«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шарт
«Астана қаласының Еңбек инспециясы
жөніндегі басқармасы» ММ
13.07.2015 ж. №89 тіркелді
Астана 2015 ж.
«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шарт
Жарғы негізінде әрекет ететін «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының атынан (бұдан әрі – Жұмыс беруші) «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы Президентінің міндетін атқарушы К.А.Саурбаев бір тараптан және «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы қызметкерлері (бұдан әрі – Қызметкерлер) атынан «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі - Кәсіподақ) әрекет ететін Кәсіподақ төрағасының міндетін атқарушы Ж.А. Сабитов екінші тараптан, бірге Тараптар деп аталатын, төмендегілер туралы осы «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.
I бөлім. Жалпы ережелер
Шарт Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі), «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, басқа да нормативтік құқықтық актілер негізінде жасалды.
Шарт әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акті болып табылады, Тараптардың тең құқықтарын және мүдделерін сыйлау қағидатын негізге ала отырып жасалды, «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Шарт 2015-2017 жылдарға арналып жасалды және қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
Шарттың күші Жұмыс беруші мен олардың атынан ұжымдық шарт жасалған Қоғам қызметкерлеріне және оларға жазбаша өтініштің негізінде қосылған қызметкерлерге, босатылған, сайланбалы және штаттағы кәсіподақ қызметкерлеріне таралады. Қосылу тәртібі Шарттың 12-қосымшасында қарастырылған.
Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде есепте тұрған жұмыс істемейтін, соның ішінде «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған зейнеткерлер үшін осы Шартпен жеңілдіктер мен кепілдіктердің жекелеген түрлері көзделген.
Осы Шарттың еңбекке ақы төлеу, әлеуметтік кепілдіктер және өтемақылар төлеу бөлігіндегі ережелері Қоғамның орталық аппаратының қызметкерлеріне таралмайды:
Шарттың 2-бөлімі 9-тармағының 31) тармақшасының д), е), ж), 32) тармақшасының г), 37) тармақшасын, 38) тармақшасын;
Шарттың 3-бөлімі 10-тармағының 5) тармақшасын, 6) тармақшаның в);
Шарттың 5-бөлімі 12-тармағының 1), 17), 18), 19), 20), 28), 32), 34), 35) 36) тармақшаларын қоспағанда.
Шарттың ережелері Тараптардың басшылыққа алуына және орындауына міндетті болып табылады. Тараптардың ешқайсысының Шарттың кез келген тармағын бір жақты өзгертуге немесе іс-әрекетін тоқтатып қоюға құқығы жоқ.
Шартқа өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың ортақ келісімі негізінде енгізіледі. Тараптардың біреуінің келіссөздер жүргізуді бастау туралы талабы екінші Тарапқа міндетті болып табылады. Шартқа енгізілетін барлық өзгертулер мен толықтырулар Жұмыс беруші мен Кәсіподақ өкілдерінен құрылатын комиссиямен (бұдан әрі – Комиссия) қаралады, Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын және онымен тең заңдық құқық күші бар, Тараптар қол қоятын қосымша келісімдермен ресімделеді.
Шарттың ережелеріне түсінік беру Тараптардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Шарт өзінің күшін қайта ұйымдастыру кезеңінде сақтайды.
Осы Шартқа қол қойылғаннан сәттен бастап, 2013 жылғы 27 тамыздағы №9 ұжымдық шарттың күші жойылады.
II бөлім. Еңбекті ұйымдастыру және нормалау,
еңбекақы мен жұмыс уақыты
Жұмыс беруші:
Қоғам қызметкерлері үшін еңбекке ақы төлеудің ең төменгі кепілдіктері ретінде еңбекке ақы төлеу жөніндегі тарифтік кесте немесе лауазымдық еңбекақы сызбасы және Қоғамдағы еңбекке ақы төлеудің белгіленген ең төменгі мөлшері негізінде тарифтік ставкалар мен еңбекақыларды қолдануға;
Қызметкерлерге еңбекақы төлеу қағидасы Кәсіподақпен келісілуі тиіс.
Біржолғы ынталандыру төлемдерін есепке алмай, Қоғам қызметкерлерінің орташа айлық еңбекақысының 75 пайызынан кем болмайтын негізгі еңбекақы үлесін қамтамасыз етуге (еңбекақының тұрақты бөлігіне қатысты);
2) жұмысшыларды тарифтеуді және оларға біліктілік разрядтарын және санаттарын беруді қолданыстағы жұмысшылардың жұмыстары және кәсіптерінің тарифтік-біліктілік анықтамалықтары бойынша Кәсіподақтың келісімімен жүргізуге;
Қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі разрядтарды тиісті лауазымдардың біліктілік сипаттамалары талаптарына және лауазымдық еңбекақылардың белгіленген сызбаларына сәйкес белгілеуге.
3) мамандығы және еңбек өтілі жоқ қызметкерге кәсіпті игеру кезеңінде ол қабылданып отырған кәсіп бойынша, егер бұл кәсіп үшін арнайы оқыту талап етілмесе, ең төменгі разряд белгілеуге;
4) ауыр, ыстық және қауіпті жұмыстармен, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен және еңбек жағдайлары ерекше зиянды ерекше ауыр жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарттарына негізделген жұмыс орындарын аттестациялау нәтижелері бойынша тарифтік ставкаларына (еңбекақыларына) сараланған қосымша төлемдер белгілеуге (Шартқа 1-қосымша);
5) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі №182-п бұйрығымен бекітілген Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғары мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тiзбесiнің (бұдан әрі - Тізім) негізінде жасалған нақты жұмыс істеген уақыты үшін қосымша төлем жасау арқылы еңбекақының жоғары мөлшері қойылатын ауыр, ыстық және қауіпті жұмыстармен, еңбек жағдайлары зиянды және еңбек жағдайлары аса зиянды аса ауыр жұмыстармен айналысатын жұмысшылардың кәсіби тізбесіне (Шартқа 2-қосымша) сәйкес қызметкерлерге қосымша демалыстар беруге;
6) қол жеткізілген техника, технология, еңбек ұйымдастыру деңгейін есепке алып, еңбек нормаларын (өнімділік, уақыт, қызмет көрсету және қызметкерлер саны) енгізуге және қайта қарауға. Еңбек нормаларын өзгертуге қатысы бар қызметкерлерге өзгертулер енгізілгенге дейін бір ай бұрын хабарлауға. Қолданылатын актілердің тізбесін, сондай-ақ оларды енгізу мерзімдерін, әзірлеуді және қайта қарауды тиісті сайланбалы кәсіподақ органымен келісім бойынша белгілеуге;
7) аймақтық филиалдары мен вагон жөндеу деполарының, сондай-ақ Астана қаласында орналасқан және басқару аппаратына қатысы жоқ Қоғам филиалдарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген инфляция деңгейінің шегінде еңбекақыны индекстеу мүмкіндігін Қоғамның қаржылық мүмкіндігіне қарай Тараптардың келісімі бойынша белгілеуге;
8) Қоғам қызметкерлерінің еңбекақысын есепті айдан кейінгі айдың 10-ына дейін төлеуді қамтамасыз етуге.
Еңбек шартын бұзған кезде қызметкерге тиесілі барлық сомалардың төленуін бұзылған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізуге;
9) міндетті зейнетақы жарналарды уақытылы аударуды қамтамасыз етуге;
10) қызметкерлерге Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес тарифтік ставкаларға (еңбекақыларға) қосымша ақылар жүргізуге:
кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқарғаны үшін;
қызмет көрсету аймағының кеңейгені немесе жұмыс көлемінің ұлғайғаны үшін;
уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін негізгі жұмысынан босатусыз орындағаны үшін;
бригаданы басқарғаны үшін (негізгі жұмыстан босатылмаған, жұмысшылар ішінен тағайындалатын бригадирлерге);
Аталған қосымша ақылар еңбекке ақы төлеу қорына және жұмыс көлеміне қарай қайта қарауға. Басшылардың штаттық орынбасарларына уақытша болмаған басшылардың міндеттерін атқарғаны үшін қосымша ақы төлеуді жүргізбеуге.
Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес тарифтік ставканың (еңбекақының) 10 пайызынан кем болмайтын үстемақы:
а) «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған Қоғам қызметкерлеріне - ай сайынғы;
б) «Қәсібі бойынша үздік» белгісімен марапатталған Қоғам қызметкерлеріне - «Көтермелеу туралы» бұйрығы шыққан күннен бастап 12 ай ішінде төлеуді жүргізуге.
11) Кәсіподақпен келісілген Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерлерді моральдық және материалдық ынталандыру түрлерін қолдануға;
12) Қоғам қызметкерлерінің барлық санаттарына күнтізбелік кезеңге сыйақылардың келесі түрлерін қарастыруға:
- тоқсандағы жұмыс қорытындылары бойынша;
- жыл бойынша (еңбекке ақы төлеуге бөлінген қаражатты үнемдеу есебінен);
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының көлік қызметкерлері күні» кәсіптік мерекеге он ЕАТМ-нен (тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген еңбекақының ең төменгі мөлшері) аспайтын мөлшерінде біржолғы сыйлықақы төлеуге. Қоғам филиалдарының штатында тұрған қызметкерлерге сыйлықақы төлеу туралы бұйрық шыққан күнге, келесі қызметкерлердің санаттарын қоспағанда, сыйлықақы төлеу жүргізіледі:
а) жүктілігі және босануы бойынша, сондай-ақ тікелей перзентханадан жаңа туған баланы асырап алуына байланысты демалыста жүргендерге;
б) Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген жасқа жеткенше бала күтімі бойынша еңбекақысы сақталмайтын қосымша демалыста жүргендерге;
в) қызметкердің өтініші негізінде еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша 30 күнтізбелік күннен асатын еңбекақысы сақталмайтын ұзақ демалыста жүргендерге;
13) сыйлықақыларды есептеу үшін кезекті еңбек демалысында (жұмыс күндері) болған уақыты, қызметтік іссапарда (соның ішінде біліктілікті арттыру курстарында), оқу демалысында болған кезеңі нақты жұмыс істеген уақытына қосылады;
14) қызметкерлердің еңбекақысын есептеген кезде экологиялық апат аудандарында тұрғаны үшін қосымша төлем жүргізуге (Шартқа 3-қосымша).
Арал өңіріндегі экологиялық қолайсыз аудандарында тұрғаны үшін қосымша төлемді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарифтік ставкасын (лауазымдық еңбекақысын) негізге ала отырып жүргізуге.
15) белгіленген регламентке сәйкес мерзімді еңбекақы алатын жұмысшыларға тарифтік ставкаларды (еңбекақыларды) 15 пайызға көтеруге, кесімді еңбекақы алатын жұмысшыларға аса қиын метеорологиялық жағдайлар (аяз, бұрқасын, қар басу, аптап) кезінде үнемі ашық ауада орындалатын жұмыстардың белгіленген өндірім нормаларын 15 пайызға төмендетуге және арнайы үзілістер беруге:
ауаның температурасы минус 25 градус (Цельсий бойынша) және төмен болған кезде;
ауаның температурасы 10 градустан (Цельсий бойынша) төмен болып, бұрқасын мен қардың басып кетуіне алып келетін қар жауған кезде;
ауаның температурасы 35 градустан (Цельсий бойынша) жоғары болған кезде;
Жоғарыда аталған еңбекке ақы төлеу және нормалау шарттарын қолдануды тиісті актілермен ресімделген метеорологиялық мәліметтер деректерінің негізінде, ұзақтығы жұмыс ауысымының 2/3-інен асатын жұмыстарды ашық ауада орындаудың нақты күндері үшін жүргізуге;
16) тегін жол жүру билеттердің және жеңілдікпен отынмен қамтамасыз етудің жойылуына байланысты мыналарда жұмыс істейтін қызметкерлерге ай сайын үстеме ақы белгілеуге:
5-класс станцияларда, разъездер мен басып озу пункттерінде – 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бұдан әрі – АЕК);
4-класс станцияларда, - 1,5 АЕК;
3-класс станцияларда – 1 АЕК.
