4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде, бірақ әлеуетті өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдауқағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша интернет-ресурста www.atyrau.gov.kz конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.
5. Конкурстық құжаттаманың көшірмелері www.atyrau.gov.kz интернет-ресурста орналастырылады және ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде беріледі.
6. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізеді.
7. Тұлғаларды тіркеу журналында конкурс атауы мен өткізу мерзімі, әлеуетті өнім берушінің не заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің нөмірі, орналасқан жері мен байланыс телефондары, конкурстық құжаттама көшірмесін алу уақыты мен күні көрсетіледі.
8. Тұлғаларды тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы парағы конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.
3. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді ресімдеу
9. Конкурсқа қатысуға өтінім:
1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған өтінімді;
2) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес әлеуетті өнім беруші құжаттарының тізбесін қамтиды:
заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариат куәландырған құжаттар;
осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып, банк мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан көп созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей алынуы тиіс;
конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған үш айдан астам салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және жинақтаушы зейнетақы қорларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық органы басшысының не орынбасарының қолы қойылып, мөрімен бекітілген не e-gov электрондық үкіметі порталы арқылы алынған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
бар болса ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепте тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі;
осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;
осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтердiң сапалық және сандық сипаттамалары айқындалған техникалық тапсырма. Техникалық тапсырмада міндетті тәртіппен оқушыларды сапалы, теңгерімделген және қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір көрсетіледі;
осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер.
4. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі
10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсқа қатысушылар конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе почта байланысын пайдалана отырып:
14 август 2014ж сағ 09.00 қоса алғанда мерзіміне дейін Атырау қаласы Ракуша селосы. Қазақстан көшесі 16-үйде, есепшілер бөлмесіне береді.
11. Конкурстық комиссияның хатшысы өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді.
12. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында өткізу мерзімі туралы, конкурсты ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші жөнінде мәліметтер, атауы мен почта мекенжайы, ЖСН, жеке куәлігі, өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетіледі.
Көрсетілген журналға өтінімдерді тіркеуден бас тарту себебін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтер енгізіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас ресімделеді.
13. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған өтінімдер тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.
5. Конкурс өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
14. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашуды конкурстық құжаттамада конкурсты ұйымдастырушы көрсеткен күні, яғни 14 август 2014ж сағ 09.00-де Атырау қаласы. Ракуша селосы, Қазақстан көш.16 үйде конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізеді.
15. Конкурстық комиссияның төрағасы қатысушыларға конкурстық комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы хабарлайды.
16. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді жариялайды және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерін ашады.
17. Конкурсты ұйымдастырушының хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылуға жатады.
18. Конверттерді ашу хаттамасы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған конкурстық комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей www.atyrau.gov.kzинтернет-ресурста орналастырылады.
6. Конкурстық өтінімдерді қарау
19. Комиссия өтінімдер бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін өтінімді толықтығы және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
20. Конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынған, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберілмейді.
21. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде таниды.
22. Отырыс конкурсқа рұқсат беру туралы хаттамамен ресімделеді, оның әрбір парағына және соңына конкурстық комиссияның барлық мүшелері қолын қояды.
23. Комиссия Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес өзінің шешімін конкурсқа рұқсат беру хаттамасымен ресімдейді.
Қол қойылған конкурсқа рұқсат беру хаттамасы комиссия отырысы өткен күннен бастап күнтізбелік екі күннен кешіктірмей www.atyrau.gov.kzинтернет-ресурста орналастырылады.
24. Конкурсты ұйымдастырушы неғұрлым сапалы көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін өнім берушіні таңдау критерийлерін көздейді.
25. Комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сай өлшемдерге сәйкес жеңімпазды айқындау үшін рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін бағалайды және салыстырып тексереді.
26. Конкурстық комиссияның өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты әрекетіне жол берілмейді.
Өтінімді сәйкестендіру деп конкурстық комиссияның өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, құжаттарды алмастыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды дұрыстауға бағытталған әрекеті түсініледі.
27. Егер неғұрлым үздік сипаттамалары бар көрсетілетін қызмет ұсынылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің техникалық тапсырмасының конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес болмауына жол беріледі.
28. Барынша көп балл жинаған және басқа әлеуетті жеткізушілермен салыстырғанда міндеттемелерді ең үздік орындау шарттарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.
Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.
29. Конкурстық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс нәтижелері мен жеңімпазын жариялайды.
30. Конкурс қорытындылары туралы хаттама Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды.
31. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы хаттаманы www.atyrau.gov.kzинтернет-ресурста орналастырады.
32. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ол конкурс жеңімпазы ретінде айқындалған жағдайда шарт жасасудың және шартты орындаудың қамтамасыз етуін енгізудің кепілі ретінде енгізеді.
33. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа бөлінген соманың бір пайызы көлемінде енгізеді.
34. Әлеуетті өнім беруші осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді, ол конкурсты ұйымдастырушының банк шотына енгізеді.
35. Өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі – конкурс өтінімінің қолданылу мерзімінен кем емес.
36. Қамтамасыз етуі жоқ конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия кері қайтарады.
37. Әлеуетті өнім берушінің тұтастай алғанда, үшінші тұлғаларда неконкурсқа қатысуға өтінім мерзімінің аяқталуына дейін енгізілген кепілдік берілген ақша жарнасы бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкелетін іс-қимылдарына жол берілмейді.
38. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:
1) жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған;
2) конкурстың жеңімпазы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.
39. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қайтарып береді:
1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
2) конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы болып айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
3) шарттың күшіне енуі және конкурс жеңімпазының шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.
Атырау қаласы М.Өтемісов атындағы орта мектебі ММ білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға 1 –қосымша
Көрсетілетін қызметті алушылар санатының тізбесі
Атырау қаласы М.Өтемісов атындағы орта мектебі ММ оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау конкурсы
№
|
Конкурсты ұйымдастыру
шының атауы
|
Білім беру ұйымындағы көрсетілетін қызметті алушылардың жалпы саны
|
Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтандыру мен қамтамасыз етілетін білім алушылар
|
Қызметті көрсету мерзімдері
|
Қызметті көрсету орны
|
Білім алушыларды тегін тамақтандыруды қамтамасыз етуге бюджет қаражаты есебінен бөлінген сома
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
«М.Өтемісов атындағы орта мектебі» ММ
|
180 оқушы
|
180 оқушы
(оның ішінде аз қамтылған оқушы- 10)
|
2014ж 1қыркүйек-2 желтоқсанды қоса алғанда
|
«М.Өтемісов атындағы орта мектебі» ММ Атырау
қаласы
Ракуша ауылы
Қазақстан көш.16
|
2100000 (екі миллион бір жүз мың ) теңге 00 тиын
|
Күн саны - 72
«М.Өтемісов атындағы орта
мектебі» ММ директоры Измагамбетова Ф.М.
Атырау қаласы «М.Өтемісов атындағы орта мектебі» ММ білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттама 2-қосымша
«М.Өтемісов атындағы орта мектебі» ММ білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттаманың техникалық тапсырмасы
Атырау қаласы«М.Өтемісов орта мектебі» ММ оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру Ракуша селосы. Қазақстан көш.16 мекен жайында орналасқан М.Өтемісов орта мектебіндегі барлығы 180 оқушыға қызмет көрсетілуі тиіс, оның ішінде 1-4 бастауыш сыныпта -170 оқушы және жекелеген санаттағы
5-11 сыныпта- 10 оқушы.
Қызмет көрсету мерзімі: 2014ж. 1 қыркүйегінен 2014ж. 02 желтоқсанын қоса алған мерзім ішінде бюджеттік қаражаты есебінен 2100000 (екі миллион бір жүз мың) теңге 00 тиын сомасына тегін тамақтанумен қамтамасыз ету керек.
М.Өтемісов орта мектебіне тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметі тасымал болуы қажет. Мектептің Асханасы үшін арнайы 1 кабинет бөлмесі бөлінген.Оқушылардың тамақтандырылуы бекітілген 6 күндік мәзіріне сәйкес болу керек.
Күн сайын ас мәзірін жұғымдылық, теңгерімділік, қауіпсіздік талаптарына сәйкес оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, міндетті түрде бірінші-үшінші тағамдарды дәрумендерімен конкурстың ұйымдастырушысы әзірлейді және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.
-әлеуметтік өнім беруші талаптарды қамтамасыз етуі тиіс;
Әлеуетті тасымалдаушы қызмет көрсету үшін алдын ала объектіге(асхана бөлмесі ) санитарлық-эпидемиалық қорытынды алуға міндетті. Осы аталған міндеттерді орындамау келісім шартты бұзуға негіз бола алады.
- Сапалы және қауіпсіз өнімдерді әкелуге міндетті (азық-түлік тағамдарын соның ішінде дәлелдейтін құжаты, сапаны сәйкестендіретін сертификаты, қорытындылар және т.б.)
- санитарлық шаманың және ережелердің сақтауын қамдастыру- тамақты дайындау және жүзеге асуының барлық кезеңдерінде, қарамастан Оқушылардың денсаулығы үшін кепілдік беретін, оның сапасын және қауіпсіздігі қажет;
- жұмысқа қабылдау денсаулығы туралы рұқсаты бар, кәсіби, гигиеналық дайындықтан және аттестациядан өткен адамдарды;
-әрбір қызметкердің медициналық кітапшасының болуы;
- күнделікті керекті құжаттарды жургізуі ( бракеражды журналдар, жұмыскерлерді өткір респиратор ауруға, іріңқаптарға қарау журналы, және т.б. );
-Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, санитарлық ережелеріне, гигиеналық нормативтерге сәйкес қызметкерлер еңбектерінің жағдайлары;
- жұмыскерлерді арнаулы киіммен және бас киіммен (3 жинақталымдардан кем емес) қамсыздандыру;
- өндірістік құралдың, ыдыстың, жуатын және залалсыздандыратын құрал жабдықтардың (ҚР қолдануға рұқсат берілген) және басқада материалдық-техникалық жарақтандырудың басқа да заттары жеткілікті мөлшерінің болуы;
- Қызмет көрсету барысында азық-түлік өнімдерінің сапасы туралы сертификатының болуы;
Әр әкелінген азық-түлік үлесі мынадай талаптарға сай болу керек:
а) көкөністерде тағамның кауіпсіздігі туралы Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау органының гигиеналық қорытындысы немесе базардағы ветеринарлы-санитарлық экспертиза лабораториясының қолы мен мөрі қойылған Акт болу керек;
б) балық пен жұмыртқаға ветеринарлы-санитарлық мекеменің қолы мен мөрі қойылған қорытындысы ( сәйкестендіру сертификаты);
в) ет және еттен жасалған шала-өнімдерді лабораторияның экспертиза актісі, сонымен бірге ветеринар дәрігердің қолы мен мөрі қойылған ( сәйкестендіру сертификаты) болу керек;
г) сүт өнімдеріне сапасы туралы технологтың, микроблог немесе лаборанттық қолы мен мөрі қойылған куәлігі болуы тиіс ( сәйкестендіру сертификаты);
- алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған аптечканың болуы және уақытында толықтырып отыруы;
- түрлі семинар, әнгіме, лекциялар откізу арқылы қызметкерлердің санитарлық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру;
өрт сөндіру құрал- жабдықтарының болуы, азық-түлік қоймасына келетін азық-түліктер гигиеналық талаптарға сәйкес болуы, олардың сапасы мен қауіпсіздігіне жауап беретін, өндірілген күні, азық-түліктің сақталуы мен қолданылу мерзімін көрсететін тиісті құжаттарының болуы тиіс;
Ілеспе құжатты өнімді таратуды аяқтағанға дейін сақтауы тиіс;
- Қызмет көрсету барысында азық-түлік өнімдерінің сапасы туралы сертификатының болуы;
- Барлық тағам көлемі мәзірде көрсетілгендей және гигиеналық нормаға сай келуі керек.
- күн сайын жұмыс басталмас бұрын медицина қызметкері білім беру мекемесінің қоғамдық тамақтандыру ұйымының қызметкерлерінде іріңдердің болмауын, дененің ашық жерлері мен қол терісінде сонымен бірге басқа ауруы, жоғарғы тыныс жолдары ауруларының болмауы тексеріледі.
- тез бұзылатын тағам өнімдерінің сақталу мерзімі және сақталу шарттары, сақтаудың ерекше талаптарын бақылау мақсатында термометрдің көмегімен тоңазыту құралдарының сақтау реттілігіне бақылау жүргізеді (сынаптан басқасы) уақытқа сай температура реттілігін бақылайтын құралы жоқ болған жағдайда бұл туралы ақпарат «Тоңазыту құралының температура реттілігін тіркеу журналына» ұсынылған формаға сай жазылады.
- құрал-жабдықтар, ыдыс-аяқтар, өндірістік қажетті заттар қоғамдық тамақтандыру ұйымының бекітілген тәртіпке сай материалдардан жасалған болуы және санитарлы –эпидемиологиялық талаптарына сәйкес болуы тиіс;
Ас мәзірі бойынша дайын тағам бір реттік ыдыс-аяқпен Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы беретін қорытындысы бар мамандырылған машинамен жеткізілуі тиіс;
- оқушылардың тамақтану кестесі;
- оқушыларды тамақтандыруда рұқсат етілмеген тағамға, сонымен бірге газдалған және алкогольсіз энергетикалық сусындарға, чипсыларға, кепкен нандарға, шайнайтын сағыздарға беруге рұқсат етілмейді.
- Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық бақылау органының объектіне берілген санитарлық паспортының және санитарлы-эпидемиологияның қорытындысының болуы қажет;
Әлеуетті тасымалдаушыда болуға тиіс:
-Мемлекеттік санитарлық-эпидемиолық бақылау органының рұқсаты берілген санитарлық паспорты бар, азық-түлік тағамдарын тасымалдауды қамтамасыз ететін арнайы автотранспорты. Жүргізуші мен экспедиторда жеке медициналық кітапшасы болуы тиіс.
- азық-түлік тағамдарын сақтайтын арнайы қойма орындарының болуы.
Технологиялық тоңазыту желдету және басқа да құрал-жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек, және жұмыс басталмас бұрын жыл сайын тексеру жүргізіп отырады, тапсырыс берушінің асхана жабдықтарының бүтіндігін қатаң бақылау және сақтау, асхана ішінде тазалық пен тәртіп қамтамасыз ету. Құрал-жабдықтарды пайдалану процесінде бұзылса немесе ақаулар болса, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Ескерту: Оқушы контингентінің жыл бойытамақтану кезеңінде азайып (көбейуі) мүмкін, сол жағдайда ғана қол қойған келісім шартқа соммасын азайтуға (көбейтуге) өзгерістер енгізуге болады.
М.Өтемісов атындағы орта
мектебінің директоры: Измагамбетова Ф.М.
Атырау қаласы М.Өтемісов атындағы орта мектебі ММ білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға 3-қосымша
Конкурсқа қатысуға өтінім
(заңды тұлғалар үшін)
Кімге М.Өтемісов атындағы орта мектебі
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
Кімнен _____________________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің толық атауы)
1. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер:
Әлеуетті өнім берушінің заңды, почта мекенжайы және байланыс телефондары
|
|
Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, БСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы
|
|
Заңды тұлғаның бірінші басшысының Т.А.Ә.
|
|
2. _____________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
Осы өтініммен _____________________________________________________________
(конкурстың толық атауы)
конкурсқа әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес _____________________________________________________________________________
(қажетін көрсету керек)
қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісім береді.
3. _______________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.
4. _____________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеті, біліктілігі, сапалық және ___________________________________________________ көрсетілетін қызметтердің
(қажетін көрсету керек)
өзге де сипаттамалары туралы дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.
__________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.
5. Осы конкурстық өтінім ___ күн ішінде қолданылады.
6. ____________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
жеңімпаз деп танылған жағдайда, біз шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгізуге міндеттенеміз.
7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін атқарады.
Күні
Басшының қолы ________________________________________________________ М.О.
(Т.А.Ә., лауазымын көрсету)
Атырау қаласы М.Өтемісов атындағы орта мектебі ММ білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға 4 –қосымша
Конкурсқа қатысуға өтінім
(жеке тұлға үшін)
Кімге М.Өтемісов атындағы орта мектебі
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
Кімнен _____________________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің толық атауы)
1. Конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:
Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес Т.А.Ә.
|
|
Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (№, кім берген)
|
|
Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің тіркелген мекенжайы
|
|
Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің нақты тұрғылықты мекенжайы
|
|
Тіркеу туралы куәліктің, патенттің не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурс мәніне сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беретін өзге де құжаттың нөмірі
|
|
Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (СТН, БСН, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы
|
|
Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің байланыс телефондары, почта мекенжайы мен электрондық почта мекенжайы (болған жағдайда)
|
|
2. _____________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіледі)
осы өтініммен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуді (қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.
3. _____________________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.
4. _____________________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (қажеттісін көрсету) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.
__________________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.
5. Осы конкурстық өтінім __ күн ішінде қолданылады.
6. _____________________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, біз шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгізуді міндеттенеміз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).
7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін атқарады.
Күні
Басшының қолы ________________________________________________________ М.О.
(Т.А.Ә., лауазымын көрсету)
Атырау қаласы М.Өтемісов атындағы орта мектебі ММ білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға 5–қосымша
Қызметкерлердің біліктілігі туралы
мәліметтер
(әлеуетті өнім беруші толтырады)
1. Әлеуетті өнім берушінің атауы___________________________________________
2. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті көрсету үшін _____________________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауын көрсету)
әлеуетті өнім берушіде қажетті штат қызметкерлері бар.
Қызметкерлердің жалпы саны ____ құрайды, оның ішінде растайтын құжаттарының көшірмелері қоса берілген ____ аспазшы, ____ технолог, ____ диетолог құрайды:
Қызметкердің Т.А.Ә.
|
Біліміжәнемамандығы
|
Мамандығы бойынша еңбек өтілі
|
Біліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтер
|
Жұмыс істеуге рұқсат берілгендігі туралы мәліметтер (рұқсат беру туралы белгісі бар медициналық кітапшалардың көшірмелері)
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
|
|
|
1. Растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, _________________________________ соңғы бес жыл ішінде конкурста сатып
(әлеуеттi өнiм берушiнің атауын көрсету) алынатын көрсетілетін қызметтерге ұқсас көрсеткен қызметтердің көлемі.
Көрсетiлгенқызметтердiңатауы
|
Тапсырысберушiлердiңатауы
|
Қызметтердікөрсетуорныжәнежылы
|
|
|
|
1. _______________________________________________________________________
(әлеуеттi өнiм берушiнің атауы)
рұқсат беру туралы белгісі бар жұмысқа жіберілген автокөлік пен жүргізушіге растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілген, қызмет көрсетуі үшін мамандандырылған автокөлігі (бар болса) бар:
Көлік түрi
|
Көлік маркасы
|
Жекеменшiк, жалғаалынған (кiмнен)
|
Жүргізушіге рұқсат беру туралы мәліметтер (рұқсат беру белгісі бар медициналық тапшалардың көшірмелері)
|
Рұқсат беру белгісі көрсетілген көліктің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы
|
|
|
|
|
|
1. Қаржы ресурстарына (ақша қаражаты: меншікті, кредиттiк және т.б.) қол жеткізу туралы мәліметтер. Төменде санамалау.
2. _____________________________________________________________________________
2. Әлеуетті өнім беруші қызмет көрсету үшін ресурстардың бар екені туралы қосымша мәліметтерді көрсетеді.
Бiлiктiлiгi туралы барлық мәлiметтердiң дұрыстығын растаймын.
Күні
Басшының қолы ________________________________________________________ М.О.
(Т.А.Ә., лауазымын көрсету)
Атырау қаласы М.Өтемісов атындағы орта мектебі ММ білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға 6 –қосымша
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау критерийлері
№
|
Критерийлер
|
Балдар
|
1
|
Конкурстың нысанасы болып табылатын қызмет
көрсету нарығындағы тәжірибесі
|
Әржылға 1 балдан, бірақ 5 балданаспайды
|
2
|
Экологиялық менеджмент жүйесін қанағаттандыратын
тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша
көрсетілетін қызметке қолданылатын сәйкестік
сертификатының бар-жоғы
|
Жоқ
(0 балл)
|
Бар
(2 балл)
|
3
|
Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын менеджмент сапасы жүйесі сертификатының бар-жоғы
|
Жоқ
(0 балл)
|
Бар
(3 балл)
|
4
|
Аспазшылардың біліктілігі
(10 балдан аспайды)
|
Арнайы орта білім
3-разряд
(1 балл)
|
Арнайы орта білім
4-разряд
(2 балл)
|
5-разряд және (немесе) жоғарғыбілім
(3 балл)
|
5
|
Технологтың, диетологтың болуы (4 балдан аспайды)
|
Жоқ
(0 балл)
|
Бір маман ғана бар
(1 балл)
|
Бар
(2 балл)
|
6
|
Шығарылатын өнімнің ассортименттік тізбесінің бар-жоғы
|
10-нан кем ас атауы
(1 балл)
|
10-нан 30-ға дейін ас атауы
(2 балл)
|
30-дан 50-ге дейін ас атауы
(3 балл)
|
7
|
Азық-түлікті санитариялық эпидемиоло
гиялық қорытындысы бар арнайы көлікпен жеткізу шарттары
|
Көлік жоқ
(0 балл)
|
Жалдамалы көлік
(3 балл)
|
Жеке көлігінің болуы
(5 балл)
|
Ескертпе: 4, 5-тармақтарда балдар әр маман үшін қойылады
Атырау қаласы М.Өтемісов атындағы орта мектебі ММ білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға 7 –қосымша
Банктік кепілдік
__________________________________________________________________________
(банктіңатауы мен деректемелері)
Кімге:_____________________________________________________________________
(конкурстыұйымдастырушыныңатауы мен деректемелері)
№___________кепілдік міндеттеме _____ж. «___»_______________________
(орналасқан жері)
Біз бұдан әрі «өнім беруші» деп аталатын ___________________________________________________________________________,
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
_____________________________________________________________ұйымдастырған
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
Білім беру ұйымдарының білім алушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті берушіні таңдау конкурсына қатысатындығынан және _____________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметтердің атауы)
қызмет көрсетуге әзір екендігінен хабардармыз.
________ж. «___»______________ жоғарыда аталған конкурсты өткізу жөніндегі конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің банктік кепілдік түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі көзделген.
Осыған байланысты біз__________________________________________________осы арқылы өзімізге (банктің атауы)
Сіздің талап етуіңіз бойынша Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ өнім беруші:
конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алғанын;
конкурс жеңімпазы деп танылған өнім берушінің қызмет көрсету туралы шарт жасасудан жалтарғанын;
қызмет көрсету туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шартты орындауға қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды орындамағанын не уақтылы орындамағанын жазбаша растауды алысымен __________________________________________________________________________тең
(сомасы цифрлармен және жазбаша)
соманы Сізге төлеуге қайтарылмайтын міндеттеме аламыз.
Осы кепілдік міндеттеме конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашқан күннен бастап күшіне енеді және өнім берушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімі қолданылатын соңғы мерзімге дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз ________ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатындығына немесе қайтарылмайтындығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды. Егер конкурстық өтінімнің мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Күні
Басшының қолы ________________________________________________________ М.О. (Т.А.Ә., қызметін көрсету)
Атырау қаласы М.Өтемісов атындағы орта мектебі ММ білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға 8 –қосымша
Берешектің жоқтығы туралы
анықтама
__________________________________________________________________________
(банк атауы)
___________ (күнін көрсету) жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген екiншi деңгейдегi банктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес аталған Банк қызмет көрсететін _____________________________________________________________________________
(заңды (жеке) тұлғаның толық атауы, тел., мекенжайы, көрсетiлciн)
банк алдында анықтама берiлген айдың алдындағы үш айдан көп созылған мерзiмi өткен берешегiнiң жоқ екенін растайды.
Күні
Басшының қолы ________________________________________________________ М.О.
(Т.А.Ә., қызметін көрсету)
Достарыңызбен бөлісу: |