18
1.5 Wi – Fi түрлері
IEEE 802.11 стандарты IEEE 802.11a, b, c, d, e, f, g, h, i, j, k, n, s.
түрлеріне бөлінеді. Осы түрлердің ішінен жиі қолданылатын IEEE 802.11b
IEEE 802.11g және IEEE 802.11n – осындай желілер Wi – Fi – ды айтқанда
осы желілер жайында сөз болады. 802.11b және 802.11g желілері 2.4ГГц
диапазонында жұмыс істейді. Олар деректерді тасымалдау жылдамдығымен
және қызмет радиусымен ерекшеленеді. 802.11b желілерінің жоғарғы
жылдамдығы 11Мбит/сек құрайды, ал қызмет радиусы ашық кеңістікте 150
метрге, ал мекеменің ішінде 20 – 30 метрге дейін жетеді. 802.11g желісі өте
үлкен жылдамдықты қамтамасыз етеді – 54Мбит/сек дейін, және ашық
кеңістікте қызмет жылдамдығы 300 метрге дейін жетеді. Барлық заманауи
қатынас құру нүктелері (қатынас құру нүктесі – сымсыз желінің
пайдаланушылары арасында байланыс орнатуға мүмкіндік беретін құрылғы)
802.11b және 802.11g жұмыс істей алады. 802.11n стандартының заманауи
қолдауы бар. Осындай желілердің қызмет радиусы 450 метрге дейін жетеді.
1.6 Wi – Fi технологиясының стандарттары
IEEE 802.11 стандарты – бұл 2,4 – 5ГГц жиілік аралығындағы
жергілікті сымсыз аумағында байланыс стандарттарының жиынтығы Қазіргі
таңда көбінесе IEEE 802.11 стандартының үш түрі қолданылады:
- IEEE 802.11а;
- IEEE 802.11g;
- IEEE 802.11n.
1 . 1 К е с т е – Стандарттардың түрлері
Стандарт
802.11 802.11а
802.11b
802.11g
802.11n
Стандарттың
сертификатталған
жылы
1997
1999
1999
2003
2009
Өткізудің
қолжетімділік
жолағы
83,5
МГц
300
МГц
83,5 МГц 83,5 МГц 300 МГц
Операция жиілігі
2,4-
2,4835
ГГц
5,15-
5,35
ГГц
2,4-2,4835
ГГц
2,4-2,4835
ГГц
2,4-
2,4835
ГГц
Модуляция типтері
DSSS,
FHSS
OFDM
DSSS
DSSS,
OFDM
DSSS,
OFDM
Арналы
арқылы
мәліметтерді жіберу
жылдамдығы
1-2
Мбит/с
6-54
Мбит/с
1-11
Мбит/с
1-54
Мбит/с
100-300
Мбит/с
19
802.11n стандартынан бастап Wi – Fi сымсыз желісі квадраттық
модуляцияға өтуде. Бұл сымсыз желінің жұмыс радиусы мен мәліметтер
тарату жылдамдығына бірден әсер етеді. Егер каналдық деңгейде барлық
сымсыз желінің 802.11 стандарттарының архитектуралары бірдей
болғандықтан, онда әр түрлі стандарттағы желі үшін физикалық деңгей басқа
болады. Физикалық деңгей ғана қосылу жылдамдығы және мәліметтерді
тарату кезінде модуляция әдісі мен физикалық кодтау жолымен анықталады.
1.6.1 IEEE 802.11a стандарты
IEEE 802.11a стандарты – бұл ең соңғы сымсыз стандарты LAN, 2002
жылы анықталып, сол жылы коммерциялық қолдануға шықты. IEEE 802.11a
стандарты OFDM (Orthogonal Frequency Division Multiplexing –
мультиплекстей отырып арналарды ортогоналдық жиіліктік бөліп – ажырату)
әдісін қолданады. Бұл әдіс арналарды тиянақты бөліп – тарату кезінде
толқынның оңтайлы пішінін автоматты түрде таңдау тетігі болып табылады.
Оның көмегімен көптеген жолдар арқылы сигналдың таралуын, сигналдың
өшуін, импульстық шуды және интерференцияны болдырмауға болады
802.11 стандарт айқындамасында, LAN OFDM сымсыз желі үшін,
модуляциясы үшін қолданады және сұлбаны қамтамасыз етеді, кең жолақты
сигналды сондай айналада, қабылдағышты шағылысқан сигнал саптан
шығаратын, жіберген деректерді кері кодалауды болдырмай, қабылдаған
деректерде болады. 802.11стандарты 5 ГГц жиілік жолағында 20 МГц
арақашықтықта, көршілес арна арасында жұмыс істейді. 802.11a
айқындамасы деректерді 6 – дан 54 Мб/с дейін жылдамдықпен тасымалдауды
қамтамасыз етеді. Бұдан жоғары тасымалдау жылдамдығында қабылдау
аумағы азаяды.
802.11a шешімдерін қолдайтын құрылғыларды өндірушілерден 6 Мб/с,
12 Мб/с және 24 Мб/с жылдамдықтармен жұмыс істеу мүмкіндіктері талап
етіледі. Кейбір өндірушілер 9 Мб/с, 18 Мб/с, 36 Мб/с, 48 Мб/с және 54 Мб/с
тасымалдау жылдамдығын қамтамасыз етеді.
OFDM берілген сигналды 48 бөлек таситын жиілікке бөледі де, 6, 9, 12,
18, 24, 36, 48, 54 Мбит/сек деңгейдегі тасымалдауды қамтамасыз етеді. 6, 12
және 24 Мбит/сек деңгейлері кез келген өнімдерге қажет. Әрбір тасуыш
жиілікте OFDM фазалық немесе квадратуралық модуляцияны қолданады.
Қолдаңба төрт бақылау жиіліктері, жіберілетін сигналдың фазалық жылжуы
және жиіліктердің минимизациялары үшін бақылауды қамтамасыз етеді.
Осындай тасымалдау әдісі OFDM-ға өте жоғары тиімділікке жетуге
мүмкіндік береді. Бұл жоғары деңгейлі тасымалдауға және көп бұрмалаудың
минимализациялық әсеріне жетелейді. Бұл жағдайда биттар кодаланып,
тығыз қапталған көптеген тасылатын жиіліктер арқылы таратылады.
Ортогоналдық тасушы жиіліктердің көптеген бұрмалану жағдайында
олардың бір – бірімен интерференцияланбайтындығынан көрінеді [2].
Жұмыс жиіліктері келесі диапазондар арқылы анықталады: 5.15 – 5.25
Ггц, 5.25 – 5.35 Ггц, және 5.725 – 5.825 Ггц. Бұл спектрдың ішінде 20 Мгц –