Атырау облысы Тілдерді дамыту жґніндегі басќармасы



жүктеу 5,41 Mb.
бет12/23
Дата18.12.2017
өлшемі5,41 Mb.
#4511
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

Тілдесім

Сұхбаттасайық!

– Сөз сөйлеуші адамның ішкі жан дүниесі шешендік сөзде айрықша байқалады деген пікірмен келісесіз бе?

– Іскер маман ретінде сөз сөйлеуге дайындық керек деп есептейсіз бе?

– Шаршы топ алдында қандай тақырыпта сөз қозғағанды қалар едің?



Оқылым




1-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Түсініңіз.
Іскер маманның сөз сөйлеу сәті
Сөз сөйлеу сәті. Төменде сөз сөйлеуге оңтайлы уақыт таңдауға қатысты бірнеше кеңестер ұсынылады. Жалпы мұндай жағдай әр кез бола бермеуі де мүмкін, десек те, мүмкіндігіне қарай төмендегідей жағдайларды ескеруге әбден болар еді:

  • Сөз сөйлеуге бірден-бір тиімді мерзім, сөзсіз, таңертеңгілік уақыт екенін еске ұстау;

  • Үзіліске шығар уақыт жақындаған сайын тыңдаушылардың ынта-ықыласы, қызығушылығы төмендей беретіндігін ескеру;

  • Үзілістен кейін сөз сөйлеу төмендегідей проблемаларға байланысты:

  • Тыңдаушылар үзіліс сәтіндегі өзара сөйлесу, пікіралмасу әсерлерінен кейін зейінін негізгі мәселеге бірден жинақтай алмайтындығы;

  • Қараңғы залда фильмдерді не слайдтарды көрсетудің ұйқы шақыратындығы (әсіресе, бұған тыңдаушылардың үзіліс сәтінде жеңіл тамақтанып алуы да әсер етпек).

Ескерту. Үзіліс алды не одан кейінгі шешен сөзі мейлінше жеңіл әрі эмоциональды болғаны жөн.

Сөз сөйлеу ұзақтығы. Егер де сізге 45 минут уақыт бөлінсе, өзіңізді сонша мерзім сөйлеуге міндеттімін деп есептемеу. Егер де айтарыңызды 20 минутқа сыйғыза алсаңыз, сонша уақыт сөйлеу;

Қазіргі таңдағы тыңдаушылар телехабарларға бейімделіп үйренген, сәйкесінше жинақы да қысқа сөйленген сөздерді қалайды.

Сөз сөйлейтін орныңызды алдын-ала тексеру:


  • Көрнекі құралдарыңыздың аудиторияға анық көрінетіндігіне көз жеткізу;

  • Терезелерді тексеру. Терезеден түсетін жарықтан не терезе алдындағы ойды бөлер қозғалыстан құтылу үшін, перделердің жабылатындығын тексеру;

  • Залдың ыссы не суық екендігін ескеру. Бұл орайдағы кем тұстың орнын толтыруға бола ма?

  • Мінбенің бар-жоқтығын, оны қолданудың қажет, қажетсіздігін алдын-ала жоспарлау. Егер де ол тым аласа болса, оны жоғарылатудың амалын қарастыру. Қалай болғанда да сөйлеушінің басы тым еңкіш болуы дұрыс емес. Ал егер де мінбе дененің көп бөлігін жауып кетер болса, онда көтеріңкі қалыпта көрсететін бір нәрсе қою жөн;

  • Ойды бөлетін, алаңдататын өзге элементтердің болмауын тексеру;

  • Залдың кешігіп келген адамдардың өзгелердің көңілін бөлмей, назарын аудартпай, соңғы бос орындарға отыра қалуға ыңғайлы екендігіне көз жеткізу;

  • Сөз сөйленер тұста есік тарсылдап, ашылып-жабылмасына көз жеткізу;

  • Егер стакандағы су қажет болса, оның алдын-ала әкелініп қойылуына қам жеу.

Қосымша ескеру:

  • Баспасөз өкілдері бола ма? Егер болса, олардың күн тәртібіндегі мәселенің қай тұсына акцент берерін есепке алу. Сәйкесінше, сөзіңіздің 10-15 секундында сол мәселеге дәйек айта кету жөн болар еді;

  • Сөзіңіз таспаға жазыла ма? Ол жазба жұртшылыққа жариялана ма? Бұған жазбаша рұқсат берілу керек, қажет емес деп тапсаңыз, қарсы болуға құқылысыз.


2-тапсырма. Мәтіндегі жаңа сөз тіркестерімен танысыңыз. Оларды дәптерге көшіріп жазыңыз.

Оңтайлы уақыт

Тиімді мерзім

Ынта-ықыласы

Негізгі мәселе

Үзіліс сәті

Өзара сөйлесу

Көрнекі құрал

Баспасөз өкілі



Ойды бөлетін

Бос орын


Көз жеткізу

Анық көрінетін

Терезелерді тексеру

Қызығушылығы төмен

Таңертеңгілік уақыт



3-тапсырма. Мәтінді өзіңіз оқыңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сөз сөйлеуге оңтайлы уақыт таңдауға қатысты қандай кеңестерді білесіз?

2. Сөз сөйлеу ұзақтығы неге байланысты?

3. Сөз сөйлейтін орынды алдын ала тексерген дұрыс па?

4. Кешіккен адамды қалай қабылдайсыз?

5. Қосымша нені ескерген жөн деп есептейсіз?


4-тапсырма. Мәтінге құрылған төмендегі жоспарды ретіне қарай орналастырыңыз?

  1. Сөз сөйлеу орнын алдын ала тексеру

  2. Сөз сөйлеу сәті

  3. Қосымша ескерілетін жағдайлар

  4. Сөз сөйлеу ұзақтығы


Сөз мағынасын саралайық!

Тыңдалым




Мұны білгеніңіз жөн!

5-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыздар. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыздар.
Іскер маман өзінің қашан және қайда сөз сөйлейтіндігін дәл білгені жөн. Бұл ретте іскер маманның өзіне міндетті түрде қояр сауалдарының бірқатары төмендегіше:

  • Бөлме құрылымы қалай?

  • Сөз сөйлеуіңізге ыңғайластыра оны өзгертуге бола ма?

  • Аудио және видео құралдардың қайсысы бар?

  • Өзге құралдарды не қосымша аудио және видео құралдарды қолдана қалған жағдайда розетка бар ма?

  • Қажеттілікке қарай терезені қараңғылауға бола ма?

  • Егер де арнайы маман шақыру қажет болған жағдайда оған қатысты қандай құралдар бар?

  • Қай уақытта сөйлеген жөн?

  • Сөз сөйлеу ұзақтығы қанша уақытқа созылуы мүмкін?

  • Сөйлеудің қандай формада болуы дұрыс?

  • Сөйленер сөз басқа шешендердің сөзінен кейін жалғаса ма? Әлде өзгелерден бұрын ба? Олар да осы тақырып бойынша сөйлей ме? Қосымша не қарсы пікірде сөйлей ме?

  • Қызметкерлердің қайсысымен байланыс жасалуы қажет? Ол қызметкер залдың уақытылы ашылуына, тыңдаушыларды жайғастыруға, қажетті құрылғылардың сайлылығына жауап бере ала ма?

  • Сөз сөйлеу сәтінде адамдар кіріп-шығып жүруі мүмкін бе?


жүктеу 5,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау