Атмосфералыќ ауаныѕ, топыраќтыѕ, жер їсті тўщы сулардыѕ жјне су ќоймаларындаєы балыќ ќорыныѕ химиялыќ ластануы, халыќтыѕ ауруєа шалдыєу деѕгейініѕ жоєарылауы бір салалы ќалаларда ґренкјсіпті дамытудыѕ экологиялыќ салдары болып табылады



жүктеу 318,5 Kb.
бет1/4
Дата13.11.2018
өлшемі318,5 Kb.
#19253
түріБағдарламасы
  1   2   3   4



№ исх: 683 от: 25.05.2012

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы « » мамырдағы

№ қаулысымен

бекітілген


Моноқалаларды дамытудың

2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы


  1. Бағдарламаның паспорты




Бағдарламаның атауы

Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 3-тармағы

Бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі


Мақсаты

Моноқалаларды орта және ұзақ мерзімді перспективада орнықты әлеуметтік-экономикалық дамыту

Міндеттері

1. Моноқалаларды тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты оңтайландыру.

2. Моноқалалар халқының жұмыспен қамтылуының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыру әрі шағын және орта бизнесті дамыту.

3. Моноқалалардың еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуді ынталандыру.

4. Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санына сәйкес дамыту.



Іске асыру мерзімдері (кезеңдері)

Бірінші кезең – 2012 жыл (пилоттық)

Екінші кезең – 2013 – 2020 жылдар



Нысаналы индикаторлары

2015 жылға:

1. Экономикалық әлеуеті төмен моноқалаларда бір немесе бірнеше «зәкірлі» инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде өнеркәсіптік өндіріс көлемін – кемінде 20 %-ға арттыру (2011 жылмен салыстырғанда).

2. Моноқалаларда белсенді жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар санын – 2 есе ұлғайту (2011 жылмен салыстырғанда).

3. Моноқалалардағы кірісі күнкөріс минимумынан төмен халық санын – 6,0 %-дан аспайтындай етіп төмендету.

4. Моноқалалардағы жұмыссыздық деңгейін – 5,5 %-дан аспайтындай етіп төмендету.

2020 жылға:

1. Моноқалаларда белсенді жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар санын – 4 есе ұлғайту (2011 жылмен салыстырғанда).

2. Моноқалалардағы кірісі күнкөріс минимумынан төмен халық санын – 6,0 %-дан аспайтындай етіп азайту (2015 жылы күнкөріс минимумы шамасын айқындау әдістемесін жетілдіруді ескере отырып).

3. Моноқалалардағы жұмыссыздық деңгейін – 5,0 %-дан көп емес деңгейге дейін төмендету.


Қаржыландыру көздері мен көлемі

Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады.

Моноқалалардың бірінші кезекті проблемаларын шешуге республикалық бюджет қаражаты есебінен 2012 пилоттық жылға қаржыландыру көлемі 6 000,0 млн. теңгені құрайды.

Шамамен республикалық бюджеттен:

2013 жылға – 38 200,0 млн. теңге*,

2014 жылға – 43 200,0 млн. теңге*,

2015 жылға – 53 900,0 млн. теңге*.





2. Кіріспе
Моноқалаларды дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Бағдарлама Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.

Бұл ретте құжат «Өңірлерді дамыту», «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020» және басқа бағдарламар шеңберінде өңірлерді дамытуды мемлекеттiк қолдау жөніндегі шаралардың логикалық жалғасы, монобейінді қалаларды (бұдан әрі – моноқалалар) дамыту шараларын шоғырландыра отырып және оларды толықтыра отырып, елдiң дағдарыстан кейін дамуы жағдайында ұзақ мерзiмдi негiзде дамыту болып табылады.

Моноқала – бұл бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы қаланың экономикалық және әлеуметтік жағдайын айқындайтын кәсiпорындарда еңбекке жарамды халықтың және өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігі (20 пайыздан астамы) шоғырландырылған қала.

Моноқалалар санатына тұрғындарының саны 10 мыңнан 200 мыңға дейін адамы бар:

1) қаланың негізінен өңдеу секторының қала құраушы кәсіпорындарының өнеркәсіп өндірісінің көлемі жалпы қалалық өндіріс көлемінің 20 пайыздан астамын құрайтын (мономамандандыру);

2) қаланың қала құраушы кәсіпорындарында жұмыспен қамтылған халықтың 20 пайыздан астамы жұмыс істейтін;

3) қала құраушы кәсіпорындары жартылай істейтін немесе мүлдем істемейтін өлшемдердің бірімен сипатталатын қалалар кіреді.

Бұл ретте көптеген моноқалаларға қаламен экономикалық тығыз байланыстағы қала маңындағы кенттер мен ауылдық елді мекендер әкімшілік бағыныста.

Бағдарлама шеңберінде бөлек шағын қалалар, жоспарлы экономика кезеңіндегі бұрынғы моноқалалар және қазіргі уақытта істемейтін және ішінара жұмыс істейтін қала құраушы кәсіпорындар қаралуда.

Моноқалалар тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
20 наурыздағы отырысында мақұлданған.

Бағдарламаны әзірлеудің қажеттілігі моноқалалардағы объективті жағдайларға және жиналып қалған әлеуметтік-экономикалық проблемаларға байланысты.

Бағдарлама моноқалалардың қазіргі әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге, еңбек және экономикалық әлеуетті ескере отырып оларды одан әрі дамытудың перспективалық бағыттарын, сондай-ақ табиғи басымдықтарын анықтауға бағытталған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 27 моноқала бар.

Осы қалалардағы туындап отырған проблемаларды шешу стихиялық және құтқарушылық сипатта емес, жүйелі және ұзақ мерзімді шешу жоспарлануда.

Жергілікті атқарушы органдар облыстардың даму бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде осы Бағдарламаның ережесін ескеруі қажет.

Бұл ретте 2012 жылы облыстарды дамыту бағдарламалары шеңберінде облыс әкімдерінің іс-шараларды жергілікті бюджеттен қаржыландыруды ескере отырып уәкілетті орган әзірлеген ұсынымдарға сәйкес Бағдарламаның моноқалалар тізбесіне енгізілмеген әрбір шағын қаланы дамытудың кешенді жоспарларын әзірлеуі арқылы моноқалаларға тән проблемалары бар шағын қалалар мен кенттердің экономикасы мен тыныс тіршілігін қамтамасыз ететін инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмыс басталатын болады.

Мақсатқа, нысаналы индикаторларға, міндеттерге (бағыттарға), нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар мен өзге де мекемелер және Бағдарламада қолданылатын терминдер:

1) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі (бұдан әрі – уәкілетті орган);

2) Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі – Бағдарламаны жергілікті деңгейде іске асыруға жауапты, облыс әкімі айқындайтын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;

3) қаржы агенті – «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде атқарылатын қызметтерді осы Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыратын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – «Даму» КДҚ» АҚ);

4) конкурстық комиссия – моноқалаларда Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын жаңа өндірістер құруға берілетін гранттарды конкурстық негізде іріктеу бойынша өңірлік үйлестіруші кеңестерге арналған ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі орган;

5) жұмыс тобы – уәкілетті орган жанынан құрылған моноқалалардың кешенді даму жоспарларын, инвестициялық жобаларын Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын конкурстық негізде іріктейтін жұмыс тобы;

6) өңірлік саясат мәселелері туралы ведомствоаралық комиссия – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы өңірлік саясат жөніндегі консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – ВАК);

7) «зәкірлік» инвестициялық жоба – Қазақстан экономикасының шикізаттық емес салаларында іске асырылатын және моноқалалардың экономикаларын әртараптандыруға бағытталған, кемінде 100 жұмыс орнын ашу көзделген Индустрияландыру картасының орта және ірі инвестициялық жобасы.
3. Моноқалалардың қазіргі әлеуметтік-экономикалық

жай-күйін талдау
1. Моноқалалардың жалпы сипаты

Қазақстан Республикасындағы жоспарлы экономика мұраларының бірі – өндірістік циклдері (өндірістік құрамдауышы) бөлінбестей кәсіпорындардың халық алдындағы әлеуметтік және экологиялық жауапкершіліктерімен тұтас байланысты аумақтық-өнеркәсіптік кешендерді дамыту қағидаттары бойынша құрылған монобейіндегі елді мекендер.

Қазақстанда моноқалалар тізбесі халық саны 1,53 млн. адамды немесе елдің қалаларындағы халық санының 16,8 пайызын (1-қосымша) құрайтын 27 қаланы қамтиды, олардың ішінде 16 қала тиісті аудандардың әкімшілік орталықтары болып табылады, 11 қала аудан орталықтары болып табылмайды – Степногорск, Текелі, Серебрянск, Курчатов, Шахтинск, Сораң, Қаражал, Лисаковск, Арқалық, Ақсу, Жаңаөзен. Олардың бір бөлігі облыстық маңызы бар қалалар болып табылады, бір бөлігі аудандардың бірігуі нәтижесінде аудан орталығы мәртебесін жоғалтты.

Қазақстандағы моноқалалардың тізбесін негізінен халық саны


100 мыңнан асатын 4 қаланы (Теміртау, Рудный, Жаңаөзен, Екібастұз) қоспағанда халық саны 50 мың адамға дейін шағын қалалар құрайды.

Қалалардың, олардың салалық құрылымдарының экономикалық базаларын талдау, негізгі қала құраушы кәсіпорындар туралы деректер қалаларды мынадай үш функционалдық типке бөлуге мүмкіндік берді:

1) өндіру өнеркәсіптері басым дамыған – 21 қала:

көмір өндіру – Абай, Сораң, Шахтинск, Екібастұз;

мұнай және газ өндіру – Ақсай, Құлсары, Жаңаөзен;

металл кенін өндіру – Арқалық, Балқаш, Зыряновск, Қаражал, Кентау, Лисаковск, Риддер, Рудный, Текелі, Хромтау;

шикізат ресурстарының өзге түрлерін өндіру – Жаңатас, Қаратау, Жітіқара;

2) өңдеу өндірісі басым дамыған 6 қала:

химия өнеркәсібі – Серебрянск;

машина жасау, металлургия өнеркәсібі (алтын), уран өндірісі – Степногорск;

металлургия өнеркәсібі – Ақсу, Жезқазған, Сәтбаев, Теміртау;

3) ғылыми-өнеркәсіптік орталық – Курчатов қаласы.

Қала құраушы кәсіпорындардың ағымдағы жағдайларына қарай моноқалалар мынадай болып бөлінеді:

1) қала құраушы кәсіпорындар жұмыс істейтін моноқалалар (19 қала) – Абай, Ақсай, Ақсу, Балқаш, Жаңаөзен, Жезқазған, Жітіқара, Зыряновск, Қаражал, Құлсары, Курчатов, Лисаковск, Риддер, Рудный, Сәтбаев, Теміртау, Хромтау, Шахтинск, Екібастұз;

2) қала құраушы кәсіпорындар ішінара жұмыс істейтін моноқалалар (5 қала) – Арқалық, Жаңатас, Қаратау, Сораң, Степногорск;

3) қала құраушы кәсіпорындар мүлдем жұмыс істемейтін қалалар (3 қала) – Кентау, Серебрянск, Текелі.

Ауданға бағынатын моноқаланың дербес бюджеті жоқ және қаржыландыру жоспары бойынша ауданнан қаржыландырылады. Бұл ретте ауданның бюджеттері негізінен дотациялық сипатта болып келеді.

2. Өнеркәсіптік өндіріс және шағын бизнестің жай-күйі

Моноқалаларда Қазақстанның өнеркәсіптік өндірісінің едәуір бөлігі шоғырланған.

Айталық, Ақмола облысы өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде Степногорск қаласының иеленетін үлесі едәуір (2009 жылы 32,3%, 2010 жылы 27,5 %, 2011 жылы 28,9 %), ол өнеркәсіптік өндірістің орталығы болып табылады.

Ақтөбе облысы Хромтау қаласының аумағында Қазақстанның хром кен барлық көлемі және ТМД-ның хром кенінің 95 %-ы өндіріледі.

Қазақстанның Қостанай облысының Жітіқара қаласындағы хризотил-асбест кендерін өндіру мен байыту және осының негізінде тауарлы асбестті өндірумен айналысатын жалғыз ғана «Қостанай минералдары» АҚ-ның асбест комбинаты бар.

Қостанай облысы экономикасына Рудный қаласында орналасқан «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-ның жұмыс нәтижелері (темір кенін игеру) үлкен ықпалын тигізеді. Өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде кәсіпорын 57 % үлесті, ал салық бойынша – 62,4 % құрайды.

Негізінен қорғаныс саласында арнайы жұмыстарды атқару үшін Кеңес Одағында жабық әкімшілік-аумақтық елді мекендер құрылған болатын, оларды қазіргі уақытта Моноқалалар қатарына жатқызуға болады. Қазақстанда мұндай қалалар қатарына Курчатов қаласы жатады.

Моноқалалардағы өнеркәсіптік өндіріс бір-екі салаларға маманданумен сипатталады, ал басқа салалардың дамуы айтарлықтай емес немесе қала құраушы өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыс істеуін тоқтатқан. Өндіріс көлемінің төмендеуі немесе қала құраушы кәсіпорындардың тоқтауы қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жалпы нашарлауына алып келеді.

Жан басына шаққандағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі моноқалаларда – мұнай, газ өндіру және метал кендері орталықтарында (Ақсай, Ақсу, Қаражал, Хромтау, Зыряновск, Құлсары, Риддер) орташа республикалық деңгейден артық.

Пайдалы қазбаларды өндіру жерлерінде орналасқан моноқалаларды дамыту кен орындарының өмір циклының кезеңіне, өнімге деген сұраныс деңгейіне байланысты болады.

Қазақстанның батысындағы (Ақсай, Жаңаөзен, Құлсары) жаңа мұнай және газ кен орындарын өндіру аудандарында орналасқан Моноқалалар өндірісі өсуінің жоғары қарқындарына, инвестициялардың үлкен көлеміне және халықтың жоғары кірістеріне ие.

Сонымен қатар, пайдалы қазбалар қорларының азаюынан, өнімге деген сұраныстың төмендеуінен жағдайы төмендеп кеткен өндіру профильді бірқатар Моноқалалар бар. Оларға Арқалық (боксит қорларының таусылуы), Текелі (кендегі түсті металдардың аз болуы), Жітіқара (асбестке сұраныстың азаюы) қалалары және басқалары жатады.

Моноқалалардағы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары шығаратын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігінен, сұраныстың болмауынан, өнім өткізу нарықтарының алыс болуы немесе тасымалдаудың жоғары тарифтері (мысалы, Серебрянск қаласы) тұрып қалуда немесе ішінара жұмыс істеуде. Олардың жағдайы қондырғының физикалық және моральді тозуымен, көші-қон нәтижесінде білікті кадрларды жоғалтуымен үдей түскен.

Моноқалалардың ішінен өнеркәсіптік өндірісі тежелген немесе толық тоқтатылған қала топтары ерекшеленеді. Олар – Жаңатас, Қаратау, Серебрянск.

Моноқалаларда шағын бизнесті дамытуға төмен өндірістік және тұтынушылық сұраныс, кәсіпкерлерде өтімді кепілді мүліктің болмауы салдарынан қаржылық-кредиттік ресурстарға қол жетімсіздігі кедергі келтіреді.

3. Әлеуметтік даму

1) халық:

2011 жылы Моноқалалардағы халықтың жалпы саны 1,53 млн. адамды құрады.

Он жыл кезең ішінде Моноқалалардағы халықтың жалпы өсуіне қарамастан (4 %-ға), олардың 11-інде халық саны 11,8 %-ға қысқарды. Нәтижесінде халық санының азаюы Арқалық – 33,5 %, Қаражал – 19,5 %, Абай – 19,3 %, Жаңатас – 18,2 % және Серебрянск қалаларында – 16,3 % байқалуда.

Моноқалалардан халықтың миграциялық кетуінің негізгі себептері – жұмыссыздық пен өзін өзі жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі, халықтың ақшалай кірістерінің төмендігі, білім алуға ұмтылыстары болып табылады.

Моноқалалардан еңбекке жарамды халықтың миграциялық кетуінің басқа проблемасы халықтың қартаю үрдісі болып табылады. Кейбір қалаларда жұмысқа қабілетті жастан үлкен халықтың үлесі 18 %-дан жоғары (Лисаковск, Риддер және басқалары).

2) жұмыспен қамту және жұмыссыздық:

Қазіргі күнде көптеген моноқалалардың неғұрлым өткір проблемасы жұмыстың болмауы болып табылады. Нәтижесінде, жұмыссыздықтың және халықтың өзін-өзі жұмыспен қамту үлесінің жоғары деңгейі.

Орташа республикалық деңгейді орташа қалалық деңгеймен (2009 жылы 7,2 %) салыстырғанда жұмыссыздық деңгейінің неғұрлым жоғары көрсеткіші Арқалық (9,4 %), Кентау (8,7 %), Ақсу (7,9 %) қалаларында байқалады.