Егер қызметкер жоғарыда аталған станциялардың бірінде тұрып, жұмысы басқа станцияда болса, онда қосымша ақы мөлшері тұрғылықты жерінен белгілеуге.
Жұмыс берушімен құнына тасымалдау бойынша шығыстар кіретін отын (тұрмыстық көмір) сатып алу 3, 4, 5-класс станцияларда тұратын қызметкерлерге, сондай-ақ зейнеткерлерге жұмсаған сомаларды кейіннен өтей отырып жүзеге асырылады;
17) қызметкерлерге мерзімнен тыс жұмыс сағаттарына, соның ішінде жұмыс уақытын жинақтап есепке алған кезде, кем дегенде бір жарымдық мөлшерде төлеуге.
Мерзімнен тыс сағаттарды есептеу үшін жұмыс уақыты нормаларын болмаған сағаттарға түзету жүргізуге (уақытша еңбекке жарамсыздығы, еңбек демалысы, еңбекақысы сақталмайтын демалыс).
Ерекше жағдайлары аса қауіпті және аса зиянды жұмыстарда мерзімнен тыс жұмыс сағаттарына жол бермеуге;
18) қызметкердің кінәсінен емес жұмыссыз тұру уақытына орташа айлық еңбекақының 50 пайызынан төмен болмайтын есеппен төлем жасауға. Қызметкердің өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін жағдай пайда болған кезде (мұндай жағдайды Қоғамның арнайы еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі қызметтерімен, ал даулы жағдайларда - Мемлекеттік еңбек инспекциясымен расталған кезде) оған бұзушылықтарды жою үшін қажет болған барлық кезеңге орташа еңбекақы төлеуге (қызметкердің кінәсінен жұмыссыз тұрған уақытқа төлем жасалмайды). Әрекетсіз кезекшілік үшін Жұмыс берушінің Кәсіподақпен келісілген актілеріне сәйкес төлем жасауға;
19) жол жүру бойында орын ауыстырумен немесе жұмыстарды орындаумен байланысты, қызмет көрсететін учаскелер шегіндегі тұрақты орындалатын жұмыстың жүріп-тұру сипаты үшін қызметкерлерге еңбек шартымен белгіленген үстеме ақы төлеуге (Шартқа 4-қосымша);
20) Қоғам филиалдары басшыларының бұйрықтарына сәйкес негізгі жұмысынан босатылмаған, олардың келісімдері бойынша оқуға тартылған білікті қызметкерлерге:
- тарифтік ставканың (еңбекақының) 20 пайызы мөлшерінде басқа қызметкерлерді (ай сайын), қабылданған немесе ауыстырылған бір қызметкерді оқыту жөніндегі жұмысы үшін,
- Қоғамның филиалдарында өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан студентті оқытуы үшін тарифтік ставканың (еңбекақының) 10 пайызы мөлшерінде төлеуге;
21) біліктілігін көтеру курстарына, соның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жіберу кезінде қызметкерге купелік вагонда жол жүргені, тұрғаны (егер тұру құны оқыту құнына енгізілмесе) үшін шығыстарын және оқу орнына жету мен қайту уақытына белгіленген мөлшерде тәуліктік ақы төлеуге.
Оқудан немесе біліктілігін көтеру курстарында қайта даярлаудан өткен кезеңде қызметкерге бұрынғы жұмыс орнын (лауазымын) және орташа еңбекақысын сақтауға.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы филиалдарында – теміржол көлігі қызметкерлерінің оқу орталықтарында біліктілік арттыру және оқу курстарына өндірістен қол үзіп қатысқан жағдайда басқа қаладан келген тыңдаушыларға оқудың бірінші айы үшін іссапарлар жөніндегі қолданыстағы актілермен белгіленген нормалар бойынша тәуліктік шығыстар төлеуге.
Біліктілік арттыру (оқу) курстарында 1 (бір) айдан артық уақыт болған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген ең төменгі еңбекақы мөлшерінде әр айға қосымша шәкіртақы төлеуге.
Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілік арттыру аяқталған соң оқытылған қызметкер келісімде Тараптармен келісілген мерзімде Жұмыс берушіде жұмыс істеуі міндетті.
Еңбек шарты келісімде белгіленген мерзімге дейін қызметкердің кінәсінен Жұмыс берушінің немесе қызметкердің бастамасымен бұзылған жағдайда, қызметкер оның оқытуға байланысты жіберген шығындарды жұмыс істелмеген мерзімінен пропорционалды түрде өтейді;
22) Жұмыс берушімен ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес берілген грант шеңберінде қызметкерді күндізгі оқу нысанындағы магистратура, аспирантура және докторантура (PhD) бағдарламалары бойынша оқуға жіберген кезде қызметкерге еңбекақысы сақталмайтын демалыс, сондай-ақ Жұмыс берушінің ішкі нормативтік құжаттарымен көзделген басқа да кепілдіктер беруге;
23) мыналар:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс уақытының ұзақтығын (нақты жұмыс режимдері кәсіподақ комитетімен келісіле отырып, ішкі еңбек тәртібі ережесімен белгіленеді).
Басқа мемлекеттің аумағында орналасқан Қоғам өкілдіктерінің қызметкерлеріне демалыс және мереке күндерін олардың орналасқан елдің заңнамасына сәйкес беруді қамтамасыз етуге;
24) қызметкерге күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ішінде демалу және тамақтану үшін ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын бір үзіліс беруге;
25) жұмыс істейтін 1 және 2-топ мүгедектеріне қысқартылған жұмыс күнін және ұзақтығы он бес күнтізбелік күннен кем емес қосымша төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын белгілеуге;
26) өндіріс шарттары бойынша белгіленген күнделікті жұмыс уақытының ұзақтығы сақталуы мүмкін емес, үздіксіз тәулік бойы жұмыстармен айналысатын қызметкерлер үшін қызметкердің (қызметкерлердің өкілінің) келісімі бойынша ай, тоқсан есептік кезеңімен жұмыс уақытының жиынтықты есепке алуын енгізуге. Есептік кезеңдегі жұмыс сағаттарының нормасы алты күндік жұмыс аптасы жағдайындағы жұмыс уақытының балансына байланысты белгіленеді.
Жұмыс уақытын және демалыс уақытын реттеуді барлық есептік кезеңге белгіленген ауысымдық график негізінде жүргізуге, бұл ретте, қабылданған есептік кезеңде демалыс күндерінің саны осы есептік кезеңінің демалыс күндеріне тең болуы тиіс;
27) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 98-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Жұмыс берушінің бастамасы бойынша демалыс және мереке күндері жұмысты орындау үшін қызметкерлерді олардың жазбаша келісімімен және Жұмыс берушінің актісі негізінде тартуға.
Демалыс және мереке күндері жұмысқа шыққаны үшін екі есе мөлшерде төлем жасауға немесе қызметкердің тілегі бойынша оған бір өлшемдік мөлшерде төлем жасап, қосымша демалыс күнін беруге;
28) үздіксіз тәулік бойы ауысымдық жұмыстағы қызметкерлер үшін мұсылмандық күнтізбе бойынша Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество жалпы демалыс күндері деп санауға.
Аталған күндерде жұмыс істегені үшін ақы төлеу Шарттың 9-тармағының 27) тармақшасына сәйкес жүргізуге;
29) қызметкерлерге жұмыс орнын (лауазымын) сақтау арқылы ұзақтығы белгіленген жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге:
жұмысшыларға –24 күнтізбелік күн;
басшыларға, мамандарға, қызметшілерге - 24, 28, 30 күнтізбелік күн (5-қосымша).
Демалыстарды беру кезектілігін өндірістік процесті ескере отырып, кәсіподақ органдарымен келісіп бекітілген график бойынша белгілеуге.
Қызметкерді еңбек демалысынан кері шақыртып алған жағдайда (оның келісімімен) еңбек демалысының, соның ішінде қосымша демалыстың пайдаланылмаған күндерін ағымдағы жылдың басқа уақытында беруге немесе келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосуға, немесе өтемақы төлеуге. Шақырту еңбектің зиянды жағдайлары үшін қосымша демалыс күндерін пайдаланғаннан кейін ғана жүргізуге. Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу оның басталуынан бұрын үш күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізуге;
30) қызметкерге есептік жылда (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін) бір рет жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берген жағдайда бір айлық тарифтік ставкадан (лауазымдық еңбекақыдан) аспайтын материалдық көмек төленеді. Жаңадан қабылданған қызметкерге немесе бала (-лар) туумен, жаңа туған бала (-лар) асырап алумен байланысты демалыстан шыққан қызметкерге жұмысқа қабылданған/шыққан күннен бастап демалысқа төленетін ақыға қоса берілетін материалдық көмек 6 айдан кейін ғана төленеді. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы бөліп берілген жағдайда қызметкерге материалдық көмек біржолғы есептелген демалыстық сомамен бірге толық көлемде төленеді;
31) тиісті құжаттарды ұсынғанда қызметкерлерге ақылы қосымша демалыстарды мына жағдайларда беруге:
а) Тізімге сәйкес зиянды жұмыс жағдайларындағы жұмысы үшін;
б) экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшін;
в) теміржол көлігі ұйымдарындағы еңбек өтілі үшін, үш жылдан артық - әрбір келесі жыл үшін 2 күннен, бірақ 6 (алты) күнтізбелік күннен артық емес;
г) өндірістен қол үзбей орта және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын қызметкерлерге сессия, дипломдық жобаларды дайындау және қорғау, емтихандарды тапсыру кезеңіне. Ақы төлеуді оқу орнының тиісті құжатымен расталған оқу жоспарын орындау шартымен, жыл сайынғы еңбек демалысына төлемақыны есептеу тәртібімен, бірақ 20 еселеген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде орташа айлық еңбекақы сомасынан жүргізуге;
д) қызметкердің ата-анасының, жұбайының/зайыбының, балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңілілерінің, қарындастарының) қайтыс болуына байланысты – 3 жұмыс күні;
е) неке қиюына байланысты – 3 жұмыс күні;
ж) баласының тууына немесе баланы асырап алуына байланысты – 1 жұмыс күні.
Қосымша демалыстар ақы төленетін кезекті еңбек демалысына жатқызылмайды, олар бойынша есептеу және төлем жасау жыл сайынғы еңбек демалысына төлемақыны есептеу тәртібімен жүргізіледі;
32) материалдық көмек көрсетуге:
а) қызметкердің қайтыс болуына байланысты – 100 АЕК;
б) қызметкердің ата-анасының, жұбайының/зайыбының, балаларының қайтыс болуына – 50;
Қайтыс болуға байланысты материалдық көмек көрсету үшін өтінішке қайтыс болу туралы куәлік көшірмесі, туыстығын растайтын туу туралы куәліктің көшірмесі, баланың өлі тууы туралы анықтама қоса берілуі тиіс.
в) баланың тууына, асырап алуға байланысты – екі еселенген ең төменгі еңбекақы мөлшерінде, екі немесе одан көп бала туылған, асырап алынған жағдайда – әр бала үшін үш еселенген ең төменгі еңбекақы мөлшерінде.
Бала (-лар) туу немесе асырап алуға байланысты материалдық көмек көрсету үшін өтінішке растайтын құжаттар қоса берілуі тиіс.
г) неке қиюына байланысты:
Қоғам қызметкеріне – 20 АЕК, Қоғамның орталық аппаратының басшылық қызметкерлерін қоспағанда (Президент, вице-президенттер, атқарушы директорлар, бас бухгалтер, бас инженер) (бұдан әрі – Қоғамның орталық аппаратының басшылық қызметкерлері).
а), б), в), г) тармақшаларында сипатталған жағдайлар бойынша материалдық көмек көрсету үшін берілетін өтініштер жағдай басталған күннен бастап 90 күннен кешіктірілмей берілуі тиіс.
Егер материалдық көмек алу құқығы бар отбасы мүшелері Қоғамның қызметкерлері болып табылатын болса, көмек олардың біреуіне ғана көрсетіледі;
33) Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес қызметкерге жазбаша өтініші негізінде еңбекақысы сақталмайтын демалыс беруге;
34) толық емес жұмыс уақыты режимін енгізген кезде демалысқа төлем жасау үшін (пайдаланылмаған демалысқа өтемақы төлеу үшін) орташа күндік (орташа сағаттық) еңбекақыны есептеуді нақты жұмыс істелген уақыт есебінен жүргізуге;
35) зейнеткерлік жасқа жетуіне 3 жыл және одан да кем уақыт қалған қызметкерлерге толық жұмыс күні режимін (толық жұмыс аптасы) сақтауға;
36) білім беру мекемелері (мектептер, мектеп-интернаттар) жоқ елді мекендерде тұратын қызметкерлерге мектеп жасындағы балалары бар қызметкер қажетті құжаттарды (жұмыс орнынан берілетін анықтамаларды, қызметкердің мектеп жасындағы балаларының санын растайтын анықтамаларды, мектептің орналасқан жерін және балалардың осы мектепте оқитынын растайтын мектеп анықтамаларын) тапсырған кезде қалалар мен ірі тораптық станцияларда орналасқан мектептердегі, мектеп-интернаттардағы оқу орнына барып келу үшін бір оқушыға арналған бір айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде оқу жылы кезеңінде ай сайынғы қосымша ақы төлеуге;
37) қызметкерлерге уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі жәрдемақыны заңнамаға сәйкес есептелген орташа еңбекақы есебінен төлеуге. Бұл ретте уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі айлық жәрдемақының мөлшері отыз еселенген АЕК шамасынан аспауы тиіс;
38) уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі жәрдемақы:
а) заңды күшiне енген сот үкiмiмен кiнәлi екендiгi анықталған жағдайда, өзінің қылмыс жасау кезiнде алған жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздық туындаған қызметкерге;
б) соттың ұйғарымы бойынша қызметкердi мәжбүрлеп емдеген (психикалық аурулардан басқа) уақыт үшін;
в) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен қызметкердің кінәлі екені анықталған жағдайда, ол қамауда болған уақыт үшін және сот-медициналық сараптама жасалған уақыт үшін;
г) қызметкердің ішімдік, есірткі және уытты заттарды пайдалануы салдарынан туындаған ауруларға немесе жарақаттарға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы кезінде;
д) қызметкер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмысынан (лауазымынан) шеттетілген кезеңде уақытша еңбекке жарамсыздық туындаған кезде;
е) кезекті немесе қосымша демалыста, уақытша еңбекке жарамсыз отбасы мүшесіне күтім жасауды жүзеге асырған кезде еңбекақысы сақталмайтын демалыста болған қызметкерлерге;
ж) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен сәйкес келетін уақытша еңбекке жарамсыз күндер үшін төлемеуге міндеттенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |