85
Инвестициялық мүмкіндіктер қаласы
Инвесторларды
белсенді
тарту
саясаты
экономикалық
өсімді
ынталандырудың негізгі бағыттарын іске асыруға бағытталған заманауи даму
институттарын құруды қамтиды, оның ішінде:
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін диджиталдандыру;
2. Аумақтарды және қоғамдық кеңістіктерді кешенді дамыту;
3. Астананың халықаралық нарықтағы мүмкіндіктерін маркетингілеу;
4. Туристік брендті ілгерілету.
Елорда
экономикасының
бюджеттік
инвестицияларға
тәуелділігін
төмендету мақсатында жол инфрақұрылымын, қоғамдық көлікті, ақылы
тұрақтарды дамыту, ҚТҚ, ТКШ қайта өңдеу, электр энергиясын өндіру және бөлу,
әлеуметтік объектілер салу жобаларын қамтумен МЖӘ тетіктерін қолдану
тәжірибесін кеңейту қарастырылды.
Сонымен қатар, әлеуетті инвесторларды іріктеудің басымды факторлары
болып әлеуметтік және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға,
тәуекелдер мен жауапкершілікті бөлу шартымен жобаларды басқару саласындағы
құзыреттілікті дамыту және инфрақұрылымды жаңартуға бағдарлану табылады.
Халықаралық қаржы орталығы
ЭКСПО-2017 көрме кешені инфрақұрылымының негізінде «Астана»
халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі - АХҚО) құрылады, ол барлық
Қазақстаның қаржы инфрақұрылымының өзегіне айналады. АХҚО келешекте
барлық Орталық-Азия өңірі, Кавказдың маңындағы республикалар, ЕАЭС, Таяу
Шығыс елдері, Батыс Қытай аумағы, Монғолия және Еуропа елдері үшін
қаржылық хабқа айналады.
АХҚО қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және
инвесторлар тарту үшін әкімдік мынадай қадамдарды іске асырады:
Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп Астана мен жетекші
халықаралық қаржы оратлықтары арасында тұрақты және ыңғайлы әуе
қатынастарын ұйымдастыру, ЛРТ кешенін пайдалануға беру және маңындағы
автожолдардың жіберу мүмкіндігін кеңейту жолымен АХҚО көліктік
қолжетімділігі қамтамасыз етіледі;
- лингвистикалық жетімді әлеуметтік объектілерді, халықаралық сервис
деңгейі және т.б. қамтитын қажетті инфрақұрылым құрады. МЖӘ базасында
ағылшын тілінде оқытатын халықаралық мектептер құру бойынша білім
жобаларын іске асыруға, Халықаралық бакалавриат және даярланған қалалық
орта білім объектілерінің негізінде ол бойынша сертификаттау бағдарламасын
енгізуге ерекше назар аударылады. Ағылшын тілінде медициналық қызмет
көрсетудегі қажеттілікті қамтамасыз ету және олардың халықаралық
стандарттарын ұстауы бойынша шартымен бірқатар қалалық денсаулық сақтау
объектілерін басқару үшін халықаралық деңгейдегі басқару компаниясын тарту
жұмысы өткізіледі.
Мемлекеттік қызметтер және халықаралық ұйымдар