Бұдан басқа, көптеген моноқалаларда экономикалық белсенді халықтың үштен бірінен көбі өзін-өзі жұмыспен қамту санатына кіреді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтудың неғұрлым жоғары көрсеткіштері Қаратау (49,7 %), Арқалық (49,3 %), Жітіқара (47 %), Жаңатас (31,7 %) және Құлсары қалаларында (30,7 %) байқалады.

Еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі сақталуда.

Қазіргі уақытта еңбек нарығында ұсыныс жағынан негізінде жақын ауылдық аудандардан көшіп келген бұрынғы ауыл тұрғындарынан ұсыныс түседі. Көшіп келген ауыл тұрғындарының біліктілігі көбінде өте төмен және еңбек нарығының талаптарына сәйкес келмейді.

Осының салдарынан Моноқалалардың перспективалары мен экономиканы дамыту перспективаларын негізге ала отырып, жаңа сапалы негізде кадрлық әлеуетті ұлғайту жөніндегі шараларды қабылдау қажеттілігі туындайды.

3) халықтың өмір сүру деңгейі

Еңбек нарығындағы проблемалардың тікелей салдары Моноқалаларда жоғары кедейшілік деңгейінің сақталуы болып табылады. Көптеген Моноқалалардың орташа жан басына шаққандағы кірісі орташа облыстық деңгейге жетпейді.

Айталық, Арқалық, Кентау, Балқаш, Сораң қалаларында орташа жан басына шаққандағы қаржылық кірістері орташа облыстық деңгейдің 80-85%, ал Хромтау қаласында – 73 % құрайды.

Моноқала халқы кірістерінің негізгі көзі кәсіпорындар мен мекемелердегі (негізінде бюджеттік) еңбекақы болып табылады. Олардың үлесі кірістердің жалпы сомасының 50-60 %, кірістердің 20-30 % зейнетақылар, шәкірт ақылар, әртүрлі жәрдем ақылар, қосалқы шаруашылықтан түсімінің – 10-15 %, қалғаны – жақындар мен достарының көмегі.

4. Инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым.

Көліктік орналасуы бойынша моноқалаларды екі топқа бөлуге болады. Олар: темір жол бағытына жақын орналасқан қалалар (20 қала) және темір жол бағытынан алыс немесе тіптен темір жол тұйығында орналасқан (7 қала).

Елдің 27 моноқалаларының ішінен халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарына жақын 7, республикалық маңызы бар – 14, жергілікті маңызы бар – 7 қала орналасқан.

Моноқалалардың дамуын тежейтін негізгі проблемалардың бірі – өндірістік инфрақұрылымның қанағаттанбаушылық жағдайы. Әсіресе көлік алыстығы және автомобиль жолдарының нашар жағдайының өткір проблемасы тұр.

Ірі өткізу нарықтарынан, қала агломерацияларынан алыс, көлік тұйығы Арқалық (590 шм), Жезқазған (550 шм) және т.б. қалалардың дамуын қиындатады. Олардың облыс орталықтарымен байланысы ерекше оңалту жұмыстарын талап ететін автомобиль жолдарына тәуелді.

Инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның қанағаттанғысыз жағдайы елдің моноқалаларының маңызды проблемасының бірі болып табылады.

Су құбыры, кәріздік, жылу және электр жүйелерінің тозуы елеулі қаржылық салымдарды талап етеді. Осылайша, Моноқалалардың жартысынд (14 қала) электр жүйелерінің тозуы 70 %-ды құрайды. Бұл ретте ең жоғарғы көрсеткіштер Ақсай (94 %), Риддер (82 %), және Жітіқара (81,3 %) қалаларына тән. Жылу желілерінің тозуы Текелі (80%), Зыряновск (80 %), Серебрянск (78 %), Курчатов (68 %), су құбырларының тозуы Жаңатас (95 %), Зыряновск (82 %), Серебрянск (75 %), Курчатов (74 %), Қаратау (60 %), Кентау (60 %) қалаларында байқалады.

Моноқалаларда апатты үйлердің жоғары пайызы байқалады.

Тұрғын үй қорының жалпы ауданына апатты үйлердің жалпы ауданы үлесінің ең нашар көрсеткіштері Арқалық (84,7 %), Абай (36,7 %), Жаңаөзен (10,9 %), Қаратау (8,4 %) және Жаңатас (7,1 %) қалаларында байқалады.

Моноқалалардағы қауіпсіз тіршілік сапасына және экономикалық әлеуетті қорғау деңгейіне техногендік факторлар мен аномальді табиғи құбылыстар, қоршаған ортаға түсетін жоғары антропогенді қысым, және де маусымдық су тасқынына, селге, жер жылжуына, өртке, жер сілкінуге төтенше жағдайлардың медикалық-санитарлық салдарына қарсы тұру инфрақұрылымын құру жұмыстарының бітпегені кері әсер тигізуде.

Моноқалалардың әлеуметтік инфрақұрылымының негізгі проблемалары, сонымен қатар, балалық мектепке дейінгі мекемелердің жетіспеушілігіне, халықты медициналық кадрлармен қамтамасыз етудің төмендігіне және басқа да мәселелерге байланысты. Осылайша мектепке дейінгі білім беруді қамту көрсеткіші Қаратау қаласында – 34,8 %, Жаңатас қаласында – 35,4 %, ол республикалық деңгейден айтарлықтай төмен (3-6 жастағы балалар үшін 65,4 %).

5.Экологиялық жағдай.

Моноқалалардағы өнеркәсіптік дамудың экологиялық салдарлары қатарына атмосфералық ауаның ластануы, топырақтың, тұщы судың және су қоймаларындағы балықтардың химиялық ластануы, халықтың ауруының жоғарылауы жатады.

Экологиялық қолайсыздықдың көздері:

1) күл үйінділерінің жиналуы, жалпы қалалық тазалау ғимататтарының жоқтығы;

2) кәріз жүйелері мен қалаға жақын орналасқан дала сүзгіштері жағдайының нашарлығы;

3) үйінділер мен кен өндіруші кәсіпорындардың қалдық сақтаыуштары көлемінің үлкендігі;

4) қатты отынмен жұмыс істейтін көптеген шағын қазандықтардың ластаушы заттарды шығаруы болып табылады.

6. Моноқалалардың дамуын тежейтін негізгі проблемалар мен факторлар.

Өткен кезеңде елдің моноқалаларының көбінде негізінен қала құраушы кәсіпорынның немесе басым саланың жағдайымен байланысты кешенді проблемалар пайда болды.

Өндіріс көлемдерінің төмендеуі, қала құраушы кәсіпорындардың ішінара немесе толық тоқтауы моноқалалардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың едәуір нашарлауына әкеліп соқты.

Қазақстанның көптеген моноқалаларының негізгі проблемалары – жұмыспен қамтылғандар санының қысқаруы, тұрғындардың тұрмыс жағдайының нашарлауы, әлеуметтік шиеліністіліктің өсуі.

Мысалы, соңғы 20-25 жылда «Қаратау» ӨБ (қазіргі кезде «Казфосфат» ЖШС) сияқты кәсіпорындарда қызметкерлер саны едәуір азайды – 10,6 мың адамнан 1,5 мың адамға дейін. Сораң қаласының «Қарағанды резинотехника» ӨБ-де 1985 жылы 7 мың адам жұмыс істеген болса, қазіргі уақытта жұмысшылар саны 500 адамнан аспайды. Осындай жағдай елдің басқа да көптеген моноқалаларында байқалады.

Өндіруші кәсіпорындардың шикізат базасының сарқылуы, өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, қала құраушы кәсіпорындардағы ескірген технологиялар, Кеңес Одағының ыдырауына байланысты технологиялық тізбектердің үзілуі өндіріс көлемінің төмендеуі мен қала құраушы кәсіпорындар жұмысы тоқтауының негізгі себептері болып табылады.

Осылайша, моноқалалардың экономикасы мен әлеуметтік саласын талдау оларға тән негізгі проблемаларды анықтауға мүмкіндік берді. Оларға мыналар жатады:

1) экономикалық проблемалар:

негізгі қала құраушы кәсіпорынның тоқтауы немесе тоқтау кауіпі (қалалардың өндіруші кәсіпорындарындағы кен базасының сарқылуы, бәсекеге қабілетсіз өнім);

қала экономикасының әртараптандыру деңгейінің төқмендігі;

халықты жұмыспен қамтудың қала құраушы кәсіпорынға тәуелділігінің жоғарылығы;

қала бюджетінің қала құраушы кәсіпорыннан түсетін салық түсімдеріне тәуелділігінің жоғары деңгейлігі және салық базасының қысқаруы.

2) әлеуметтік проблемалар:

жұмыссыздық деңгейінің жоғарылығы;

көптеген моноқалалардағы тұрғындардың кіріс деңгейінің төмендігі, жалпы өмір сүру сапасының төмендігі;

көптеген моноқалаларда халық санының азаюы;

әлеуметтік шиеленіс өсімінің ықтимал үрдістері.

3) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымының проблемалары:

инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның тозу деңгейінің жоғарылығы;

аумаққа түсетін экологиялық жүктелімнің жоғарылығы.

аумақтардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға едәуір бейімділігі.

7. Моноқалалардың проблемаларын шешудегі әлемдік тәжірибе.

Моноқалаларды дамыту жөніндегі шараларды әзірлеу барысында монобейінді елді мекендердің проблемаларын шешудегі әлемдік тәжірибе ескерілді.

Әлемнің әртүрлі елдеріндегі және әртүрлі кезеңдердегі кейбір моноқалалардың проблемалары мен жағдайлары көбінесе қазіргі кездегі Қазақстанның моноқалаларындағы жағдаймен ұқсас.

Қалалардың монобейінділігі Қазақстан экономикасының бірегей сипаты емес. Бір салалық мамандандырылған қалалар әлемнің басқа елдерінде де кең таралған.

Әртүрлі елдер өздерінің моноқалаларының проблемаларын шешудің түрлі жолдарын таңдады. Біздегі жағдайға ең жақыны Германия, Австралия, Жапония және АҚШ сияқты елдердің моноқалаларының проблемалары.

Мысалы, Германияда Рур алабының көмір өнеркәсібіндегі құлдырауға байланысты проблемаларды шешу үшін мемлекет көмір саласын субсидиялау үшін «көмір пфенингі» салығын енгізді.

Әлемдік моноқалаларды дамыту практикасында Теннант-Крик қаласы (Австралия) тәжірибесінің орны ерекше. Қала шахталарындағы көмір шахталары сарқылғаннан кейін жұмыспен қамту деңгейін сақтау үшін мемлекет және қала құраушы кәсіпорын мамандар мен шахтерларды басқа кен орындарына көшіруді ұйымдастырды, бұл жұмыс орындарын ғана емес, кадр әлеуетін сақтап қалуға да мүмкіндік берді.

Жапонияда моноқалалардың проблемаларын шешуді мемлекет пен қала құраушы кәсіпорын бірлесе жүзеге асырып отырды. Бұл жерде қызметкерлердің бір бөлігін компанияның басқа қалалардағы өндірістік қуаттарына ауыстыру ұйымдастырылды. Бұл ретте қала құраушы кәсіпорын экономиканың әртүрлі салаларында жаңа шағын кәсіпорындар құрды (электроника және ақпараттық жүйелер, өмірге қажетті тауарлар мен азық-түлік өндіру, технопарк құру).

Моноқаланың экономикасын әртараптандырудың табысты мысалдарының бірі ретінде Бирмингем қаласының (АҚШ) тәжірибесі саналады. Қаланың табиғи артықшылықтарын және инвестициялар тарту бойынша үкіметтің ойластырылған саясатын (мысалы, ұсақ өндірушілерге бос өндіріс алаңдарын беру, жоғары білім инфрақұрылымын дамыту және басқа шаралар) пайдалана отырып, қала металлургиялық қала құраушы кәсіпорындарының жабылуына байланысты проблемаларды шеше алды.

Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, мемлекет тарапынан да, қала құраушы кәсіпорын тарапынан да бірлескен мүдделестік жоғары болған қалалар өздерінің проблемаларын шешуде неғұрлым табысты болды.

Қайта даярлау қурстарын, бизнес-инкубаторларды ұйымдастыру, қала құраушы кәсіпорынның жаңа өндірістерді құруы, салық жеңілдіктері сияқты негізгі күштер кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған моноқалаларда едәуір алға басу байқалады.

Сонымен қатар, моноқалалардың проблемаларын шешу жолдарының бірі – қалалар экономикасын ұзақ мерзімдік әртараптандыруға бағытталған балама өндірістерді орналастыру бойынша «зәкірлік» деп аталатын жобалар болып табылады.


жүктеу 318,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау