Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы



жүктеу 1,66 Mb.
Pdf просмотр
бет5/45
Дата16.01.2020
өлшемі1,66 Mb.
#26857
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

11 
 
 
 
Сатып  алу  құрылымында  елорда  үлесі  республикалық  көлемде                         
(3049,7  млрд.  теңге)  11% құрайды.  Елордалық  кәсіпкерлер  сатып  алудың  жалпы 
көлемінен 10,7% немесе 36,1 млрд. теңгені қамтамасыз еткенін айтып өту керек, 
бұл  өндірістің  орналасу  өңіріне  өнім  жеткізудің  республикалық  көлемінің 
шамамен  4%  құрайды.  Сонымен  қатар,  басқа  өңірлердің  резиденттерінен  сатып 
алудың  көлемі  шамамен  26%  немесе  204,8  млрд.  теңге  сомасындағы  ең  жоғары 
үлестердің бірі болып табылады, бұл Алматы қаласының деңгейіне сәйкес келеді 
(26,1% или 205,7 млрд. теңге). 
Шетелдік  компаниялардың  өнім  жеткізу  көлемі  95,1  млрд.  теңгені  немесе 
28,3% құрады, бұл жалпы республикалық көлемнің 7,2% құрайды. 
20013 жылмен салыстырғанда елорданың басқа өңірлердің резиденттерінен 
сатып  алу  көлемі  43,5%-ға  2013  жылғы  142,7  млрд.  теңгеден  2014  жылы                    
204,8  млрд.  теңгеге  дейін  ұлғайды.  Алайда,  елорда  қажеттілігін  қамтамасыз 
етудегі  өңірлердің  жалпы  салмағы  тиісінше  68,7%-ден  61%-ға  дейін  азайды. 
Резидент  еместердің  жеткізетін  өнім  көлемі  46%-ға,  65,1  млрд.  теңгеден                   
95,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, ал үлесті салмағы керісінше, 31,3%-дан 28,3%-
ға дейін қысқарды. 
 
Өнеркәсіп 
Өнеркәсіп  өндірісінің  құрылымында  негізгі  үлесті  өңдеуші  сектор                
құрайды  –  84,1%  (2012  жылы  81,1%,  2013  жылы  83%),  өндіріс  және  электр 
энергиясын,  газды  және  суды  бөлу  –  15,9%  (талданып  жатқан  жылдар  бойынша 
тиісінше 18,9% және 17 %). 
2015  жылы  салалар  құрылымы  сол  деңгейде  маңызды  емес 
ауытқушылықтармен  сақталды  –  өңдеуші  өнеркәсіп  үлесі  83,4%,  электр 
энергиясын, газ бен суды өндіру және тарату – 16,6% құрады. 
Индустриялық  парк  аумағында,  сондай-ақ  2010-2014  жылдарға  арналған 
Қазақстан  Республикасының  Үдемелі  индустриялық  –  инновациялық  дамуының 
мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі - ҮИИДМБ) Индустрияландыру картасы 
шеңберінде  жаңа  кәсіпорындарды  пайдалануға  енгізу  өңдеуші  секторда 
әртараптандыру  деңгейінің  ұлғаюына  әсер  етті.  Бүгінгі  күні  машина  жасау 
саласының  кәсіпорындары  барлық  өнімнің  33%  өндіреді,  металлургия  саласы                  


12 
 
0,6  %-дан  15,2%-ға  дейін  өсті,  басқа  бейметалл  минералды  өнім  үлесі                                 
27 % құрайды. 
Тауарларды  шығару  номенклатурасының  кеңеюі  нәтижесінде  2014  жылы 
кәсіпорындарда  жұмыспен  қамтылғандардың  саны  20  мың  адамға  артты  немесе 
жұмыспен  қамтылғандардың  жалпы  санының  7,5%  құрады  (17,1  мың  адам  –                  
2012 жылы және 19 мың адам - 2013 жылы). 
Жалпы, республикалық көлемде Астана қаласы үлесінің 2012 жылғы 1,3%-
дан 2013 жылы 1,5% және 2014 жылы 1,9%-ға дейін ұлғаюы байқалады. 
 
3-диаграмма
 
2012-2014 жылдары  
өңдеуші өнеркәсіп салалары құрылымының өзгеруі 
 
 
Талданып  жатқан  кезеңде  өнеркәсіп  өндірісінің  көлемі  2013  жылғы                             
276,2 млрд. теңгеден 2014 жылғы 389,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. 2013 жылы 
өсу  индексі  2013  жылмен  салыстырғанда  6,7%  құрады,  2015  жылы  2%-ға  дейін 
төмендеу байқалады. 
 
 
4-диаграмма 
Өнеркәсіп өнімі өндірісінің өсу   
серпіні, млрд. теңге, 
%
 
 
2014  жылы  32  еседен  астам  даму  серпіні  металлургия  өнеркәсібінде 
байқалды,  дайын  металл  бұйымдарын  шығарудың  өсімі  31%,  басқа  бейметалл 
бұйымдарының  өндірісі  21%,  резинадан  және  пластмассадан  жасалған 
бұйымдардың өсімі 6,8%, тамақ өнімдері 6,6% құрады және т.б. 


13 
 
Керісінше,  2012-2013  жылдардың  қорытындылары  бойынша  бірінші 
қатарларда болған машина жасау саласының нақты көлемдері (15% мөлшеріндегі 
орташа  өсіммен)  2014  жылы  43,2%-ға  төмендеді,  жиһаз  өндірісі  30,8%  түсті,  ал 
жеңіл өнеркәсіп пен қағаз өнімі 14,1%-ға қысқарды. 
Машина  жасау  кәсіпорындары  өңдеу  өнеркәсібі  өнімінің  төрттен  бірін 
(27,8%)  өндіреді.  2014  жылдың  қорытындылары  бойынша  тауар  өнімінің  көлемі 
95,9  млрд.  теңгені  құрды,  2013  жылға  нақты  көлем  индексі  (НКИ)  -  56,8%.                      
НКИ төмендеу себебі технологиялық үдерісінің өзгеруі, машина жасау саласында 
жеке бөлшектерді жинауда оқшауландыру болып табылады.  
Бұдан  басқа,  мемлекеттік  тапсырысқа  жоғары  дәрежедегі  тәуелділікке 
байланысты  құрастыру  кәсіпорындары  2014  жылы  42  локомотив  пен  71  вагон, 
2013 жылы - 75 және 160, ал 2012 жылы –тиісінше 74 және 52 шығарды. 
Құрылыс  материалдарының  өндірісі  барлық  өңдеу  өнеркәсібінің                        
25%  құрайды,  2012-2014  жылдар  кезеңінде  орташа  жылдық  өсім  қарқыны                  
20,3%  құрды.  2014  жылы  сала  кәсіпорындары  72,2  млрд.  теңгеге  өнім  өндірді 
(НКИ  –  121,4%),  2013  жылы  53,8  млрд.  теңге  (НКИ  –  124,9%),  2012  жылы  –                
38,0 млрд. теңге (114,5%). 
Өндіріс  көлемінің  ұлғаюы  мына  позициялар  бойынша  байқалады:  бетон 
өндірісі  30%,  құрылыс  қоспасы  11,9%,  құрылыс  мақсаттары  үшін  бетоннан 
жасалған бұйымдар 8,6%. 
2014  жылы  ресейлік  рубльдің  шетел  валютасымен  салыстырғанда 
құлдырауына  және  аса  тиімді  конъюнктура  бағасына  байланысты  құрылыс 
материалдарының  елеулі  бөлігі  шетелден  әкелінді,  тиісінше,  жергілікті 
өндірушілер  шығарылатын  өнімнің  көлемдерін  қысқартуға  мәжбүр  болды. 
Нарықтық өзгерістерге шалдыққыш еңбек өнімділігі төмен және технологиялары 
ескірген кәсіпорындар болып табылды. 
Металлургия  өндірісі  өнеркәсіптің  перспективалы  секторларының  бірі 
болып  табылады,  оның  үлесіне  23,8%  тиесілі.  Сала  асыл  металлдар  өндіру 
бойынша кәсіпорынның басты бейнесі «Таукент Алтын» ЖШС-мен ұсынылды, ол 
2014 жылы 5,9 тонна, 2015 жылы 10,1 тонна алтын өндірді. 
Кәсіпорын  қуаттылығы  жүктемесінің  ұлғаюы  елдегі  алтын-валюталық 
қорлардың  толықтырылуына  және  құрамында  алтын  бар  шикізатты  елден  тыс 
шығаруға тыйым салуға мүмкіндік тудырды. 
Тамақ  өнеркәсібі  өңдеуші  сектордың  7,2%  құрайды,  ол  жерде  ұннан 
жасалған  және  нан-бөлішке  өнімдерін  шығару  жоғары  көлемге  ие,    тиісінше                
35,1% және 32,4%. 
Елордада  азық-түлік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  мақсатында  көкөніс 
қоймаларын және жылыжай салу жобалары іске асырылуда. 
2012  жылдан  бастап  пайдалануға  қуаттылығы  2,5  мың  тонналық                             
2 жылыжай, сақтау көлемі 29,0 мың тоннаны құрайтын 7 көкөніс қоймасы және 
«А»  сыныбындағы  «Астық  Логистик»  ЖШС  қойма  кешені  (32 730  паллеторын) 
пайдалануға 
енгізілді, 
елорданың 
Индустриялық 
парк 
аумағында 
«Казглавпродукт» ЖШС тоғанақтау желісі бар көлік-логистикалық орталығының 
құрылысы аяқталды. 


жүктеу 1,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау