2
1. Жалпы ережелер
1.
Бұл Ережелер «Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»
Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамымен (бұдан әрі-Қоғам)
жылжымайтын мүлікті тиімді басқаруды ұйымдастыру және Қоғам иелігіндегі
меншіктік және коммуналдық мүлікті жалға беру (жалдау) тәртібін (бұдан әрі –
Ереже) реттеу мақсатында әзірленді.
Осы Ережелердің әрекеттері мәдениет және спорт нысандарында
орналасқан жайларды жалға алу (жалдау) кезінде туындайтын қатынастарға
қолданылмайды, олардың қызметі басқа құжатпен реттеледі.
2.
Ережелерде келесі негізгі түсіндірмелер қолданылады:
1)
тұрғын емес жайлар – Қоғамның сенімді басқаруындағы
жылжымайтын мүлік нысандары;
2)
кәсіпкерлік қызмет - мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру,
өткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету арқылы таза табысты алуға
бағытталған азаматтардың, оралмандар мен заңды тұлғалардың тәуелсіз,
бастамашыл қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің тәуекелдікке және
мүліктік жауапкершілігіне байланысты жүзеге асырылады.
3)
коммерциялық емес ұйымдар - негізгі қызметінде пайда табуды
көздемейтін және таза табысын қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға;
4)
әлеуметтік жобалар - коммерциялық емес ұйымдардың халықтың
әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жұмыс және/немесе қызмет көрсету,
және/немесе тауарлар сатуға бағытталған тәуелсіз, белсенді қызметтер.
5)
аукцион тауары (лот) – кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін
тұрғын емес жайды/тұрғын емес жайларды жалға алу (жалдау) келісім
шарттарын жасау құқығы;
6)
лоттың бастапқы бағасы – АхВ=S формуласы бойынша
анықталатын қаржылық сомма, мұндағы:
А – тұрғын емес жайлардың түріне байланысты Қоғамның жалға алу
бағасы бекітілген бағалар тізіміне сәйкес 1 ш.м ең төменгі бағасы;
В – жалға беруге ұсынылатын тұрғын емес жайдың ауданы;
S – лоттың бастапқы бағасы.
7)
аукцион қадамы - аукцион тауарының өскен бағасының ақшалай
интервалы;
8)
комиссия – әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мақсатында тұрғын
емес жайларды жалға алудан (жалдау) үміткер қатысушыларды әріктеу және
жеңімпазды анықтау үшін Қоғаммен құрылатын алқалық орган. Комиссия
құрамына жергілікті атқарушы орган және/немесе мемлекеттік басқарма
органдарының өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың өкілдері кіре
алады;
9)
өтінімдерді қарайтын жұмыс тобы – берілген өтінімдердің
толыққандығына, құжаттар топтамасына баға беретін, Қоғам қызметкерлерінен
құралған алқалық орган;
10) аукционшы – Осы Ережелерге сай аукцион өткізу үшін аукцион
Ұйымдастырушысының өкілеттігіне ие жеке тұлға;
3
11) потенциалды қатысушы – тұрғын емес жайды жалға алу келісім-
шартын жасауға үміткер коммерциялық емес ұйым немесе кәсіпкерлік
субъектісі;
12) оператор – өз қызметін тапсырма шарты бойынша келісім негізінде
жүргізетін Қоғамның еншілес ұйымы;
13) ұйымдастырушы - «Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»
Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы;
14) кепілдік жарна -кәсіпкерлік субъектісінің тұрғын емес жайларды
аукцион тәртібімен жалға алу (жалдау) өтінішін беру кезінде сәйкесінші лот
бойынша әр бір тұрғын емес жай үшін бастапқы бағаның 100% (жүз)
көлеміндегі ұйымдастырушының есеп шотына аударылатын ақшалай жарнасы;
Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мақсатында тұрғын емес жайларды
жалға алу (жалдау) үшін өтініш берген жағдайда кепілдік жарна талап
етілмейді.
15) Жалға алу келісім-шарты – Қоғам мен жеңімпаз арасында
жасалатын тұрғын емес жайларды жалға алу келісім-шарты (№7 Қосымша);
16) Жеңімпаз – аукционға қатысу кезінде ең үлкен баға ұсынған
потенциалды қатысушы немесе Комиссия қарауымен жеңімпаз деп танылған
тұлға;
17) Келісім-шарттарды бақылау – Қоғамның жасалған келісім
шарттарын орындалуын тексеру, сондай ақ жайлар орналасқан мекен-жайларды
тексеру жолдарымен өтетін іс-шаралар;
18) Жауапсыз қатысушылар реестрі – тұрғын емес жайларды жалға
алу келісім шарттарын жасаудан бас тартқан, тұрғын емес жайларды жалға алу
келісімдерінің шарттарын жауапсыз орындаған, Оператордың ұсынысымен
Қоғаммен жасалған қатысушылар тізімі.
2. Тұрғын емес жайларды жалға беру тәсілдері
1. Тұрғын емес жайлар төмендегі тәсілдермен ұсынылады:
1) комиссиялық іріктеу жолымен;
2) аукцион өткізу жолымен;
2. Тұрғын емес жайлар коммисиялық іріктеу арқылы төмендегі жағдайларда
ұсынылады:
1) әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін тұрғын емес жайларға
өтініштер келгенде;
2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін 1 (бір) тұрғын емес жайға 1
(бір) өтініш 1 (бір) потенциалды қатысушыдан болғанда және/немесе қатысушы
қолында оның Қоғамға берілгенге дейінгі мерзімде Астана қаласы әкімдігінің
уәкілетті органымен тұрғын емес жайды пайдалануға беру туралы келісімді
растайтын құжат болған жағдайда. Тұрғын емес жайларды пайдалану құқығын
растайтын Құжат дегеніміз тұрғын емес жайды иелену құқығы мерзімінде
туындайтын, өзгеретін немесе күшін жоятын, оның ішінде сот шешімдері,
атқарушы оргнадардың құқықтық актілері заңды фактінің (заңдық құрамы)
күшіне енгендігін растайтын құжат.
3. Тұрғын емес жайлар аукцион арқылы ұсынылады, егер: