Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Б» корпусының d-o-3 санаты бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу



жүктеу 80,5 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі80,5 Kb.
#20745
түріКонкурс


Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Б» корпусының D-O-3 санаты бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін осы мемлекеттік органның қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялайды
Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 31 А, кабинет 212.Анықтамалар үшін телефон: (8 7122) 32-22-28, 32-48-13, т.факс: 32-48-28 электрондық пошта: ukzsp_atyrau@mail.kz

Мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы (1 бірлік), D-O-3 санаты бойынша лауазымдық айлық ақысы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтіліне байланысты 109 932 теңгеден 148 242 теңгеге дейін.


Лауазымның функционалдық міндеттері:

Бөлім жұмысын басқару және ұйымдастыру. Мүгедектерді мен ардагерлерді әлеуметтік қорғау, материалдық қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Өкімдерінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен облыс әкімдігі қаулыларының, облыстық мәслихаттың шешімдерінің және басқа да нормативтік актілердің, сондай-ақ басқарма бұйрықтарының, басқарма басшысы мен оның орынбасарларының, бөлім басшыларының тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді; басқарушы органдармен, сонымен қатар Атырау қалалық және аудандық әкімдіктердің сәйкесті бөлімдерімен байланыста болады; Соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді және басқа да әлеуметтік-осал санаттағы азаматтарды әлеуметтік қорғау бағытындағы заңнамалар мен нормативтік-директивалық құжаттардың іске асырылуын қамтамасыз етеді; Атырау облысында мүгедектерді оңалтудың бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына ықпал етеді және орындалу барысына бақылау жасайды; Ардагерлердің, мүгедектердің, зейнеткерлердің әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ауызша және жазбаша арыздарымен жұмыс жүргізеді, азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады; Бөлім жетекшілік ететін мекемелердің қарым-қатынасын ұйымдастырады, олардың және бөлім қызметкерлерінің жұмысын бағыттап отырады. Бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізеді. Бөлімнің жұмыс жоспарын жасақтайды, бөлім қызметкерлерінің және бөлімге қарасты мекемелер басшыларының қызметін үйлестіреді. Семей ядролық сынақ полигонының салдарынан зардап шеккен азаматтарға бір жолғы өтемақы тағайындау және төлеу жұмыстары бойынша мәселелерді үйлестіріп отыруды қамтамасыз етеді. Басқармаға қарасты мемлекеттік мекемелердің (орталықтардың) қызметтеріне жетекшілік етеді. Бөлім құзырына жататын ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жарты жылдық және жылдық есептерінің уақтылы берілуін қамтамасыз етеді. Протездеуге, протез-ортопедиялық бұйымдарға, сурдо-тифлотехникалық құралдарға, қозғалыс құралдарына мұқтаж мүгедектердің есебін алу және оларды қамтамасыз ету шараларын ұйымдастырады. Облыстық мүгедектер дерекқорын жасақтау жұмыстарын іске асырады. Мүгедектермен қарттарға арналған интернат үйіне қабылдау комиссиясына мүгедектердің, жалғыз басты қарттар мен жұмысқа жарамсыз қарттардың құжаттарын дайындайды. Мүгедектер мен жалғыз басты қарттарға әлеуметтік көмек ұйымдастыру жұмыстарына жетекшілік етеді. Аз қамтылған азаматтарға көрсетілген әлеуметтік көмектер туралы есебін жүргізеді. «Е-Собес автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» деректер базасының жұмысын қадағалайды. Аумақты дамыту бағдарламаның көрсеткіштерін жасақтап, орындалуын қамтамасыз етеді. Кезекті қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру көрсеткіштерінің орындалысын қамтамасыз етеді. Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту және орындау бойынша мәселелерді жүзеге асырады. Азаматтардың арыз-шағымдарына қолданыстағы заңдарға сәйкес уақтылы жауап береді.

. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім: құқық; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару); білім (қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен əдебиеті; орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен əдебиеті); қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).


Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

 7) ғылыми дәрежесінің болуы.
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті заңдар.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесу өткізудің орны мен мерзімі:

Аталған құжаттар конкурс өткізу туралы интернет-ресурста хабарландыру соңғы жарияланған күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы қабылдау мерзімінде бере алады. Сонымен қатар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды бере алады.

Электрондық почта не «E-gov» электронды үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді. Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.



Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өтеді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 21.02.2017ж., №40 «Мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес, конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысады және тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Осы Қағидалардың 13-тармағында, 15-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және

жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, оның ішінде конкурс комиссиясы қалыптастырған сұрақтар тізбесіне кірмейтін сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу



қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
_________________________________ (мемлекеттік орган)


Өтініш

Мені___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар: _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________ _______________________________________________________________________________ ________________ _____________________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.





"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан


"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения



2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)



3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения



4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками



6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)



7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)









ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения









_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата

жүктеу 80,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау