14
Жеңіл өнеркәсіп саласында 2015 жылы 2 810,9 млн. теңгеге өнім өндіріліп,
қызмет көрсетті, бұл 2014 жылдың деңгейінен 29,7%-ға жоғары, 2013 жылы – 1
034,0 млн. теңге.
Бұл бағытта негізгі қызметті тігін ательелері мен салондар тәрізді шағын
кәсіпорындар жүзеге асырады, олар дәмханалар, мейрамханалар, қонақүйлер үшін
арнайы киім, төсек-орын және т.б. әзірлейді.
Қазіргі уақытта ҮИИДМБ шеңберінде «ASTANA Ютария Ltd» өндірістік
инновациялық компаниясы» ЖШС «KazTexExpo» автоматтандырылған өндірістік
кешені» жобасы іске асырылуда, ол жерде тігін құрал-жабдығы, сондай-ақ үй
тоқымасы, синтепоннан жасалған киім, тау-шаңғы костюмдері және басқа тоқыма
бұйымдары өндірілетін болады.
Өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар. 2013-2015 жылдары негізгі капиталға
72,2 млрд. теңге инвестицияланды, оның ішінде 2013 жылы – 22,0 млрд. теңге
(НКИ 108%), 2014 жылы – 24,8 млрд. теңге (8%-ға өсу), 2015 жылы – 25,3 млрд.
теңге (НКИ – 98,2%).
ҮИИДМБ бойынша шамамен 3 мың жұмыс орнын құрумен 232,6 млрд.
теңге сомасына 24 жоба пайдалануға берілді, оның ішінде 2015 жылы – 2 жоба,
2014 жылы – 3 жоба, 2013 жылы – 9. 2013-2015 жылдар кезеңінде осы
кәсіпорындар 289,7 млрд. теңге сомасына (2012 жылы – 9,0 млрд. теңге, 2013
жылы – 54,7 млрд. теңге, 2014 жылы – 90 млрд. теңге) өнім өндірілді.
2014 жылы еңбек өнімділігі 1 адамға шаққанда 45,0 мың АҚШ долларын,
2015 жылы – 32,8 мың АҚШ долларын құрады.
Жергілікті мазмұн
Жергілікті мазмұнды дамыту мақсатында тұрақты негізде отандық
тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұлғайтуға
бағытталған іс-шаралар өткізілуде.
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша
мониторингке
жататын
6
жүйе
құрайтын
кәсіпорындар
бойынша
("Стройконструкция" ЖШС, "Экотон +" ЖШС, "Фирма "Алкон+" ЖШС, "Цесна-
Астық" концерні» ЖШС, «Қазақстан құбыр зауыты» ЖШС, "Стальцинк" ЖШС)
2014 жыл бойынша сатып алу көлемі 18049,4 млн. теңгені құрады, қазақстандық
мазмұнның үлесі 66,2% құрайды (оның ішінде 15449,7 млн. теңгеге (61,4%) тауар
сатып алынды; 2599,7 млн. теңгеге (қазақстандық үлес – 95,1%) қызмет
көрсетілді.
Бүгінгі күні Астана қаласының әкмідігі мен 9 ұлттық компаниялар арасында
(«Қазақстан теміржолы» ҰК АҚ, «Астана ЭКСПО – 2017» ҰК» АҚ,
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» ҰК» АҚ, «Самұрық-Энерго» ҰК» АҚ,
«Транстелеком» АҚ, «КазтрансОйл» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Казатомпром» ҰҰК»
АҚ) 10 меморандум жасалды, оның ішінде біреуі «Қазақтелеком» ҰК» АҚ мен
«LED Solution» ЖШС арасында 100 млн. теңгеден артық сомаға өнім жеткізу
бойынша өзара ынтымақтастық туралы.
Қазіргі уақытта жалпы сомасы 89,9 млрд. теңгеге 120 шартқа қол қойылды
(90%). Бұл шарттарға электровоздар үшін металлдан жасалған бұйымдарды,
15
ТБ бұйымдарын, бетон, газоблок, шыны пакет, мамандандырылған аяқ-киім және
басқа да өнім сатып алу үшін қол қойылды.
ЕХРО -2017 халықаралық мамандандырылған көрме (бұдан әрі – ЭКСПО-
2017) шеңберінде жергілікті тауар өндірушілерін тарту бойынша қазіргі уақытта
«Астана ЭКСПО – 2017» ҰК» АҚ өзара ынтымақтастық туралы меморандум
жасалды (жалпы сомасы 50 млрд. теңге), барлығы жалпы сомасы 9 млрд. теңгеге
67 шартқа қол қойылды.
Ең ірілердің ішінде елорданың мына кәсіпорындарымен жасалған
шарттарды айтып өту қажет: «Стройконструкция» АҚ-мен темір - бетон
бұйымдарын (бұдан әрі - ТББ) жеткізуге 3,2 млрд. теңгеге, «АБК Максат» ЖШС
(ТББ) 1,4 млрд. теңгеге, «Базис» ЖШС бетон жеткізуге 650 млн. теңге сомасына,
«Завод АБК Бетон» ЖШС (бетон) – 259,2 млн. теңге, «КСС Астана» ЖШС
шыныпакет жеткізуге – 258,3 млн. теңге, «ПСК Титан» ЖШС (ЖББ) – 110,7 млн.
теңге және басқалары.
ҮИИДМБ іске асырудың бірінші бесжылдығының қорытындылары
бойынша жергілікті (қазақстандық) мазмұн үлесінің 2010 жылғы 22,7%-дан
2014 жылы 66,2%-ға дейін ұлғаюының жыл сайынғы оң серпінін айтып өтуге
болады.
Инновациялар мен инвестициялар
Қазақстан
Республикасы
Мемлекет
басшысының
2013
жылғы
22 сәуірдегі № 01-7.6 тапсырмасы шегінде әкімдік «ақылды» қала принциптерін
өндіру бойынша жұмыстар жүргізуде, Астана қаласының әлемнің 50 «ақылды
қаласы» рейтингіне кіруі бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді».
Ernst&Young халықаралық консалтингтік компаниясының қатысуымен әрі
қарай инновациялық дамыту мақсатында Астана қаласының «ақылды қалалар»
рейтингіне енуі бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Сондай-ақ, бағалаудың
әр түрлі рейтингтері зерделенді, олардың ішінен «ақылды» бірлестіктердің
халықаралық рейтингтері - Intelligent Communities Forum (бұдан әрі - ICF)
ұсынылды, ол әлеуметтік – экономикалық дамудың барлық аспектілерін
теңгерімді ретінде болды. ICF мәліметтеріне сәйкес Астана қаласы әлемнің 21
зияткерлік қалаларының тізіміне енді.
2014 жылы PricewaterhouseCoopers компаниясы Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 180-1526 қаулысымен бекітілген әлемнің 50
«ақылды қаласы» рейтингіне Астана қаласының енуі үшін жағдайлар және
инфрақұрылымдар құру бойынша іс-шаралардың жол картасын (бұдан әрі – Жол
картасы) әзірледі.
Жол картасын әзірлеудің мақсаты озат технологияларды ендірумен,
дамудың ұлттық бағдарламасын іске асыруда көшбасшылықты сақтай отыра, озат
технологияларды енгізумен өмір тіршілігінің барлық бағыттары бойынша Астана
қаласын жоспарлы орнықты дамыту болып табылады.
Жол
картасын
әзірлеу
барысында
әлемнің
өзге
қалаларында
технологияларды ендіру мониторингі жүргізілді, қол жеткізген тиімділік
талданды және Астана қаласына енгізілуі мүмкін сол сәттегі үздік
технологияларды қарастыру үшін ұсынылды.
Достарыңызбен бөлісу: |