • Қаріптің өлшемі (Размер шрифта) – қаріптің таңдалған өлшем тізімін ашып көрсетеді;

  • Қаріптің өлшемі тізіміндегі Өлшемін үлкейту (Увеличить размер) батырмасы қаріптің өлшемін үлкейту үшін қлданылады;

  • Регистр – қаріптің регистрін қайта өзгертетін командасы бар тізім ашылады;

  • Пішімді тазалау (Очистить формат) – үнсіз келісім бойынша мәтінді пішімге қайтару үшін қолданылатын батырма.

Қаріптің жазылу әрекеттерін ұсынатын батырмалар:

  • Жазылуы Ж жартылай қалың (полужирный), К курсив, Ч асты сызылған (подчеркнутый) немесе олардың үйлесімділігі.

  • Ч асты сызылған – екі секциялы батырма. Сол жағын басса, белгіленген мәтіннің астын сызады, ал оң жағын басса, астын сызудың түрлі нұскасын көрсетеді;

Бұл құралдар ерекшеленген мәтінге немесе сол кезде меңзер тұрған мәтіндегі сөзді безендіру үшін қолданылады.

Абзац.

Мәтінді экранға, қағазда немесе электрондық пішімде де әдемі етіп көрсету үшін абзацты туралауды дұрыс орындау керек. Негізгі (Главная) қосымша беттегі Абзац тобы абзацты туралау үшін қолданылады.

Абзац – бұл Enter пернесін басқанда абзац белгісінің (¶) арасына қойылатын символдар жиынтығы. Абзацтың негізгі тәсілдері:


  • Мәтіннің үзіндісін бөліп алу

  • Сөзді бөліп алу.

  • Жолды бөліп алу

  • Абзацты бөліп алу

  • Барлық мәтінді бөліп

  • Тік бұрышты мәтін үзіндісін бөліп алу

Екі топ «Қаріп. Абзац» тақырыбына 2 бөлім бойынша жауап береді. Екі топ екі тапсырмадан қорғайды. Постер орындап - қорғау. Топтар қарсы топты бағалау

«Қолдану» тапсырмасы. 4 мин

http://bilimland.kz/ cайтымен жұмыс. Практикалық жұмыс.

Мақсаты: Алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдану. Әрі қарай сабағымызды тағыда http://bilimland.kz/ сайтында жалғастырамыз. Сайтқа назар аударып жаттығу жұмыстарын орындайық. Әр жаттығуды дұрыс орындаған оқушыға алма беріледі. Ал кеттік! Start !

Екі топтан да оқушы шығып орындайды.

Практикалық. 7 мин. «Алтын сандық» ішінен Деңгейлік тапсырмалар таратылады. Мәтін теру

А жасыл мәтін, Б сары мәтін, С көк мәтін. Now we will work in the computer. Балаларға дайын мәтін таратылып беріледі. Компьютерде орындайды

Сабақты бекіту. Тест 5 мин. http://bilimland.kz/

Қорытынды. 3 мин.

Бағалау. 1 мин

Кері байланыс. 2 мин. Оқушылардан бүгінгі сабақтан нені үйренгенін және алған әсерлерін сұраймын.

«Бағалау» бөлімінде бағалау парақтарындағы бағалар арқылы оқушылардың пікірін ескере отырып өзін -өзі бағалауды ұсынамын.

1.Тақырып бойынша алған керекті ақпаратты чемоданға салыңыздар. 2.Сабақ барысында керек емес болған артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар. 3.Бүгінгі алынған ақпараттың ішінде әлі оқуым, толықтыруым керек дегендері болса еттарқышқа салыңыздар

Оқушылар кері байланыс бөлімінде бүгінгі сабақтың түсініктілігін және алған әсерлерін баяндайды. Оқушылар сабақта алған әсерлерін кері байланыс парағына жазады. Оқушылар өзін-өзі бағалайды



Бағаларын күнделіктеріне қойдыртады.

Үй тапсырмасы. «Қаріп. Абзац» тақырыпты оқып келу. Әрбір оқушыға келесі сабаққа бір-бірлеріңе құттықтау ашық хаттарын компьютерде немесе өз қолдарыңмен жасап келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау